Тірек сөздерді теріп жаз

Скачать

ЖОБА

Назарбаев Зияткерлік мектептері

дербес білім беру ұйымы

Қалыптастырушы бағалауға арналған

тапсырмалар жинағы

Қазақ тілі
(оқыту қазақ тілінде)

3-сынып

Астана, 2018
ЖОБА

Құрметті мұғалім!

Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
ЖОБА

Мазмұны

1-ТОҚСАН 4

Бөлім: Тыңдалым және айтылым 4

Бөлім: Оқылым 9

Бөлім: Жазылым 13

Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы 18

2-ТОҚСАН 21

Бөлім: Тыңдалым және айтылым 21

Бөлім: Оқылым 26

Бөлім: Жазылым 31

Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы 35

3-ТОҚСАН 39

Бөлім: Тыңдалым және айтылым 39

Бөлім: Оқылым 42

Бөлім: Жазылым 46

Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы 51

4-ТОҚСАН 56

Бөлім: Тыңдалым және айтылым 56

Бөлім: Оқылым 60

Бөлім: Жазылым 64

Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы 68
ЖОБА

1-ТОҚСАН

Бөлім: Тыңдалым және айтылым

Бөлімше 1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну

Оқу мақсаты 3.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу,
ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

Бағалау критерийі Білім алушы

• Мәтіндегі тірек сөздерді анықтайды

• Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Тірек сөздерді түртіп ал.

Баяғы бір заманда орман , тоғай деген атымен болмапты. Жер бетін көмкерген ағаш атаулы бір-бірінен аулақта өсіпті.

Әсем де сұлу, жасыл желекті ағаштар құлпырып тұратын. Бұлардың бәрі де Табиғат ананың ұл-қыздары еді.
Табиғат ананың үлкен ұлы Қарағай шыңды таудың қар жамылған, мәңгіге мұз құрсанған беткейіне өсіпті. Сонау жоғарыдан төменге қарап, мен биікпін деп мақтануға құмар екен.
Сәнқой Шырша жап-жасыл боп жасанып, алқа тағыпты. Сонау биіктен мені ел көрсін деп, Қарағай бауырының жанынан қалмапты.
Үйеңкіні тым еркелетіп жіберіпті. Ол жыл сайын тұрақ айырбастап, ойға да, қырға да өсе беріпті. Маза бермеген соң бауырлары оны ағаштардың арам шөбі деп атапты.

Тірек сөздер: __________________________________________________________

Сұрақтарға жауап бер.
1) Мәтінде қандай кейіпкерлер бар?
2) Сәнқой шырша қайда орналасыпты? Белгіле ( ).

Биікке, тау беткейіне орналасыпты Ойға да, қырға да өсіпті

3) Үйеңкіні неліктен арам шөп деп атапты?
4) Мәтіннен қандай ой түйдің?

Дескриптор Білім алушы

-мәтіндегі тірек сөздерді атайды;
-мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; -мәтіннің мазмұнына қатысты ойын айтады.

4
ЖОБА

Бөлімше 1.2 Мәтіннің мазмұнын болжау

Оқу мақсаты 3.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттерфото
диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Тақырып пен суреттердің негізінде мәтіннің
мазмұнын болжайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтіннің тақырыбын оқы. Бұл мәтін не туралы болуы мүмкін?

Тышқанның айласы

Берілген тақырып пен суреттерді пайдаланып, мәтін құрастыр.

Оқиға неден басталды?
Оқиға қалай жалғасты?
Оқиға немен аяқталды деп ойлайсың?

Дескриптор Білім алушы

тақырыпқа сәйкес жүйелі мәтін құрастырады;
мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
сөздерді мағынасына сәйкес қолданады;
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

5
ЖОБА

Бөлімше 1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану

Оқу мақсаты 3.1.3.1 Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық
әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлесу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Өз ойын жүйелей отырып, диалогке қатысады • Тілдік нормаларды сақтап сөйлейді

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Суретке мұқият қара. Бұл оқиға қай жерде болды? Қыз бала не істеді? Олар не туралы сөйлесуі мүмкін?

Сурет бойынша диалог құрастыр.

Дескриптор Білім алушы

сурет мазмұнына сәйкес диалог құрастырады;
тілдік нормаларды сақтап сөйлейді.

6
ЖОБА

Бөлімше 1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

Оқу мақсаты 3.1.4.1 Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып,
берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Берілген жоспар бойынша мәтін құрастырады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Берілген жоспар бойынша Көше тәртібі тақырыбына мәтін құрастыр. Тірек сөздерді қолдан.

Жоспар:

1.Арманның дүкенге баруы
2.Жолдағы оқиға
3.МАИ қызметкерінің кеңесі

Тірек сөздер: көше қиылысы, көлік, бағдаршам , оң жақ, сол жақ, жаяулар жүретін жол, МАИ қызметкері, жол тәртібін білу, аман-есен жүру

Дескриптор Білім алушы

жоспар бойынша тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастырады;
тірек сөздерді орынды пайдаланады;
мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды.

7
ЖОБА

Бөлімше 1.6 Тыңдарманның назарын аудару

Оқу мақсаты 3.1.6.1 Интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды
(қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту

Бағалау критерийі Білім алушы

• Сөйлеу барысында қаратпа сөздерді қолданады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Табиғат - ортақ үйіміз дегенді қалай түсінесің? Сурет бойынша қаратпа сөздерді қолданып, табиғатты қорғауға қатысты ойыңды жеткізуге тырыс.

Дескриптор Білім алушы

тақырыпқа сәйкес дәелді ой қорытып айтады;
қаратпа сөздерді қолданады;
сөйлеу мәдениетін сақтайды.

8
ЖОБА

Бөлім: Оқылым

Бөлімше 2.1 Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау

Оқу мақсаты 3.2.1.1 Тірек сөздеркөмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін
(әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның
құрылымдық бөліктерін анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Мәтіннің түрлерін ажыратады

• Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді оқы. Мәтіннің негізгі бөлігін тауып, қоршап сыз

Қамқорлық
Мамыр айы. Ауыл шетіндегі ағашы мен қамысы мол өзен үсті құстардың әуеніне толған. Диқан келе жатып, жағалаудан екі үрпек балапанды көзі шалды. Ұясын іздеді. Таба алмады. Содан соң балапандарды үйге алып келді. Ақ ұлпа мақтадан ұя жасады. Ұсақ жемдерді шашып, шағын ыдысқа су құйды. Бір айдан соң қос балапанның жүндері түлеп, қанаттары шыға бастады. Диқан тырнаның балапанын күткенін сонда ғана түсінді.

Мәтіннің қай түріне жататынын анықта. Ойыңды дәлелде.

Дескриптор Білім алушы

-мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады.
-мәтіннің түрін анықтайды және негіздейді.

9
ЖОБА

Бөлімше 2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

Оқу мақсаты 3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған
сұрақтар құрастыру және жауап беру

Бағалау критерийі Білім алушы

• Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіретін
сұрақтар құрастырады

• Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Неге? неліктен? сұрақтарын қолданып, мәтіннің мазмұны бойынша 2 сұрақ құрастыр. Сыныптасыңның сұрақтарына жауап бер.

Үй шаруасы

Мұғалім сабақ сұрағанда, Мұрат білмеді.
Сабақты неге білмейсің? Оқымадың ба?
Қолым тимеді, ағай!
Не істедің?
Үй шаруасымен айналыстым.
Сенен басқа үй шаруасын істейтін адам болмады ма?
Әкем үйде жоқ. Жолаушы кеткен. Апам ауырып жатыр. Мұғалім аяғандай болды.
Отыра ғой,шырағым!- деді.
Ертеңіне Мұрат оқуға келмей қалды. Сабақтан шыққан соң, біз Мұраттікіне бардық. Әбден терлеген, шаршаған екен. Біз жабылып отынын тасып бердік. Аттарына, сиырларына шөп салыстық.

Дескриптор Білім алушы

мәтінге қатысты пікір білдіруге бағытталған сұрақтар қояды;
мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
сұраулы сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

10
ЖОБА

Бөлімше 2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

Оқу мақсаты 3.2.4.1 Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің
көмегімен негізгі ойды анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды

• Мәтінге тақырып қояды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы

Жаз.
Өрісте лақ , құлын , қозы үшеуі кездесе кетті. Іші пысқан олар бірігіп ойнамақ болды. Әуелі нендей ойын ойнайтындарын талқыға салды. Сөзді ақ лақ бастады.
— Ойынның қызығы тауға шығу. Тастан-тасқа секіріп ойнау. Әрі қан тарайды, әрі миың тынығады, —деді. Қошақан лақтың сөзін жаратпады.
— Секіріп, шошаңдап ойнау ойын емес. Ойынның қызығы қошқарша сүзісіп ойнау. Әрі күшің толады, әрі құмарың қанады.
— Сендердің ойындарың көңілге қонбайды. Ойнаған соң шапқылап жарысайық. Тұра қалып тебісейік,— деді құлын.
Үшеуі қызыл кеңірдек болып ұзақ керісті. Ақыры бір-бірімен келісе алмай, тарап кетті.

