Бүлшықет үршығы сыртынан созылмалы дәнекер ұлпалы қапшықпен қапталған 10 - 12 жіңішке және қысқа көлденең жолақты ет талшықтарынан тұрады

Скачать

Аннулоспиральды (дөңгелекайналымды) жүйке ұшы (көне грекше: terminatio nervi annulospiralis; Үлгі:Lang=grc — ұшы + көне грекше: nervus — жүйке + көне грекше: annulus — дөңгелек, шиыршық + көне грекше: spiralis — спираль) — бұлшықет үршығының ядролы қапшықты және тізбекті ядролы интрафузальды (көне грекше: intra —ішкі, ішінде + көне грекше: fusus — ұршық) ет талшықтарында аяқталатын сезімтал жүйке ұшы. Бүлшықет үршығы сыртынан созылмалы дәнекер ұлпалы қапшықпен қапталған 10-12 жіңішке және қысқа көлденең жолақты ет талшықтарынан тұрады. Интрафузальды ет талшықтарының жиылғыш актинді— миозинді миофиламенттер кешені талшықтардың ұштарында орналасып, жиырылу қызметін атқарады. Ал оның ядролары орналасқан, жиырылу процесше қатыспайтын орталық бөліктері олардың сезімтал бөліктері болып саналады. Ұршық ішіндегі кейбір интрафузальды ет талшықтары (1-3 ет талшықтары) цитоплазмасының орталық бөліктерінде көптеген ядролар қапшықта орналасқандай топтасып жатады. Бүларды "ядролы қапшықты ет талшықтары" деп атайды. Ал қалған ұршық ішіндегі ет талшықтарының (3-7 ет талшықтары) ядролары, талшықтар цитоплазмасының орталық бөлігінде тізбектеле орналасады. Ұршық ішіндегі ет талшықтары ядролы қапшықты ет талшықтарына қарағанда екі есе жіңішке және қысқа келеді. Диаметрі 17 мкм сезімтал жүйке талшыктары интрафузальды ет талшықтарының ядролы қапшықты және тізбекті ядролы ет талшықтарының орталық бөліктеріне келіп, оларды дөңгелек-спираль тәрізді шырмап, сезгіш жүйке ұштары түрінде аяқталады. Деңгелек-спиральды жүйке ұштары бұлшықет талшықтары үзындығының өзгеруі мен сол езгерістің жылдамдығын қабылдап, орталық жүйке жүйесі мүшелеріне ақпарат ретінде жібередіф


Скачать


zharar.kz