ХИМИЯ ПӘНІНЕН 8-СЫНЫПТЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
68 сағат, аптасына 2 рет
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
Тақырып \ Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі мазмұны
Оқу мақсаттары
Сағат саны
1-тоқсан
8.1А Атомдағы электрондардың қозғалысы (5 с.)
Атомда электрондардың таралуы
8.1.3.1 -атомда электрондарядродан арақашықтығы артқан сайын біртіндеп энергетикалық деңгейлер бойынша таралатынын түсіну
1
Энергетикалық деңгейлер.
№ 1зертханалық тәжірибе Атомдар модельдерін жасау
8.1.3.2 -әрбір электрон қабатында электрон саны нақты максимал мәннен аспайтынын түсіну
8.1.3.3-s және р орбиталдарының пішінін білу
8.1.3.4 -алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын және электронды – графикалық формуларын жаза білу
2
Иондардың түзілуі
8.1.3.5 -атомдар электрондарды қабылдай немесе жоғалта алатынын және осының нәтижесінде иондар түзілетінін түсіну
1
Қосылыстар формуласын құрастыру
8.1.3.6 -нольдік қосынды әдісімен қосылыстардың формуласын құрастыру
1
8.1В
Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері (5 с.)
Химиялық формулалар бойынша есептеулер
8.2.3.1 -заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару
1
Химиялық реакция теңдеулерін құру. Зат масссасының сақталу заңы. №1көрсетілім Зат массасының сақталу заңын дәлелдейтін тәжірибе.
№2 зертханалық тәжірибе Әрекеттесуші заттардың қатынасы
8.2.3.2-әрекеттесетін заттар қатынасын эксперименттік жолмен анықтау;
8.2.3.3 –реакцияға қатысатын және түзілетін заттардың формуласын жаза отырып, химиялық реакциялар теңдеулерін құру;
8.2.3.4 -заттар массасының сақталу заңын білу;
2
Химиялық реакция типтері
8.2.2.1 -бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктеу
1
Табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар
8.2.2.2-табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакцияларды сипаттау;
1
8.1С
Металдар белсенділігін салыстыру (5 с.)
Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі.
№2көрсетілім Белсенді металдардың салқын және ыстық сумен әрекеттесуі
8.2.4.1 -кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын білу;
8.2.4.2 -белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау;
8.2.4.3 -металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеу;
1
Металдардың қышқыл ерітінділерімен әрекеттесуі.
№3зертханалық тәжірибе Металдардың қышқылдар ерітінділерімен әрекеттесуі
8.2.4.4 -қышқыл ерітінділерімен әртүрлі металдардың реакцияларын зерттеу
8.2.4.5 -металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін құрастыру
1
Металдардың тұз ерітінділерімен реакциялары.
№3 көрсетілім Тұз ерітінділерінен металдарды ығыстыру
8.2.4.6 -металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуінің жоспарын жасау және жүргізу
1
Металдардың белсенділік қатары.
№1 практикалық жұмыс Металдардың белсенділігін салыстыру
8.2.4.7 -эксперимент нәтижесі бойынша металдардың белсенділік қатарын құру және оны анықтама мәліметтерімен сәйкестендіру
8.2.4.8-металдардың белсенділік қатарын қолданып металдардың таныс емес орынбасу реакцияларының жүру мүмкіндігін болжау
2
Тоқсандық жиынтық бағалау
1
2-тоқсан
8.2А
Зат мөлшері
(3 с.)
Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны.Заттардың молярлық массасы
8.1.1.1 -зат мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде –мольді білу және Авогадро санын білу
8.1.1.2 қосылыстың молярлық массасын есептей алу
1
Масса, молярлық масса және зат мөлшері арасындағы байланыс
8.1.1.3 -масса, зат мөлшері және құрылымдық бөлшектер санын есептеу
2
8.2В
Стехиометриялық есептеулер (5 с.)
Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару
8.2.3.5 -химиялық реакция теңдеулері бойыншазаттың массасын, зат мөлшерін есептеу
1
Авагадро заңы.Молярлық көлем
8.2.3.6 -Авогадро заңын білу және қалыпты және стандартты жағдайлардағы газдар көлемін есептеуде молярлық көлемді қолдану
1
Газдардың салыстырмалы тығыздығы.
Көлемдік қатынас заңы
8.2.3.7 -газдардың салыстырмалы тығыздығын және заттың молярлық массасын салыстырмалы тығыздық бойынша есептеу
8.2.3.8 -газдардың қатысуымен жүретін реакциялар бойынша есептер шығаруда газдардың көлемдік қатынас заңын қолдану
2
8.2C
Химиялық реакциядағы энергиямен танысу
(3 с.)
Отынның жануы және энергияның бөлінуі
8.3.1.1 -заттың жану реакциясының өнімі көбінесе оксид екенін және құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсіну
8.3.1.2 -парниктік эффекттің себептерін түсіндіру және шешу жолдарын ұсыну
1
Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар.
№4 зертханалық тәжірибе Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар
8.3.1.3 -экзотермиялық реакциялар жылу бөле жүретінін, ал эндотермиялық реакциялар жылу сіңіре жүретінін білу
8.3.1.4 –әртүрлі жанғыш заттардың қоршаған ортаға әсер ету салдарынтүсіну
1
Термохимиялық реакциялар
8.3.1.5 -энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру
1
8.2D
Сутек. Оттек және озон (4 с.)
Сутек, алынуы, қасиеттері және қолданылуы.
№2 практикалық жұмыс Сутекті алу және оның қасиеттерін тану
8.4.2.1 -сутекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын зерттеу
1
Оттек, алынуы, қасиеттері, қолданылуы.
№4 көрсетілім Сутек пероксидінің ыдырауы.
№3 практикалық жұмыс Оттекті алу және оның қасиеттерін тану
8.4.2.2 -ауа құрамындағы және жер қыртысындағы оттектің пайыздық мөлшерін білу
8.4.2.3 -оттекті алу және оның
қасиеттері мен қолданылуын зерттеу
2
Оттек және озон
8.4.2.4 -оттектің аллотропиялық түрөзгерістерінің құрамы мен қасиеттерін салыстыру
8.4.2.5-Жер бетіндегі озон қабатының маңызын түсіндіру
1
Тоқсандық жиынтық бағалау
1
3-тоқсан
8.3А
Химиялық элементтердің периодтық жүйесі
(6 с.)
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің құрылымы
8.2.1.1 -топ, период, атом нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру
1
Химиялық элемент атомдарының қасиеттері мен кейбір сипаттамаларының периодты түрде өзгеруі
8.2.1.2 -бір топтағы элементтердің сыртқы электрондық деңгейінде электрондар санының бірдей болатындығын түсіну
8.2.1.3 -топтар мен периодтарда элементтер қасиеттерінің заңдылықпен өзгеретінін түсіндіру
2
Периодтық жүйедегі орны бойынша элементтің сипаттамасы
8.2.1.4 -периодтық жүйедегі орны бойынша химиялық элементті сипаттау
1
Химиялық элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері
8.2.1.5 -химиялық қасиеттері ұқсас элементтердің бір топқа жататындығын дәлелдеу;
8.2.1.6 -химиялық элементтердің табиғи ұяластарын білу және сілтілік металдар, галогендер, инертті элементтердің ұяластарына мысалдар келтіру
1
Металдар және бейметалдар
9.2.1.7-химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау
1
8.3В
Химиялық байланыс түрлері
(6 с.)
Электртерістілік. Ковалентті байланыс
8.1.4.1 -электртерістілік ұғымы негізінде атомдар арасындағы ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру
2
Иондық байланыс
8.1.4.2 -иондық байланыстың түзілумеханизмін сипаттау және иондық қосылыстардың қасиеттерін болжау
2
Кристалдық тор түрлері, байланыс типтері және заттардың қасиеттері арасындағы өзара байланыс
8.1.4.3 -заттар қасиеттерінің кристалдық тор типтеріне тәуелділігін түсіндіру
2
8.3С
Ерітінділер және ерігіштік
(7 с.)
