Өскемен қаласы
Қаланың құрылу тарихы
Өскемен қаласы 1720 жылы ұлы мәртебелі І Петр патшалӨскемен қаласы
Қаланың құрылу тарихы
Өскемен қаласы 1720 жылы ұлы мәртебелі І Петр патшалық құрып тұрғанда қамал-бекініс ретінде салынған еді. 1868 жылы Өскеменге қала статусы берілді. Қалада сауда, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін өндіріс орындары дами бастады, айлақ (пристань) құрылысы басталды. Кейіннен жеңілөнеркәсіп, теміржол құрылысы салына бастады. Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жылдары) ауыр өнеркәсіп дамыды.
Қысқаша сипаттама
Өскемен Қазақстанның батыс-шығыс бөлігінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан; көлемі 54,4мың га жерді алып жатыр. Табиғаты өткір континенталды. Қала халқын 320,2 мың адам құрайды. Қазіргі күні Өскеменде 76,8 мың зейнеткер ( жалпы санының 23,9 %) құрайды, оның 2476 –ы Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдар.
Қазіргі Өскемен Қазақстандағы түсті металдар орталығының бірінен саналады. Аймақтың жетекші салалары – түсті металдар өндіру, машина жасау. Өскемен қаласы бойынша 6072 шаруашылық субьектісі, 143 акционерлік қоғам, 2335 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 48 шаруа қожалығы, 1333 сауда кәсіпорны тіркелген. Өскемен қаласының ірі және орта кәсіпорындары мен ұйымдарына 78,7 мың адам еңбекке тартылған, оның ішінде 31,4 мың адам өндіріс сферасында, 5,8 мың адам - құрлыста, 16,1 мың. адам – білім мен денсаулық сақтау саласында, 9,7 мың. адам саудада, 10,3 мың адам – көлік пен байланыс саласында т.б. еңбек етеді.
17,7 мың. адам шағын және орта бизнеске қамтылған.
Шығыс Қазақстан облысындағы байланыс автомобиль, темір жол, өзен және әуе жолдары арқылы жүзеге асырылады.
Көлік желісі автомобиль жолдарына негізделген.
Қала аумағында 631 орындық 10 қонақжай, 63 мектеп (52- мемлекеттік түрдегі және 11- жеке) 47,1 мың оқушыны қамтиды, 14 жоғары оқу орны (17,1 мың. оқушы), 11 орта оқу орындары( 6,3 мың. оқушы), 7 Кәсіби-техникалық мектеп(3,4мың. оқушы), 26 мектепке дейінгі балалар мекемелері және 29 мәдениет мекемелері бар.
Өскемен қаласы – егемендік алған Қазақстанның көрікті қалаларының бірі. Мемлекеттік билік ҚР Конституциясына сәйкес заңдық, атқару және сот билігі принциптеріне негізделген. Қаладағы заңдық билікті Мәслихат жүзеге асырады. Оның құрамында 25 депутат бар. Сот билігін Өскемен қалалық соты және арбитраж соты жүзеге асырады.
Оқиғалар хроникасы
Өскемен бекінісінің салыну құрылысы жөніндегі жазбаша мәліметтерді боярин Федор Байков қалдырған еді.
1714 ж.- І Петрге сібір губернаторы М.Гагарин Иркеть өзенінің жағасында "алтын құмдар” бар екендігін айтады.
1715 ж. Шілде – Тобылдан шыққан И.Бухгольц отряды Ертісті бойлай жүзеді. Жуық арада Ямышев бекінісі салынады.
1719 жылы І Петр Яркенд алтынын іздеуге және сібір губернаторы Матвей Гагариннің озбырлық қылықтарын әшкерелеу үшін жаңа отряд жібереді.
1720 жылдың мамыр айында И.М. Лихаревтің экспедициясы Ертіс бойымен Зайсан көліне қарай бойлай жүзеді. Үлбінің Ертіске құяр сағасынан жаңа - Өскемен бекінісінің негізі қаланады. Ресей империясының картасынан Өскемен қамалы орын алады.
1882-1885 ж.ж. – Покров шіркеуі салынды.
1902 ж. Мариин әйелдер училищесі тұрғызылды. Педагогикалық курс тыңдуашылары Халыққа білім беру қоғамының қаржысына оқыды.
1912 ж. "Эхо” синематографы ашылды, ол кейіннен "Октябрь” кинотеатры аталды.
1917 жылдың қазан-қараша айларында Өскеменде большевиктік ұйымдар құрылды. Большевиктер өз совдептерін құрды. Оған жиырма төрт жастағы майдангер Яков Васильевич Ушанов жетекшілік жасады.
1918 жылдың 14 наурызы күні билік большевиктік совдеп қолына көшті.
1918 ж.- " Усть-Каменогорская жизнь” газеті шықты.
1919 жылдың жазында Өскемен абақтысында колчактардың қамауындағы қызылдардың көтерілісі болды.Н.Тимофеев пен С.Гончаренко ғана тірі қалды.