Мәтін не туралы?

Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді деп ойлайсың?

Мәтіннен қандай ой түйдің?

Мәтінге ат қой.

Дескриптор Білім алушы

мәтіннің тақырыбын анықтайды;
мәтіннің негізгі ойын тұжырымдап айтады;
мәтіннің негізгі ойына сәйкес қорытынды жасайды;
мәтін мазмұнына сәйкес ат қояды.

11
ЖОБА

Бөлімше 2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

Оқу мақсаты 3.2.5.1 Берілген тақырыпсұрақ бойынша түрлі дереккөздерден
(мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді

• Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Сөздікті пайдаланып, қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндір.

Қайың
Қайың туралы ән мен жыр да, сурет те көп. Қайың сымбатты ағаш, ұшар басы үкідей шоқтанып, биік болады. Ашық жерлерде қайың кейде жеке-дара да өседі, дегенмен көп ретте орман болып тұрады. Жазғы жап-жасыл шөппен жайнаған гүлдің ортасында тұрған ақ балтыр қайың тоғайы ғажап сурет . Қайың сәуірдің аяғы мен мамыр айының басында гүлдейді. Оның гүлдері сырға тәріздес болып келеді. Қайыңның жапырағы сарғая бастаған кезде қыркүйек айы туады.

Қайың тез өседі. Одан алынатын нәрсенің бәрі кәдеге асады. Оның бүршіктерінен дәрі-дәрмек әзірлейді. Бұтақтарынан сыпырғыш, қабығынан саңырауқұлақ пен жеміс-жидектер теретін себет тоқиды. Қайыңнан фанер дайындап, үй жиһазын жасайды.

• Сен үшін мәтіндегі қай ақпарат маңызды болды? Неліктен?

Дескриптор Білім алушы

мәтіндегі белгіленген сөздердің мағынасын түсіндіреді;
мәтіннен маңызды ақпаратты анықтап, негіздейді.

12
ЖОБА

Бөлім: Жазылым

Бөлімше 3.1 Мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрап жазу

Оқу мақсаты 3.3.1.1 Жоспарсызбаны қолдана отырып тірек сөздер арқылы
әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін; көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрастырып жазу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Жоспар бойынша әңгімелеу мәтінін құрастырып
жазады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейлері

Тапсырма
Берілген тірек сөздер мен жоспарға сүйеніп, әңгімелеу мәтінін құрап жаз.

Жоспар

1.Балапандарға арналған ұя

2.Балапанның ұядан құлап түсуі

3.Балалардың қамқорлығы

4.Қараторғайлардың алғысы

Тірек сөздер: көктем, қараторғай , ұя, үш балапан, пайда болу, құлап түсу, ала мысық, шырылдап ұшу, құтқару, қаша жөнелу, шат-шадыман, әсем әуен.

Дескриптор Білім алушы

жоспарға сәйкес әңгімелеу мәтінін құрап жазады;
тірек сөздерді орынды қолданады;
сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
сөйлемдерді қатесіз жазады.

13
ЖОБА

Бөлімше 3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу

Оқу мақсаты 3.3.3.1 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар
бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Мәтін бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда.

Түлкі мен ешкі
Бір түлкі далада жортып келе жатып, байқаусызда апанға түсіп кетеді.
Апан терең екен. Түлкі одан шыға алмады.

Су іздеген ешкі апанға келді. Апанның түбіндегі түлкіні көрді. Одан апанда тұруының себебін сұрады. Түлкі апанның іші салқын,түбінде мөлдір суы бар екенін айтты. Бұл сөзге сенген ешкі апанға секіріп түсті.

Осыны күтіп тұрған түлкі бірден ешкінің үстіне секіріп мінді. Одан мүйізіне мініп, апанның сыртына қарғып шығып кетті.

Сұрақтардың көмегімен мәтінге жоспар құр.

1.Оқиға неден басталды?
2.Содан кейін не болды?
3.Түлкі не істеді?

Құрастырған жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын жаз.

Дескриптор Білім алушы

мәтін бойынша жоспар құрастырады;
мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады;
сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
орфографиялық нормаларды сақтап жазады
пунктуациялық нормаларды сақтап жазады.

14
ЖОБА

Бөлімше 3.5 Қатені табу және түзету

Оқу мақсаты 3.3.5.1 Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық,
грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету

Бағалау критерийі Білім алушы

• Тыныс белгілеріне қатысты қателерді тауып,түзетеді

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Өлеңдегі тыныс белгілеріне қатысты жіберілген қателерді тауып, түзетіп жаз.

Атаммен әңгіме

Өмірде ата, кім мықты?! Айтқан адам шындықты! Өмірде, ата кім әлсіз. Надан,
Жалқау,
Шыдамсыз!
Өмірде не ең жаман. Сақтай алмау елді аман!

Дескриптор Білім алушы

тиісті тыныс белгілерін қойып, жазады.
мәтінді қатесіз көшіреді.

15
ЖОБА

Бөлімше 3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

Оқу мақсаты 3.3.6.1 Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі
мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

Бағалау критерийі Білім алушы

• Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Өлеңді көркем жазу талаптарын сақтай отырып, көшіріп жаз.

Торғай

Мен торғаймын, торғаймын, Суықтан да тоңбаймын. Құрт - құмырсқа, шіркейден Бау - бақшаны қорғаймын.

Дескриптор Білім алушы

бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтайды;
әріптердің мөлшерін сақтап жазады;
әріптерді үзбей, көлбеу жазады;
әріптердің байланысын дұрыс көрсетеді.

16
ЖОБА

Бөлімше 3.7 Пунктуациялық нормаларды сақтау

Оқу мақсаты 3. 3.7.1 Қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс
белгілерін дұрыс қою

Бағалау критерийі Білім алушы

• Қаратпа сөздерді ажыратады

• Қаратпа сөздердің тыныс белгілерін қояды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Өлеңнен қаратпа сөзі бар сөйлемдерді тауып, көшір. Кейіпкерлердің берген жауабын қаратпа сөзі бар сөйлемге айналдырып жаз.

Кім қайда барады?

— Атай, қайда барасыз?
— Немереме базардан

Қауын, қарбыз әкелем.
— Әжей, қайда барасыз?
— Немереме қыздардан
Сағыз сұрап әперем.
— Ағай қайда барасыз? — Балам жақсы көретін Қарап жүрмін күшік мен . — Апай қайда барасыз?

Балам қыста киетін
Іздеп жүрмін ішік мен.

Дескриптор Білім алушы

қаратпа сөзі бар сөйлемдерді анықтайды;
қаратпа сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды;
қаратпа сөздердің тыныс белгілерін қояды.

17
ЖОБА

Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы

Бөлімше 4.1 Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау

Оқу мақсаты 3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу

Бағалау критерийі Білім алушы

• э , ф, в, ц әріптерінің жазылу емлесін сақтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Суреттегі заттардың атауын жаз. Э, ф, в, ц әріптерінің астын сыз. Әр әріпке қатысты бірнеше сөз тауып жаз.

1)_____________

1)_____________

1)_____________

1)_____________

2) _____________

2) _____________

2) ____________

2) _____________

Әр әріпке қатысты 1сөзбен сөйлем құрастырып жаз.

Дескриптор Білім алушы

суреттердің атауын әріп емлесін сақтап жазады;
э, ф, в, ц әріптеріне қатысты сөздерді жазады;
сөйлем құрылымын сақтайды.

18
ЖОБА

Бөлімше 4.1 Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау

Оқу мақсаты 3.4.1.3 ч, щ әріптері бар сөздердің емлесін білу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Ч, щ әріптері бар сөздерді қатесіз жазады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Өлеңді түсініп оқы. Құрамында ч әрпі бар сөздерді жатқа жаз. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыр.

Чертеждардың жаңасын Шабаданға салдым да, Чехтың кездім қаласын, Черкес жатты алдымда.

Чуваштармен таныстым, Чили жерін көрмедім. Чукот тауын әрі астым, Чукча жерін өрледім.

Дескриптор Білім алушы

ч әрпі бар сөздерді қатесіз жазады;
ч әрпі бар сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырады.

19
ЖОБА

Бөлімше 4.1 Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау

Оқу мақсаты 3.4.1.4 х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Х, һ әріптері бар сөздерді ажыратады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Көп нүктенің орнына х және һ әріптерін тиістісін жаз.

... алық

жа ... ан

тари ...

