ЖОБА
Назарбаев Зияткерлік мектептері
дербес білім беру ұйымы
Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Жаратылыстану
3-сынып
Астана, 2018
ЖОБА
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып , тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
ЖОБА
Мазмұны
1-ТОҚСАН 1
Бөлім: Мен – зерттеушімін 1
Бөлім: Тірі табиғат 6
2-ТОҚСАН 21
Бөлім: Тірі табиғат 21
Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері 28
3-ТОҚСАН 39
Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері 39
Бөлім: Жер және ғарыш 47
Бөлім: Табиғат физикасы 53
4-ТОҚСАН 60
Бөлім: Табиғат физикасы 60
Бөлім: Мен -зерттеушімін 67
ЖОБА
1-ТОҚСАН
Бөлім: Мен – зерттеушімін
Бөлімше: 1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі
Оқу мақсаты 3.1.1.1 Маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың
адамның күнделікті өміріне әсері туралы
әңгімелеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ғылыми жаңалықтардың адам өміріндегі
маңызын сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Қоршаған ортаны танып білу үшін қандай тәсілдер қолданылады? Ғалым деген кім? Эврика деген сөзді қалай түсінесің?
Адамзаттың ойлап тапқан ғылыми жаңалықтары олардың өміріне қалай әсер етеді? Мысал келтіре отырып, әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
ғылыми жаңалықтардың адам өміріне тигізетін әсері туралы әңгімелейді;
ғылыми жаңалықтарға мысал келтіреді.
1
ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Ақпарат көзінің түрлерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ақпарат түрлерін атайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Ақпарат түрлерімен таныс. Тағы қандай ақпарат түрлерін білесің?
Ақпараттың білімнен қандай айырмашылығы бар?
Дескриптор Білім алушы
ақпарат көздерін атайды;
ақпарат пен білімнің айырмашылығын сипаттайды.
2
ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 3.1.2.2 Ақпарат көздерінің артықшылықтары мен
кемшіліктерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Жағдаятты қарастырып, кестені толықтыр.
Жағдаят: Сенің кино көруге барғың келді. Фильмді таңдау үшін ақпарат жинауың керек. Қажетті ақпаратты төмендегідей ақпарат көздерінен алуыңа болады. Аталған ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттап айт.
Ақпарат көздері
Артықшылығы
Кемшілігі
Достардың кеңесі
ең қолжетімді
адамдардың
қызығушылығы әртүрлі
Жарнама
Фильмдердің
сипаттамасы
Дескриптор
Білім алушы
ұсынылған ақпарат көздерінің артықшылықтарын атайды;
ұсынылған ақпарат көздерінің кемшіліктерін сипаттайды.
3
ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 3.1.2.3 Экспериментті жоспарлау және жүргізу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жоспар бойынша эксперимент жасайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Берілген нұсқаулық бойынша жоспар құр және эксперимент жаса.
1) Ыдысқа таза су құй.
2) Суға көк немесе қызыл түсті ас бояуын қос.
3) Ыдысқа сабақтарының ұзындығы әртүрлі болатын үш гүлді салып қой.
4) Гүл сабақтарының түсі қанша уақытта өзгергендігін бақыла және ұзындығын өлше. Нәтижесін жаз.
Жүргізілген эксперименттің кезеңдерін жаз.
1) Мақсаты:______________________________________________________
2) Жоспар:_______________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
эксперименттің нәтижесін сипаттайды;
эксперименттің мақсатын анықтайды;
эксперимент жүргізудің жоспарын құрады.
4
ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 3.1.2.4 Жүргізілген эксперимент нәтижелерін құрылған
жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету,
қорытынды жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Эксперимент нәтижесі бойынша диаграмма құрады
және қорытындылайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Гүлдермен жүргізген тәжірибенің нәтижесі бойынша диаграмма құрастыр. Бос ұяшықтарға өзгерістің неше уақыттан соң пайда болғанын жаз.
Эксперименттің нәтижесі бойынша қорытынды жаса.
Дескриптор Білім алушы
эксперименттің нәтижесін диаграмма түрінде көрсетеді;
эксперименттің нәтижесін қорытындылайды.
5
ЖОБА
Бөлім: Тірі табиғат
Бөлімше: 2.1 Өсімдіктер
Оқу мақсаты 3.2.1.1 Өсімдіктердің фотосинтез үдерісінде оттегіні
бөлуін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Фотосинтез үдерісіне қажетті жағдайларды атайды • Фотосинтез үдерісін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Фотосинтез барысында өсімдік нені сіңіреді және нені бөліп шығарады? Өсімдіктің жапырағында не пайда болады? Жауабын меңзерлердің тұсына жаз.
Қажетті сөздер: оттегі, көмірқышқыл газ, су, қант, күн сәулесі
Фотосинтездің өту барысын сипаттап айт.
Дескриптор Білім алушы
фотосинтез үдерісіне қатысты жағдайларды атайды;
фотосинтез үдерісінің өту барысын түсіндіреді.
6
ЖОБА
Бөлімше: 2.1 Өсімдіктер
Оқу мақсаты 3.2.1.2 Өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу,
жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өсімдіктердің қоршаған ортаға бейімделу
жағдайларын сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Берілген өсімдіктерді қоршаған орта жағдайларына бейімділігіне қарай сәйкестендір.
суыққа төзімді жылу сүйгіш ылғал сүйгіш құрғақшылыққа төзімді
• Суреттерге
мұқият қара. Өсімдік мүшелерінің
қоршаған ортаға қалай
бейімделетіндігін сипаттай отырып, кестені толтыр.
Өсімдіктердің
Өсімдік мүшелерінің бейімделу ерекшеліктері
атауы
тамыры
сабағы
жапырағы
Жантақ
Бидай
Жүгері
Бақбақ
Дескриптор
Білім алушы
өсімдіктерді бейімделуіне қарай топтарға ажыратады;
өсімдік бөліктерінің қоршаған ортаға бейімделу ерекшеліктерін сипаттайды.
7
ЖОБА
Бөлімше: 2.1 Өсімдіктер
Оқу мақсаты 3.2.1.3 Өз өлкесіндегі табиғи бірлестіктерді сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өз аймағындағы табиғи бірлестіктерді атайды және
сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Суретте бейнеленген табиғи бірлестіктерді ата.
Сенің тұрған жеріңде олардың қайсысы бар?
Бұл бірлестікте қандай өсімдіктер өседі? Әңгімеле.
Тағы қандай табиғи бірлестіктерді атай аласың?
Дескриптор Білім алушы
табиғи бірлестіктерді ажыратады;
өз өлкесіндегі табиғи бірлестіктерді сипаттайды.
8
ЖОБА
Бөлімше: 2.1 Өсімдіктер
Оқу мақсаты 3.2.1.4 Адамның іс-әрекеттерінің өсімдіктердің
саналуандығына әсерін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
Адам әрекетінің өсімдік әлеміне әсерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Адам өсімдіктерді не үшін пайдаланады? Сызбаны толтыр.