1919 жылдың күз айында жергілікті партизан отрядтары бірікті. Бірінші Алтай Қызыл қырандарының полкы құрылды. Полк командирі болып коммунист Никита Иванович Тимофеев тағайындалды.
1920 жылдың бас кезеңінде Кенді Алтайда Кеңес үкіметі орнады.
1920 жылдың 4 сәуірі күні Халық Үйінде Өскемен қаласының жастары жиналды. Бұл Өскемендік комсомолдардың бірінші жиыны еді.
1924 ж.- Бірінші телефон желісі Қалалық комиссариат пен қалалық Кеңес арасына тартылды.
1925 ж.- Б-4 типті бірінші радиоқабылдағыш құрылды.
1930 ж., қазан – Семей қаласынан әкелінген құрал-жабдықтар негізінде Қалалық телефон станциясы ұйымдастырылды. Бұл құрал-жабдықтар нөмір қоятын құралдан және 20 телефон аппаратынан тұрды.
1931 жылы Рубцовка-Риддер темір-жолының құрылысы басталды. 1938 жылы бұл жол Кенді Алтайды Транссібір және Орта Азия магистралдарымен байланыстырды.
1934 ж. – астық жинау науқанына орай республикамызға Сергей Киров келді. Ол үш күн Шығыс Қазақстанда болды. Осыған орай Большая көшесіне Киров есімі берілді. 1934 жылы Киров сөз сөйлеген көне ғимарат ( бұрынғы облыстық Атқару комитет) іқазір тарихи ескерткіш болып саналады.
1935 ж.- облысты аудандармен байланыстрып тұрған әуе жолы ашылды.
1936 ж.- Атеистік саяси көзқарастың әсерімен Покров храмы құлатылды.
Пожарный деп аталатын қалтарма көшеге Максим Горький есімі берілді.
1939 ж.- Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облысының орталығы болды.
Өскемен су-электр станциясының құрлысы басталды.
1941 жылдың 8 мамыры күні жол құрлысының екінші кезеңі басталды. Жол құрлысына соғыстың кедергісі көп болды, бірақ, құрлыс жалғаса берді және соғыстың бірінші жылы аяқталды.
1942 ж.- Мыс өндіретін электролит зауытының құрлысы басталды.
1947 ж., қыркүйек – Мыс зауыты алғашқы металл өнімін берді.
1949 ж.- Қазан айында Үлбі металлургия зауыты өз өнімдерін шығара бастады.
1950 ж.- Металл кадмииін өндіру игерілді.
1950 жыл – түсті металдар ғылыми- зерттеу институтының Алтай филиалы құрылды - "Гинцветмет”- " Алтайцветмет”. 1955 жылы Түсті металдардың Бүкілодақтық тау-кен институты деп қайта өзгертіліді.( ВНИИцветмет)
1951 жыл- Өскемен қалалық пионерлер үйі облыстық деп өзгертілді.
1951 ж. Өскемен мыс зауыты қорғасын-мырыш зауыты деп қайта аталды.
1952 ж, маусым- Қорғасын зауыты алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың қатарынан орын алды.
1952 ж. 20 желтоқсан – ГЭС тұңғыш өндірістік ток қуатын берді.
1953 ж. 3 маусым- Өскемен су-электр станциясының тұңғыш шлюзы пайдалануға берілді.
Маусым айында конденсатор зауытының құрлысы басталды.
1954 ж. қаңтар айында Защита-Зырян темір жолы пайдалануға ұсынылды.
1955 ж. маусым. Жаңа мыс зауыты іске қосылды. Өндіріске бүкіләлемдік стандартқа сәйкес метал өндіруге лайықты жаңа технология енгізілді.
1956 ж., 19 маусым - Өскемен жиһаз фабрикасы бірінші өнімін берді.
1957 ж, 30 сәуір - Өскеменде Металлургтердің мәдениет сарайы ашылды.
1958 ж., 15 наурыз - Өскемен телеорталығы тұңғыш теле хабар ұйымдастырды, осыдан кейін телехабарлар үздіксіз жалғасын тапты.
1958 ж., қазан- Өскемен құрлыс- жол институты ашылды.
1958 ж. 6 қараша - алаңда В.И.Ленинге ескерткіш тұрғызылды.
1958 жылы Шығыс машина жасау зауытында болат қорытылды.
1959 ж., сәуір - Өскемен конденсатор зауыты алғашқы өнімін берді. ( 62 конденсатор шығарылды.)
1959 жылдың аяғында өскемендік құрылысшылар қала халқына Байланыс Үйін сыйға тартты.
1960., 19 сәуір - Өскемен су қоймасына су жіберілді.
1961 ж., 16 қазан Өскемен аспаптар зауыты тұңғыш өнімін шығарды.
1962 ж., 11 тамыз - Өскемен Орталық мәдениет Үйі ашылды.
1962 ж., 10 қазан- Өскемен титан-магний комбинаты тұңғыш өнімін берді.
1963 ж., 3 наурыз - Өскемен титан-магний комбинатының тәжірибе цехы титан губкасын өндірді.