... абар

жи ... аз

ша...мат

қа...арлы

қа...арман

Дескриптор Білім алушы

х әрпі бар сөздерді ажыратады;
һ әрпі бар сөздерді ажыратады.

20
ЖОБА

2-ТОҚСАН

Бөлім: Тыңдалым және айтылым

Бөлімше 1.2 Мәтіннің мазмұнын болжау

Оқу мақсаты 3.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттерфото
диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Тақырып пен суреттердің негізінде мәтіннің
мазмұнын болжайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Суретке мұқият қара. Суреттегі оқиғаға дейін не болды деп ойлайсың? Осы оқиғадан соң не болуы мүмкін? Берілген тақырып пен сурет бойынша мәтін құрап айт.

Аяныш

Дескриптор Білім алушы

сурет пен тақырыпқа сәйкес мәтін құрастырады;
мәтіндегі оқиғаны жүйелі баяндайды;
сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.

21
ЖОБА

Бөлімше 1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану

Оқу мақсаты 3.1.3.1 Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық
әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлесу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Өз ойын жүйелей отырып, диалогке қатысады • Тілдік нормаларды сақтап сөйлейді

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Жұптық жұмыс
Суреттерге мұқият қара. Кітапханада тақырыбында кітапханашы мен оқырман арасында диалог құрастыр.

Дескриптор Білім алушы

тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады;
сұхбаттасына өз рөліне қатысты сұрақ қояды;
сұхбаттасының сұрағына лайықты жауап береді;
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

22
ЖОБА

Бөлімше 1.5.Тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіру

Оқу мақсаты 3.1.5.1 Аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің
пікіріне (келісукеліспеу себебін ) өз көзқарасын білдіру

Бағалау критерийі Білім алушы

• Өзгенің пікіріне қатысты көзқарасын білдіреді

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.

Үй мен Жер
Бір күні Үйдің мақтанғысы келіп, жан-жағына қарап, өзіне тең таба
алмай, Жерге айтады:
Сенен адам баласына қандай пайда бар, не іргең, не төбең
жоқ? Міне, мекен деп мені айт. Адамды жаз болса күннің ыстығынан, қыс болса суығынан қорғаймын. Оның үстіне ойын болсын, жиын болсын, бәрі менің ішімде өтеді. Онымды біліп, адам да мені сыйлайды. Уақытымен іші - сыртымды түгел сылап, жамап отырады. Одан басқа, мен күнге де сенен гөрі жақынмын. Тағы бір ерекшелігім: аузым - есігім бар. Бүкіл әлемді көретін көзім - терезем - ашылатын құшағым бар. Осы адам баласына менен пайдалы кімді табарсың?
- •• Пайдалы, пайдасыз істі былай қояйын. Алдымен бір сұрағыма
жауап берші,- дейді сонда Жер.- Сенің өзіңді көтеріп тұрған кім осы?





Үй қалай мақтанды?

Жер оған қандай жауап берді?

Кейіпкерлердің өзі туралы айтқан сөзімен келісесің бе? Неліктен?

Дескриптор Білім алушы

кейіпкердің пікіріне қатысты өз көзқарасын білдіреді;
өз ойына дәлелді пікір айтады.

23
ЖОБА

Бөлімше 1.6 Тыңдарманның назарын аудару

Оқу мақсаты 3.1.6.1 Интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды
(қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту

Бағалау критерийі Білім алушы

• Сөйлеу барысында қаратпа сөздерді қолданады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Суретке мұқият қара. Қаратпа сөздерді қолданып, сурет бойынша жарнама құрастыр.

__________________________________

__________________________________

__________________________________

Күні:_____ Уақыты:_____ Өтетін орны: _____________

Дескриптор Білім алушы

тақырыпқа сәйкес жарнама құрастырады;
қаратпа сөздерді орынды қолданады.

24
ЖОБА

Бөлімше 1.7 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Оқу мақсаты 3.1.7.1 Сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара
үндесуін сақтап айту (сенбі – сембі, Жангүл –Жаңгүл, т.б.)

Бағалау критерийі Білім алушы

• Сөздегі қатар келген дауыссыздардың үндестігін
сақтап айтады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Берілген сөздерді оқып, айтылуы бойынша жаз. Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыр.

Қонысбек сенбі Жангүл Жаңақорған

Аманкүл сәнқой Дүйсенқали жаңбыр

Қай дыбыс өзгеріп айтылды? Қандай дыбысқа өзгерді?

Дескриптор Білім алушы

сөздерді айтылуына сәйкес жазады;
сөздердің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықты сипаттайды.

25
ЖОБА

Бөлім: Оқылым

Бөлімше 2.2 Мәтіндегі лексикалық бірліктердің қолданылуын түсіну

Оқу мақсаты 3.2.2.1 Тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын
ажырата білу, сөйлеу барысында қолдану

Бағалау критерийі Білім алушы

• Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді ажыратады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Өлеңді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір.

Мен таба алмай бұрышты,

Қарадым бар қуысты.
Таусылған соң шыдамым,
Інімнен кеп сұрадым.
Мен іздесем бұрышты,
Көрсетті- ау ол бұрышты.

Берілген сөздерді тура және ауыспалы мағынада қолдануға мысал келтір.

Тіл, терең, бет, жылы, көз

Тура мағынада
Ауыспалы мағынада

Дескриптор Білім алушы

берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді;
сөздерді тура мағынада қолдануға мысал келтіреді;
ауыспалы мағыналы сөздерді анықтайды.

26
ЖОБА

Бөлімше 2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

Оқу мақсаты 3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған
сұрақтар құрастыру және жауап беру

Бағалау критерийі Білім алушы

• Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіретін
сұрақтар құрастырады

• Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.

Сабақтан кейінгі уақыт

Біздің мектепте көптеген үйірмелер жұмыс істейді. Оқушылар өз қалауы бойынша бос уақыттарын осы үйірмелерде өткізеді. Мектепте Қызықты грамматика, Шахматшылар, Көркем өнер, Математика әлемінде т.б үйірмелер бар.
Жандос екеуміз Математика әлемінде атты үйірмеге қатысамыз . Бұл үйірмеге біз сейсенбі және жұма күндері барамыз. Жуырда досым екеуміз олимпиадаға қатысып, жүлделі орынға ие болдық. Біздің ойымызша, бұл ең қызықты үйірме. Ал Досжанның пікірі бойынша Көркем өнер үйірмесі ең қызықты. Өйткені бұл үйірмедегі жас әртістер мектепте ғана емес, жиындарда, ата-аналар алдында да өнерлерін көрсетіп тұрады.

Біздің сабақтан кейінгі уақытымыз осылай қызықты өтеді.

Олар нешінші ауысымда оқиды? Белгіле ( ).

бірінші ауысымда екінші ауысымда

Балалар қайдан жүлделі орын алды?

концертке қатысты пәндік олимпиадаға қатысты

Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіруге арналған 1 сұрақ құрастырып жаз.

Дескриптор Білім алушы

мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақ құрастырады;
сұрақтың құрылымын сақтайды.

27
ЖОБА

Бөлімше 2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

Оқу мақсаты 3.2.4.1 Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің
көмегімен негізгі ойды анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды

• Мәтінге тақырып қояды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемді тауып, қоршап сыз.

Бір дана адам шәкірттерін жинап алып, бос құмыраны таспен толтырыпты да, олардан

– Құмыра толы ма? – деп сұрапты.
– Иә, – деп жауап беріпті шәкірттері. Дана кісі бұршақ толы банканы алып, түгелдей құмыраға құяды. Бұршақ тас арасындағы бос жерлерді толтырды.
–Енді құмыра толы ма? – деп сұрайды. Шәкірттері бас изейді. Енді ол құмыраға құм салады. Құм бұршақ пен тас арасынан өтіп, бүкіл бос жерді толтырды. Ол шәкірттеріне тағы да сол сауалды қойып, иә деген жауап алады. Содан соң су толы кесені алып, құмыраға құяды. Шәкірттері мұны көріп, күледі.

Сонда дана кісі былай депті:
– Мына құмыра – біздің өміріміз. Тас – өміріміздің басты бөліктері:балалар, отбасы, достар, денсаулық. Бұршақ – бізге қуаныш сыйлайтын дүние, бірақ ең маңызды нәрсе емес, яғни үй, жұмыс, көлік, бағалы заттар т.б. Құм – кез келген адам өмірінде бар ұсақ-түйек нәрселер. Егер басында құмыраны құмға толтырсаңыз, бұршақ түгілі тасқа да орын қалмайды. Өмірде де солай: ұсақ-түйекке уақыт жұмсасаң, ең бастысына уақытың жетпейді...

Мәтінге ат қой.

Дескриптор Білім алушы

мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемді анықтайды;
мәтінге сәйкес тақырып қояды.