Өсімдіктер
Адамның іс-әрекеті өсімдіктерге қандай зиян келтіреді?
Сурет бойынша өсімдіктерді қорғауға арналған ереже құрастыр.
Дескриптор Білім алушы:
өсімдіктердің қолданысын анықтайды;
адам әрекеттерінің өсімдіктерге тигізетін зиянын атайды;
өсімдіктерді қорғауға қатысты ережелер құрастырады.
9
ЖОБА
Бөлімше: 2.1 Өсімдіктер
Оқу мақсаты 3.2.1.5 Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан
өсімдіктерді сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өсімдіктерді сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Берілген тұжырымдарды оқы және тиісті бағанға + таңбасын қой.
Тұжырымдар
Дұрыс Бұрыс
Өсімдікке қауіп төнгенін білдіреді
Әлемдегі барлық өсімдіктер туралы ақпарат береді
Сирек кездесетін өсімдіктерді тануға үйретеді
Өсімдіктерді өсіру жолын үйретеді
Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан
өсімдіктерді сақтауға кеңес береді
Өсімдіктердің Қызыл кітабы не үшін қажет? Қызыл түс нені білдіреді?
Дескриптор Білім алушы
дұрыс тұжырымдарды анықтайды;
Қызыл кітаптың рөлін түсіндіреді.
10
ЖОБА
Бөлімше: 2.2 Жануарлар
Оқу мақсаты 3.2.2.1 Жануарларды омыртқалыларға және
омыртқасыздарға жіктеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Омыртқалы және омыртқасыз жануарларды
ажыратады
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Жануарлардың суреттеріне мұқият қара. Олардың омыртқалыомыртқалы емес екенін анықтап, қажетті бағанға + таңбасын қой.
Жануарлар омыртқалы омыртқасыз Жануарлар омыртқалы омыртқасыз
Дескриптор Білім алушы
омыртқалы жануарларды анықтайды;
омыртқасыз жануарларды анықтайды.
11
ЖОБА
Бөлімше: 2.2 Жануарлар
Оқу мақсаты 3.2.2.2 Жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
• Суда, құрлықта, топырақ арасында тіршілік ететін
жануарларды ажыратады
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Сурет бойынша жануарлардың қай жерде тіршілік ететінін анықта. Кестеге тіршілік ортасының атауын және оны мекен ететін жануарларды жаз.
№
Тіршілік ортасы
Жануар атауы
1
2
3
Дескриптор Білім алушы
жануарлардың тіршілік ортасын анықтайды;
белгілі бір тіршілік ортасын мекен ететін жануарларды атайды.
12
ЖОБА
Бөлімше: 2.2 Жануарлар
Оқу мақсаты 3.2.2.3 Табиғаттағы жануарлардың өзара қарым-қатынас
түрлерін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жануарлар арасындағы қарым-қатынас түрлерін
атайды және сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Жануарлар арасындағы өзара қарым-қатынас түрін анықта.
Суретпен сәйкестендір.
бәсекелестік селбесушілік жыртқыштық пәтерлестік
Жұптық жұмыс
Жануарлар арасындағы қарым-қатынас түрлерінің бірін сипаттап айт.
Дескриптор Білім алушы
жануарлар арасындағы өзара қарым-қатынас түрлерін анықтайды;
жануарлар арасындағы өзара қарым-қатынасты сипаттайды.
13
ЖОБА
Бөлімше: 2.2 Жануарлар
Оқу мақсаты 3.2.2.4 Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара
байланысты зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы байланысты
сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
1-тапсырма
Суретке қара. Сұрақтарға жауап бер.
Ара мен гүлдің арасында қандай байланыс бар?
Бағдарлар неге екі жақты болып берілген деп ойлайсың?
Дескриптор Білім алушы
-өсімдік пен жәндіктің арасындағы байланысты анықтайды; -байланыстың екі жақтылығын түсіндіреді.
2-тапсырма
Суретке мұқият қара. Сұрақтардың көмегімен өсімдіктер мен жануарлардың арасындағы байланыс туралы әңгімеле.
Емен мен жануарлардың арасында қандай байланыс болуы мүмкін?
Емен жануарларға қалай көмектеседі? Жануарлардың еменге көмегі бар ма?
Жануарлар мен өсімдіктердің арасындағы байланысқа қатысты қандай ой түйдің?
Дескриптор Білім алушы
өсімдік пен жануарлардың арасындағы өзара байланысты сипаттайды;
өсімдік пен жануарлардың өзара тәуелділігін түсіндіреді.
14
ЖОБА
Бөлімше: 2.2 Жануарлар
Оқу мақсаты 3.2.2.5 Тіршілік ортасындағы жағдайдың өзгеруіне
байланысты жануарлар санының өзгеруін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жануарлар санының өзгеру себептерін атайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Табиғатта орын алған осындай жағдайлар жануарларға қалай әсер етеді? Сурет бойынша әңгімеле.
құрғақшылық судың ластануы дала өрті
Жануарлар санының азаюы тағы қандай жағдайларға байланысты болуы мүмкін? Мысалдар келтір.
Дескриптор Білім алушы
жануарлар санының азаюына әсер ететін факторларды атайды және сипаттайды.
15
ЖОБА
Бөлімше: 2.2 Жануарлар
Оқу мақсаты 3.2.2.6 Адамның жануарлар санының азаюына себепші
болатын іс-әрекет түрлерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Адам әрекетінің жануарлар санының азаюына
әсерін анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Адамның қандай әрекетінен жануарлардың саны азайып кетуі мүмкін? Суреттерді пайдаланып әңгімеле.
ағаштарды кесу батпақты құрғату аң аулау
жер жырту балық аулау жол салу
Адамдардың тағы қандай іс-әрекеті жануарлар санының өзгеруіне әсер етеді? Мысал келтір.
Дескриптор Білім алушы
жануарлар санының азаюына әсер ететін адами факторларды атайды және сипаттайды.
16
ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Ақпарат көзінің түрлерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ақпарат көздерін атайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Саны күрт азайып бара жатқан жануарларды анықтау үшін қандай ақпарат көздерін қолдануға болады? Ақпараттар тізімін толықтыр.
1. Үлкендерден сұрау
2. Энциклопедиялар
3. ...
4. ...
5. ...
6. ...
Дескриптор Білім алушы
тақырыпқа сәйкес ақпарат көздерін атайды.
17
ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 3.1.2.2 Ақпарат көздерінің артықшылықтары мен
кемшіліктерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін
атайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Суретте бейнеленген ақпарат көздерінің қандай артықшылықтары және кемшіліктері бар? Кестеге жаз.
Ақпарат көздері
Артықшылығы
Кемшілігі
Компьютер
Кітаптар
Телефон
Теледидар
Дескриптор
Білім алушы
ақпарат көздерінің артықшылығын анықтайды;
ақпарат көздерінің кемшілігін сипаттайды.
18
ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 3.1.2.3 Экспериментті жоспарлау және жүргізу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жоспар бойынша эксперимент жасайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Басқа түстегі жапырақта фотосинтез үдерісі жүре ме? Сұраққа жауап табу үшін қарапайым тәжірибе жаса.
