ТМД елдерiндегi ақша реформалары

Скачать

КСРО құрамынан бөлiнiп шыққан әрбiр мемлекет өз бетiнше ақша реформасын жүргiзуге бет бұрды. Оның кейбiрiнде кемшiлiктер мен ойқылықтар орын алып жатты. Дегенмен ТМД елдерiнiң барлығына ортақ нәрсе ол-елдегi экономикалық жағдайдың нашарлығы едi. 1991 ж. 23 қаңтардан бастап бiр уақытта салымдарды беруге де шек қою енгiзiлдi. Салымдарды тек қана жинақ банктерi арқылы тұрғылықты жерiне байланысты айына 500 рубльден аспайтын сомада бере отырып, ол туралы төл құжаттарына белгi қысылды. “Павловск” реформасы нәтижесiнде айналыстап 8 млрд. рубль алынып тасталып, оның иелiк ету заңдылығы дәлелденбеген болатын. Бiрақ бұл шара рубльдiң сатып алу қабiлетiнiң ұлғаюына әсер етпедi. Бағаның жiберiлуi ақшалардың ұстамсыз өсуiнде байқалды. Қайта құру жағдайында өндiрiстiң құлдырауымен бiрге айналыстағы ақша массасаның өсуi қатар жүрдi. Тауарлар мен азық-тұүiктер көбiне шетелден сатып алынды. Бұл үшiн қажеттi валютадағы 1,63 млрд.доллар сомасын алтынды сатудан түсiрүi: 1989 ж.-300т; 1990 ж-234 т. 1990ж. нақты ақшаның эмиссиясы 25 млрд. рубльдi құрады, бұл 1981-1985 жж. қоса алғандағыдан бiршама кем. Қыруар ақша массасы бос тұтыну нарығына сәйкес келмедi.
1991 ж. қаңтарда “1961 жылғы 50 және 100 рубльдiк үлкендiгi ақша бiрлiктер КСРО Мембанкiнде төлем ретiнде қабылдауды және олардың айырбастау тәртiбiн тоқтату мен азаматтардың салымдарынан қолма-қол ақша берудi шектеу туралы” Президенттiң жарлығы мен КСРО Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы қабылданды. Айналысқа 1991 жылы шығарылған жаңа купюролар енгiзiлдi жеке тұлғаларға ақшаны жаңа ақшаға айырбастауға үш күн берiлдi.
КСРО ыдыраған соң кеңес валютасы –рубль бiрiншi кезеңде, ТМД-ға кiрмейтiн елдердi қоса алғанда, тәуелсiз мемлекеттер аумағында айналыста жүре бердi. Әртүрлi себептерге байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердiң саяси тәуелсiздiкке ұмтылысы, сондай-ақ тез қалыптасып үлгерген заңдармен экономиканың социалистiк директивтi үлгiсiнен нарыққа өту мүмкiн еместiгiне байланысты бiртұтас валютаны сақтау аумағы сәтсiз үзiлдi. КСРО ыдыраған соң ақшаны дезинтеграциялау процесi өте кұрделi жүргiзiлiп, және бұрынғы кеңес мемлекеттерiнiң меншiктi ұлттық валюаталарын енгiзуiмен аяқталды. КСРО республикаларының егемендiгi жарияланғаннан кейiн барлық 15 ұлттық банктер бiр-бiрiне тәуелсiз түрде орталық банкттер ролiн атқара бастады. Мұндай салдардың бiрiне несиелiк экспанциялау жатты. Мәселен Украина Ұлттық Банкi 1992 ж. маусымда несие беру көмегiмен кәсiпорындардың мiндеттемелерi бойынша өзара есеп айырысуды өткiздi. Бұл мысалды ТМД елдерiнiң көптеген орталық банктерi қайталады. Ресей қолма-қол рубльдi шығаруда монокомитетке айналғанымен де кейбiр КСРО-ң бұрынғы республикалары өздерiнiң iшкi тұтыну нарығын басқа республикалардың сатып алушыларынан “қорғау” мақсатында өздерiнiң валюталарын айналысқа шығаруға тырысты. Мұндай жағдайлар Украина, Литва, Латвияда және Әзiрбайжанда болды.
