А.И. Хачатурянның шығармашылық жолы

Скачать

А.И. Хачатурян аса көрнекті Совет композиторы. Совет композиторларының ішінде Хачатурянның есімі, шығармалары жоғары деңгейде тұрады. Композитордың кез-келген шығармаларын алсақ та, сазды әуенділігі өмірлік рухани энергияға оптимизмге толы.
Композитор өз творчествосында өмірдің ең өзекті, заман ағымының ең көкейкесті мәселелерін қозғайды. Сондықтан да оның музыкасы тыңдаушысын селсоқ қалдырмайды.
Хачатурянның шығармаларында негізігінен туған елі армян халқының тұрмыс-тіршілік жағдайын, өмір сүйгіш жарқын бейнесін сонымен қатар Кавказ табиғатын ерекше таланттылығымен шебер суреттей бейнелеген. Олар фортпианолық, скрипкалық концерттерінде әсіресе «Гаяне» балетінде көрініс тапқан. Композитор тек армян халқы, табиғаты туралы ғана емес совет жұрты және алыс-жақын шет елдер туралы да тамаша шығармалар жазды.
Композитор 1903 жылы 6 маусымда Грузия астанасы Тблиси қаласында переписчик семьясында дүниеге келді. 1921 жылы 18 жасында Хачатурян Москваға келеді. Сол жерде Гнесин атындағы музыкалық техникумда оқуға түседі. Осы жылдары ол алғаш рет әлемдік классикалық музыканы тани біледі. Бұл кезеңде композитордың алғашқы жазған шығармалары жатады. Скрипка және фортепианоға арнап жазған «Танец» (1926) және фортопиноға арналған «Поэма» (1927) дүниеге келді.
1929 жылы композитор білімін жетілдіру мақсатымен мемлекеттік Москва консерваториясына оқуға түседі. Ол жерде композитор Гнесиннің, Мясковскийдің, Васеленко т.б. композиторлардың композиция туындыларын орындап жүрді. 1934 жылы Алтын медальмен бітіріп, сол жерде жұмысқа қалады. Концерваторияда оқып жүрген кезде бірнеше шығармаларды жазады. Олар: фортопианоға арнап жазылған «Токката» (1932), фортопиано, скрипка және кларнетке жазылған трио, симфониялық аркестрге жазылған «Танцевальная сюита» (1933). Осы жылдары композитор консерваторияны бітіретін жылы өзінің дипломдық жұмысына Советтік армияға 15 жыл толуына арналып жазылған І симфония. (бұл көркем шығармаларында композитор театрлық музыканың тенденциясын өзіндік образын жасаған). Композитордық мәңгі ескірмес шығармалардың бірі 30 жылдарға байланысты шыққан фортопиано мен оркестрге арнап жазылған шығармалары.
Ең алғаш концерті 1936 жылы Л.Абориннің орындауында шырқалған.
Хачатурянның таланты ескеріліп, Москва композитор Одағының төрағасы өзіне орынбасары етіп тағайындайды. Ал 1938 жылы композитор ұйымдастыру комитетінің төрағасының қызметін атқарды. 1935 жылдан композитор көркем фильмдерге музыка жазумен айналысты. 1939 жылы Балет жанрына көңіл бөле бастайды. Ал, театр қойылымы үшін «Счастье» атты балетін жазды. 1940 жылы Хачатурян скрипка мен оркестрге үлкен концерт жазды. І концерт оның ең алғашқы орындаушысы Б.О.Ойстрахқа арнады. Композитор скрипкалық концерттермен бірге 2 драммалық спектакль «Валенсианская вдова», «Лопе де Вега» және «Маскарад», атты Лермонтовтың шығармаларына музыка жазды.
1941 жылы «О Капитане Гастелло» әні дүниеге келді. 1942 жылы үрмелі оркестрге арнап жазылған маршы «Героям Отечественной Войны», 1944 жылы Армян ССР-і ән ұранын жазды. 1942 жылы «Гаянэ» балетін аяқтады. Сол жылы симфониясы «Колокол» жазылды. 1947 жылы Ұлы Октябрь Революциясының 30 жылдығына орай симфониялық туындысын жазды. 1950 жылы «Спартак» балеті туралы ойланып, біршене жылдан кейін осы шығармасын аяқтады. Композиьтордың кинофильмге арнап жазған әуендері үлкен нәтижеге жетті. Олар: «Адмирал Ушаеов» (1953ж), «Корабли», «Штурмуют бастионы» (1953), «Отелло» (1955) және драммалық спектакль «Макбет» жазды. 1960 жылдан кейін жазған «Баллада о Родине» (1961 ж.), «Рапсодия».
Хачатурян музыкасы мәңгі ескірмес, мәңгі тозбас асыл қазына.


Скачать


zharar.kz