Салауатты өмір салтымен денсаулықты нығайту

Скачать

Салауатты өмір салтымен денсаулықты нығайту

Бекболатұлы Айболат
Ақтөбе қаласы

Қазіргі кездегі жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу олардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамудың басты факторы ретінде жариялануда.
Президентіміз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Қазақстан - 2030 бағдарламасында біздің еліміздің азаматтарының дендері сау болу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек, сонда ғана дұрыс қоғам құрамыз деп айтқандай қазіргі мектептің аса маңызды міндеттерінің бірі – оқушы тұлғасын жан-жақты дамыту, әсіресе олардың денсаулығын нығайту.
Мектеп барлық кезде де оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысының негіздерін, оның мөлшері мен заңдылықтарын сақтау туралы сезімдерін дарытып және дамытып келеді. Себебі оқушылардың әр түрлі аурулармен ауырмауын қадағалауда және салаутты өмір салтын қалыптастыруда мектептің орны ерекше.
Мектептерде оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын мақсатты түрде қалыптастыру, бұл оқушылардың денсаулығын қорғау мен нығайту, организмді шыңдау, оқушылардың өздерінің денсаулығын жақсарту мен нығайтуға деген жауапкершілігін арттыру сияқты міндеттерін ұғындыру мәселелерінің шешімін табуды қажет етеді.
Салауатты өмір салты, сауықтыру аспектілері жайлы Қазақстанның бірқатар жетекші ғалымдарының Т.К.Бөлеев, Д.Ф.Ақбердиева, Ж.З.Торыбаева, Ж.Ембергенова, А.Қ.Қаплиева, Г.Д.Алимжанова, Ж.О.Жилбаев, Ж.Ж.Нұржанова, А.С.Иманғалиева, А.Жамбылқызы, Б.Ә.Жолдасбекова, Ж.Бозтаев, Ш.Ж.Арзымбетова т.б жүргізген зерттеу жұмыстарын атап өтуге болады.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру туралы кейбір мәселелер Г.А.Нуридинова, М.Абдурахманов, Г.Б.Мәуленбердиевалардың ізденіс жұмыстарында айқындала түскен.
Жалпы, салауатты өмір салты мәселелерін педагогика заңдылықтарымен ұштастыра отырып, зерттеген О.С.Салинбаев, Ж.Оңалбек, Б.А.Тойлыбаев, Ж.Асанов, Л.Байсерке, Ш.Арзымбетова, Б.Мұхаммеджанов т.б еңбектерін тұлғаны қалыптастырудағы оқу мен тәрбиені сабақтастығы мәселесі тұрғысында атап өтуге болады.
Егер, мектептерде сыныптан жұмыстар оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастырудың инновациялық технологиялары теориялық тұрғыда негізделсе, оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын инновациялық технологиялар арқылы қалыптастырудың нобайы жасалып, сол инновациялық технологиялар тиімді қолданылса, әдістер жүзеге асырылса, онда әлеуметтік, экономикалық және саяси жедел жаңарулар талаптарына сәйкес жеке тұлғаларда салауатты өмір салтына қол жеткізіледі, өйткені бұл қазіргі қоғам талабы.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігі түрлі жастағы, түрлі әлеуметтік ортадағы және қала мен ауылды жерлердегі адамдардың да өз денсаулығына деген шынайы қатынасына байланысты. Бұл мәселелер туралы түрлі баспа беттерінде, ғылыми жарияланымдар мен статистикалық мәліметтерде тіркелген көптеген фактілер белгілі.
Өскелең ұрпақтың бүгінгі таңдағы жағдайы еліміздің тұрғындарының денсаулығы мен жарқын болашақтағы олардың еңбек потенциалын дамытуда басты роль атқарады. Демек, балалардың және мектеп оқушыларының денсаулығына қамқорлық жасау мемлекеттің алға қойған маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен ел тұрғындарының ауруын ескерту және денсаулығын нығайтуға байланысты біршама құжаттар қабылданады. Атап айтсақ, Қазақстан – 2030 жылға дейінгі даму стратегиясымен анықталған басты міндеттерді жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметінің салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану концепциясы, салауатты өмір салтының кешенді бағдарламасы, ҚР медициналық профилактика мен салауатты өмір салтын қалыптастыруды жетілдіру бойынша іс-шаралар туралы бұйрығы, республикада денсаулықты нығайтудың аудандық орталықтарын құру туралы, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мамандар дайындай туралы және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мамандар дайындауға мемлекеттік тапсырыс туралы құжаттар қабылданады.
Статистикалық материалдар мен бірқатар зерттеу жұмыстары соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасында өкпе, ВИЧ – жұқпалы індеттері, жыныс және жүрек-тамыр аурулары, түрлі қан және зат алмасу ауруларының өрши түскенін көрсетіп отыр. Мұндай өзгерістерді көпшілік қазіргі өркениеттің жағымсыз әсері деп түсіндіреді. Экологиялық жағдайдың нашарлауы, стрестік жағдайлар, құнарсыз және жеткіліксіз тамақтану, жастардың темекіге, алкоголь мен нашақорлыққа әуестенуі т.б.
Сондықтан қазіргі еліміздегі әлеуметтік жаһандану жағдайында, жалпы білім беретін мектептердің алдында оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын бейімдеу шараларын көбейту талабы тұр. Бұл көкейкесті мәселені жариялылық және әдістемелік тұрғыда шешу ең алдымен тарихи тұрғыда талдауды қажет етеді.


Скачать


zharar.kz