ТЕМІР ТАПШЫЛЫҚТЫ АНЕМИЯЛАР

Скачать

ТЕМІР ТАПШЫЛЫҚТЫ АНЕМИЯЛАР
Темір тапшылықты анемия- темірдің организмге түсуі мен пайдаланылуы және организмнен сыртқа шығарылуы арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы нәтижесінде организмде оның жеткіліксіздігінен дамитын анемия.
Этиологиясы. Теміртапшылықты анемияның даму себебеі болып мыналар есептеледі:
1.                  Қайта-қайта және ұзақ қансыраулардан (жиі жатырдан, кейде ас қорыту ағзаларынан, бүйректен, өкпеден) нәтижесінде эритроциттермен бірге организмнен темір көптеп шығарылуы;
2.                  Темірдің тағаммен бірге жеткіліксіз түсуі (балаларды сиыр және ешкі сүттерімен тамақтандырғанда);
3.                  Организмнің өсуі, жетілуі кездерінде, әйелдердің жүкті және бала емізу кездерінде темірге артық мұқтаждығы пайда болуы;
4.                  Асқорыту ағзаларының аурулары (гипоадті гастрит, созылмалы энтерит) кездерінде немесе олардың бөліктерін хирургиялық тәсілмен алып тастағанда темірдің сіңірілуінің төмендеуі;
5.                  Темірдің тасымалдануы бұзылуы (тұқым қуатын антрансферринемия бауыр аурулары кезіндегі гипотрансферринимия);
6.                  Темірдің қорларынан жеткіліксіз пайдаланылуы (жұқпалы уыттанулар, құрттар болған кездерде);
7.                  Темірдің қорларына жиналуы бұзылуы (гепатиттік бауыр циррозы)


Скачать


zharar.kz