1992 ж. шiлде айында Орталық банктердiң корреспонденттiк шоттарындағы ақша қаражаттар көлемiнде және Ресей мен бұрынғы кеңес мемлекеттерi арасындағы төлемдердi күнделiктi екi жақты өзара есеп айырысу талабын ескере отырып, енгiзiлгенде ғана бұл iс жүзiнде ұлттық қолма-қолсыз рубльдердiң құрылуына әкелiп соқтырады. Келесi қадам-меншiктi валюталардың 1993 ж. маусым шiлдеде эстонияда, Латвияда мен Беларусь мемлекеттерiнде өз ұлттық валюаталарын енгiзе бастады. 1993 жылы маырда Қырғызстан, тамызда грузия өз ұлттық валюталарын енгiздi.Бұл жерде соңғы болып енгiзiлгендер қатарында (1995 ж. Тәжiкстанды қоспағанда) Түркiменстан, Өзбекстан, Армения, Молдава және Қазақстан болды. Бұл елдер тобы рубль аймағын Ресей орталық банкiнiң 1993 ж. рубльдiк банкноталарды жаңаларына айырбастауды жүргiзген соң барып кеттi. Кейбiр елдердiң, боның қатарында Қазақстанның рубль аумағын қалпына келтiруге деген ұмтылысынан еш нәтиже шықпады.
1992 ж. 9 қазанда ТМД-ның сегiз мемлекеттерiмен қойылған “Рубльдi ресми төлем құралы ретiнде пайдаланатын мемлекеттердiң бiртұтас ақша жүйесi мен келiсiлген ақша-несие және валюта саясаты туралы”, соңынан 1993 ж. қыркүйекте алты мемлекеттiң бiрiгуiмен рубль аумағының жаңа типiн құру туралы келiмдерi жасалды. Бұл сұрақ бойынша Ресейдiң екi жақты келiсiм сөздер жүргiзуi тек қана сәтсiз аяқталып қоймай, бұрынғы Кеңес мемлекеттерiнiң макроэкономикалық тұрақтылыққа байланысты шараларын жүрiгзудi созып жiбердi.
1991 ж. КСРО ыдырағаннан кейiн Қазақстан ТМД-ң басқа мемлекеттерiмен бiрге “рубль аумағында” қала бердi. 1992 ж. айналысқа 200,500,1000 рубльдiк купюролар шықты. Олардың элементi ретiнде жұмысын тоқтатқан КСРО мемлекеттiк банкi атап көрсетiлдi. 1992 ж. маусым айында алғаш рет ресейлiк 5000 рубль, ал кейiннен 10000 және 50000 купюролары шығарылды. Сөйтiп Ресей Федерациясында және одан тысқары жерлердегi айналыста ақшаның үш түрi: 1961-1991 ж. кеңес ақшалары, 1992 ж. кеңес үлгiсiндегi (200,500,1000руб). Ресей оралық банктiң шығарған ақшалары, 1993 жылдың бiрiншi жартысында шығарылған ресейлiк ақшалар жүрдi.
1993 ж. 23 шiлдесiнде Ресейдiң Орталық банкi 1961-1991 ж.ж. кеңес ақшаларының белгiлерiн, сондай-ақ 1992 ж. 5000 және 10000 рубльдердi айналыстан алу туралы хабарлады. Бастапқыда олардың айырбасына бiр апта берiлдi. Айырбастауға 35 мың рубльден аспайтын сомалар жатты.

2.3 Қазақстан Республикасындағы ақша саясаты.
Төл валютамыз пайда болған жылдардағы Ұлттық Банктiң ұстанған саясаты бүгiнгi кұндермен салыстырғында жер мен көктей, бiр-бiрiне мүлдем ұқсамайды. Оңтайлы ақша саясатын жүргiзiп отырған елiмiзде бүгiнде теңгемiздiң тұрақтылығы артып отыр, теңгедегi салымдардың мөлшерi артты. Ал осы ақша несие саясатын жүргiзуде пайдаланылған ақша несие саясаты құралдарына шолу жасап, олардың нәтижелерiне шолу жасайық.
