ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ БАЙЛЫҒЫ

Скачать

Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар. Оны музыка мәдениетінен, би өнерінен, қол өнерінен, тұрмысынан байқаймыз. Ән, күйлерді тыңдай отырып. билерін, ою-орнектерін, зергерлік әшекей заттарын көре отырып, оның қай ұлтқа тән екенін ажырата білуге болады.
Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін таныта алады. Мысалы: қазақтарға тән бауырмалдық, ақжарқындық қонакжайлық. Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда да кездеседі. Бірақ бұл қасиеттер әр халықта әр қырынан көрініс бсреді.
Салт-дәстүрдің үрпак тәрбиесіндегі мәні зор бала тәрбиесіне тұрмыс-салтқа, әлеуметтік мәдени салт-дәстүрлер болып үш түрге бөлінеді. Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелерінен бастап, есейіп азамат болып кеткенге дейінгі кезеңі кіреді. Мысалы: шілдехана, сүйінші, балаға ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той, тіл ашар, ұл бала мен қыз баланы жанұя болуы мен шаруашылыққа, еңбекке, өмірге бейімдеу. Тұрмыс-салт дәстүрлеріне қазақтын киіз үйі, киіз үйдің немесе тұрғын үй жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдар, мал бағу, егіншілік, аңшылық, балышылық, бағбаншылық қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді. Ал, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлерге: қазақ ауылы, ауыл-адамдарының туыстық қатынасы, шешендік сөз өнері, казақтың ұлтгық әуен аспаптары, үйлену — үй болуға байланысты, қонақ күту, ұлтгық мерекелерді өткізу сияқты түрлері кіреді
Амандасу салты қазақ халықының ең үлкен дәстүрлерінің бірі. Үлкені мен кішісі бір-бірімен кездескенде бірінші амандасады. Жасы үлкен ер адамдар мен арасында амандасу салты «Ассалаумағалейкүм!» деген сөзден басталады. Бұның мағынасы жақсы тілекті білдіреді: «Сізге алланың нұры жаусын» деген сөз. Бұл сөзді жасы үлкен ер кісілермен әр түрлі жастағы ерлер амандасқанда жиі қолданады. Тілегін қабыл алып, қарсы адам: «Уағалейкүм ассалам!» деп оң қолын ұсынады. Ол: «Алланың рақымы сізге де жаусын!» деген сөзді білдіреді.
Қазақ халқының сәлемдесуінін ең бір ерекшелігі келіндердің ата-енесі мен қайын жұртымен амандасуы. Ізеттілік көрсетіп, келін ата-енесіне иіліп сәлем салады. Келін сәлемді таңертеңгісін ата-анасына салады және олар ұзақ уақыт басқа жақта болғандарында салады. Сәлемін алған олар тілектерін білдіріп, рақметтерін айтады. Жас келіннің сәлемін алған енесі немесе жасы үлкен кісілер «Өркенің өссін», «Бақытты бол!», «Ұл тап!», «Көп жаса деген тілектерін айтып ризашылығын білдіреді. Үйге қонақ кіріп келісімен үй иелері орындарынан тұрып екі қолдарын бірдей созып амандасады. Балаларының орындарынан тұрып амандасқаны ізеттілікке жатады. Егер үйде ақсақал болса келген қонақтар ақсақалды тұрғызбай өздері барып амандасады.
«Қуаныш қайғы мен ас, ат ортақ» деп, өз ұрпағын бауырмалдыққа, береке-бірлікке баулып келген ата дәстүрінде кісі өлсе жиналып, «Қазанын арты қайырлы болсын!» деп көңіл айту, жас нәресте дүниеге келсе: «Нәрестенің бауы берік болсын!» деп, немесе ауылға жас келін келсе, «Келіннің қадамы құтгы болсын!», деп тілек білдіру көрші-қолаң мен туған туыстың міндетті парызы болып саналады. Қазақ халқының бір ерекшелігі сыйластығында. Үлкенді сыйлау, ізеттілік көрсетіп, қамқорлық жасау қай жастың болмасын міндетіндей. Қарт туыстарымен амандасып кету үшін әдейілеп сол үйге кіреді. Осылайша көрсеткен ізеттіліктеріне олар ризашылықтарын білдіреді. Қара шаңыраққа соғып үлкен үйдің қал-жағдайын біліп амандасып кету тәрбиелікке жатады.
