Күз келді. Жапырақтар сарғайып, түсе бастады. Күз табиғаты өте керемет. Айнала қызыл-сары түске айналады. Суық жаңбыр көп жауады. Жел болса қатты соғады.
Күз айындағы мерекелерге келсек: осы мезгілдің бірінші айы қыркүйек. Яғни білім күні. Оқушылар мұғалімдерді құттықтап, гүл сыйлайды. Балалар да, мұғалімдер де мәз-мейрам болады.
Жазда отырғызған жеміс-жидектері мен көкөністері піседі. Мысалы: қызанақ, қызылша, сәбіз, қияр, құлпынай және т.б. сол сияқты. Осы жемістер мен көкеністерден біздің аналарымыз қысқа түрлі салаттар дайындайды. Күздің кереметі өте көп. Сондықтан мен осы мезгілді ұнатамын.