28
ЖОБА

Бөлімше 2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

Оқу мақсаты 3.2.5.1 Берілген тақырыпсұрақ бойынша түрлі дереккөздерден
(мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді

• Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Қарамен берілген сөздердің мағынасын қалай түсінесің?
Түсіндірмелі сөздіктен мағынасын анықта.

Көне Отырар

Көне Отырар – 2000 жыл өмір сүрген қала. Отырарда қаңлы, қоңырат т.б. тайпалар тұрған. Көне Отырар арқылы көшпенді қазақтар саудамен шұғылданып, отырықшылықпен танысып, басқа халықтармен қатынаса бастады. Отырар тұрғындары күріш, тары, бидай, мақта, жүзім өсірумен шұғылданды. Қалада жақсы су жүйесі болған. Отырар қаласы тоғысқан сауда жолдарының ортасында тұрғандықтан оған басқалардың назары көп түскен.

Мықты қорғанысы бар Отырарды монғол басқыншылары алты ай бойы жаулай алмаған. Кейін басып алған жау қаланы түгел өртеп жіберді. Жауға қарсы тұрған, қаланы басқарған Қайырхан өлім жазасына кесілді. Күйзеліске ұшыраған қала 50 жылдан кейін ғана қайта өмірге келді.

Мәтіннен маңызды деген ақпараттарды тауып оқы.

Дескриптор Білім алушы

белгіленген сөздердің мағынасын түсіндіреді;
мәтіннен маңызды ақпараттарды анықтайды.

29
ЖОБА

Бөлімше 2.6 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

Оқу мақсаты 3.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін
түрлерін стилін(көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін) жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Ұқсас тақырыпта берілген мәтіндерді
(түрінжанрын) салыстырады



Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Берілген мәтіндерді оқы және салыстыр. Кестені толтыр.

1-мәтін

Отанымның тірегі Астанамның жүрегі. Мақтан етем өзіңді Бәйтерегім киелі.

2-мәтін

Бәйтерек – Астана қаласында 2001 жылы салынған мәдениет және сәулет туындысы. Ол қаланың орталығында орналасқан. Ғимараттың биіктігі 97 метр. Оның жоғарғы жағында жұмыртқа бейнесіндегі шар орналасқан. Бұл аңыз бойынша самұрықтың жұмыртқасы. Жұмыртқа байлықты, дәулетті, тыныштықты білдіреді.

Қазіргі кезде Бәйтерек Астананың рәмізіне айналды.

Сұрақтар
1-мәтін
2-мәтін
Бұл мәтіннің қай

түріне жатады?

Мәтін қай жанрда
жазылған?

Олардың қандай ұқсастығы бар.

Дескриптор Білім алушы

мәтіндердің түрін ажыратады;
мәтіндердің жанрын анықтайды;
мәтіндердің ұқсастығын сипаттайды.

30
ЖОБА

Бөлім: Жазылым

Бөлімше 3.3 Түрлі стильде мәтін жазу

Оқу мақсаты 3.3.2.1Өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделікөмірбаян жазу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Өзіндік іс-әрекетін сипаттап күнделік жазады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Оқушы күнделігінің үзіндісін оқы.

1-шілде
Бүгін атамның үйіне қонаққа барамын. Атам Іле Алатауының баурайында
тұрады. Алақай! Таулы аймақтың жазы қандай болатынын көремін.

5-шілде

Атамның ауылына келгеніме бірнеше күн болды. Ауа райы ыстық емес.
Әсіресе, кешке қарай салқын. Шіліңгір ыстықтан кейін рақат екен!

7-шілде

Бүгін тауға шықтым. Керемет! Аспанда аппақ мамық бұлттар көшіп барады. Тура төбемде жылжып бара жатқандай. Қолымды созып, шап беріп ұстап алғым келді. Бірақ қолым жетпеді. Таудың басындағы аппақ қар күнге шағылысып, көзді қарықтырады.

Үлгіге сүйеніп, өзіңнің үш күндік іс-әрекетіңді күнделік түрінде жаз.

Дескриптор Білім алушы

күнделік жазу стилін сақтайды;
сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
сөйлемдегі сөздерді қатесіз жазады.

31
ЖОБА

Бөлімше 3.5 Қатені табу және түзету

Оқу мақсаты 3.3.5.1 Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық
және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету

Бағалау критерийі Білім алушы

• Жіберілген қателерді тауып, түзетеді

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Хабарландыруда жіберілген қателерді түзетіп, көшіріп жаз.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметі, балалар!

Алматы қаласы циркі

өнерпаздарының өнерін тамашалауға

сіздерді шақырамыз.

Орны: цирк ғимараты

Уақыты: сағ12.00

Күні: 12-желтоқсан,2017ж

Дескриптор Білім алушы

мәтіндегі жіберілген қателерді анықтап, түзетеді;
каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады.

32
ЖОБА

Бөлімше 3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

Оқу мақсаты 3.3.6.1 Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі
мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

Бағалау критерийі Білім алушы

• Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Өлеңді көркем жаз.

Зымырандай ғимарат

Алыстан көз тартады.
Әлемге аян атағы:
155 метр –биік ол, Бұлттан да әрі асады. Қиюласып тастар нақ, Кеткен шырқап аспандап:

34 қабат үй емес, Көкке бастар баспалдақ.

Дескриптор Білім алушы

бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтайды;
әріптердің мөлшерін сақтап жазады;
әріптерді үзбей, көлбеу жазады;
әріптердің байланысын дұрыс көрсетеді.
өлеңді қатесіз жазады.

33
ЖОБА

Бөлімше 3.7 Пунктуациялық нормаларды сақтау

Оқу мақсаты 3.3.7.2 Мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың
арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою

Бағалау критерийі Білім алушы

• Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын
сызықшаның орнын анықтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Берілген сөйлемдерді оқы. Бастауыш пен баяндауышқа сұрақтар қой. Олар қай сөз табынан жасалған? Не байқадың? Сызықшаның қойылу себебін түсіндір.

Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылатын 2 сөйлем құрастырып жаз.

Дескриптор Білім алушы

бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылу себебін

түсіндіреді;
-бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаға сөйлеммен мысал келтіреді.

34
ЖОБА

Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы

Бөлімше 4.1 Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау

Оқу мақсаты 3.4.1.2 Түбір сөздегі -ы, -і-нің дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі өзгерісін сақтап жазу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Түбір сөздердегі -ы,-і дыбыстарының өзгерісін
сақтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Жақшадағы сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Менің (ауылымда, аулымда) әдемі үйлер көп.

Саяжайдан бұлбұлдың әдемі (дауысын, даусын)
естідім.

Қазақстан (халық, халқы) Бәйтерекке жиі

барады.

Жансаяның (орыны, орны) жетінші қатарда.

Дескриптор Білім алушы

тиісті сөздерді анықтайды;
сөйлемдерді қатесіз көшіріп жазады.

35
ЖОБА

Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау

Оқу мақсаты 3.4.2.1 Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз
жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

Бағалау критерийі Білім алушы

• Негізгі түбірден туынды сөздер жасайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Берілген сөздерден үлгіде көрсетілгендей бірнеше туынды сөз құрап жаз.
Үлгі:

Ас Өнер Оқу Бала

Дескриптор Білім алушы

берілген түбір сөздерден туынды сөздер жасайды;
түбір сөзге тиісті жұрнақ жалғайды.

36
ЖОБА

Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау

Оқу мақсаты 3.4.2.7 Сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және
тұрлаусыз мүшелерін ажырату

Бағалау критерийі Білім алушы

• Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін анықтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтіннің соңғы екі сөйлемін көшіріп жаз. Тұрлаулы мүшелердің астын сыз.

Шахтада

Менің шахтаны көргім келді. Көкем сыйлаған қолшамды алып, шахтаға келдім.Үйге кірсем, іші толған шахтерлер екен. Бір ағайдың соңынан ере бердім. Көп есіктен өтіп, үлкен бір залға келдік. Залдың ортасында темір тор тұр. Сол сәтте тор ішінен қоңырау шылдырлады. Мұртты ағай тордың есігін жапты. Темір есіктің арғы жағында тұрған шахтерлер әп-сәтте жоқ болып кетті.

Дескриптор Білім алушы

сөйлемдерді қатесіз көшіреді;
тұрлаулы мүшелерді анықтайды.

37
ЖОБА

Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау

Оқу мақсаты 3.4.2.8 Мұғалімнің көмегімен жалаң және жайылма
сөйлемдерді ажырату

Бағалау критерийі Білім алушы

• Жалаң және жайылма сөйлемдерді ажыратады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтінен жайылма сөйлемдерді тауып, жалаң сөйлемге айналдырып жаз.

Жаз келді. Демалыс басталды. Әли мен Айя Астанаға келді. Қаланың көрікті жерлерін аралады. Оларға Бәйтерек ғимараты өте ұнады. Олар қалада ұзақ қыдырды.

