Алтай Ебескіұлы (18 ғ. ) - батыр

Скачать

Алтай Ебескіұлы (18 ғ.) - батыр. Қазақстанның батысын, әсіресе, Атырау, Жем, Ойыл бойларын қалмақтардан қорғау соғыстарына белсене қатысқан. Кіші жүздің Кете руынан. Шешесі - Қарлығаш. Қарақыпшақ Қобыландының ержүрек сарбаздарының бірі - Әлмәмбет батырдың немересі. 1731 ж. қалмақтардың қолына түсіп, екі-үш жылдан соң тұтқын алмасу нәтижесінде босаған. 1738 ж. Құм өзенінің жағасын жайлаған қалмақ ханы Дондукқа қарсы Әбілқайыр хан бастаған жорыққа қатысқан. Бөгенбай батыр екеуі 2 мың кісілік қолды бастап шыққан. Алтай қолы Жем өзенінің бастауына бекінген қалмақтарды Жайықтың арғы бетіне қуып тастаған. 1749 мАлтай Сырымбет - қазақ-қалмақ жаугершілігі заманында аты шыққан аға батыр. Сыр бойындағы, Шұбартеңіз жағасындағы, Сарысудағы шайқастарда қазақ жасақтарының бір бөлігін басқарып, Қабанбай батырға көмектескен. 1752 ж. 9 қыркүйектегі Сайын Белек, Шахдор, Батыр Убашылардың шабуылын тойтару ұрыстарына белсене қатысты. Швед офицері Йоган Ренаттың және артиллерия капитаны П.Унковскийдің хабарлауынша бұл кезде жоңғарларда 15 үлкен, 5 шағын зеңбірек және 20 мортир болған.[1]ж. жұттан малды аман сақтау үшін елін бастап Жайықтың арғы (оң) бетіне өтуге Ресей әкімшілігінен рұқсат алған.


Скачать


zharar.kz