Пайыздық саясат-ақша несие саясатының құралдарының бiрi болып табылады. ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция деңгейiнiң жалпы жағдайларын және инфляциялық күтiмдерiне байланысты анықталатын ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн бекiтедi. ұлттық банк өзiнiң пайыздық саясатын мемлекеттiң ақша несие саясатын iске асыру мақсатында, нарықтың пайыздық мөлшерлемесiне әсмер ету үшiн қоланады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн анықтау кезiнде ұлттық банк пайыздық мөлшерлемесiн анықтау кезiнде µлттық банк пайыздық мөлшерлемесiн оң және нақты түрде ұстап тұру мүдделiгiн ескередi.
Теңгенi айналысқа енгiзгеннен кейiнгi пайыздық саясаттың негiзгi мақсаты-теңгенi несиеге деген сұранысын азайтатын, ал боның артынан ақша массасының өсiм қарқынын азайтатын, сәйкесiнше инфляцияны төмендетудi қамтамасыз ететiн деңгейге дейiн көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер, дәлiрек айтқанда, пайыздар үшiн төлемдер шығындарды құрайтындардың бiрi. Яғни жаңа пайыздық саясат өзiнiң нәтижесiн қандай да бiр анықталмаған болашақта емес, уақыт аралығында беруi керек.
Қазақстандағы жоғары қарқынды инфляцияға қарсы күресте пайдалануға мүмкiндiк беретiн келесi бiр факторға –шетел валютасына деген шектен тыс сұранысты азайту шаралары жатады. Теңгенi енгiзгеннен кейiн жарты жыл iшiнде валютаның бағамдық айырмасы есебiнен алыпсатарлық жолмен табыс алу мүмкiндiгiнiң болуы iрi банктердiң қысқа мерзiмдi капиталының қарыздық нарықтан елiмiздiң валюта нарығына ағылуына жол бердi. Айырбас бағамымен анықталатын теңгенiң сыртқы құнының көрсеткiштерi мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелер және бағалы қағаздар бойынша табыстылық арқылы анықталатын теңгенiң iшкi құнының көрсеткiштерi арасындағы қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақтылығына керi әсерiн тигiзедi.
Ұлттық банкiнiң қайта қаржыландыруының ресми мөлшерлемесiнiң өзгеру динамикасы –1994 жылы қаңтар-ақпан айларында 270%, ал наурыз-тамыз айларында 300% құрады. Теңгенiң айырбас бағамының тұрақтануы мен инфляцияның төмендеуiне байланысты 1994 жылдың ортасынан бастап пайыздық мөлшерлемесiнiң деңгейi қыркүйекте 280%-ға дейiн төмендеп, ай сайын азайып отырды. 1994 жылдың аяғында ол 230%, 1995 жылы –52,5%, 1996 жылдың қыркүйегiнде -30%, 1997 жылы -24% құрады.
Қаржы операцияларының барлық түрлерi бойынша пайыздық мөлшерлемесiнiң деңгейi ұлттық банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесi бойынша индикативтi анықталады. Сауданың түрлерi бойынша төленетiн пайыздық мөлшерлемелер өзара кейбiр негiзгi себептермен ерекшеленедi. Олардың арасынан мыналарды бөлiп көрсетуге болады: қарыз мерзiмiнiң әр түрлiлiгi, пайызды төлемеуiнен байланысты тәуекелдiң деңгейi және пайыздық мөлшерлемiсiнiң өзгеру мүмкiндiгiмен байланысты тәуекелдiң деңгейi.
Мемлекеттiк қазыналық мiндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер сауда мәнiне сай келедi. Жалпы барлық нақты нарық пайыздық мөлшерлемелер 1994 жылдың тамызынан бастап оң көрiнiске ие болды. Ұлттық Банкiнiң ноталы және қазыналық вексельдер бойынша табысы ұлттық банкiнiң банкаралық несие бойынша табысынан төмен болды. Бұл мемлекеттiк қазыналық мiндеттемелер және ұлттық банкiнiң ноталарының пайызды және қарызды төлеу несиелерге қарағанда үлкен сенiмдiлiгiмен түсiндiрледi.