Дескриптор Білім алушы

жайылма сөйлемдерді анықтайды;
жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдырып жазады.

38
ЖОБА

3-ТОҚСАН

Бөлім: Тыңдалым және айтылым

Бөлімше 1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну

Оқу мақсаты 3.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу,
ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

Бағалау критерийі Білім алушы

• Мәтіндегі тірек сөздерді анықтайды

• Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.Тірек сөздерді теріп жаз.

Би үйірмесінде
Қазақ халқының би өнері жақсы дамыған. Ол ғасырлар бойы өмір сүріп келеді. Қазақ халқының бишілері де көп болған. Менің де биші болғым келеді, сондықтан би үйірмесіне барып жүрмін.
Сахна – бишілер үшін ең қастерлі, ең қасиетті орын. Би өнерінің жолы жеңіл емес екен, сондықтан би үйірмесіне жұма сайын барып тұрамын. Үйірменің жетекшісі – Майра апай өз уақытын аямай аптасына төрт рет бізге сабақ береді. Сабақтары өте қызықты.
Би өнері – өте қиын өнер екен, сондықтан оны ұзақ үйрену керек.

Сұрақтарға жауап бер.

1) Мәтін не туралы?
2) Мәтіннің кейіпкері кім болғысы келеді? А) әнші В) биші С) суретші

D) спортшы

3) Майра апай деген кім? А) анасы В) мұғалімі

С) үйірме жетекшісі D) сынып жетекшісі

Дескриптор Білім алушы

мәтіндегі тірек сөздерді анықтайды;
сұраққа сәйкес жауапты табады.

39
ЖОБА

Бөлімше 1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану

Оқу мақсаты 3.1.3.1 Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық
әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлесу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Жағдаятқа қатысты пікірін жүйелі жеткізеді

• Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.

Ән-күй үйірмесі
Біздің мектепте ән-күй үйірмесі бар. Бұл үйірмеге әнші балалар, биші қыздар қатысады. Үйірмені ән-күй пәнін өткізетін мұғалім басқарады. Ол біздің өнерлі Мариям апайымыз.
Кеше сабақтан соң мәжіліс залында аяулы аналарымызға арналған мереке болды. Үйірме мүшелері концерт қойды. Концертте биші қыздар, әнші оқушылар өнерлерін көрсетті . Домбырашы Рахима Кеңес күйін орындады. Зағипа тақпақ оқыды. Концертке келген мұғалімдер мен ата-аналар үйірме мүшелеріне өте риза болды.

1) Сұрақтарға жауап бер.

Мәтін не туралы?

Мәтінде қай үйірме туралы айтылған?

Мәжіліс залында не өткізілді?

Мерекеге кімдер қатысты?

2) Сен қай үйірмеге қатысасың? Өзің қатысатын үйірме туралы айтып бер.Өнердің осы түрін меңгерудің маңыздылығын дәлелде.

Дескриптор Білім алушы

мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
әңгімелеуде өз ойын жүйелі жеткізеді;
өнер түрінің маңыздылығына дәлелді пікір айтады;
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

40
ЖОБА

Бөлімше 1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

Оқу мақсаты 3.1.4.1 Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып,
берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Тірек сөздер мен тақырып бойынша әңгіме
құрастырады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Берілген тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып, Өнерлі әжей тақырыбына әңгіме құрастырып айт.

Тірек сөздер: ауыл, әжесінің өнері, түрлі түсті оюлар, текемет басу, әшекей, өрнекті сырмақ сыру, тоқылған алаша, көздің жауын алу, немересіне үйрету, қуану, риза болу.

Жоспар:

1. Әжесін сағыну
2.Әженің өнері
3.Өнер үйрену
4. Ризашылық

Дескриптор Білім алушы
жоспар бойынша тақырыпқа сәйкес мәтін құрастырады;
тірек сөздерді орынды пайдаланады;
мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
сөйлемдердің құрылымын сақтайды.

41
ЖОБА

Бөлім: Оқылым

Бөлімше 2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

Оқу мақсаты 3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған
сұрақтар құрастыру және жауап беру

Бағалау критерийі Білім алушы

• Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіретін
сұрақтар құрастырады

• Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Мәтінде теледидардың бала денсаулығы үшін қандай зиянды жақтары сипатталған?

Теледидар

Теледидар өнерге, мәдениетке, халыққа қызмет етеді. Оның адам үшін пайдасы көп. Үлкеніміз де, кішіміз де көп уақытымызды теледидар алдында өткіземіз. Өкінішке орай, оның зиянды жағы да бар. Әсіресе, ол адамның денсаулығына үлкен әсер етеді. Ғалымдар теледидар алдында ұзақ отыратын балалардың қанында холестерин көп болатынын анықтаған. Теледидар көздің көруін нашарлатады, адамның психологиясына әсер етеді. Әсіресе, балалардың мінезі өзгеруде. Олардың ашушаң, ренжігіш болып өсуіне осы көгілдір экран кінәлі. Теледидарға құмар бала, әдетте, кітап оқымайды. Бала теледидар тұтқынына айналады. Ондай балада белсенділік төмен болады. Оны енжарлық, жалқаулық басып тұрады.
Әрине, теледидардан білім, таным, өнер үшін қажетті бағдарламаларды көруге болады. Бірақ алтын уақытты тек теледидар алдында өткізген дұрыс емес.

Жұптық жұмыс

Мәтін бойынша жұбыңның пікірін білуге арналған сұрақтар дайында.

Жұбыңның қойған сұрақтарына жауап бер.

Дескриптор Білім алушы
-мәтіннен сұрақтың жауабы болатын нақты ақпаратты анықтайды;

- мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;
- сұрақтардың негізінде ой қорытып, жауап береді;
- сұраулы сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

42
ЖОБА

Бөлімше 2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

Оқу мақсаты 3.2.4.1 Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің
көмегімен негізгі ойды анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды

• Мәтінге тақырып қояды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.

Әл-Фараби бір күні базарға барса, бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әр түрлі өнер көрсетіп тұр екен. Оны көрушілер риза болып, тиын-тебен тастап кетіп жатады. Әбунасыр одан:

Күніне қанша табасың?- деп сұрайды.
Екі дирхемге жетер-жетпес қана.
Онда сен бұл өнеріңді таста. Маған ер, мен саған оқу үйретемін, күніне төрт дирхем беремін,- деп оны ертіп алады. Мұны естіген саудагерлер:
Мына диуана, дәруіштің дені сау ма? Өзі оқытып, әрі оған төрт дирхем төлегені несі?- деп күліпті.
Кейін сол бала үлкен ғалым болыпты деген сөз бар.

Әл-Фараби жігітке нені үйреткісі келді?

Шәкіртінің болашақта жақсы адам болып шығуына ұстазы қандай еңбек сіңірді деп ойлайсың?

Адамға білім не үшін қажет?

Мәтіннің негізгі ойы неде?

Мәтінді қалай атауға болады?

Дескриптор Білім алушы
мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;
мәтінге сәйкес тақырып қояды.

43
ЖОБА

Бөлімше 2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

Оқу мақсаты 3.2.5.1 Берілген тақырыпсұрақ бойынша түрлі дереккөздерден
(мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді

• Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді оқы. Сөздікті пайдаланып, қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір.

Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы XIX ғасырдың басында Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге келген.

Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді. Құрманғазы жастайынан домбыра шертіп, көпшіліктің ілтипатына бөленді.Ұлы күйшілерден тәлім алып өскен Құрманғазы қазақ халқының ұлы сазгері атанды.

Құрманғазының күйлері қазақ елінің әлеуметтік жыр-сыры. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер халықтың азатгығы мен жеке тұлға бостандығы болды.

Мәтіннен маңызды деген 1 ақпаратты іріктеп алып, түсіндір.

Дескриптор Білім алушы

белгіленген сөздердің мағынасын анықтайды;
мәтіннен маңызды ақпаратты анықтап, негіздейді.

44
ЖОБА

Бөлімше 2.6 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

Оқу мақсаты 3.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін
түрлерінстилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Ұқсас тақырыпта берілген мәтіндерді (стилін)
салыстырады

Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі

Тапсырма
Мәтіндерді түсініп оқы.

1- мәтін

Мәншүк Маметова Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.

Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметоваға Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін 1944 жылдың наурыз айында Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

2- мәтін

Соғыстың дәмін тартқан, зардаптарын, Қыз болса да көтеріп салмақтарын. Қазақ қызы қаһарман Мәншүк апам, Есімін мақтан тұтып ардақтадым. Шығыстың ақ шынары топ жұлдызы, Соғыстың бұйырды ғой дәм мен тұзы. Халқы үшін қан майданға араласып, Батылдығын танытқан қазақ қызы.

Мәтіндердің қайсысы қандай мәтін екенін анықта. Сәйкес цифрмен белгілеп көрсет.

