Ана

Скачать

Ана! Ана! Ана дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын Ана сөзінің астарында теңіз сияқты терең ой жатыр. Ана-әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаңда, қарызыңды өтей алмайсың  деп бекер айтпаған. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана.Өз парызыңды өтеу, бұл - ана алдындығы парызды өтеу.Ана, ана дейді барлық жұрт. Ол кім? Ана бір қолымен әлемді тербетіп, бір қолымен бесік тербеткен әлемдегі ең қайратты, жігерлі, әрі ең нәзік жандардың бірі. Барлық адам баласында ана деген жан бар. Әрине аналар да әртүрлі болады. Бірақ ана өз сәбиін аялап, қорғап, оның әрқашанда періштесі болып жүреді. Ананың балаға деген махаббатын тілмен айтып жеткізе алмаспыз. Менің анашым әлемдегі ең сұлу, нәзік, жүрегі кең адам. Неге дейсіздер ғой. Өйткені ол адам баласының бар нәзік сәбилерін барлық жанымен сүйе біле алады. Анам бір қиындық туса құтқарып, әрқашанда ағайын-туғанның арасын жақындатып жүреді. Анам өзінің білгенін басқаларға үйретуден жалыққан емес. Мен анамнан көп жақсы нәрселер үйрендім. Ол қанша шаршап жүрсе де, жұмыстан шаршап келсе де балаларын ешқашан тыңдаусыз, байқаусыз қалдырмаған. Балаларын тыңдап оларды мақтап, мадақтап — менің балам әлемдегі ең керемет жан, өзі ақылды, өзі білгір — деп қана айтып жүретін.
Мен анамды сүйемін,
Ақылын ойға түйемін,
Ардақтап жүрем анамды,
Жұбататын жанымды -деп сөзімді аяқтаймын.


Скачать


zharar.kz