Қажетті заттар: бегония гүлінің жапырағы (оның жапырағының астыңғы жағы қызғылт түсті болады), мөлдір ыдыс, ыстық су.
Тәжірибе (мұғалімнің көмегімен орында)
1. Ыдысқа гүлдің жапырағын салып,
үстіне ыстық су құй.
2. 5-7 минут бақыла. Не байқадың?
3. Сұрақтың негізінде қорытынды жаса.
Дескриптор Білім алушы
жоспарға сәйкес тәжірибе жүргізеді;
тәжірибе нәтижесінде қорытынды жасайды.
19
ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 3.1.2.4 Жүргізілген эксперимент нәтижелерін құрылған
жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету,
қорытынды жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Эксперимент нәтижесі бойынша диаграмма құрады
және қорытындылайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Қазақстандағы саны жағынан күрт азайып бара жатқан жануарлардың түрін анықтап, диаграмма құрастыр. Жұмысты берілген жоспарды басшылыққа алып орында.
Жоспар:
1. Түрлі ақпарат көздерінен мәліметтер жинақта.
2. Жиналған ақпараттарды саралап, кестеге түсір.
Жануар Саны
3. Ақпараттардың негізінде диаграмма құрастыр.
4. Диаграммаға сүйеніп әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
ақпараттың негізінде диаграмма құрады;
диаграммаға сүйеніп, қорытынды жасайды.
20
ЖОБА
2-ТОҚСАН
Бөлім: Тірі табиғат
Бөлімше: 2.3 Адам
Оқу мақсаты 3.2.3.1 Адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Адамның ішкі ағзаларының орнын анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Адамның ішкі ағзаларының атауын жаз.
Дескриптор Білім алушы
орналасуы бойынша адамның ішкі ағзаларын атайды.
21
ЖОБА
Бөлімше: 2.3 Адам
Оқу мақсаты 3.2.3.2 Асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны
алудағы рөлін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Асқорыту жүйесінің мүшелерін атайды
• Тамақтанудың адам өміріндегі рөлін сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Асты қорытуға қандай мүшелер қатысады? Асқорыту мүшелерінің атауын жаз.
Асқорыту мүшелер: ______________________________________________________
Берілген сұрақтарға сүйеніп, асқорыту жүйесінің рөлі туралы әңгімеле.
Асқорыту мүшелерінен ас қандай ретпен өтеді?
Тамақтану арқылы ағзада не жинақталады?
Тамақтанудың ағза үшін қандай маңызы бар?
Қалай тамақтану керек?
Дескриптор Білім алушы
асқорыту жүйесінің мүшелерін атайды;
тамақтанудың адам өміріндегі рөлі туралы әңгімелейді.
22
ЖОБА
Бөлімше: 2.3 Адам
Оқу мақсаты 3.2.3.3 Тыныс алу жүйесін және оның адам ағзасындағы рөлін
сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тыныс алу жүйесінің мүшелерін атайды
• Адам ағзасындағы тыныс алу жүйесінің рөлін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Адамның тыныс алу жүйесіне нелер жатады? Тыныс алу мүшелерінің атауын жаз.
Сұрақтарға жауап бере отырып, тыныс алу жүйесінің қызметі туралы әңгімеле.
Тыныс алу мүшелері қалай жұмыс істейді?
Өкпе қандай қызмет атқарады?
Тыныс алу жүйенің адам ағзасындағы рөлі қандай?
Дескриптор Білім алушы
тыныс алу жүйесі мүшелерінің атайды;
тыныс алу жүйесінің адам ағзасындағы рөлін сипаттайды.
23
ЖОБА
Бөлімше: 2.3 Адам
Оқу мақсаты 3.2.3.4 Қан айналымы жүйесін және оның адам
ағзасындағы рөлін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қанайналым жүйесінің мүшелерін атайды
• Қанайналым жүйесінің қызметін сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Сұрақтардың көмегімен қанайналым жүйесінің қызметін түсіндір.
Қанайналым жүйесіне қандай мүшелер жатады?
Жүрек қандай қызмет атқарады?
Қанды жүрекке жеткізетін тамырлар қалай аталады?
Күретамырлар қандай қызмет атқарады?
Қан ағзаны қандай заттармен қамтамасыз етеді?
Тамырдың соғуын қалай анықтауға болады?
Қанайналым дегенді қалай түсінесің?
Бұл жүйенің адам ағзасындағы рөлі қандай?
Дескриптор Білім алушы
қанайналым жүйесінің мүшелерін атайды;
қанайналым жүйесінің адам ағзасындағы рөлін сипаттайды.
24
ЖОБА
Бөлімше: 2.3 Адам
Оқу мақсаты 3.2.3.5 Адам ағзасының ауру мен инфекциядан қорғану
жолдарын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Адам ағзасының аурудан қорғану тәсілдерін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Суретке қара. Аурудан қорғану, оның алдын алу үшін не істеу керек? Суретке сүйеніп, әңгімеле.
Су құйыну Шомылу Жаттығу жасау Тазалық сақтау
Жұптық жұмыс
Берілген тақырыптардың біреуі бойынша ағзаны ауру мен инфекциядан қорғау тәсілдерін сипаттайтын постер жаса.
Жұқпалы аурулардан қорғану жолдары
Микробтардың салдары
Иммунитетті қалай күшейтуге болады?
Екпе жасатудың пайдасы бар ма?
Саламатты өмір салтын сақтау
Дұрыс тамақтану ережесі
Жасаған жұмысыңмен таныстыр.
Дескриптор Білім алушы
тақырыпқа сәйкес постер жасайды;
ағзаны ауру мен инфекциядан қорғау шараларын сипаттайды.
25
ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Ақпарат көзінің түрлерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ақпарат көзінің түрлерін анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Жұптық жұмыс
Ағзаны ауру мен инфекциялардан қорғау туралы ақпарат жинақта. Ақпаратты кесте немесе постер түрінде жинақтап, таныстыр.
Деректерді жинақтауда ақпарат көзінің қандай түрлерін қолдандың?
Дескриптор Білім алушы
тақырыпқа сәйкес ақпараттарды іріктейді;
ақпарат көзінің түрлерін атайды.
26
ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 3.1.2.2 Ақпарат көздерінің артықшылықтары мен
кемшіліктерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін
атайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Өз денеңнің температурасын электронды және сынапты термометрмен өлше.
1-тәжірибе
Электронды термометрдің батырмасын басып, іске қос.
Дисплейде 0°белгісі шыққанша күт.
Термометрді қолтығыңа қойып, дыбыс шыққанша күт.
Дисплейдегі көрсеткішті жазып ал.
Термометрді сөндіріп, қапшығына салып қой.
2-тәжірибе
Сынапты термометрді ақырын сілкіп, ең төменгі көрсеткішке дейін жеткіз;
Термометрді қолтығыңа қойып, 5 минут күт.