көркем мәтін ғылыми-танымдық мәтін

Екі мәтінге ортақ бір ат қоюға бола ма? Сен қандай ат қояр едің?

Екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

Дескриптор Білім алушы

мәтіндерді стилі бойынша ажыратады;
мәтінге сәйкес тақырып қояды;
мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын сипаттайды.

45
ЖОБА

Жазылым

Бөлімше 3.1 Мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрастырып жазу

Оқу мақсаты 3.3.1.1 Жоспарсызбаны қолдана отырып тірек сөздер арқылы
әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін; көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап
жазады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.

Бір адамның аты мен есегі болыпты. Бір күні ол есек пен атқа жүк артып, қалаға шығады. Жолда есек қатты шаршайды да атқа:

Досым, мен қатты шаршадым. Менің жүгімнің жартысын алшы. Маған көмектесші, - дейді.

Бірақ ат есектің сөзін тыңдамай, оған көмектеспей жүре береді. Бір уақытта есек жүре алмай, құлайды. Осы кезде адам есектің барлық жүгін аттың үстіне артады. Ат өз жүгін және есектің жүгін көтереді. Сонда ат қатты өкінеді.

Есек жолда неліктен құлап қалды?

Ат не үшін өкінді деп ойлайсың?

Мәтіннен қандай ой түйдің? Берілген көмекші сөздердің тиістісін қолдана отырып, өз ойыңды жаз.

Көмекші сөздер: себебі, өйткені, сондықтан, біріншіден, екіншіден, қорыта айтқанда

Дескриптор Білім алушы

мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
пайымдау мәтінін құрап жазады;
көмекші сөздерді орынды қолданады;
сөйлемдегі сөздерді қатесіз жазады.

46
ЖОБА

Бөлімше 3.2 Түрлі стильде мәтін жазу

Оқу мақсаты 3.3.2.1 Өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделікөмірбаян жазу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Өз өмірбаянын жазады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Өмірбаян үлгісін мұқият оқы.

Мен, Нүсіпбеков Мақсат Ахметұлы 1983 жылы, 14-қаңтарда Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында туылдым.Ұлтым - қазақ.

2000 жылы Алматы қаласындағы №81 орта мектебін бітірдім. Сол жылы Қазақстан -Британ техникалық университетінің 1- курсына оқуға түстім. Әкем - Нүсіпбеков Ахмет Бағланұлы. Анам— Алпысбекова.Салтанат Әріпжанқызы Мекенжайым:Алматы қаласы, Орбита-3 ықшамауданы, 26-үй, 48-пәтер, тел.29-48-56.

Сызықшаның орнынa тиісті ақпаратты қойып, өз өмірбаяныңды жаз.

Мен, _________________________________________________ , _______ жылы туылдым. Туған жерім- _____________________. Ұлтым— _____________________. _________ жылы 1-сыныпқа оқуға бардым.. Қазір ________ сыныпта оқимын.
Мекенжайым _______________________________________.

Дескриптор Білім алушы

өмірбаян үлгісін сәйкес мәліметтермен толықтырады;
сөздерді қатесіз жазады.

47
ЖОБА

Бөлімше 3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу

Оқу мақсаты 3.3.3.1 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар
бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Мәтін бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.

Талғаттың ерлігі
Таңертең ұшқыштар маңызды тапсырма алды. Әскерлеріміз шабуылға шығуға дайын болатын. Талғаттың ұшағы әуеге тез көтерілді. Ұшқыштардың қимылын командир жерден бақылап тұр еді. Ол Талғаттың жауға жасаған шабуылына өте риза болды. Ұшқыштар жаудың бекінісін қиратты. Одан соң жердегі әскерлер шабуылға шықты. Жау бекінісін тастап қаша бастады. Талғат Бигельдинов жауынгерлік тапсырманы ойдағыдай орындады.

Мәтіннің мазмұны бойынша жоспар құрастыр.

Жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын жаз.

Дескриптор Білім алушы

мәтінге жоспар құрастырады;
мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады;
сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
орфографиялық нормаларды сақтап жазады;
пунктуациялық нормаларды сақтап жазады.

48
ЖОБА

Бөлімше 3.5 Қатені табу және түзету

Оқу мақсаты 3.3.5.1 Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық,
грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету

Бағалау критерийі Білім алушы

• Тыныс белгілеріне қатысты қателерді анықтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді оқы. Соңғы сөйлемде жіберілген тыныс белгілік қателерді түзетіп, сөйлемді көшіріп жаз.

Мүсінші мысық әңгімесінен үзінді

Төре ауылы күзекке келгенде сары бала сондай қуанды. Ала жаздай зарыға жалғыз ойнағандағы ойынан кетпейтiн бiр досы бар. Ол төре баласы- Шоқан. Шыңғыс Құсмұрын елiне аға сұлтан болып тағайындалысымен, осы күзекке екi бөлмелi кеңсе үйi салынған. Сол үйдi ң жазғы, қысқы күзетшiсi - сары баланың әке-шешесi. Сары баланың сол сағына күткен досы жолбарыстай шұбар құнанын елеңдете аяңдатып жетiп келдi. Ә дегенде тосырқап қалған сары бала балшықтан жасаған ойыншықтарын жия қойып, орнынан ербиiп тұра келдi.
– Ей? Мысық. аман ба! Мына ойыншықты кiм iстедi – деп Шоқан сары балаға жылы амандасып - күлiмдей қарады,

Дескриптор Білім алушы

сөйлемдегі пунктуациялық қателерді анықтап,түзетеді;
сөйлемді қатесіз көшіріп жазады;
каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады.

49
ЖОБА

Бөлімше 3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

Оқу мақсаты 3.3.6.1 Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі
мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

Бағалау критерийі Білім алушы

• Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Көркем жазу талаптарын сақтай отырып, өлеңді жатқа жаз.

Өнер - білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды;
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді...

Ы. Алтынсарин

Дескриптор Білім алушы
бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап жазады;
әріптерді көлбеу етіп салады;
әріптердің байланысын сақтап, үзбей жазады;
өлеңді қатесіз жазады.

50
ЖОБА

Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы

Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау

Оқу мақсаты 3.4.2.2 Тәуелдік жалғауларының қолданысын білу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Тәуелдік жалғауларын орынды қолданады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді оқы. Асты сызылған сөздерден тәуелдік жалғауын тауып белгіле. Осы сөздерді жекеше және көпше түрде тәуелде.

Алтын адам

Астанада мұражайлардың түр-түрі бар. Балалар мұражайларды аралап, көп қызықтады. Әсіресе, археология мұражайына жасалған экскурсия оларға қатты ұнады.
Мұражайдағы экспонаттар қазіргі Қазақстан жерінде ерте замандарда қандай тайпалар мекендегенін білдіреді. Археологтар табылған еңбек құралдары, ыдыстар, әшекей бұйымдарға қарап біздің ата-бабаларымыз қалай өмір сүріп, немен шұғылданғандарын анықтап отыр. Балалар бір экспонаттың жанынан көпке дейін кетпеді. Онда сақ жауынгерінің алтынмен әдіптелген киімі қойылған. Оның дулығасы мен кіреуке сауытын көне зергер аңдардың, құстардың, ағаштардың, таулардың суретін бейнелеп жасаған алтын табақшалармен әшекейлеген.
Осы жауынгер киімі Есік қорғанында 2000 жылдан астам уақыт жатса да, күні бүгінге дейін жақсы сақталған.

Дескриптор Білім алушы

тәуелдік жалғауларын анықтайды;
сөздерді жекеше түрде тәуелдейді;
сөздерді көпше түрде тәуелдейді;
тәуелдік жалғауларын орынды қолданады.

51
ЖОБА

Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау

Оқу мақсаты 3.4.2.3 Сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім,
етістік) табу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Сөз таптарын ажыратады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді оқы. Мәтіннен кестенің әр бағанына сәйкес 2 сөз тауып жаз.

Ахмет Байтұрсынов-қазақтың ғалымы, ағартушысы. Ахмет Байтұрсынов Торғай облысында қарапайым шаруа отбасында туған. Ахметтің әкесі Байтұрсын ширақ, намысшыл, батыл, сергек адам болған . Ол Ахметті Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы төрт жылдық мектепке оқуға түседі. Ол өте кемеңгер, білімді тұлғаның бірі болған.

Зат есім
Етістік
Сын есім
Сан есім

Дескриптор Білім алушы

зат есімдерді анықтайды;
етістіктерді анықтайды;
сан есімдерді анықтайды;
сын есімдерді анықтайды.

52
ЖОБА

Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау

Оқу мақсаты 3.4.2.4 Негізгі, туынды зат есімсын есіметістікті анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Негізгі және туынды сын есімдерді ажыратады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтіннен негізгі және туынды сын есімдерді теріп жаз.

