Инсулинді енгізу ережесі
Мақсаты: баланы дәрігердің тағайындауымен емдеу, гипергликемиялық комадан шығару.
Көрсеткіші: дәрігердің тағайындауы, балада гипегликемияның анықталуы.
Кері көрсеткіші: гипогликемия.
Инсулинді енгізу ережесі:
1. инсулинді инсулин шприцімен енгізу керек
2. инсулинді қатал дозамен, тағайындалған уақытында енгізу қажет
3. 1 шприцке ұзақ уақтылы және қысқа уақтылы әсер ететін инсулинді араластыруға болмайды
4. Енгізер алдында флаконды 25-300 С жылытып, жақсылап сілку керек.
5. инсулинді тері астына енгізу керек,
6. енгізу орнын 6-7 күнде 1 рет ауыстырып отыру қажет.
7. өңденген теріні кептіру
8. инсулин іштің алдыңғы бөлігінен тез сіңеді.
9. Ыстық ванналар, жылытқыш қою сіңуді тездетеді.
10. инсулинді енгізгеннен соң 15-20 минуттан соң пациентті тамақтандыру керек
11. инсулин бөлме температурасында болу керек, тоңазытқышта 4-60С-та сақталады.