1965 ж., 27 наурыз - Өскемен титан –магний комбинаты толық пайдалануға ұсынылды.
1965 ж., 12 қазан - Өскемен аэропортына Өскемен-Алматы авиарейсін орындаған АН-24 лайнері қондырылды.
1965 ж., 6 қараша – " Юбилейный” кинотеатры ашылды.
1968 ж., қаңтар. - Өскемен қаласында керамзит зауытының құрлысы басталды.
1969 ж., 22 наурыз- Өскеменде Спорт сарайы ашылды. (5100 орын)
1970 ж., қаңтар – Шығысқазақстандықтардың Мәскеу, Алматы телехабарларын көруіне арналған магистралдық байланыс желісі пайдалануға берілді.
1970 ж., 9 тамыз - Өскеменде Ертіс арқылы өтетін көпір құрлысы пайдалануға берілді.
1970., қазан - " Өскемен” қонақүйі пайдалануға берілді.
1970., шілде - Өскемен жібек-маталар фабрикасының негізі қаланды.
1973., сәуір - Өскеменде екі аудан құрылды: Үлбі және Октябрь аудандары.
1974 ж., қараша – Жаңа Согра поселкасында бақша өнімдерін өндіретін арнаулы КПСС ХХІІІ сьезі атындағы совхоз құрылды.
1975., 7 мамыр - Өскемен қаласының Ертіс жағалауында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан шығысқазақстандықтарға ескерткіш қойылды.
1975., қыркүйек - Өскемен мәдени-ағарту училищесі ашылды.
1979ж., желтоқсан – Жібек –маталар комбинатының 500 тігін станогынан тұратын құрылысының үшінші кезеңі басталды.
1980 ж., мамыр – Шығыс Қазақстан аумағында қорықтар туралы шешім қабылданды: оған Күршім, Тарбағатай, Марқакөл, " Рахман көлі” қорықтары енді.
1981., қараша – О.Бөкеевтің " Ән салады шағылдар” кітабы жарыққа шықты.
1982 ж., тамыз - Өскемен қаласында Қазақстан композиторларының әндеріне арналған фестиваль өтті.
1986 ж., -Малеев кені пайдалануға берілді.
1987 ж., желтоқсан – қатты аязда Үлбі көпірі істен шықты.
1989 ж., облыстық типография құрлысы аяқталды.
1990 ж., 14 маусым.- Зайсан ауданында 9 баллдық күшті жер сілкінісі болды.
1990ж., 12 қыркүйек- Үлбі металлургия зауытының бериллий өндірісінде жарылыс болды.
1992.ү қаңтар - Қалпына келтірілген Троицк Храмына "Христос Вседержитель” иконы қайтарылды.
1994 ж.,- қаңтар - Өскемен қаласындағы тұңғыш жекешелендірілген жоғары оқу орны Шығыс Гуманитарлық институтының негізі қаланды.
1996 ж., қаңтар – 70 жылдан кейін Троицк Храмы қызметін бастады.
1997., мамыр – Шығыс Қазақстан және Семей облыстары біріктірілді. Қыркүйек айында Краснооктябрьск көшесіне жазушы Мұхтар Әуезов тың есімі берілді. Қазір М.Әуезов даңғылы деп аталады.
1998 ж., 25 қазан – Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпір пайдалануға берілді.
1999 ж., Қазақстан хоккей құрамасы қысқы Азия ойындарының чемпионы болды.
Тарих және адамдар
Өскемен қаласының құрметті азаматтары
Славский Ефим Павлович, 1898ж.т., Бірінші атты әскер армиясының комиссары болған. Мәскеу түсті металдар институтын бітіргеннен кейін Орджоникидзе қаласында " Электроцинк” зауытының директоры қызметін атқарған. Славский Е.Ф. машинажасау министрі кезінде Өскемен қаласын дамытуға еңбек сіңірді..
Протозанов Александр Константинович, 1915 ж.т. 1969-1984 жылдар аралығында Шығыс –Қазақстан обкомының бірінші хатшысы болған. Осы жылдары Жаңа Сограда теплица, сол сияқты, құс фабрикасы, кинотетрлар, мәдениет үйлері тұрғызылды..
Чистяков Митхаил Иванович, 1917ж.т., майдангер, ақын,Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі.Жуықта ақынның жаңа жинағы жарық көрді.
Куленов Ахат Сәлемхатович.,”УК СЦК” АҚ бұрынғы президенті. Оның бастамасымен комбинатта алтын және күміс өндірілді. Ахат Сәлемхатович Ертістің сол жағалауына тұрғын –үй коттедждері құрылысын ұйымдастырды, халықтың айтуынша Куленов немесе Металлургтер поселкасы деп аталады.
Иванов А.С., 1928., жазушы, " Повитель”, "Тени исчезают в полдень”, " Вечный зов” романдарының авторы.
Баталов Юрий Васильевич Д.Серікбаев атындағы Шығыс –Қазақстан техникалық университетінің ректоры. Ю. В.Баталовтың тұсында Өскемен құрлыс-жол институты Қазақстанның ең ірі оқу орнының біріне айналды.
Мамбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы, 1937 ж.т., Шығыс –Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры. Ережеп Әлхайырұлының ұйымдастыруымен бұл оқу орны Қазақстанда бірінші болып классикалық университет статусын алды.
Шаяхметов Бағдат Мұхаметұлы қарапайым жұмысшыдан Өскемен титан-магний комбинатының директорлығына дейінгі жолдан өтті. Комбинатты 90 – шы жылдардағы экономикалық қысымнан шығарды.
Плахута Алексей Егорович, 1936 ж.т., Ертіс құрлыс басқармасын басқарған. Оның басшылығымен Өскеменде Спорт сарайы, Орталық Мәдениет үйі, Ертіс жағалауы мен Қызыл қырандар жағалауы, алты мектеп, балалар бақшасы, училищелер, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескерткіш тұрғызылды.
Коротина Мария Ивановна, 1927ж.т., бас хирург, жедел жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары . Мария Ивановна өз өмірін денсаулық сақтау ісіне арнаған жан.
Сәулет (Қала құрлысының дамуы жөніндегі қысқаша шолу)
ХІХ ғасырдың басында Ресей үкіметі өзінің оңтүстік Сібір аумағын кеңейтіп, шекарадағы әскери қорғаныс шебін күшейтті. 1720 жылдың 12 тамызы күні Ресей армиясының әскери отряды Ертіс пен Үлбі өзендерінің түйіскен жеріне келіп тоқтап, қамал құрлысын бастады. Бұл күн Өскемен қаласының негізі қаланған күн болып саналады.
І Петр дәуірінде тұрғызылған бұл қаланың өз заманына сәйкес келбеті және қала құрлысын дамыту жоспары болды.
1845 жылы бұрынғы бекіністің, яғни қала құрлысын одан әрі дамытудың негізгі жобасы бекітілді. Бұл жоба бойынша қала аумағының құрлысы солтүстік бағытта дамыды. Қала негізін шіркеулер мен дүкендер, көпшілік орындар қалады. Сауда алаңдары бұрынғы бейіттердің орнына орналасып жатты. Шөп, ағаш сататын алаңдар бұрынғы бейіттің орны (Орджоникидзе мен Ушанов көшелерінің қиылысқан жері) қазір қаланың негізгі алаңдарының біріне айналған. Бұрынғы мұсылмандар зиратының орнына бүгінгі күні Орталық базар орналасқан.
Жедел қарқынмен өсіп келе жатқан қала бос жатқан жерлерге қанатын кең жая бастады. Жол тораптары тармақталып, жер-жерлермен қарым-қатынас және байланыс дамыды. Жол бойындағы әсем табиғат көркімен көз тартады.
Қазіргі Бажов, Ворошилов көшелері және Ленин даңғылы бұрындары Семей қаласына апаратын жол болған. Ал, бұрынғы Бұқтырма бекінісінің орнында саябақтар мен алаңдар пайда болды. Осы тоғайлы алаңдардың негізінде Жамбыл атындағы саябақ ұйымдастырылған.
Қаланың экономикалық өрлеуі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өтті. 1861 – 1913 жылдар аралығында қала халқының саны жер аударылғандардың есбінен бес есеге өсті (3334 тен – 17980 адамға). Қала негізінен солтүстік-шығыс аумақта дамыды. 1868 жылдан бастап Үлбі өзенінің оң жағалауында, Семейге апаратын жол бойында Заречный хутор аталатын елді мекен құрылды. 1859- 1917 жылдар аралығында қала аумағы 319 га-ны құрады, ал, басқа құрлыс аймағы 316 га болды.
Өткен ғасырдың 20 –жылдарында қала орталығы толығымен қаланды. Ертіс өзенінің сол жағалауымен байланыс бірнеше паром өткелдері арқылы жүзеге асты. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында солтүстік-батыс жағалауда алғашқы өнеркәсіптік аймақ пайда болды. Бұл жер темір жол арқылы Рубцовск-Риддерді басып өтетін және оны өзен кемежайымен байланыстыратын орын болды. Сол кезеңде маңызды обьктілер қатарындағы аэропорт және қорғасын-мырыш комбинатының құрлысы басталды. 1934 жылы Собор алаңы мен сауда алаңы саябаққа айналдырылды, ал, сауда қатарлары мен қоғамдық ғимараттар өз маңыздылығын жойды. 1936 жылы идеологиялық көзқарастың әсерімен Покров соборы алынды (1888). Жиырма жылдан кейін қаланың нағыз орталығына айналған қала орталығының тарихы осындай.
Екінші дүниежүзілік соғыстың Өскемен қаласының дамуына тікелей әсері болды. Қалаға эвакуацияланған кәсіпорындар мен босқындар эшелондары ағылды. Өзеннің сол жағалауындағы темір жол бойында өндіріс торабы мен жұмысшылар барағының поселкасы-стройплощадка бой көтерді. Сол сияқты, қала тұрғындары мен өнеркәсіп орындарының жақын орналасуы қала аумағында зор экологиялық ахуал туындатқан еді.