Домбыра үйірмесі

Мектепте әртүрлі үйірмелер бар. Мен домбыра үйірмесіне барып жүрмін. Домбыра тарту – үлкен өнер. Домбыра – екі ішекті аспап. Мен осы аспапты тартуды үйренгім келеді. Домбыраның даусы майда қоңыр, құлаққа жағымды. Бұл қарапайым аспаппен әртүрлі шығармаларды орындауға болады. Үміт апай өте өнерлі адам, сондықтан ол домбыра тартуды жақсы үйретеді. Домбыра тілі барлық халықтарға ортақ. Ол құанышты да, мұңды да білдіреді. Ол барлық адамға түсінікті. Кейде мен қоңыр дауысымен ән саламын. Менің дарынды домбырашы болғым келеді.

Негізгі сын есімдер
Туынды сын есімдер

Дескриптор Білім алушы

негізгі сын есімдерді ажыратады;
туынды сын есімдерді анықтайды.

53
ЖОБА

Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау

Оқу мақсаты 3.4.2.5 Болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын
анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Болымды және болымсыз етістіктерді ажыратады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Болымды және болымсыз етістіктерді анықтап, сәйкестендір. Олардың мағыналарында қандай өзгешелік бар екенін айт.

ШАҚЫР

АЙТПАДЫ

СЕКІРМЕ
БОЛЫМДЫ
СЕКІР

АЙТТЫ
БОЛЫМСЫЗ
ЖАЗ

ЖАЗБАДЫ

ШАҚЫРМА

Болымды және болымсыз етістіктерге мысал келтір.

Дескриптор Білім алушы

болымды етістіктерді анықтайды;
болымсыз етістіктерді анықтайды;
болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын сипаттайды;
болымды және болымсыз етістіктерге сәйкес мысалдар келтіреді.

54
ЖОБА

Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау

Оқу мақсаты 3.4.2.6 Есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын
анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Есептік және реттік сан есімдерді ажыратады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Есептік және реттік сан есімдерді анықта. Сөздің тұсындағы тиісті бағанға + таңбасын қой.

Сөздер Есептік Реттік

алпыс

сегізінші

он алтыншы

отыз

қырық

үшінші

екі

үш жүз елу жеті

Есептік және реттік сан есімдердің қандай айырмашылығы бар?
Реттік сан есімдерді қатыстырып 2 сөйлем құрастыр.

Дескриптор Білім алушы

есептік сан есімдерді анықтайды;
реттік сан есімдерді ажыратады;
есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын түсіндіреді;
реттік сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрастырады;
сөйлемдердің құрылымын сақтайды.

55
ЖОБА

4-ТОҚСАН

Бөлім: Тыңдалым және айтылым

Бөлімше 1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну

Оқу мақсаты 3.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу,
ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

Бағалау критерийі Білім алушы

• Мәтіндегі тірек сөздерді анықтайды

• Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Тірек сөздерді түртіп ал.

Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамында кездеседі . Көптеген өсімдіктің 80 – 95% судан тұрады. Жануарлар мен адам денесінде де су көп . Адам ағзасының бүкіл салмағының жартысынан көбі судың үлесіне тиеді. Сусыз жер бетіне өсімдік өспейді, жануарлар тіршілік ете алмайды.

Ал адам өміріндегі судың маңызына баға жетпейді. Сусыз тамақ піспейді. Тазалық та болмайды. Судың күшінен электр қуаты алынады. Су арқылы үйді жылытады. Өндіріс орындары сусыз жұмыс істей алмайды. Адамдар су жолымен қатынайды, жүк тасиды. Судың тұрмыстық қажеттіліктерден басқа емдік қасиеттері де бар. Су иммунитетті жақсартады, дене температурасын реттейді , зейінді ашады, жұмыс өнімділігін арттырады. Сондықтан да су өмір нәрі, тіршілік көзі болып саналады.

Сұрақтарға жауап бер.

2) Мәтін не туралы?
3) Су табиғатта қайда кездеседі?
4) Күнделікті тіршілікте су қалай қолданылады?
5) Су неліктен тіршілік көзі болып саналады?

Дескриптор Білім алушы

тірек сөздерді анықтайды;
мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
мәтіннің мазмұнына қатысты ой қорытады.

56
ЖОБА

Бөлімше 1.2 Мәтіннің мазмұнын болжау

Оқу мақсаты 3.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттерфото
диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Тақырып пен суреттердің негізінде мәтіннің
мазмұнын болжайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Суретке мұқият қара. Мәтіннің тақырыбын оқы. Бұл мәтін не туралы болуы мүмкін? Берілген тақырып пен суретті пайдаланып, сұрақтардың көмегімен мәтін құрастыр.

Сүңгі

Бұл қай мезгіл?

Сүңгі неден пайда болды?

Балалар не істеді?

Олар не туралы сөйлесті деп ойлайсың?

Оқиға қалай аяқталуы мүмкін?

Дескриптор Білім алушы

тақырыпқа сәйкес жүйелі мәтін құрастырады;
мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

57
ЖОБА

Бөлімше 1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану

Оқу мақсаты 3.1.3.1 Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық
әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлесу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Тақырыпқа қатысты өз ойын жүйелі жеткізеді • Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.

Ғалымдар ұялы телефондарға жүргізген зерттеулері бойынша мынандай тоқтамға келген: ұялы телефонды күніне 10 минуттай уақыт пайдалану – адам ағзасын функционалдық өзгерістерге ұшыратады екен. Яғни, небәрі 10 минуттық тілдесуден кейін ағзаңыздың өз қалпына қайта келуі үшін 8 сағат керек. Тәжірибе кезінде 8 жыл бойы күнделікті ұялы телефонды пайдаланған адамды медициналық тексеруден өткізгенде, оның ағзасының едәуір өзгерістерге ұшырағаны анықталған.

Ағзаның қалпына келуі үшін қанша уақыт қажет? Белгіле ( )

10 минут 8 жыл

Сұрақтарға сүйеніп, жұпта ой бөліс.

1) Ұялы телефонның адам өміріндегі алатын орны қандай?
2) Оның қандай пайдалы және зиянды жақтары бар?
3) Сен ұялы телефонды қалай қолданасың?

Дескриптор Білім алушы

мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап береді;
сұрақтардың негізінде тақырыпқа қатысты ойын айтады;
өз ойын жүйелі жеткізеді;

сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

58
ЖОБА

Бөлімше 1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

Оқу мақсаты 3.1.4.1 Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып,
берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Тірек сөздер мен жоспар бойынша әңгіме
құрастырады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Берілген жоспар бойынша Найзағайлы күн тақырыбына мәтін құрастыр. Тірек сөздерді қолдан.

Жоспар:

1) Тоғайда
2) Найзағай
3) Қорқыныш
4) Жаңбырдан соң

Тірек сөздер: жаздыгүні, тоғайға бару, дем алу, бұлттану, найзағайдың жарқылдауы, күннің күркіреуі, жаңбырдың шелектеп құюы, күннің көзі, үйге қайту.

Дескриптор Білім алушы

тақырыпқа сәйкес мәтін құрастырады;
тірек сөздерді орынды пайдаланады;
мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;

оқиғаны жүйелі байланыстырып айтады;
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

59
ЖОБА

Бөлім: Оқылым

Бөлімше 2.2 Мәтіндегі лексикалық бірліктердің қолданылуын түсіну

Оқу мақсаты 3.2.2.1 Тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын
ажырата білу, сөйлеу барысында қолдану

Бағалау критерийі Білім алушы

• Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді ажыратады • Сөзді тура және ауыспалы мағынада қолданады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Өлеңді түсініп оқы. Қарамен берілген тіркестерді қалай түсінесің?

Жылы жүрек, тәтті тіл,

Берекені берер, біл.

Ащы сөзді –өзімшіл,

Өнері оның қалар тұл.

Қатесін тапсаң, жұмсақ айт

Ызаланбай сабыр қыл.

Ш. Құдайбердіұлы

Өлеңдегі ауыспалы мағынада тұрған сөз тіркестерін теріп жаз. Оларды қандай сөздермен алмастырып айтуға болады? Кестеге жаз.

Сөз тіркестері
Түсіндірмесі

Сөздерді тура мағынасында қолданып, сөйлем құрастыр.

Дескриптор Білім алушы

ауыспалы мағынада қолданылған сөз тіркестерін анықтайды;
ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын сипаттайды;
-сөздерді тура мағынасында қолдануға мысал келтіреді.

60
ЖОБА

Бөлімше 2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру

Оқу мақсаты
3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған

сұрақтар құрастыру және жауап беру

Бағалау критерийі
Білім алушы

• Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіретін

сұрақтар құрастырады

• Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

Ойлау дағдыларының
Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Мәтінді түсініп оқы.

