Қайқы Ұзақұлы (1845, қазіргі Жалағаш ауданы – 1918, Тереңөзек ауданына қарасты Қайқы ағашы деген жер.) – батыр. Кіші жүздің Табын руынан шыққан. Әділдігімен, өткір де ержүректілігімен Сыр бойындағы бүкіл Жетіру мен Кете – Шөмекейге мәлім болған. Ол жайлы деректер сирек те болса республикалық басылымдарда кездеceді. 1965 жылы жарыққа шыққан Айтыс кітабының 2-томында Қайқы туралы айтылған.[1] Ұрпақтары Қазақстанның әрбір жерінде еңбек етіп, өмір сүріп келеді.