Температураның көрсеткішін анықтап, жазып ал.
Термометрді қапшығына салып қой..
Екі ақпарат көзін салыстырып, артықшылықтары мен кемшіліктері туралы әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы
өз денесінің температурасын анықтайды;
екі ақпарат көзін салыстыра сипаттайды.
27
ЖОБА
Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері
Бөлімше: 3.1 Заттардың типтері
Оқу мақсаты 3.3.1.1 Заттарды шығу тегі және агрегаттық күйі бойынша
жіктеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Заттарды шығу тегіне қарай жіктейді
• Заттарды агрегаттық күйіне қарай ажыратады
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
1-тапсырма
Суретте бейнеленген денелерді ата. Оларды қандай екі топқа бөлуге болады? Кестеге әр топтың атауын және оған сәйкес денелердің нөмірін жаз. Өз ойыңды түсіндір.
1-топ 2-топ
Атауы
Сәйкес нөмірлері
Дескриптор Білім алушы
денелерді шығу тегіне қарай жіктейді және түсіндіреді.
2-тапсырма
Кестеде берілген заттардың атауын оқы. Олардың агрегаттық күйіне сәйкес бағанға + таңбасын қойып, семантикалық кестені толтыр.
Денелер
қатты
сұйық
газ тәрізді
Ауа
Күнбағыс майы
Шеге
Кірпіш
Сүт
От
Шырын
Дескриптор Білім алушы
денелерді агрегаттық күйіне қарай жіктейді.
28
ЖОБА
Бөлімше: 3.2 Ауа
Оқу мақсаты 3.3.2.1 Ауаның құрамын сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ауаның құрамындағы газдарды атайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Ауаның құрамында қандай газдар бар? Ауаның құрамына енетін газдардың атауын және пайыздық үлесін жаз.
Дескриптор Білім алушы
ауаның құрамына кіретін газдарды атайды;
ауа құрамындағы газдардың пайыздық мөлшерін көрсетеді.
29
ЖОБА
Бөлімше: 3.2 Ауа
Оқу мақсаты 3.3.2.2 Ауаның жануды қолдайтын қасиетін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ауаның жануды қолдау қасиетін сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Шыны ыдыстың астында тұрған балауыз шам неліктен сөніп қалды деп ойлайсың?
Себебі____________________________________________________________
Техникалық қауіпсіздікті сақтай отырып, мұғалімнің көмегімен тәжірибе жаса және қорытындысын жаз.
1-тәжірибе
Екі балауыз шамды жағып, біреуін үлкен, екіншісін кіші шыны ыдыспен жауып қой.
Нәтижесін бақыла. Қандай ыдыспен жабылған шам ұзағырақ жанады? Неліктен?
Себебі_____________________________________________________________
2-тәжірибе
Балауыз шамды жағып қойып, жалынына резеңке үрлеуішпен ( ) ақырындап ауа үрлеп көр. Балауыз шамның жалыны қалай өзгерді?Неліктен?
Себебі______________________________________________________________
Жүргізілген тәжірибелерден ауаның қандай қасиетін байқадың? Қорытынды жаса.
Дескриптор Білім алушы
жүргізілген тәжірибе негізінде сұрақтарға жауап береді;
ауаның жануды қолдайтын қасиеті туралы қорытынды жасайды.
30
ЖОБА
Бөлімше: 3.3 Су
Оқу мақсаты 3.3.3.1 Судың тірі ағзаларда және өлі табиғатта кездесетінін
түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тірі ағзалардың құрамында су бар екенін түсіндіреді • Өлі табиғаттағы су көздерін атайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Суреттегі қай ағзалардың құрамында су бар деп ойлайсың? Оларды ата және түсіндір.
Суды өлі табиғатта қайдан кездестіруге болады? Мысал келтір.
Дескриптор Білім алушы
құрамында суы бар тірі ағзаларды атайды;
құрамында су кездесетін өлі табиғат денелеріне мысал келтіреді.
31
ЖОБА
Бөлімше: 3.3 Су
Оқу мақсаты 3.3.3.2. Судың негізгі табиғи көздерін салыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Табиғи су көздерін салыстырады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Қазақстанның картасына мұқият қара. Картадан ірі су көздерін анықтап, кестеге жаз.
Жер беті сулары
Атауы
Теңіздер
Көлдер
Өзендер
Олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? Салыстыра отырып, сипаттап айт..
Дескриптор Білім алушы
жер беті суларын ажыратады;
табиғи су көздерін салыстыра сипаттайды.
32
ЖОБА
Бөлімше: 3.3 Су
Оқу мақсаты 3.3.3.3 Ауыз суды үнемді қолдану қажеттілігін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ауыз суды үнемдеудің маңыздылығын түсіндіреді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Берілген ақпараттарға сүйеніп, ауыз суды неліктен және қалай үнемдеу керектігі туралы ой бөліс.
Сен суды не үшін пайдаланасың? Күніне неше литр су жұмсайсың? Суды үнемдеудің қандай жолдарын ұсынар едің? Жұбыңмен бірлесе отырып, суды үнемдеу туралы постер жаса және таныстыр.
Дескриптор Білім алушы
ауыз суды үнемді қолданудың қажеттілігін түсіндіреді;
ауыз суды үнемдеу жолдарын ұсынады.
33
ЖОБА
Бөлімше: 3.3 Су
Оқу мақсаты 3.3.3.4 Суды тазартудың түрлі тәсілдерін ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Суды тазартудың тәсілдерін атайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Ауыз суды тазартудың тәсілдерін сипатта. Ауыз суды тағы қандай тәсілмен тазартуға болады? Бос орынға сурет сал және түсіндір.
СУДЫ ТАЗАРТУ ТӘСІЛДЕРІ
СУДЫ ТҰНДЫРУ СУДЫ ҚАЙНАТУ
Дескриптор Білім алушы
- суды тазарту әдістерін сипаттайды;
- суды тазартудың тәсілін ұсынады.
34
ЖОБА
Бөлімше: 3.3 Су
Оқу мақсаты 3.3.3.5 Суды тазартуға арналған фильтрдің өз моделін ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Суды тазартуға арналған сүзгінің моделін ұсынады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Бұл құралдар не үшін пайдаланылады?
Қатты қағаздан суретті нұсқаулық бойынша суды тазартатын сүзгі жаса. Сүзгіден лас суды өткізіп көр. Не байқадың?
Қажетті заттар: қатты қағаз, қайшы, 2стакан, мақта немесе дәке, лас су.
Суды тағы қандай әдістермен тазартуға болады? Жұбыңмен бірлесе отырып, суды тазартатын сүзгі жасап көр және таныстыр.
Дескриптор Білім алушы
су сүзгілерінің қолданысын атайды;
қарапайым сүзгімен жасалған тәжірибенің нәтижесін сипаттайды;
суды тазартуға арналған сүзгінің өзіндік моделін ұсынады.
