Менің елбасым Н.Ә.Назарбаев "Қазақ халқы алдында атқарған қызметі зор, еңбегі ерен"- деген президентіміз. Бүгінгі өміріміздің барлық жетістіктері, ұлтымыздың жаңа замандағы қайта өрлеп, өркендеуі, дүниежүзлік қоғамдастықпен, әлемнің дамыған елі, мемлекеттеріміздің барлығының да бастауы біздің мемлекеттік Тәуелсідігімізде. 2016 жылы 16 желтоқсан қазақ халқы тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлайды. Мемлекеттік тәуелсіздігімізді жария еткен алғашқы сәттен бастап, бүгінгі күнге дейінгі барлық жетістіктеріміз бен көрген жақсылығымыз, дербес мемлекетіміздің қуаттануы мен абаттануы ең алдымен, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың есімімен, еңбегімен, басшылығы мен тікелей байланысты. Президентіміз мемлекет құрылымдарының күре тамырларын сауаттылықпен жүргізе алатын білікті, тәжірибелі адамдардан мемлекеттің жауапты, жоғары лауазымды қызметкерлерін іріктеп, оларды мемлекет ісіне ұйымдастыруға айрықша күш салды. Ол ешкімнің көзін байламайтын жан.Н.Ә.Назарбаев өте мейірімді, халықтың қамын ойлайтын, кежегесі кейін тартпайтын мақтауға лайық адам. Ол Қазақстан еліне көптеген жақсылық жасады. Елордамыз Астана қаласын көркейтіп жатыр. Астанаға түрлі ғимараттар салды. Айтып өтер болсам, "Ханшатыр" ойын-сауық орталығы, "Бәйтерек", "Пекин палас", түрлі ұлттардың асханалары, "Мега" ойын-сауық орталығы және басқа да көптеген ел қызығатын орындар. Н.Ә.Назарбаев Астананы ендігі "ЕХРО-2017" көрмесіне дайындап жатыр. Ол 76 жаста болғанымен өте жас көрінеді. Н.Ә.Назарбаев менің Президентім болғаны үшін өте қуаныштымын.