СLIL оқу әдістемесінің элементтерін арнайы пән сабағында қолдану ерекшеліктері
CLIL оқу бағдарламасын басқа тілмен кіріктіре отырып беру әдістемесі болып табылады. Қазіргі жаһандану, техникаландыру заманында, яғни әлемнің ғылымындағы, өнеріндегі және технологияларындағы дамуды оқушылар басқа тілді меңгеру барысында біле отырып, өз тілінде сол дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады.Бұл оқушыларға шет тілін оқытумен салыстырғанда көптеген жаңа бағыттар береді, себебі, мұнда оқушы тілмен қатар пәнді қоса меңгереді. Мұнда оқу мен ойлау дағдылары біріктірілген.
CLIL сонымен қатар оқытушыға да жаңа талаптар қояды. CLIL әдістемесін жүзеге асыратын мұғалім: пән мұғалімі; тіл мұғалімі; сыныптағы негізгі мұғалім; сынып көмекшісі рөлінде бола білуі керек.
Мұғалімнің алдынан кездесетін қиындық ол өз пәнін жетік білумен қатар, оқушыларына қажетті тілді де жоғары деңгейде білуі. Бұл жерде пәнаралық байланысты пайдаланған өте тиімді, мысалы, шет тілі пәні мұғалімдерімен біріге отырып жұмыс жүргізу.
CLIL әдістемесін әртүрлі жастағы оқушыларға олардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдау арқылы қолдануды жүргізуге болады.
CLIL принциптері мен қызметі
Conditions
Сынып үшін мақсаттары
Шарттары
Таным
Ø
балада қазіргі және бұрынғы білімі арасындағы байланыс
Cognition
көпіріндей өмірлік тәжірибелердің дағдысын қалыптастыру;
Ø
жеке деңгейін қалыптастыру;
Ø
жетістіктері және бағалау
Мәдениет
Біз ұжымдық сезімді қалыптастыра аламыз:
Culture
Ø
тәжірибе алмасу мен бірлесе қызмет ету дағдыларын алу
арқылы;
Ø
топтағы көмек пен сыйласымдылықты, бірлескен
қызметтерін көтермелеу арқылы;
Ø
тәуекелділігін көтермелеу арқылы;
Ø
оқушылардың рөлін анықтау арқылы
Мазмұны
Мазмұны болу керек:
Content
Ø
табиғи, нақты немесе түсінікті;
Ø
баланың алдыңғы тәжірибелеріне қатысты;
Ø
қызықты және белсенді болуға үйрететін;
Ø
тілді аралық құрал ретінде қолдануын көтермелейтін
(рөлдік ойындарда есептерде т.б.)
Коммуникация
Біз ұжымдағы өзара қарым-қатынасты ынталандыра аламыз:
Communication
Ø
Сыныптық жұмыстар арқылы (сынып бұрышы, плакаттар,
ресурстар), байланысты қолдау үшін.
Ø
ширығуды азайтып, тапсырмаларды орындауды мүмкін
ететін топтық, ұжымдық жұмыстар беру арқылы;
Ø
дұрыс немесе бұрыс жауаптарға өздері жету
мүмкіндіктерін беру арқылы;
Ø
мұғалімнің сөйлеу уақытын (ТТТ) азайтып және
оқушының сөйлеу уақытын (STT) арттыру арқылы
Оқыту және үйренудегі сөздік
Біз жаңа сөздерді қалай үйренеміз?
Біз күнделікті қолданатын сөздерімізге қарағанда білетін және түсінетін сөздеріміз көп, демек, бәсең сөздігіміз белсенді сөздік қорымыздан артық. Көбінесе кейбір сөздерді қолданбас бұрын мәтіндерден оқып немесе сөйлесу барысында естіп жүреміз (инкубациалық период).
CLIL әдістемесін оқыту және үйрену үшін жаңа сөздерді қалай таңдаймыз:
- Мазмұны жағынан өнімді (сабақта қаншалықты көп сөздер қарастырылады (деңгей қабілеттілік))
- Жиілігі (жаңа сөздер мен сөз тіркестері қаншалықты жиі қолданылады)
- Диапазоны (олардың қолданылу шегі)
- Танысу (сөз тіпті жиі қолданылмаса да, таныс)
- Пайдасы (алынған мәліметтердің өмірдегі қажеттілігін қарастыру)
Бүгінгі таңда үш тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оны жүзеге асыру – ұстаздардың міндеті. Сондықтан да заманауи ұстаздарға тоқтаусыз ізденіс қажет.