35
ЖОБА
Бөлімше: 3.3 Су
Оқу мақсаты 3.3.3.6 Судың тіршілік үшін маңыздылығын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Судың адам өміріндегі маңызын сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Адамдар суды не үшін пайдаланады? Суретке сүйеніп әңгімеле.Су тағы қандай мақсатта пайдаланылады? Мысал келтір.
Су–тіршілік көзі дегенді қалай түсінесің? Судың тіршілік үшін қандай маңызы бар? Түсіндір.
Дескриптор Білім алушы
судың күнделікті тұрмыстағы қолданысына мысалдар келтіреді;
судың тіршілік үшін маңыздылығын сипаттайды.
36
ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Ақпарат көзінің түрлерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ақпарат көздерін атайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Заттар бір күйден екінші күйге қалай ауысады? тақырыбына зерттеу жасау үшін қандай ақпарат түрлерін қолдану керек? Жаз.
1. __________________________________________
2. _________________________________________
3. _________________________________________
Дескриптор Білім алушы
тақырыпқа қатысты ақпарат түрлерін атайды.
37
ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 3.1.2.2 Ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ақпарат көзінің артықшылығы мен кемшілігін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Берілген суреттер бойынша судың қасиеттері туралы қандай ақпарат алуға болады? Түсіндір.
Мұндай ақпарат көзінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттап айт..
Дескриптор Білім алушы
сурет бойынша судың қасиеттерін анықтайды;
ақпарат көзінің артықшылықтары мен кемшіліктерін атайды.
38
ЖОБА
3-ТОҚСАН
Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері
Бөлімше: 3.4 Табиғат ресурстары
Оқу мақсаты 3.3.4.1 Кейбір ағзалардың тіршілігіндегі топырақтың рөлін
түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Топырақтың тірі ағзалардың тіршілігіндегі
маңызын сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Топырақ арасында өмір сүретін жануарларды ата.
Сұрақтар бойынша ой бөліс.
Топырақта тіршілік ететін тағы қандай тірі ағзаларды білесіңкөріп жүрсің?
Олар үшін топырақтың қандай маңызы бар?
Жануарлардың топыраққа тигізетін әсері қандай?
Адам өмірінде топырақтың қандай рөлі бар?
Дескриптор Білім алушы
топырақты мекен ететін тірі ағзаларды атайды;
топырақтың тірі ағзалар үшін тіршілік ортасы екенін түсіндіреді;
топырақта тіршілік ететін тірі ағзалардың топыраққа тигізетін әсерін сипаттайды;
топырақтың адам өміріндегі рөлі туралы әңгімелейді.
39
ЖОБА
Бөлімше: 3.4 Табиғат ресурстары
Оқу мақсаты 3.3.4.2 Топырақтың негізгі құрамын зерттеу (құм, саз,
өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары, су,
ауа)
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тәжірибе арқылы топырақтың құрамын
анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Мұғалімнің көмегімен тәжірибе жасау арқылы топырақтың құрамына енетін заттарды анықта. Сөйлемді толықтырып жаз.
1-тәжірибе
Су құйылған стақанға бір уыс құрғақ топырақ сал. Суда көпіршіктер пайда болады?
Бұл топырақтың құрамында ________________ бар екенін білдіреді.
2-тәжірибе
Темір ыдысқа ылғалды топырақ салып , спиртшамның жалынына қыздыр. Үстіңгі жағына салқын шыны ұстап көр. Біраз уақыттан соң шынының беті су болып, булана бастайды.
Бұл топырақтың құрамында ________________ бар екенін білдіреді.
3-тәжірибе
Топырақты одан әрі қыздыра түс. Одан топырақтың иістеніп, жанып жатқанын, түтін шыққанын байқайсың.
Бұл топырақтың құрамында __________________________________ қалдықтары бар екенін білдіреді.
4-тәжірибе
Жанып біткен топыраққа мұқият қара. Оның сұр түсті екенін байқадың ба? Топырақты су құйылған стақанға салып, араластыр және тұндырып қой. Біраз уақыттан соң судың түбіне жиналған заттарды байқайсың.
Бұл топырақтың құрамында ________________ бар екенін білдіреді.
5-тәжірибе
Стақандағы судың бірнеше тамшысын әйнектің бетіне тамызып, оттың үсіне ұстап тұрсаң, судың буланып кеткенін және әйнектің бетінде ақ түсті дақ қалғандығын байқайсың.
Бұл топырақтың құрамында ________________ бар екенін білдіреді.
Дескриптор Білім алушы:
тәжірибе нәтижесінде топырақтың құрамындағы заттарды анықтайды.
40
ЖОБА
Бөлімше: 3.4 Табиғат ресурстары
Оқу мақсаты 3.3.4.3 Топырақтың негізгі қасиеттерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Топырақтың негізгі қасиеттерін атайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Тапсырма
Суреттердің көмегімен топырақтың қасиеттерін анықтап, сызбаға жаз.
Дескриптор Білім алушы:
топырақтың қасиеттерін атайды.
41
ЖОБА
Бөлімше: 3.4 Табиғат ресурстары
Оқу мақсаты 3.3.4.4 Топырақтың құнарлылығын құрамына қарай зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Құрамы бойынша құнарлы топырақты анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суреттегідей топырақ түрлерін дайындап ал. Қолыңа ұлғайтқыш шыны (лупа) алып, топырақтың құрамын зертте. Құнарлы топырақты (құнарлы топырақтың құрамында қара шірік көп болады) анықта.
қара топырақ құмайт топырақ сазды топырақ
Зерттеу нәтижесі бойынша кестені толтыр.
Топырақтың түрі
Белгілері
қара топырақ
құмайт топырақ
сазды топырақ
Дескриптор Білім алушы:
зерттеу арқылы топырақтың құрамын атайды;
құнарлы топырақты анықтайды.
42
ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Ақпарат көзінің түрлерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырыпқа сәйкес ақпарат көзін анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Құнарлы жерлер туралы ақпарат табу үшін берілген кітаптардың қайсысын қолдану керек?
Белгіле ( ). Бұл қандай ақпарат көзі болып табылады?
Дескриптор Білім алушы
-қажетті ақпарат көзін белгілейді;
-ақпарат көзінің түрін анықтайды.
43
ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 3.1.2.2 Ақпарат көздерінің артықшылықтары мен
кемшіліктерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ақпарат көздерін салыстыра сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Топырақ не үшін қажет? Сұрақтың жауабын 2 түрлі тәсілмен анықта.
1. Ғаламторды пайдаланып, топырақ туралы мақалалармен таныс.
2. Сыныптастарыңнан, үлкендерден сұрау арқылы ақпарат жинақта.
Жинақтаған ақпараттарды кестеге жаз.
Ғаламторды қолдану
Сауалнама арқылы
Деректер жинауға көмектескен ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы айт.
Дескриптор Білім алушы
-ақпарат көздерінің артықшылығын атайды;
-ақпарат көздерінің кемшілігін сипаттайды.
44
ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 3.1.2.3 Экспериментті жоспарлау және жүргізу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жоспар құрып, тәжірибе жасайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Өсімдік үшін топырақтың түрі қандай рөл атқарады? Сұраққа жауап табу үшін тәжірибе жасап көр.