Соғыстан кейінгі жылдары қала халқы 7 есеге (1939 жылы 20 мың болса, 1939 жылы 150 мыңға дейін өсті) . Осыған орай, өзен жағалауындағы жүйесіз салынған құрлысты және қала құрлысын ретке келтіру қажеттілігі туындады.
1949 жылғы Өскемен қаласы құрлысының негізгі жоспары бұл мәселені түбегейлі шешті. Қала құрлысының жобасына сәйкес тұрғызылған Б кварталы кешенді түрде іске асырылған жобаның бірі. Оның құрлысы қаланың оң жағындағы орталықпен жанасып, жалғасып жатты. Құрлыс жобасын ленинградтық жобалаушылар жасады. Ленинград архитектуралық мектебінің қолтаңбасы - қала көшелері мен алаңдардан, көз тартар ғимараттардың фасадтарынан, саябақтар мен скверлердегі көкжелектің орналасуынан да байқалады. 50 жылдарда қалыптасқан жобалау мен құрлыс жұмыстары осы күнге дейін бастапқы қалпын сақтап қалған. Ықшам аудандардағы тұрғын үй жайларының негізін балалар бақшалары мен мектеп қалайды. Тұрғын үй, балалар мекемелері мен транспорт магистралінің арасындағы жол қауіпсіздіктері қарастырылған. Периметр бойынша орналасқан қоғамдық ғимараттар мен тұрғын үйлердің астыңғы қабаттарында мәдени және тұрмыстық қамту обьектілері орналасқан.
60-80 жылдары қала екінші экономикалық өрлеуін өткерді, сонымен бірге құрлыс та дамыды (қала халқы 1959 жылғы 150 мыңнан 1980 жылы 280 мыңға өсті). Үлбі ауданының жедел дамуы себепті қаланың екі бөлігін коммуникативтік тұрғыда дамыту қажеттілігі туындады. 1957 жылы қаланың негізгі көшелерінің бірі Ленин даңғылының (бұрынғы Толстой көшесі) құрлысы басталды.
30 жылдары қалада жаңа орталық алаңдар пайда бола бастады. Соның бірі - Металлургтер сарайының маңайы еді.
Осы кезеңде қала құрлысын ұйымдастыру жөнінде түрліше ұсыныстар пайда болды. Әсіресе қала орталығын, сонымен бірге Ленин ескерткішін орнату жөнінде жобалық ұсыныстар түсті.
40-60 жылдары ішкі резервтердің күшімен тарихи қалыптасқан құрлыс жаңартылып, қала өркендей бастады.
1967 жылы Ертіс өзенінің сол жағалауын игеру қолға алынды. Су тасқынына ұшырау қаупіне байланысты сол жақ жағалау құрлысын өзен алқабынан әрірек жерге тұрғызу көзделді. Бүгінгі күні сол жақ жағалау алқабындағы тұрғын үй құрлысы жобадағы көлемінің 15% алып жатыр.
Қаланың оң жағы мен сол жағын байланыстыратын автомобиль көлігі жүретін көпір салынды. Бұл көпір құрлысын Краснооктябрь көшесінің (қазіргі Әуезов даңғылы) жалғасы ретінде салу көзделген, бірақ мамандар құрлыстың арзан жағын қарастыра келе, қаражаттың басым бөлігін жалпы көлік жолдарының мәселесін шешуге бағыттаған. Ертіс және Үлбі көпірлерін өзара жалғастыру барысында - қаланың жаңа магистралі Жеңіс даңғылы пайда болды. Бұл кезеңде көптеген тұрғын үйлер, қоғамдық және өндірістік ғимараттар қайта жөндеуге немесе жаңа құрлыс орындарын салу үшін орындарынан алынды.
Ертіс және Үлбі көпірлері қаланың коммуникациялық байланысы үшін маңызды рөл атқарды. Бірақта қала ішіндегі көпірлердің көптігі және олардың конструкциялық ерекшеліктері жергілікті үкімет орындарының үнемі алаңдаушылығын туғызатын обьектілер болып табылады.
Қала құрлысындағы совет архитектурасының елеулі жетістіктерінің бірі - Ертіс жағалауы мен Үлбі өзендерінің түйіскен жеріндегі Стрелка тұрғын аумағы. Бұл тұрғын аумағында орта және көп қабатты әсем үйлер бой түзеген. Комфортабельді пәтерлер, жаяу және көлік жүретін жолдар, көк желекпен көмкерілген аулалар мен скверлер көз тартады.
Қазіргі уақытта қаланы көгалдандыру жұмысы қолға алынған. Қала орталығындағы тарихи орындар маңындағы қала саябақтары мен көк желекті скверлер; Ертіс пен Үлбі өзендерінің жасыл алқаптары нағыз дем алу орындарына айналған.