Резервтiк талаптар. Банктерге берiлетiн несиенiң көлемiн реттеу үшiн, банктiң өз мiндеттемелерi бойынша төлей алмау тәуекелiн төмендету және банктердiң акционерлерi мен салымшыларының мүдделерiн қорғау мақсатында ұлттық банк резервтiк талаптар механизмiн қолданады. 1993 жылы 1 қаңтарда енгiзiлген “Қазақстан Республикасының коммерциялық, кооперативтiк және жеке банктердiң қызметтерiн реттеу туралы” Ережесiне сәйкес мiндеттi резерв бойынша норматив 18-20% көлемi қарастырылған. Бұл ереже 1994 жылы мамыр айына дейiн қызмет еттi, осы жылдан бастап норматив банктердiң теңге және шетел валютасындағы жалпы депозиттiк мiндеттемелер бойынша 15%-ға дейiн төмендедi. Банктердiң мiндеттi резерв нормативiнiң көбеюi, 1994 жылдың бiрiншi жартысында ақша мультипликаторының тез өсуiмен түсiндiрiледi. Егер 1994 жылы 1 қаңтарда ақша массасының көлемi ақша базасынан 1,61 еседен асса, 1994 жылдың 1 көкегiнде бұл мөлшер 2,21, ал шiлдеде-3,1 есеге жеттi. Ақша-несие саясатының осы құралын пайдалану арқылы және банктер қарыз алушылардың несие қабiлеттiлiгiн бағалауына қатаң көзқарас орнату нәтижесiнде 1994 жылдың 1 қазанында ақша мультипликаторының мөлшерi 1,66 деңгейге азайтылды. 1995-1996 жылдар арасында ақша мультипликаторы 1,8-1,9 деңгейге дейiн сақталынды.
Банк резервтерiнiң шамадан тыс өсуiне байланысты (ұлттық банкiдегi корреспонденттiк шоттағы қаражаттар) резервтiк талаптардың мөлшерiн азайтып қана қоймай, сонымен қатар, резервтеудiң баламалы тәртiбiне ауысу мүмкiндiгi пайда болды. Яғни экономикалық нормативтердi орындайтын банктедiң корреспонденттiк шоттағы қаражаттарының мөлшерi резервтi талаптардан кем болмау керек едi. Ал 1995 жылы резервтiк талаптардың нормативi 20%-ға, 1996 жылы-15%-ға дейiн төмендедi.
Ұлттық банк орташа айлық қалдыққа байланысты пайызды банктiң корреспонденттiк шоты бойынша төлейдi (резервтiк талаптан аспайтын). Резервтер бойынша пайызды төлеу резервтiк талаптардың жоғары болу жағдайында несиелер және тартылған депозиттер бойынша банктердiң пайыздық мөлшерлемесi арасындағы айырманы азайту қажеттiлiгiнен туындайды.
1995 жылдың басында жалпы банктер арасында баламалы резервтерден құрылған банктердiң үлес салмағы 32,6%-ын құрады, ал жыл аяғында-48,4%.1995 жылы банктердiң 13,5%-ы резервтiк талаптардың орындалуын бұзды. Мұндай банктерге айып-пұл (түрiнде) санкциялары қолданылды.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей мiндеттi резервтер деңгейiнiң тым жоғары болуы қаржы делдал түрiндегi банкi жүйесiнiң тиiмдiлiгiн әлсiретедi, өйткенi резервтердiң минималды нормасының үлкеюi несие ресурстарының экономикаға құйылуына кедергi жасайды. Бұдан жоғары мiндеттi резервтер нормасы АҚШ-та және Германияда қолданылады.