Бір жігіттен:
Дос табу оңай ма?

Дос табу оңай ма? – деп сұрапты қарт кісі.
Ата, дос табу ақымаққа оңай, ақылдыға қиын, - депті жігіт.
Жоқ, балам, ақылдының досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғанмен жақсылары жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Ақылды өзіне тең дос іздейді, ақымақ өзіне тең досты іздемей-ақ табады. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың. Өмірде ақылды дос табу қиын, - депті қарт сонда.

Сұрақтарға жауап бер.

1) Жігіт қарттың сұрағына қалай жауап берді?
2) Қарт жігіттің сөзімен келісті ме?

Жұптық жұмыс

Мәтін бойынша жұбыңның пікірін білуге бағытталған 1 сұрақ қой.

Жұбыңның саған қойған сұрағына жауап бер.

Дескриптор Білім алушы

мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақ қояды;
сұрақтың құрылымын сақтайды;
мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.

61
ЖОБА

Бөлімше 2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

Оқу мақсаты 3.2.4.1 Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің
көмегімен негізгі ойды анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды

• Мәтінге тақырып қояды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер.

Баяғыда бір бай мен кедей көрші тұрыпты. Бай өте жақсы өмір сүріпті. Ал кедей егін егіп, өз еңбегінің нанын жеп күнелтеді екен.

Бір жылы көктемде қатты су тасқыны болады. Бай бар алтынын көтеріп, биік ағаштың басына шығып кетіпті. Кедей де нанын алып, ағаштың басына шығады. Су тасқыны бірнеше күнге созылады. Қарны ашқан бай кедейге:
– М ына бір кесек алтынды алып, маған бір үзім нан берші, -дейді.
– Алтының өзіңе, нан бере алмаймын,- дейді кедей. Екінші күні бай тағы да:
– Алтынымның жартысын берейін, бір үзім нан берші, –деп жалынады. Кедей бере алмайтынын айтады. Ақыры, аштан өліп бара жатқан бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Байға жаны ашыған кедей өз нанымен бөліседі. Келесі күні су тоқтап, олар ағаш басынан түседі. Содан бері бай мен кедей араласып, жақсы көрші болған екен. Халықтың Алтын, күміс – тас екен, арпа, бидай – ас екен дегені осыдан қалған болар.

Мәтін не туралы?

Мәтіннен қандай ой түйдің?
Мәтіндегі қай сөйлем негізгі ойды білдіреді?

Мәтінді қалай атауға болады?

Дескриптор Білім алушы

мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
мәтіннің негізгі ойын анықтайды;
мәтінге сәйкес тақырып қояды.

62
ЖОБА

Бөлімше 2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

Оқу мақсаты 3.2.5.1 Түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте,
карта) берілген тақырып сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді

• Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтайды

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.

Балқаш — Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте орналасқан. Ауданы 17-22 мың км². Судың көлемі шамамен 100 – 110 км³ . Ең терең жері - 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле, шығыс бөлігіне Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты т.б өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады.

Қарамен жазылған сөздердің мағынасын сөздік арқылы анықтап, түсіндір.

Мәтінге сүйеніп, кестені толтыр.

Орналасуы

Жалпы ауданы

Суының көлемі

Тереңдігі

Құятын өзендер

Дескриптор Білім алушы

жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді;
сәйкес ақпаратты анықтап,кестеге түсіреді.

63
ЖОБА

Бөлім: Жазылым

Бөлімше 3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу

Оқу мақсаты 3.3.3.1 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар
бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Мәтін бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді мұқият оқы.

Мұз сұп-суық. Күн ұзақ шатырға ілініп ап, міз бақпай тұра беруден

жалықпайтын . Балалар қызығып ұстағысы келсе, өзінің сұп-суық денесімен қарып алатын. Оған адамдардың мейірімі жетпейтін еді. Ол өткен-кеткендерден жан жылулығын күтіп ұзақ тұрды. Ол үшін өзін құрбан етуге, еріп су боп кетуге бар еді.

Көктем келді. Күн шықты. Күн жер бетіндегі тіршіліктің бәрін бірдей көретін. Кенет мұзға көзі түсті. Сол-ақ екен күлімдеді.

Неткен сұлу! – деді Күн.

Сен де, - деді Мұз.

Мұздың тұла бойы балқып, бірте-бірте еріп бара жатты.

Мәтіннің мазмұны бойынша жоспар құрастыр.
1.________________________________
2.________________________________
3.________________________________

Жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын жаз.

Дескриптор Білім алушы

мәтіннің мазмұны бойынша жоспар құрастырады;
мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады;
сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
орфографиялық нормаларды сақтап жазады;
пунктуациялық нормаларды сақтап жазады.

64
ЖОБА

Бөлімше 3.4.Жазба жұмыстарын түрлі формада ұсыну

Оқу мақсаты 3.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте,
фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, т.б.) құрукомпьютерде теру

Бағалау критерийі Білім алушы

• Суреттер тірек сөздерді пайдаланып, мәтін
құрастырады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Берілген сөздерді қолданып, көктемгі мерекелердің біріне қатысты құттықтау хат жаз.

Тірек сөздер: құрметті, қадірлі, аяулы, құтты болсын, денсаулық, бақыт, жақсылық, табыс, тілектеспін, ізгі ниетпен.

Дескриптор Білім алушы

тірек сөздерді орынды қолданады;
құттықтау хаттың стилін сақтайды;
сөйлемдерді қатесіз жазады.

65
ЖОБА

Бөлімше 3.5 Қатені табу және түзету

Оқу мақсаты 3.3.5.1 Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық,
грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету

Бағалау критерийі Білім алушы

• Жіберілген қателерді анықтайды және түзетеді

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Мәтінді оқы. Асты сызылған сөздерде жіберілген қателерді түзетіп, көшіріп жаз.

Жапон ғалымы Масару Эмото судың қасиетерін зерттеген. Су барлық емоциямызды, сезімімізді, сөзімізді, музыканы қабылдайтынын дәлелдеген. Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің әдіс-тәсілдері көп. Мысалы, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстінгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде аш қарынға ішіп отырса, емдік қасйеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі.

Дескриптор Білім алушы

жіберілген қателерді анықтап, түзетеді;
каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады.

66
ЖОБА

Бөлімше 3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

Оқу мақсаты 3.3.6.1 Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі
мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

Бағалау критерийі Білім алушы

• Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Көркем жазу талаптарын сақтай отырып, өлеңді көшіріп жаз.

Наурыз, наурыз күні игі, Күні игі жердің түрі игі! Бауыры жылып науат қар, Бабымен ғана жібиді . Наурыз, наурыз күні игі, Күні игі жердің түрі игі! Шашылып ырыс шанақтан. Шақырып бір үй бір үйді, Шаттанушы еді бір игі!

Дескриптор Білім алушы

бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтайды;
әріптердің мөлшерін сақтап жазады;
әріптерді көлбеу салып, үзбей жазады;
өлеңді қатесіз көшіреді.

67
ЖОБА

Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы

Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау

Оқу мақсаты 3.4.2.1 Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз
жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

Бағалау критерийі Білім алушы

• Негізгі түбірден түбірлес сөздер құрастырады • Түбірлес сөздердің мағынасын ажыратады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Жұптық жұмыс
Сөз жарыс ойыны
Берілген сөздерден бірнеше түбірлес сөз жасап, тізімдеп жаз. Жұбыңның жазған сөздерімен салыстыр. Бірдей сөздерді сызып тастап, сана.

ойын еңбек оқу бала

бас су біл кітап

Түбірлес сөздермен 2 сөйлем құрастырып жаз.

Дескриптор Білім алушы

қосымшаны орынды қолданып, түбірлес сөздер жасайды;
түбірлес сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырады;
сөйлемнің құрылымын сақтайды;
сөйлемдерді сауатты жазады.

68
ЖОБА

Бөлімше 4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау

Оқу мақсаты 3.4.2.4 Негізгі, туынды зат есімсын есіметістікті анықтау

Бағалау критерийі Білім алушы

• Негізгі және туынды етістіктерді ажыратады

Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі

Тапсырма
Негізгі және туынды етістіктерді бөліп жаз.

әңгімеле, кел, өрнекте, жаз, ойна, ұсақта, достас, жөнде, күт, ақылдас, оқы,

тұзда, айт, сөйлес, отыр, бұрғыла, жүгір, бар, шегеле, жина

Суреттегі заттардың атауына тиісті жұрнақтар қосып, туынды етістік жаса.

_______________ _______________ _______________ ___________________

Дескриптор Білім алушы

негізгі етістіктерді анықтайды;
туынды етістіктерді ажыратады;
туынды етістік жасауда жұрнақтарды орынды қолданады.

69


Скачать


zharar.kz