Қажетті құралдар: құнарлы топырақ, сазды топырақ, топырақ салатын 2 ыдыс, картоп немесе басқа өсімдіктің тұқымы.
Тәжірибе:
Ыдыстардың біреуіне құнарлы, екіншісіне сазды топырақ салып, картоптың тұқымын отырғыз. Ыдыстарды жарық мол түсетін, жылы жерге қойып, бір мезгілде, бірдей мөлшерде суарып тұру қажет. Екі-үш апта бойы бақылап, өсімдіктің қай топырақ салынған ыдыста жақсы өсе бастағанын анықта.
Тәжірибе жасамас бұрын жоспар құрып ал.
Жоспар:
1. __________________________
2. __________________________
3. __________________________
Дескриптор Білім алушы
-тәжірибе жоспарын құрастырады;
-жоспарға сәйкес тәжірибе жасайды.
45
ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 3.1.2.4 Жүргізілген эксперимент нәтижелерін құрылған
жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету,
қорытынды жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Эксперимент нәтижесі бойынша диаграмма құрады
және қорытындылайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Картоппен жасалған тәжірибенің нәтижесін кестеге жаз.
Қарашірігі бар топырақта
Сазды топырақта өскен
өскен картоптың өскіні
картоптың өскіні
Түсі
Ұзындығы
Тәжірибенің нәтижесін диаграмма түрінде көрсетіп, қорытынды жаса.
Дескриптор Білім алушы
-кесте бойынша диаграмма құрады;
- диаграмманың негізінде қорытынды жасайды.
46
ЖОБА
Бөлім: Жер және ғарыш
Бөлімше: 4.1 Жер
Оқу мақсаты 3.4.1.1 Жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жердің сфераларын атайды және сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Жер сфераларының атауын жаз.
Жердің сфераларын сипаттап айт.
Суреттегі шеңбер Жердің қандай сферасын бейнелейді?
Оның басқа Жер сфераларынан қандай айырмашылығы бар?
Дескриптор Білім алушы:
Жердің сфераларын анықтайды;
Жердің сфераларын сипаттайды;
Жердің биосфера қабатының ерекшелігі туралы айтады.
47
ЖОБА
Бөлімше: 4.2 Ғарыш
Оқу мақсаты 3.4.2.1 Ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы
әңгімелеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ғарышты игеру тарихын әңгімелейді
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Берілген даталарға қатысты ғарыш саласында қандай оқиғалар
болды? Әңгімеле.
1957 жыл 1961 жыл
1969 жылы
Қазіргі күнде ғарыш саласында қандай айтулы оқиғалар болып жатыр? Жұпта ой бөліс.
Дескриптор Білім алушы:
берілген даталарға қатысты ғарышты игерудегі айтулы оқиғалар туралы әңгімелейді;
ғарыш саласындағы қазіргі айтулы оқиғаларды сипаттайды.
48
ЖОБА
Бөлімше: 4.2 Ғарыш
Оқу мақсаты 3.4.2.2 Адамзат дамуындағы ғарыштың маңызын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ғарыштың адамзат өміріндегі маңыздылығын
сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суреттер мен сұрақтарды пайдаланып, әңгімеле.
Адамдар ғарышты не үшін пайдаланады?
Ғарыш адамға қалай қызмет етеді?
Ғарыштың адамзат өміріндегі рөлі қандай?
Дескриптор Білім алушы:
ғарыштың адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелейді.
49
ЖОБА
Бөлімше: 4.3 Кеңістік және уақыт
Оқу мақсаты 3.4.3.1 Жердің өз осінен айналуының салдарын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Күн мен түннің ауысу себебін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
1-тапсырма
Суретке мұқият қара. Суреттің көмегімен күн мен түннің ауысу себебін түсіндір.
2-тапсырма
Күн мен түн қалай ауысады? Тәжірибе жаса және түсіндір.
Қажетті құралдар: глобус, жапсырма қағаз(стикер), үстел лампасы Тәжірибе
1. Глобустан оңтүстік және солтүстік полюсті тауып, О және С әріптері жазылған жапсырма қағазбен белгіле. Глобустың көмегімен Жердің өз осінен қалай айналатынын көрсет.
2. Үстел лампасын глобусқа қарама-қарсы жерге қой. Глобусты өз осінен айналдыра отырып, жарық пен көлеңкенің қалай ауысатынын бақыла.
3. Тәжірибенің негізінде күн мен түннің қалай ауысатынын түсіндір.
Дескриптор Білім алушы:
күн мен түннің ауысу себебін түсіндіреді.
50
ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Ақпарат көзінің түрлерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырыпқа сәйкес ақпарат көзін анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Ғарыш тақырыбына зерттеу жасау үшін қандай ақпарат көздерін пайдалану керек? Белгіле ( ).
Ғарышты зерттеу үшін тағы қандай ақпарат көздерін қолдануға болады?
Дескриптор Білім алушы
-тақырыпқа сәйкес ақпарат көздерін атайды.
51
ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 3.1.2.2 Ақпарат көздерінің артықшылықтары мен
кемшіліктерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін
атайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Ғарышкер неге скафандр киеді? Берілген сұраққа жауапты екі тәсілмен жинақта.
1. Оқушылардан сауалнама ал.
2. Ғаламтордан жауап ізде.
Қандай тәсілмен жинаған ақпарат нақтырақ болды? Ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы айт.
Дескриптор Білім алушы
ақпарат көздерін салыстыра сипаттайды.
52
ЖОБА
Бөлім: Табиғат физикасы
Бөлімше: 5.1 Күштер және қозғалыс
Оқу мақсаты 3.5.1.1 Серпімділік күшін зерттеу және оның білінуіне мысал
келтіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Серпімділік күшін анықтайды және мысал келтіреді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Шармен қарапайым тәжірибе жасап көр.
Шарды үрлеп, аузын мықтап байла.Оны тегіс жерге қойып, үстінен алақаныңмен бас. Шарда қандай өзгеріс болды? Қолыңды алған кезде не өзгерді? Осы тәжірибе арқылы күштің қай түрін анықтауға болады?
Осы күшке бірнеше мысал келтір.
Дескриптор Білім алушы:
тәжірибенің негізінде серпімділік күшін анықтайды;
серпімділік күшіне мысал келтіреді.
53
ЖОБА
Бөлімше: 5.1 Күштер және қозғалыс
Оқу мақсаты 3.5.1.2 Ауырлық күшін зерттеу және оның білінуіне мысал
келтіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ауырлық күшін анықтайды және мысал келтіреді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Неліктен барлық заттар Жерге құлайды? Олар неге жоғары қарай ұшып кетпейді немесе ауада қалқып тұрып қалмайды? Жұпта ой бөліс.
Қарапайым тәжірибе жаса.
Қолыңа ұсақ заттарды (қарындаш,
өшіргіш, сызғыш, тиын, қағаз, т.б) алып, жоғарыдан төмен қарай тастап көр. Не байқадың?