Ал, көне Согра 1745 жылы Колывано-Кузнецк бағытындағы бекініс ретінде қаланған. 1765 жылы кеден және сауда орталығы ретінде Меновное ауылы құрылды. 1725 жылы Ертіс өзенінің төменгі ағысынан бірнеше шақырым жерге Защита хлебопахотная станицасына казактар қоныс тепті. 1745 жылы станицаның өртеніп кетуіне байланысты казактар Защита хуторына және Сол жағалауға қоныстанады.
1901 жылы Ертісте өзен пароходы шаруашылығы ашылды. Кемежай өзен және теміржол транспортының негізгі торабына және жұмысшы поселкасының тұрағына айналды. ХХ ғасырдың 40- жылдарында қала маңында көптеген поселкалар (Октябрскь, Красина, Новая Гавань, Шмелев Лог) бой көтерді. Өскемен су-электр станциясының (ГЭС) құрлысы кезеңінде (40-50ж.ж.) Аблакетка поселкасы пайда болды. 50-60 жылдары қаланың батыс – шығысында жаңа өнеркәсіптік тармақ, жұмысшылардың жаңа ауданы – Жаңа Согра қаланды. 60-жылдары СССР мен Қытай Халық Республикасының арасындағы саяси жағдайлардың ұшығуына байланысты Ахмер ауылына таяу маңда әскери бөлім және Жаңа Ахмер әскери қалашығы құрылды.
70 жылдары халықаралық экономикалық жағдайларға байланысты СССР үкіметі Өскемен қаласында арматура заводының құрлысын бастау жөнінде шешім қабылдады.
Сол кезеңде жұмысшылар үшін салынған тұрғын ауданның бүгінгі күні үлкен қателік болғаны белгілі болып отыр.
80 жылдары қала үкіметі Ертістің сол жағалауына жекеменшік тұрғын үйлер құрлысын бастауға шешім қабылдайды (қазіргі Металлургтер поселкасы). Өткен ғасырдың 80 жылдарының соңына жыл сайын 150-180 мың шаршы метр тұрғын үй қаланып, өткізілген.
1990 жылы қала халқы 330,5 мыңға жетті.
Қаланың дамуының аумақтық динамикасы
90 – жылдардағы экономикалық қыспақ кезеңінде батыс-шығыс өндірістік тармағы және сол жағалауды игеру қатты қолға алынды. Бүгінгі күні қала орталығында күрделі жөндеу жүргізу тоқтатылған. Оның себебі қала ішіндегі құрлыс салуға жоспарланған аумақтардан маңыздылығы екінші қатардағы құрлыс обьектілері орын алған, сол сияқты, қала халқының санының азаюына байланысты (соңғы 10 жыл ішінде 3,2 % ке азайған,) тұрғын үйлер салу нарығына сұраныс төмендеген. Осыған байланысты тұрғын үй құрлысы да баяу дамуда.
1997 жылы қаланың билік үкіметі Болашақта Өскемен қаласын дамыту концепциялары жөнінде Өскемен, Петербург, Алматы, Новосибир қалаларының ірі жобалау ұйымдары арасында байқау жариялады. Негізгі қала құрлысын Сол жағалауда, Ертіс өзенінің жағалауында дамыту ұсынылды. Әкімшілік, іскерлік және мәдени орталықтар қаланың тарихи бөлігіне орналасады. Транспорт схемасынан жаңа көпірлер мен магистралдар орын алатын болады. Қала аумағында су және теміржол транспортын пайдалану көзделініп отыр.
Қорыта айтқанда, Өскемен қаласы өзінің 280 жылдық жүріп өткен жолында әлеуметтік, экономикалық және саяси дамудың барлық факторларын бастан өткерді. Бірақта нендей құбылыстар мен оқиғалар болып өтсе де өзіндік салт - дәстүрлері мен мәдениетін жоғалтқан жоқ.
Өнеркәсіптік өндіріс
2005 жылғы қаңтар-мамырда Өскемен қаласында ұйымдаспаған экономикалық қызметпен айналысатын қаржыландырылмаған корпорация бөліміндегі кәсіпорындар, құрамында 1-ден 50-ге дейінгі жұмыскерлері бар кәсіпорындар, қосалқы шаруашылықтар 51833 млн. теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлемінің индексі (салыстырмалы бағалардан) 2004 жылдың қаңтар-мамырдағы деңгейіне қатысты алғанда 92,2%-ды, сол жылдың мамыр айына 77,7%-ды, 2005 жылғы сәуірге 90,8%-ды құрады.
Негізгі капиталға инвестиция жұмсау
2005 жылғы қаңтар-мамырда есеп берген кәсіпорындар шеңбері бойынша 5737,8 млн. теңгенің инвестициясы игерілді, бұл 2004 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46%-ға артық. Инвестицияның көп бөлігі (62,3%-ы) машиналар, жабдықтар, аспаптар мен құрал-жабдықтарды сатып алуға, сонымен қатар 35,6%-ы құрылыс жұмысы мен ғимарат пен құрылымдардың күрделі жөндеулеріне жіберілді.
