Зәрдегі ацетонды анықтаудың экспресс-әдісі
Мақсаты: Қант диабетімен, жүйке-артриттік диатезбен ауыратын балалардың зәріндегі кетонды денелердің (ацетон) сапалы анықтау.
Көрсеткіші: балада қантты диабеттің анықталуы.
Кері көрсеткіші: жоқ
Керекті құралдар:
· Экспресс-диагностикаға арналған таблеткалар.
· Сүзгіш қағаз.
· Горшок.
· Резеңке қолғап.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.
2. Керекті құралдарды дайындау.
3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.
4. Экспресс-диагностикаға арналған таблеткаларды (құрамында: нитропруссид, күкірт қышқыл алюминий бар) алып, сүзгіш қағаздың үстіне қою.
5. Таблетканың үстіне таза горшокқа жиналған зәрдің 2-3 тамшысы қосылады.
6. 1-2 минуттан кейін таблетканың түсі өзгереді.
Нәтижесін бағалау: Таблетканың түсін шкаламен салыстыру:
· Ақшыл сары-әлсіз оң (+);
· Қызыл-қоңыр-оң (++);
· Шие түстес-күрт оң(+++);
7. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.
Ескерту:
1. Материалды алу және зерттеу тез арада қабылдау бөлімінде өткізіледі.
2. Таблетка болмаған жағдайда: 10 гр.натрий нитропруссид, 20 гр.аммоний сульфат, 20 гр. сусыз натрий карбонатты алып мұқият араластырып ұнтақталады.