Қай зат Жерге тез түсті?
Оған не әсер етті деп ойлайсың?
Ауырлық күшінің байқалуына мысал келтір.
Дескриптор Білім алушы:
сұрақтардың негізінде ауырлық күшін атайды;
ауырлық күшіне заттың салмағы мен ауаның әсерін сипаттайды;
ауырлық күшіне мысал келтіреді.
54
ЖОБА
Бөлімше: 5.1 Күштер және қозғалыс
Оқу мақсаты 1.5.1.1 Үйкеліс күшін зерттеу және оның білінуіне мысал
келтіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Үйкеліс күшін анықтайды және мысал келтіреді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Сұрақтар бойынша ой бөліс.
Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде кедергі келтіретін күш қалай аталады?
Ол заттарға қалай әсер етеді?
Ол қай кезде пайдалы болады? Қай кезде кедергі келтіреді?
Осы күштің байқалуына бірнеше мысал келтір.
Дескриптор Білім алушы:
үйкеліс күшін анықтайды;
сұрақтардың негізінде ой қорытады;
үйкеліс күшіне мысал келтіреді.
55
ЖОБА
Бөлімше: 5.1 Күштер және қозғалыс
Оқу мақсаты 3.5.1.4 Күштің әсер ету бағытын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Күш әсерінің бағытын сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Суретте қандай күштер бейнеленген? Жаз.
_______________________ _________________________ __________________
Суреттерге сүйеніп, сұрақтарға жауап бер.
Ауырлық күші қайда бағытталады?
Серпімділік күші қайда бағытталады?
Үйкеліс күші қайда бағытталады?
Дескриптор Білім алушы:
үйкеліс күшін анықтайды және бағытын сипаттайды;
ауырлық күшін анықтайды және бағытын сипаттайды;
серпімділік күшін анықтайды және бағытын сипаттайды.
56
ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 3.1.2.2 Ақпарат көздерінің артықшылықтары мен
кемшіліктерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін
атайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Оқушыларға күштердің қалай әсер ететіні туралы ақпарат табу тапсырылды. Олардың бір тобы сабақта алған білімі негізінде тәжірибе жасады. Екіншілері ғаламтордан ақпарат іздеді, үшінші топқа суреттер таратылып берілді, төртінші топ сауалнама алды. Қай топтың жинақтаған ақпараты тиімділеу болды деп ойлайсың? Неліктен? Ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін сипаттап, кестені толтыр..
Ақпарат көзі
Артықшылығы
Кемшілігі
Тәжірибе жасау
Ғаламтордан іздеу
Суретпен жұмыс
Сауалнама алу
Дескриптор Білім алушы
ақпарат көздерінің артықшылығын анықтайды;
ақпарат көздерінің кемшілігін анықтайды.
57
ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 3.1.2.3 Экспериментті жоспарлау және жүргізу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жоспар бойынша эксперимент жасайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Ауырлық күші неге байланысты? Оған заттың пішіні әсер ете ме, әлде салмағы ма? Сұраққа жауап алу үшін берілген жоспар бойынша эксперимент жаса.
1. Ілмелі таразымен (немесе динамометрмен) пішіні бірдей, салмағы әртүрлі заттардың массасын өлшеп көр.
Мысалы,
2. Әрқайсысының массасын жазып ал және салыстыр.
3. Енді салмағы бірдей, бірақ пішіні әртүрлі заттардың массасын өлшеп көр.
Мысалы,
4. Әрқайсысының массасын жазып ал және салыстыр.
Тәжірибеге сүйеніп, сұраққа жауап бер.
Дескриптор Білім алушы
заттардың массасын анықтайды және салыстырады;
тәжірибе негізінде ой қорытады.
58
ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 3.1.2.4 Жүргізілген эксперимент нәтижелерін құрылған
жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету,
қорытынды жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Эксперимент нәтижесі бойынша диаграмма құрады
және қорытындылайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Ауырлық күшін анықтауға қатысты жасаған тәжірибе нәтижесі бойынша диаграмма құр.
Диаграмманың көмегімен ауырлық күшінің анықталуы туралы қорытынды жаса.
Дескриптор Білім алушы
тәжірибенің негізінде диаграмма құрады;
диаграммаға сүйеніп қорытынды жасайды.
59
ЖОБА
4-ТОҚСАН
Бөлім: Табиғат физикасы
Бөлімше: 5.2 Жарық
Оқу мақсаты 3.5.2.1 Көлеңкенің пайда болу себептері мен ерекшеліктерін
түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көлеңкенің пайда болу себебін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суреттің көмегімен тәжірибе жаса. Көлеңкенің пайда болу себебін түсіндір.
Дескриптор Білім алушы:
көлеңкенің пайда болу жолын сипаттайды.
60
ЖОБА
Бөлімше: 5.2 Жарық
Оқу мақсаты 3.5.2.2 Денелердің жарықты шағылыстыру қасиетін
түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Денелердің жарықты шағылыстыру қасиетін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
1-тапсырма
Жарықтың шағылысуын бейнелейтін қарапайым тәжірибе жаса.
1-тәжірибе:
Кітапты ашып,тегіс жерде жатқан айнаның үстіне тігінен қой.
Айнаның бетіне қолшаммен сол жақтан жарық түсір.
Не байқадың? Кітапқа түскен жарық пен одан шағылысқан жарықты сипатта.
2-тәжірибе:
Айнаның бетін умаждалған қағазбен жауып қой.
Не байқадың? Кітапқа түскен жарық пен шағылысқан жарықты сипатта.
Айна мен қағаздан шағылысқан жарықтың қандай айырмашылығы бар? Неліктен?
Тағы қандай заттар жарықты шағылыстырады? Мысал келтір.
Дескриптор Білім алушы:
тәжірибенің негізінде шағылысқан жарықтың айырмашылығын сипаттайды;
жарықты шағылыстыратын заттарды атайды.
61
ЖОБА
Бөлімше: 5.3 Дыбыс
Оқу мақсаты 3.5.3.1 Дыбыс қаттылығының дыбыс көзі мен қабылдағыш
арасындағы қашықтыққа тәуелділігін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
Дыбыс күшінің қашықтыққа тәуелділігін
анықтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
1-тапсырма
Үш оқушыдан тұратын шағын топ ішінде тәжірибе жүргіз.
Тәжірибе барысы:
Үш оқушы арасына 10 қадам салып бір қатарға тұрады.
Бірінші оқушы дауыс қаттылығын сақтай отырып, жеке сөздерді айтады.
Екінші және үшінші оқушылар оның айтқан сөзін қайталайды.
Дыбыс көзінен әр түрлі қашықтықта тұрған оқушылар дыбыстың қалай естілгенін салыстыра сипаттайды.
2-тапсырма
Стақанға суретте көрсетілгендей етіп резеңке кигіз.
Резеңкені домбыраның ішегін шерткендей етіп шертіп көр.Дыбыс қалай естіледі?
Енді стақанды түп жағымен құлағыңа қойып, резеңкені тағы да шертіп көр.