Ауыл шаруашылығы
Өскемен қаласында 2005 жылғы 1-маусымдағы жағдайға қатысты алғанда ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен 5 ауыл шауашылық құрылымы, 18 шаруа қожалығы және қолдарында мал ұстайтын 3,5 мыңнан астам үй шаруашылықтары айналысты.
Ағымдағы жылғы қаңтар-наурызда шаруашылықтартың барлық санаттарымен союға өткізілген мал құстың тірілей салмағы 452,8 тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7%-ға артық. 3178 тонна сиыр сүті (өткен жылдың сәйкес кезеңіне қатысты алғанда 100,3%) мен 1099,9 мың дана жұмыртқа өндірілді.
2005 жылғы қаңтар-мамыр айларында шаруашылықтың барлық санаттарымен 3431 бас бұзау, 4425 бас торай, 2626 бас қозы мен лақ, 179 бас құлын алынды.
Көлік
2005 жылғы қаңтар-мамырда қаланың көліктік кәсіпорындарымен 450 мың тонна жүк тасымалданды. Барлық қатынастардағы жүк айналымы 12,8 млн. тонна км-ді құрады. Одан басқа, жеке тұлғаларға тиісті көліктермен және көліктік емес ұйымдармен 15,8 тонна (есептеу бойынша ) жүк тасымалданды.
Жолаушы тасымалының көлемі ағымдағы жылғы қаңтар-мамырда 22514,1 мың адамды, жолаушы айналымы – 244 млн. жолаушы км-ді құрады. Одан басқа, коммерцмялық тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлермен 2005 жылғы қаңтар-мамырда 99,5 млн. (есептеу бойынша) жолаушы тасымалданды.
Сауда және басқа да қызметтер көрсету
2005 жылғы қаңтар-мамырда Өскемен қаласында барлық өткізу арналары бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметін қоспағанда) 25960,6 млн. теңге деңгейіне жетті. Бұл салыстырмалы бағалармен алғанда 2004 жылдың сәйкес кезеңіндегі сатудың жалпы көлемінің 104,3%-ын құрады. Өткізу арналары бойынша тауар айналымы төмендегідей болды: жеке тұлғалардың тауар айналымы - 34%, кәсіпорындардікі - 66%.
Қаланың көтерме сауда кәсіпорындарымен 2005 жылғы қаңтар-мамырда 33983,7 млн теңгенің тауары өткізілді. Сыйақы немесе шарт негізіндегі (комиссиялық агенттер арқылы) көтерме сауда тауар айналымы 108,3 млн. теңгені құрады.
2005 жылғы қаңтар-мамырда сауда қызметінің көлемі 539,6 млн. теңгені құрады, оның неғұрлым үлкен үлесі қоғамдық тамақтандыру қызметіне келеді.
Бағалар мен тарифтер индексі
2005 жылғы мамырда 2005 жылғы сәуірге қатысты алғанда өнеркәсіп өнімдерін дайындаушы кәсіпорындардың баға индексі өндірістік сипаттағы қызмет көрсетулерді есептегенде қала бойынша 102,9%-ды құрады. 2005 жылғы мамырда 2004 жылдың желтоқсанына қатысты алғанда облыс бойынша тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулерге бағалардың жиынтық индексі 104,8%-ды, өткен айға қатысты 100,7%-ды құрады. 2005 жылғы мамырда 2004 жылдың желтоқсанына қатысты алғанда облыс бойынша азық-түлік тауарлар тобының баға индексі 105,9%-ды, 2005 жылғы сәуірге қатысты - 101%-ды құрады. 2005 жылғы мамырда 2004 жылдың желтоқсанына қатысты алғанда облыс бойынша азық-түлік емес тауарлар тобының индексі 101%-ды, 2005 жылғы сәуірге қатысты алғанда 100,6%-ды құрады.
2005 жылғы мамырда 2004 жылдың желтоқсанына қатысты алғанда облыс халқына қызмет көрсету тарифтері мен индекстері 105,6%, 2005 жылғы сәуірге қатысты алғанда 100,4% деңгейінде қалыптасты.
Қаржы
2005 жылғы сәуірде салық салынғанға дейінгі кәдімгі қызметтен алынған қаржылық нәтиже 4341,4 млн. теңгені құрады. Соның ішінде негізгі қызметтен табыс – 4185,7 млн. теңге, қызметтің қосымша түрінен (бағамдық айырманы қоса есептегенде) табыс – 155,7 млн. теңгені құрады.
2005 жылғы 1-мамырға жедел деректер бойынша дебиторлық берешек 77 млрд. теңгені құрады, одан мерзімі өткені - 4,6 млрд. теңге немесе жалпы соманың 6%.
Міндеттемелер бойынша жиынтық берешек 97,1 млрд. теңге деңгейіне жетті, одан мерзімі өткені – 5,5 млрд. теңге немесе 5,7%
2005 жылғы 1-мамырға жалақы бойынша қарыздардың жалпы сомасы 1697,2 млн. теңгеге бағаланды, олардан мерзімі өткені 127,1 млн. теңге немесе 7,5%. Ұзақтығы үш ай және одан жоғары қарыздарға мерзімі өткен берешектердің жалпы көлемінің 53,4%-ы келді.