АҚШ-та мiндеттi резервтер сомасы банктiң категориясына, депозиттiң мөлшерiне, түрiне байланысты. Ол федералды резевртiк банктердiң пайызсыз депозиттiк шоттарында сақталынады, артық резервтер федералды резервтiк банктердiң негiзi көзiн, яғни АҚШ-та ақша нарығында ең негiзгi процесстерiнiң бiрi болып табылатын операциялар көзiн құрайды. АҚШ-тағы банк үұйесiндегi резервтерiнiң басты ролi коммерциялық банктердiң несиелiк операцияларын бақылау болып табылады. Банктердiң Федералды Резерв жүйесiнiң (ФБЖ) Басқарушылар кеңесi, заңмен бекiтiлген резервтер көмегiмен, коммерциялық банктердiң несиелеу қабiлетiне әсер етедi. Оның мақсаты банк несиесiнiң артықшылығын немесе кемшiлiгiн болдырмау. Бұл саясат коммерциялық банктедiң несие көмегiне қаншалықты жағымды әсер етсе, соншалықты басқарушылар кеңесiнде экономикада iскерлiк белсендiлiгiнiң ауытқуын болдырмауына мүмкiндiк болады. Осындай жанама жолмен коммерциялық банктiң несиесiн бақылау құралы сияқты (яғни экономиканың тұрақтылығы) резервтер өтiмдiлiк көзi болмайды, бұлар тек салымшыларды қорғайды деп есептедi (Кэмпбелл Р.Макконелл, Стэнли Л.Брю).
ФРЖ экономикалық дағдарыс кезеңiнде мiндеттi резерв деңгейiн жиi төмендетуге дейiн барды, сөйте отырып iскерлiк белсендiлiктiң дамуын ынталандыруға процестердiң тежеу мақсатында ФРЖ мiндеттi резервтердiң деңгейiн уақытша көтерiп отырды.
Ақша-несие қатынастарын мұндай бақылау және реттеу механизмi ашық нарықтағы операцияларға және есеп мөлшерлемелерiнiң өзгерiсiне қарағанда сирек пайдаланылады.
Несие операциялары ұлттық банкi пен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi арасындағы, 1994 жылы қаңтар айындағы меморандумына сәйкес ұлттық банк несиенi үш негiзгi бағыт бойынша бередi. Директивтi несиелер үкiмет белгiлеген басымдықтар бойынша мемлекеттiк бюджетiтң тапшылығын жабу үшiн коммерциялық банктер арқылы және несиелiк аукциондар арқылы банктерге берiлетiн несиелер. 1994 жылы Министрлер Кабинетiнiң қарамағына ұлттық банк ұсынған (27,5 млрд.теңге) несиелердiң 75%-ы несиеге берiлген. Сонымен бiрге, бюджеттiң кiрiсiне бөлiнбеген пайда және 16,5 млрд.теңге сомасындағы депозиттер үшiн төлемге аударылған. Бұл таза төлемдер бюджет кiрiсiнiң 17% несиесiн құрады.
Директивтi несиелердiң айналасында қиын жағдай пайда болды. Сондықтан бұл несиелердi қайтару бойынша жұмыстарын тоқтатты, олар несие үкiметтiң кепiлдемесi бойынша төленедi деп сендi, өйткенi несиелер Қаржы министрлiгi және Экономика министрлiгiнiң рұқсаты арқылы, несиелiк қабiлетiне байланыссыз барлық шаруашылық органдарға берiлдi. Нәтижесiнде 4,6 млрд.теңгеден (қайтарылуы мiндеттi сомадан) 1994 жылы 1,8 млрд.теңгесi ғана қайтарылды.
Сөйтiп, банк жүйесi арқылы төлем қабiлетi жоқ кәсiпорындарға қысым көрсетiлдi, олар банк несиесi есебiнен бюджет дотациясын жасады, өйткенi несие қайтару жүгi Қаржы министрлiгiне ауысты.
Санациялау мен банкроттық механизмiн пайдаланусыз басымдылық салалардың кәсiпорындарының қаржы мәселесiн шешудiң сәтсiз аяқталуы нәтижесiнде 1995 жылдың ақпанынан бастап, диретивтi несиенi тоқтатылды. 1994 жылғы ақпан-көкек айларындағы, кәсiпорындардың мiндеттемелерi мен өзара талаптарын республика iшiндегi шаруашылықаралық есепке алу арқылы төлемсiздiк мәселесiн шешуге ынтасы өткен жылдың тағы бiр рецидивi болып шықты. Есепке алу нәтижесiнде өткен жылғы наурыз айындағы ақша массасы оның алдындағы айдың көрсеткiшiне қарағанда 40,6%-ға, ал көкек айында-56,4%-ға өстi.
