Алты арыстың жағасы Қалабаев Бөбей ағамыз

Скачать

Октябрь революциясының құрдасы Қалабаев Бөбей жәкеміз Сарқырама ауылында орта шаруа семьясында өскен. Есі кіріп, есейе бастағанда байлармен тоқ шаруалары жаппай кәмпіскеленіп, ел жағдайы күрт өзгерді. Көп кешікпей ашаршылық басталды, жұрттың көбі беті ауған жаққа малдай шұбырды. Қалабай әйелімен қыз-ұлын ертіп, Шаянның арғы бетіндегі нағашы жұртына жеткен. Ол жақтың да күн көрісі мәз емес, сондықтан аштықтық кесірінен көз жұмды. Көп кешікпей Бөбейдің анасы да дүние салды,қос тасжетім не қыларын білмей жаман кепеде біраз күн болды. 15-ке толмаған Бөбей 7-жасар қарындасын ертіп, Шымкенттегі ашылған балалар үйіне жол тартты. Ақбастаудан ары ақанда, Шаян жақтан өгіз арбалы орыс жақындады. Олар орыстан қорқып, жол шетінде жылап отырғанда, айдаушы орыс қазақша сөйлеп, арбаға мінгізіп алды, арада 1-күн қонып, Шымкенттке жетті. Жанашырлық танытып, орыс кісі оларды моншаға салып, жуындырып ескі киімдерімен киіндіріп, 2-күннен кейін балалар үйіне апарып, тапсырған. Ол жерде Бөбей қарындасы көп жүрмей ашаршылық ауру салдарынан көз жұмды.
Келесі жылдары балар үйі Арыс қаласына көшірілді, сол жақта жүргенінде Бөбейді қорғасын заутына жіберу үшін «ФЗО»-ға мамандық алу үшін жібереді. ФЗО басшылары Бөбейдің жақсы оқығанын ескеріп, жаңадан ашылған 8- айлық мұғалдік оқуға жолдама береді.
Оқуды үздік бітірген Бөбей ағамыз Темірланның 7-жылдық мектебіне орналасады. Осы мектепте істеп жүрген мұғалима Айғаныс атты қызға үйленеді. Өкінерлігі 2-күннен соң Әскерге алып кетеді, содан 1946-жылы бірақ оралған. Армия қатарына барысымен Бөбей 45-мм –рлік зеңбірек есебінің командирі болды, сол зеңбірекпен Берлинге шейін жауды атып барған. Сол Берлинді алған айында партия қатарына өтті, Сталиннің бұйрығымен « Қызылту» медалін алды, арнай грамотамен марапатталды.
Соғыстан аман-есен оралып, бейбітшілік қызметіне араласты.Партия Нұсқауымен ер жүрек ағаны ішкі істер қызметіне жіберді.
Задария ауылында істеп жүрген кезінде МТС-нің аға есепшісі Далабаеваның мемлекеттің ірі қаржысын ұрлап, қашып кеткені мәлім болды. Осы ұрыны ұстауды Бөбей ағаға тапсырды.






Күн-түн демей зеректікпен іздестіре жүріп, 1949-жылы күзде қашқын ұрыны Арыс қаласынан ұстады, бір қызығы ол ұры әйел емес ер кісі болып шықты. Осылайша әр жерде мемлекет қаржысын тонап жүрген бау кеспе ұры екен.
Осындай ерлігі үшін ҚССР-нің ішкі істер министрлігінен алғыс грамотасымен қоса көп мөлшердегі ақшамен марапатталды. Екінші бір ағамыздың ерлігі 1952-жылы Задария елді мекенінен ауылдың бетке ұстар мықты аты жоғалып кетеді. Сұрастырып келгенде атты ұрлаған адам Сарқырамада жүр деген хабарды естиді. Жақсы атпен Бөбей аға кешқұрым атқа қонады, түн жарымда ауыл шетіндегі Қамбашы диірменіне жетеді. Шай-пайдан соң мән-жайды түсіндіреді. Ұрының ауылда екеніне көзі жекені соң, түнделетіп, таң атарда конторына келген. Сол жерде отыратын ұрының туысына хабар беріп, ұрланған атты орнына қоя бергізген. Бұлда болса, көзі ашық Бөбей ағаның жерлестеріне деген көмегі еді.
Абыройымен зейнеткерлікке шыққан Бөбей аға Балықшыдағы «ПМК-2» құрылыс ұйымының 10-жылдай парткомы болды. Одан ауыл ақсақалдар ұймын басқарды, Алматыдағы ұлдары қояр-қоймас Талғар қаласына көшіріп апарды. Осылайша, сонда қалды ер Бөбей.


Скачать


zharar.kz