Еңбек рыногы
Филиалдарды, сондай-ақ жұмыскерлерінің санына қатыссыз барлық денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарын, басқару органдарын, сақтандыру, қоғамдық ұйымдарды, банктерді қоса есептегенде ірі, орта кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің тізімдік саны орташа алғанда 2005 жылғы қаңтар-сәуірде 98759 адамды құрады.
Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының деректері бойынша 2005 жылғы қаңтар-сәуірде қалалық еңбекпен қамту қызмет орнына 2708 адам өтініш жасады. Жыл басынан бері жұмыссыз деп танылғандардан 2130 адам жұмысқа орналасты, 726 қоғамдық жұмысқа қатысты, 285 адам кәсіпкерлік оқуға жіберілді.
2005 жылғы 1-маусымға Өскеменде жұмыссыздар саны 3030 адамды құрады. Өскемен қаласының еңбекпен қамтамасыз ету орталығына қала мекемелері мен ұйымдары 2642 бос орын берді.
Еңбек ақы
2005 жылғы қаңтар-сәуірде орташа айлық атаулы жалақы Өскемен қаласында (филиалдарды, сондай-ақ жұмыскерлерінің санына қатыссыз денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарын,басқару органдарын, сақтандыру, қоғамдық ұйымдарды, банктерді қоса есептегенде, ірі және орта кәсіпорындарда) орташа 28220,4 теңге көлемінде қалыптасты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға артық.
Демографиялық ахуал
2005 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Өскемен қаласы халқының саны жедел деректер бойынша 301,4 мың адамды құрады. 2004 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 98,9%-ды құрап, 3,2 мың адамға азайды. Соның ішінде қала халқы – 290,7 мың адамды (98,8%), ауыл халқы – 10,7 мың адамды (101,9%) құрады.
2005 жылғы қаңтар-сәуірде туғандар саны 1165 адамды құрады, бұл 2004 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ға артық. 2005 жылғы қаңтар-сәуірде 1546 адам қайтыс болды, бұл 2004 жылдың сәйкес кезеңінен 8%-ға көп.
Ағымдағы жылғы қаңтар-сәуірде тіркелген неке саны – 628, бұл 2004 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6%-ға өсті, ажырасулар саны – 433 – 0,7%-ға азайғандығын көрсетеді. Қалалық жерлерде неке саны 1,8%-ға артты, ажырасулар 1%-ға азайды, ауылдық жерлерде 13 некелесу мен 2 ажырасу тіркелді.
Халықтың ауруға шалдығуы
2005 жылғы қаңтар-мамырда жоғары тыныс жолдарының өткір жұқпалы ауруларымен ауырудың 36208 оқиғасы (2004 жылдың қаңтар-мамырына қатысты алғанда 75%), 184 – тыныс алу органдарының туберкулезімен (108,2%), 165 – мерезбен (73,3%), 63 – қышымаман (62,4%), 119 – битшеңдікпен (68%), 62 – вирусты гепатитпен (110,7%), 219 – ішектің өткір жұқпалы ауруларымен (163,4%), 69 – сальмонеллезбен (138) ауыру оқиғалары тіркелді.
Жұқпалы аурулардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалардың үлесіне тиді. 2005 жылғы қаңтар-мамырда қала бойынша аурулардың жалпы санынан балаларда ротавирусты энтерит ауруымен ауыру оқиғаларының 100%-ы, паротитпен 80%-ы, ішектің бактериалды жұқпалы ауруымен (нақтыланбаған) 71,6%-ы, тұмаумен – 47,6%-ы, сальмонеллезбен – 27,5%-ы, қышымамен – 34,9%-ы, битшеңдікпен – 39,1%-ы, туберкулезбен – 5,4%-ы тіркелді.
Қылмыстылық
2005 жылғы қаңтар-мамырда Өскемен қаласының құқық қорғау органдарымен 3310 қылмыс тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,3%-ға артық.
Октябрь және Үлбі аудандарының құқық қорғау пункттері бойынша қылмыстар саны тиісінше 23,8% және 32,3%-ға өсті.
Үлбі металлургия зауыты ААҚ.
"ҮМЗ” ААҚ - өнімді өндіру және өнімді шығарудан 50 жылдық іс-тәжірибесі бар әлемдік деңгейдегі ірі кәсіпорын. Үлбі металлургиялық зауытының ресми туған күні&nbық құрып тұрғанда қамал-бекініс ретінде салынған еді. 1868 жылы Өскеменге қала статусы берілді. Қалада сауда, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін өндіріс орындары дами бастады, айлақ (пристань) құрылысы басталды. Кейіннен жеңілөнеркәсіп, теміржол құрылысы салына бастады. Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жылдары) ауыр өнеркәсіп дамыды.

"ҮМЗ” ААҚ - өнімді өндіру және өнімді шығарудан 50 жылдық іс-тәжірибесі бар әлемдік деңгейдегі ірі кәсіпорын. Үлбі металлургиялық зауытының ресми туған күні&nb