Төлемсiздiктi шаруашылықаралық есепке алу арқылы шешу, бiр жағынан мәселенi шешсе, екiншi жағынан кәсiпорындардың айналым қаражаттарын жоғалтуға әсер ететiн факторды-бағалардың өсуiн ынталандырды. Ақша-несие саясатының бұл құралы өткен уақыттың еншiсiнде қалды. Оның орнын тұрақты түрде жұмыс жасайтын клиринг алу керек және ол кәсiпорындардың қаржы тәртiбiн сақтаған кезде ғана төлемсiздiк мәселесiн шешуге мұмкiндiк бередi.
Үкiметтiң несиелеу көлемi әрқашан бюджет тапшылығының деңгейiмен және оны баламалы көздер арқылы жабу мұмкiндiгiмен анықталды. Қаншалықты бюджет тапшылығы жоғары болса, солғұрлым несие эмиссиясының ықтималдығы үлкен болады да, он инфляцияға ықпал етедi. Сөйтiп үкiмет оған балама инфляциясыз көздердi кеңейтуге мән бередi, ондай көздерге: сыртқы қарыздар және үкiметтiң бағалы қарыздары жатады. Ұлттық банк 1994 жылы көкек айында мемлекеттiк қысқа мерзiмдi мiндеттемелердiң бiрiншi аукционын өткiзгенде Қаржы министрлiгi бастапқы үш айда сату көлемiн 1,5-2,3 млн.теңгеден, 1994 жыл желтоқсан айында-171,7 млн., ал 1996 жылдың маусымында –3млрд. теңгеге дейiн көтердi. Дисконттық баға 1994 жылы маусымда –55,65%-дан 1996 жылдың ортасында 92,92%-ға дейiн өстi. Аукциондық несиелер 1 айдан 3 айға, кейiн 6 айға дейiн берiлдi.
1995 жылғы қаржы нарығының жаңалығы-Банкаралық қаржы палатасы ұйымдастырған банкаралық несиелердi сату болды. 1995 жылы ұлттық банк арқылы ломбардтық негiзде несие беру тәжiрибесi басталды. Аталған несиелердiң көлемi үлкен емес, бұлай болуы олардың экономикалық мәнiмен байланысты. Банктер бұл несиелердi өте қажеттi жағдайларда ғана қолданады.
1995 жылы орталық несиелер бойынша банктердiң қарыздарын қайта құру процесi басталды, бұл позитивтi бағаланды, өйткенi, 1993-1995 жж. Берiлген қарыздары бойынша айып-пұлдар мен пайыздың өсуi тұрiндегi қарыздардың көбеюi және жиналуы республикадағы жалпы экономикалық жағдайға керi әсерiн тигiздi, соның iшiнде төлем жағдайына және есеп айрысу тәртiбiне ықпал еттi.
Ашық нарықтағы операциялар. Бұны Орталық банкпен нарықта ақша массасының көлемiн реттеу мақсатында бағалы қағаздарды сату-сатып алу операциялары ретiнде түсiнуге болады. Бұл айналыстағы, коммерциялық банкiлердiң өтiмдiлiгiндегi және несиелiк салымдардағы ақша массасын реттеудiң ең икемдi әдiсi. Мұның мағынасы мынадай, Орталық банкiнiң ақша эмиссиясын тоқтату және банктердiң несиелiк экспансиясын шектеу мақсатында, нарықта бағалы қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердiң резервтiк шоттарынан белгiлi бiр соманы есептен шығару. Керiсiнше, ақша шығаруын және несиелердi берудi ынталандыру үшiн Орталық банк керi операциясын жұргiзедi-бағалы қағаздарды сатып алып, оның құнын банктердiң резервтiк шотына аударады. Осылармен Орталық банк ашық нарықтағы (өзiнiң) операцияларымен банк жүйесiндегi өзiнiң өтiмдiлiгiн жоғарлату үшiн жағымды жағдайлар жасайды немесе керiсiнше, сонымен бiрге айналыстағы ақша массасының көлемiн ретейдi. Егер бағалы қағаздар Орталық банкпен алдын-ала дараланған бағам бойынша сатылса, онда ұлттық банк сатып алушыларды ынтаалндыру үшiн және сонымен олардың несиелiк қабiлеттерiн төмендету үшiн нарықтық бағамнан төмен бағаммен бекiтедi.