Қонақты қарсы алу мен күту рәсімдері. Қазақ халқының дәстүрлері қонақ күтумен байланысып жатыр. «Қонаққа «кел» демек бар» дегендей, той-думандатып өмір кешетін қазақ халқы қандай той болмасын қонағын шақырып, оны құдайындай сыйлаған.
Келген қай қонақты болмасын ақ жарқын жүздерімен қарсы алып, дастарқандарын жайып, оған барын салып сыйлайды. Қонағы үйіне кіре бере үй иелері амандасып болған соң келіндері мен қыздарына «төрге көрпеше жа-йындар» деп, конақтың төрге шығуын өтінеді. «Қонағын сыйлаған төрге шық дейді» деген мақал да осыдан шықса керек. Жолы үлкен сыйлы қонақтарына аса ізгі ниетпен қарап, қой сойып, қазан асып, баптап күтеді.
Әдетте қақ төрге жолы үлкен бас қонақ отырады. Жолы мен жасына қарай қалған қонақтар төр ағасының оңы мен солынан орын алады. Қонақ үстіне қонақ келсе жасы кіші қонақ жасы үлкенге ығысып орын береді. «Бұрынғы қонақтың соңғы қонаққа орын беруі» сонан қалған дәстүр.
Қонақтарды сыйлау қазақ халқында шай құйып беруінен көрінеді. Шай құю жас келіндерге жүктеледі. Олар кеселерін ауыстырмай, сапырмай, қою ғана етіп құяды. Шай кұюдың әр елде әр түрлі дәстүрі бар.
Қазақ халқынын қонақ күту дәстүрі ел-жұрт арасындағы ізгі қарым-қатынастарды нығайтады. Ағайын-туысқандардың арасындағы туысқандықтың мықты болуында, көрші-қолаңдардың алыс-берісіне, үлкенді-кішілі болып сыйласуына, өскелең ұрпақтын жастайынан көпшіл, мейірімді, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқоршы болуды үйретудегі тәрбиелік мәні зор.
Шілдехана қазақ халқы думаншыл халықтың бір. Нәрестенің дүниеге келген құрметіне арналатын көптеген салт-дәстүрлердің бірі — шілдехана. Бұл салт-жора нәрестені үш күнге дейін жын-періден қорғап күзету сияқты ырымдарға байланысты туған. Кейіннен жас сәбидің дүниеге қелгенін той жасап атап өту рәсіміне айналған. Қазақ халқының әдет-ғұрпында ұл баланың дүниеге келуін «ұл туғанға — күн туған», деп ерекше бақыт санаған. Отбасының, ұрпақтың жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген.
Туылған ер баланы отыз күн, қыз баланы қырық күн суға түсіріп, денесін сылап, буындарын созады. Қырқынан шығару ырымын қырық күн өткен соң жасайды. Оны туыстары болып келетін үлкен кісіге тапсырады. Осындай міндет жүктелген адам нарестеге сыйлығын бір тоғыз етіп дайындап келіп, қырқынан шығарады. Мал союдың өзіндік жөн-жобасы бар. Арнайы конақ шақырып, той жасағанда келетін қонақтардың санына қарап мал сояды. Қонақ сыбағасына мал сойылған жағдайда ол алыстан келген аса сыйлы адам болса сойылатын. Бұрынырақта мал есіктен кіргізіліп союшы малдың мінер жағына бір тізерлеп отырып, екі қолын қойдың мойнына орай ұстап, алақанын жайып қонақтан «әумин» деп бата тілеген. Қонақ бата істеуге тиіс болған, бата әр түрлі мазмұнда болады. Бата үй иесінің пиғылына ризалық білдіру, мал-жанның амандығын тілеу сияқты болып келген.
Мысалы, көп айтылатын батаның бір түрі мынандай болған:
Басқа амандық берсін,
Жанға саулық берсін.
Босағаң тең болсын,
Пиғылын кең болсын.
Алдан ас кетпесін,
Кетпес байлық, қайтпас ырыс берсін.
Дәулетін тасып жатсын,
Жасың жүзден асып жатсын


Скачать


zharar.kz