ЖАРЫҚ ТҮН

Скачать

ЖАРЫҚ ТҮН

Жарық түн.
Асфальттің жылтыры.
Жауыннан буланды жол шамы.
Көліктің жылжыған бір түрі,
Кемеге еліктеп барады.

Жарық түн.
Ауасы тазарды.
Көпқабат үйлердің басы жоқ.
Туманның бұрымы сазарды,
Суағар жетімнің жасы боп.

Жарық түн.
Ішкі әлем айнасы.
Жүргінші барады құлазып,
Бағыты - жалғыз-ақ айласы.
Сырласу - дәл соған жолазық.

Жарық түн.
Терезем ашулы.
Бұрқырап кофемнің будағы.
Қалада қара бұлт басулы,
Күзгі уақ - жаңбырдың жұмағы.

Авторы: Азамат Мәуленұлы


Скачать


zharar.kz