Әр жағдайда шыққан дыбыстың қаттылығын салыстыр
Дыбыстың қатты естілуі неге байланысты? Жасалған тәжірибелерге сүйене отырып, қорытынды жаса.
Дескриптор Білім алушы:
дыбыстардың қаттылығын салыстыра сипаттайды;
дыбыс қаттылығының дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы қашықтыққа тәуелділігі туралы ой қорытады.
62
ЖОБА
Бөлімше: 5.5 Электрлік
Оқу мақсаты 3.5.5.1 Электр энергиясы көздерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Электр энергиясы көздерін атайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Суретке сүйеніп, электр энергиясының көздерін ата.
Ол туралы не білесің? Олардың әрқайсысы нені электр энергиясына айналдырады? Әңгімеле.
Дескриптор Білім алушы:
электр энергиясы көздерін атайды;
электр энергиясы көздерінің қызметін сипаттайды.
63
ЖОБА
Бөлімше: 5.5 Электрлік
Оқу мақсаты 3.5.5.2 Қарапайым электр тізбегінің сызбасын жинау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Электр тізбегінің қарапайым үлгісін жасайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Практикалық жұмыс
Суретті үлгінің көмегімен қарапайым электр тізбегін жинақта.
Қажетті заттар: қолшамның лампасы, батарея, сымдар, қарындаш.
Қолшамның лампасын сымдар мен қарындаш арқылы батареяға жалғап қос. Не байқадың?
Лампа жанды ма?
Дескриптор Білім алушы:
қарапайым электр тізбегін жинақтайды.
64
ЖОБА
Бөлімше: 5.5 Электрлік
Оқу мақсаты 3.5.5.3 Қарапайым электр тізбегін элементтерін көрсете
отырып, сызба түрінде ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қарапайым электр тізбегінің сызбасын жасайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Берілген шартты белгілерді пайдаланып, қарапайым электр тізбегінің сызбасын бейнелеп көрсет.
Дескриптор Білім алушы:
- қарапайым электр тізбегінің сызбасын сызады.
65
ЖОБА
Бөлімше: 5.6 Магниттілік
Оқу мақсаты 3.5.6.1 Магнит көмегімен әртүрлі металдардың магниттелу
қасиетін зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Әртүрлі металдардың магниттелу қасиетін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Заттар магниттік қасиетке ие болу үшін не істеу керек? Қарапайым тәжірибелер жасай отырып, заттарды магниттеп көр.
Қажетті материалдар: магнит, қағаз қыстырғыштар, шеге ине түйреуіш 1-тәжірибе
1) Магнитті жеке тұрған қағаз қыстырғышқа жақындат. Ол магнитке тартылды ма?
2) Енді оларды басқа қағаз қыстырғыштарға кезекпен жақындатып көр. Не байқадың? Қағазқыстырғыштар неліктен бір-біріне тартыла бастады?
3) Енді магнитті алып таста. Не болды? Қағаз қыстырғыштар неліктен шашылып қалды?
2-тәжірибе
1) Шегені инені түйреуішті бірнеше минут бойы бір бағытта магнитке ысқыла.
2) Содан соң оны қағаз қыстырғышқа жақындат. Не байқадың? Қағазқыстырғыш затқа тартылды ма? Неліктен?
Тәжірибенің нәтижесі бойынша қорытынды жаса.
Дескриптор Білім алушы:
-тәжірибе барысында байқалған үдерісті сипаттайды және түсіндіреді; - тәжірибе нәтижесі бойынша қорытынды жасайды.
66
ЖОБА
Бөлім: Мен -зерттеушімін
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 3.1.2.2 Ақпарат көздерінің артықшылықтары мен
кемшіліктерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ақпарат көздерін салыстыра сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Оқушыларға Жарықты шағылыстыратын заттар туралы ақпарат жинауға тапсырма берілді. Оқушылар ақпаратты әр түрлі тәсілмен іздей бастады( суретке қара).
Сұрақтар бойынша ой бөліс.
Қандай дереккөздер анық ақпарат береді?
Қандай ақпарат көздері анық емес ақпарат беруі мүмкін?
Ақпарат көздерінің қандай артықшылығы немесе кемшіліктері бар?
Дескриптор Білім алушы:
ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін сипаттайды.
67
ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 3.1.2.3 Экспериментті жоспарлау және жүргізу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жоспар құрып, тәжірибе жасайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Топтық жұмыс
Көлеңкенің кескіні мен мөлшері неге байланысты деп ойлайсың? Ұсынылған тәжірибемен таныс. Тәжірибе жасаудың жоспарын құр және жасап көр.
Қажетті құралдар: қолшам, сызғыш, қағаз, қалам.
Бір оқушы қабырғаға қолшаммен жарық түсіріп, екінші оқушы қолшамнан түскен жарық пен қабырғаның арасына қолын көтеріп тұрсын. Екінші оқушы қолын алдымен қолшамға жақын ұстасын. Үшінші оқушы түскен көлеңкенің ұзындығын өлшесін. Енді екінші оқушы қолын қолшамнан алысырақ ұстасын. Үшінші оқушы тағы да түскен көлеңкенің ұзындығын өлшесін.
Тәжірибенің нәтижесін салыстырыңдар.
Көлеңке қалай өзгерді? Оның өзгеруі неге байланысты?
Тәжірибе жоспары:
1. ________________________
2. ________________________
3. ________________________
Қорытынды: ________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы:
нұсқаулық бойынша жоспар құрады;
тәжірибе нәтижесіне сүйеніп, қорытынды жасайды.
68
ЖОБА
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты 3.1.2.4 Жүргізілген эксперимент нәтижелерін құрылған
жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету,
қорытынды жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Эксперимент нәтижесі бойынша диаграмма құрады
және қорытындылайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Тәжірибені далада немесе кең жерде жасап көп.
Қажетті заттар: доп, ұзындық өлшеуіш (рулетка), белгі қоюға арналған заттар (тас, кегли т.б), секундомер.
Тәжірибе барысы
Допты лақтыратын орынды белгілеп ал . Допты бар күшіңмен жерге параллель бағытта лақтыр. Досыңнан (сыныптасыңнан) доптың жерге неше уақытта түскенін жазып отыруды өтін. Доп түскен жерді белгіле және арақашықтығын өлше. Енді допты одан жоғарырақ және әуелетіп лақтырып көр. Доптың түскен жерін белгіле және арақашықтығын өлше.
Тәжірибенің нәтижесін кестеге түсір және диаграмма құр. Не байқадың? Қорытынды жаса.
Допты лақтыру
Уақыты
Ара
тәсілі
қашықтығы
Жерге
параллель
лақтыру
Жоғарырақ лақтыру
Әуелетіп лақтыру
Не байқадың? Қандай жағдайда доп алысқа түседі? Қорытынды жаса.
Дескриптор Білім алушы
тәжірибе негізінде диаграмма құрады;
тәжірибенің нәтижесі бойынша қорытынды жасайды.
69