Орталық банк бағалы қағаздарды сатып алған кезде коммерциялық банктердiң минималды резервтер мөлшерiн көбейтiп, клиенттермен активi қарыздық операцияларды жүргiзу мүмкiндiгi кеңейедi, яғни ақшалардың қолма-қолсыз эмиссиясы үлкейедi. Орталық банк коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды сатқан кезде олардың резервтегi қаражаттары азаяды, ал банктердiң несиелiк ресурстары қысқарады, нәтижесiнде ақша массасы азаяды. Мiне, сөйтiп Орталық банк коммерциялық банктерге операциялары арқылы айналыстағы ақша массасының көлемiне, коммерциялық банктердiң резервтерiне, олардың несие қабiлеттерiне әсер етедi.
Ұлттық банк ашық нарықта бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу формасы бойынша: тiкелей немесе қайтарымды болуы мүмкiн. Тiкелей операция коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды қалыпты түрде сату немесе сатып алу түрiнде сипатталады. Қайтарымды операциясының мағынасы кемидi. Орталық банкпен бағалы қағаздарды сату немесе сатып алу операциясы орындалғаннан кейiн, мiндеттi түрде алдын ала белгiленген бағам бойынша орындалған операцияға керi операция жүргiзiлуi керек.
Аукционды белгiлi бiр тәртiппен бiр күнде жүргiзедi, бұл Орталық банктiң бағалы қағаздардың жаңа партиясын сатып алу күнi мен алдында сатып алынған бағалы қағаздардың қайта сатылу күнi сәйкес келуi үшiн жасалады. Бұның бәрiн Орталық банк айтылған операция арқылы коммерциялық бантердiң несиелiк мүмкiндiктерiн реттеу мақсатында жүргiзедi. Егер Орталық банк алдында сатып алған бағалы қағаздарын қайта сату көлемi жаңа партия көлемiнен көп болса, банктердiң несие ресурстарының мөлшерi шектеледi және керiсiнше.
Орталық банк ашық нарықта операцияларын мұқтаждық пайда болуына немесе ақша-несие эмиссия көлемiнiң кеңеюiне байланысты жүйесiз жүргiзедi.
1995 жылдың ортасынан бастап, ұлттық банк өзiнiң жеке меншiк бағалы қағаздар портфелiн құрастыруы бойынша жұмыс жүргiзе бастады. Осыған орай, ол-386,6 млн.теңгенi құрады, сәйксiнше айналым мерзiмдерi әр түрлi қазынашылық мiндеттемелерiнiң нарықтағы айналымында болғын жалып сомадағы ұлесi 6,8% құрады.
Ақша саясатының құралы ретiнде ұлттық банкiге ашық нарықта операцияларды пайдалануға бағалы қағаздардың жеткiлiксiз “портфелi” жол бермедi. Мемлекеттiк бағалы қағаздарды ұлттық банкiнiң сату-сатып алу операциялары көбiнесе екiншi реттегi нарықты жандандыру мақсатында жүзеге асырылады. Егер, оның даму динамикасы бойынша қарасақ мұндай жағдай негiзiнен мүмкiн болады.
Ақша массасын шұғыл тұрде реттеудiң басты құралына ақша агрегаттары бойынша мақсатты бағдардан шығатын, көлемi белгiленген ұлттық банкiнiң ноталарының эмиссиясы жатады.
