Тілдің стильдік мүмкіндігі жалпы халық шаруашылығының, қала мен ауылдың өсу-өркендеу қарқынына, халықтың заттық және рухани мәдениетінщ даму дәрежесіне сәйкес бірте-бірте жетіле түседі, кеңейіп отырады. Сөздің түрлі ауыс мағыналары міне, осы тұста қалыптасады. Олар. белгілі бір стильдік қажетке байланысты, сөздін, негізгі (тура) мағынасынан келіп шығады. Ауыс мағына екі түрлі: бірі — жалпы халықтық стильде, екіншісі — оған керісінше, яғни белгілі бір автордың сөз қолдануында жалғыз-ақ рет не өте сирек кездесетін ауыс мағынада келеді. Соңғыны әдетте контекстік ауыс мағына деп атайды. Сөздің осы тура, ауыс және контекстік мағыналарын мына мысалдардан анық көруге болады.
Күйме алыстап барып, сар көделі белден аса берді (М. Әуезов). Ұзақ кешкен тірлікте қай белдің астында жүрсем де, артымда отырған бір бел — өзің едің(сонда). Қазір бетпақ даланың ойы мен қыры көкпеңбек бояқтай (Ә. Көшімов). Қыр жолаушысы сияқ-танган саптамасы бар (М. Әуезов). Дэмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма... тәтті ауыздан дэм кетпей (Абай).
Осы үзіндідегі бел, қыр, тәтті есімдері өздерінің тура мағына-сында да, сондай-ақ ауыс мәнде де жұмсалған. Бел сөзінін, қолда-нылуы ерекше көңіл аударады.“Сар көделі белден аса берді”. Бел бұл арада өзінің нақтылы, тіке мағынасында келіп тұр. Ал содан соңғы екінші сөйлемнің бір өзінде бел зат есімін жазушы қа-тарымен екі рет әдейі қолданады. Бірақ екеуі де екі түрлі ауыс мағынада: “Қай белдің астында жүрсем де...”. Мұндағы бел сөзі қай жерде жүрсем де дегенді аңғартады. Ал “бір бел өзің еді” дегендегі бел тірек, сүйеніш ұғымында алынған. Қыр сөзі де солай. Ол да әуелі тура мәнде, содан соң ауыс мағынада қолданылған.
Тәтті ауыз дегендегі тәтті сын есімінін, мағынасы — контекстік. Тәтті сөзі ауыз зат есімімен тіркесіп, көркем әдебиет пен публи-цистикалық стильдерде ғана (онда да өте сирек) алынады.
Жалпы халықтық (сондай-ақ контекстік те) ауыс мағына үш түрлі: метафоралық, метонимиялық және синекдохалық жолмен жасалады.