1. Жалпы ережелер.
1.1. Академиялық топ тәлімгерлерінің жұмысы оның педогогикалық қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады және университетте жүзеге асырылып отырған оқу жүктемесін және жоспарлау жүйесін есептеуге арналған уақыт нормаларына сәйкес , университет қаржысынан төленеді.
1.2. Оқушының тәлімгер ретіндегі жұмысы, оның кәсіби сапаларын бағалауда, оқытушы, аға оқытушы және доцент қызметтеріне конкурс бойынша өткен кезде ескерілуі мүмкін.
1.3. Академиялық топтың тәлімгері , оған тапсырылған топтың студенттік өмірін басқаруға көмектесуге ; оқуға шынайы ынталы қатынасты қалыптастыруға; студентерді ғылыми зерттеулерге, қоғамдық жұмыстарға тартуға, топта психологиялық ыңғайлы жағдайды құруға жәрдемдесуге бағытталған ұйымдастыру – тәрбиелік жұмысты жүргізеді.
2. Академиялық топтар тәлімгерлерінің құралы және олардың бекітілуі.
2.1. Академиялық топтың тәлімгері продессорлы – оқытушылық құрамы санынан (доцент , аға оқытушы, оқытушы) тағайындалады.
2.2. Академиялық топтың тәлімгері кафедра меңгерушісінің ұсынуы бойынша (кафедра меңгерушісі қол қойған, профессорлық – оқытушылық жұмыстың жеке жоспарлары негізінде ) сәйкес бұйрықпен факультет деканымен тағайындалады.
2.3. Академиялық топқа тәлімгерлік бойынша оқу жүктемесі кафедра мәжілісінде оқытушының атына оқытушының атына бекітіледі және кафедраның професорлық оқытушылық құрамының арасында бөлінген оқу жүктемесіне қосылады.
2.4. Бір оқытушыға бір академиялық топтан артық тәлімгерлік қызмет бекітілмейді. Оқу жүктемесінің бұл түрі проодессорлық – оқытушылық құрамдағы кафедра меңгерушісі, декан, декан орынбасары міндеттерін орындаушыларға таралмайды.
2.5. Академиялық топтың тәлімгері міндеттерінен босату кафедра меңгерушісінің ұсынысы бойынша (кафедра мәжілісінің хаттамасынан , себептері көрсетілген, сәйкес шешімі бар көшірме) факультет деканының бұйрығымен және факультет кеңесінің шешімімен жүзеге асырылады.
3. Тәлімгерлердің қызметтері.
3.1. Студенттерге хабарлау:
1. Факультеттің ғылыми өмірі (ғылыми конференциялар және семинарлар, стажировкалар т.б.) туралы.
2. Студенттік өзін – өзі басқару органдарының (факультетінің студенттік кеңесінің, студенттік кәсіподақ және т.б. ) жұмысы туралы;
3. Академиялық топтағы оқу үлгерімінің қорытындылары туралы.
3.2. Топ студенттерінің үлгерімін және сабаққа қатысуын бақылауды жүзеге асыру.
3.3. Академиялық тәлімгерлікті іске асыру;
1. Студенттердің оқу және ғылыми қызығушылықтарын анықтау;
2. Студенттерді өзіндік оқу, ғылыми және зерттеу жұмыстарына тарту.
3. Студенттердің кәсіби бағдарлауын (әңгімелер, мамандармен кездесу, экскурсиялар ) өткізу;
3.4. Студенттердің ( топтағы оқытушыллармен, деканатпен) жанжалдық жағдайларын шешуге көмектесу;
3.5. Студенттердің әлеуметтік бейімделуіне көмектесу (студенттердің әлеуметтік мәселелерін анықтау, студенттік қоғамдық және ғылыми өмірге тарту).
Қажет болған жағдайда (үлгерім мәселелері, тәртіптер бейімделу ) 1 – 2 курс студенттерінің ата - аналарымен және туыстарымен байланыс жасау.
4. Академиялық топтар тәлімгерлерінің жұмысын бақылау және олардың қызметін бағалау.
4.1. Тәлімгерлерді бақылауды деканат және кафедралар жүзеге асырады.
4.2. Тәлімгерлер кезеңді түрде атқарылған жұмыстар туралы сәйкес кафедралардың мәжілісінде және факультет кеңесінде есеп береді, әрбір тәлімгердің есебі кафедра мәжілістерінде жылына екі рет (семестрлер аяқталғаннан кейін) тыңдалады.