Заттардың суда еруі.
№5зертханалық тәжірибе Заттардың ерігіштігін зерттеу
8.3.4.1 -заттарды судағы ерігіштігі бойынша жіктеу
8.3.4.2 -ерітінділердің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі маңызын түсіндіру
1
Заттардың ерігіштігі.
№ 4практикалық жұмыс Қатты заттардың ерігіштігіне температураның әсері
8.3.4.3 -заттың ерігіштігіне температураның әсерін түсіндіру
8.3.4.4 -буландыру техникасын қолдана отырып, заттың 100 г судағы ерігіштігін есептеу, алынған нәтижелерді анықтамалық мәндермен салыстыру
2
Еріген заттың массалық үлесі
8.3.4.5-еріген заттың массалық үлесі мен ерітіндінің белгілі массасы бойынша еріген заттың массасын есептеу
2
Ерітіндідегі заттардың молярлық концентрациясы.
№5практикалық жұмыс Пайыздық және молярлық концентрациялары берілген ерітінділерді дайындау
8.3.4.6-ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу
2
Тоқсандық жиынтық бағалау
1
4-тоқсан
8.4А
Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары.
Генетикалық байланыс (9 с.)
Оксидтер.
№6зертханалық тәжірибе Оксидтердің
қасиеттерін зерттеу
8.3.4.7 -оксидтердің жіктелуін және қасиеттерін білу, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
2
Қышқылдар.
№ 7 зертханалық тәжірибе Қышқылдардың
қасиеттерін зерттеу
8.3.4.8-қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
2
Негіздер.
№8зертханалық тәжірибе Негіздердің
қасиеттерін зерттеу
8.3.4.9-негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
2
Тұздар.
№9зертханалық тәжірибе Тұздардың қасиеттері және алынуы
8.3.4.10-тұздарды алудың әртүрлі әдістерін білу, сәйкес реакция теңдеулерін құрастыру
8.3.4.11-тұздардың қасиеттерін, жіктелуін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
2
Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс
8.3.4.12-бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты
зерттеу
1
8.4В
Көміртек және оның қосылыстары (4 с.)
Көміртектің жалпы сипаттамасы
8.4.3.1 -көміртек неліктен көптеген қосылыстарында төрт байланыс түзетінін түсіндіру
8.4.3.2 -табиғатта көміртек және оның қосылыстарының таралуын сипаттау
1
Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері
8.4.3.3 -көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің құрылысын және қасиеттерін салыстыру
8.4.3.4 -көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің қолданылу аймағын зерттеу
1
Көміртектің қасиеттері.
№6практикалық жұмыс Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттері.
Көміртектің оксидтері.
№7практикалық жұмыс Көмірқышқыл газын алу және оның қасиеттерін зерттеу
8.4.3.5 -көміртектің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу
8.4.3.6 -көміртек жанған кезде көміртек диоксиді мен көміртек монооксидінің түзілу жағдайларын сипаттау және тірі ағзаларға иіс газының физиологиялық әсерін түсіндіру;
8.4.3.7 -көмірқышқыл газын ала алу, оны анықтау және қасиеттерін зерттеу
8.4.3.8 -көміртектің табиғаттағы айналымын құру және түсіндіру
2
8.4С
Су (2 с.)
Табиғаттағы су
8.4.2.6 -судың табиғатта кең таралғандығын, бірегей қасиеттерін және оның өмір үшін маңызын түсіндіру
8.4.2.7 -судың табиғаттағы айналымын түсіндіру
1
Судың ластану себептері.
Судың кермектігі.
№10зертханалық тәжірибе Судың кермектігін анықтау
8.4.2.8 -судың ластануының қауіптілігі мен себебін анықтау, суды тазарту әдістерін түсіндіру
8.4.2.9 -судың кермектігін анықтау және оны жою тәсілдерін түсіндіру
8.4.2.10 -суды сусыз мыс (ІІ) сульфатын қолданып анықтау тәсілін білу
1
Тоқсандық жиынтық бағалау
1