Валюта нарығындағы операциялар арқылы өтiмдiлiктi қамтамасыз ету саясаты. µлттық банкiнiң валюталық нарықтағы интервенциясы жалып ақша-несие саясатының шегiнде жүзеге асты. ұлттық банкiнiң шетел валютасын сату, егер ақша базасының өсiмi басқа факторлардың әсерiнен шетел активтерiнен басқа болатын жағдайда, 1995 ж. жағдайлар көбiнесе ақша массасының өсiмiн стерилизациялау және теңгенiң айырбастау бағамын реттеу мәселерiн бiр уақытта шештi. Бiрақ кейбiр айларда таза шетел активтерiнiң өсiмi үкiметке берiлген таза несиелер өсiмiне қосарланды, сонда ақша базасының өсiмiнiң төмендеуi, ұлттық банкiнiң екiншi деңгейлi банктерiне беретiн несиелерiнiң азаюы және ұлттық банктiң ноталарын эмиссиялау есебiнен жүзеге асты. Осы кезеңдерде валюта бағамының саясаты ақша массасын реттеу саясатымен қарама-қайшылықта болды. Теңгенiң айырбастау бағамын реттеуге ұлттық банкiнiң қатысу дәрежесiнiң төмендеуi бұл қарама-қайшылықтарды жоюға мүмкiндiк берiп, бiр уақытта, ақша массасына валюталық интервенцияларының әсер ету тиiмдiлiгiн төмендеттi.
Ал ендi қазiргi кездегi республикамыздағы ақша-несие саясатының ерекшелiгiн тоқталайық.
2004 жылы осы саладаға елеулi өзгерiстiң бiрi 2004 ж. 1 қаңтарынан бастап құрылған қаржы ұйымдары мен қаржы нарығын бақылау мен реттеу бойынша агенттiктiң қызметi. Ұлттық Банктiң соңғы жылдары ұстанып отырған басты бағытының бiрi ақша-несие саясатын Европалық одақ стандартарына жақындату болып табылады.
2004 ж. 1 қаңтарынан бастап өзгертулер мен толықтырулар енiзiлiп шығарылған.
“ҚР ұлттық банкi туралы” заңына сәйкес µлттық банктiң басты мақсаты ҚР-дағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негiзгi мақсаты жүзеге асыру үшiн ұлттық банкке келесiдей мiндеттер жүктеледi:

1. мемлекеттiң ақша несие саясатын өңдеу және жүргiзу;
2. төлем жүйесiнiң қызмет етуiн қамтамасыз ету;
3. валюталық бақылау мен реттеудi жүзеге асыру;
4. қаржы жүйесiнiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жағдай жасау.

Ұлтық банктiң негiзгi мақсаттары мен мiндеттерiн бұлай айқындау ұлттық банктiң жариялаған Евро одақ стандарттары мен инфляциялық таргетирлеу принципiне өткенiн анық көрсетедi.
Инфляциялық таргетирлеу (таргетирование) принципiнiң басты ерекшелiгi оның ”болашаққа бағдарлануы”. Бұл жақын жылдардағы ақша-несие саясатының негiзгi параметрлерi оның ұзақ және қысқа кезеңдегi инфляцияға әсерiн болжамдауды есепке ала отырып қабылдануы.
Бұл әрине инфляция бойынша мақсатты көрсеткiштер үшiн ұлттық банктiң жауапкершiлiгiн арттырады.
Көптеген елдер инфляциялық таргетирлеу принципiн пайдалану кезiнде инфляция бойынша қойылған мақсатқа жету жауапкершiлiгi күштi жағдайда инфляция бойынша бағдар ретiндегi тұтыну бағасы индексiнен алшақ кетедi. Оның орнына инфляциялық тенденциялар негiзгi бағыттарын көрсететiн индекстердi қарастырады.
2004 жылдан бастап ұлттық Банк инфляция бойынша бағдарды “базалық инфляция” индексiне қарап бекiтедi. Қазiргi кезде ұлттық банк Үкiметпен және статистика бойынша Агенттiкпен бiрге базалық инфляцияны есептеу әдiстемесiн және жұмыс iстеуде.
2004 жылға ақша несие саясатының негiзгi мақсаты орташа жылдық инфляцияны 4%-6% шегiнде ұстап тұру.
Ақша несие саясатының жаңа ережелерiн дұрыс жүзеге асыру үшiн ұлттық банктiң реттеушлiк мүмкiндiгiн арттыру бойынша шаралар қабылданды. Бұлар: ашық нарықтағы операциялардың банк өтiмдiлiгiн реттеу, ұлттық банктiң бағалы қағаздар портфелiн арттыру және жаңа қаржы институттарын дамыту.


Скачать


zharar.kz