Ғафур Қалбыұлы (1827, Маңғыстау өңірі - 1880, Түрікменстан) - би, мәмілегер, Маңғыстау көтерілісі басшыларының бірі

Скачать

Ғафур Қалбыұлы (1827, Маңғыстау өңірі – 1880, Түрікменстан) – би, мәмілегер, Маңғыстау көтерілісі басшыларының бірі.
1866 – 1867 жылдары Төмен адай дистансасын басқарып, адайлардың Хиуа хандығымен бейбіт қатар өмір сүріп, сауда-саттық жасап тұруы жайында келіссөздер жүргізді.
1870 жылы Маңғыстау көтерілісіне қатысып, патша өкіметімен күресте Хиуа ханының көмегіне арқа сүйеуге тырысты. Бірақ Хиуа хандығы әскери көмек көрсетпеді. Көтеріліс жеңіліс тапқан кезде Ғафур көтерілістің басқа басшыларымен бірге Хиуа хандығы жеріне қоныс аударды.
1873 жылы Хиуа хандығын патша өкіметі жаулап алды. Патша өкіметі Ғафурдың адай руының беделді биі екенін ескеріп, халықты өзіне қарсы қойып алмау үшін оған кешірім жасады. Болыстыққа сайланған Гафур ел ішінде имандылықты уағыздап, мешіттер салуға басшылық етті. Каспий теңізінен қазақтардың орыстармен бірдей құқықта балық аулау керектігін жергілікті өкімет орындарынан талап етіп, орындаттырды. Маңғыстауға келген әр түрлі ғыл. экспед-ларға қолдау көрсетті.
1880 жылы Ашғабадқа іссапармен бара жатқанда кенеттен қайтыс болды. Маңғыстаудағы атамекені Қарашажыға әкеліп жерленген.
1999 жылы Ғафурдың зиратының басына ұрпақтары кесене тұрғызған.


Скачать


zharar.kz