Жамбыл театры.
Бүгінгі өскелең ұлттық сахна өнерінің шежіресіне өз үлесін қосып келе жатқан шығармашылық ұжымның бірі – Жамбыл облыстық Абай атындағы қазақ драма таетры. Бұл театрдың да басқалардай өзіне тән алғашқы құрылып, ұйымдасуы, сондай-ақ басынан кешірген сан қилы қиыншылықтары мен асқан межелі асу-белесі, шығармашылық өсу жолы бар. Осындай кәсіби шығармашылық ұжымның құрылғанына дақырық жылдай уақыт болыпты.
Театр өзінің отыз жылдық шығармашылық қызметі тұсында 1966 жылы Алматы көрермендерімен алғаш рет жүздесіп үлгерді. Мұның өзі театр шежіресіндегі тұңғыш аса қуанышты оқиға екені анық. Осыған орай театрдың шығармашылық өсу жолына қысқаша болса да барлау жасап, шама-шарқынша талдап өткеніміз жөн.
1936 жылы 5 қаңтарда Әулие ата (қазіргі Жамбыл) аудандық партия комитеті мен халық депутаттары Кеңесінің атқару комитетінің бас қосқан мәжілісінде колхоз-совхоз театрын ұйымдастыру туралы қаулы қабылданды. Ал театр шымылдығы 1936 жылы 16 наурыз күні Б. Иайлиннің «Келін мен шешей» және К. Қырқымбаев «Келіншек» атты бір актілі комедияларымен ашылды. Спектакльден кейін көрушілерге үлкен концерт берілген. Алғашқыдағы театр труппасы тоғыз өнерпаздан ғана құрылған еді. Бұлар қазіргі ҚР-ның халық артисі Шәріпбай Сәкиев, Молдаш Сәкиев, құрметті демалыстағы Сәти Үмбетбаув, Сара Абызбаева, Жомарт Абызбаев, Сатылған Атамқұлов, Тәжімет Әлмұхамедов, Отарбай Тұрымқұлов және кейінірек қазақ драма театрынан келген ҚР-ның еңбек сіңірген артисі Мұхаметқали Табанов болатын. Театрдың алғашқы құрылу кезеңіндегі қуаныш пен ренішті бөліскен өнер қарлығаштары болғандықтан, олардың есімдерін көруші жұртшылықүлкен ілтипатпен айтады. Ұжымның алғашқы режиссерлері –Р. Әбдірахманов, Майтанов, Ж. Арғынбаевтар.
1936-37 жылдары театр сахнасында Б. Майлиннің «Талдаңбайдың тәртібі» мен «Көзілдірігі», Е. Ерданаевтың «Мақалбайы», А. Шанинның «Боталы» мен Ғ. Мұстафиннің «Совет қызы», сонымен қатар М. Әуезовтың «Еңлік-кебегі» мен «Шекарасын» қойып, көрушілер көңілінен шығады. Театрдың репертуарына енген осындай пьесалардың идеялық мазмұны көтерілістен бұрынғы ескі қазақ аулының қайғылы өмір тұрмысын көрсетіп, бұра тартқан әдет- ғұрпын әшкерелеу және жаңа социалистік құрылысты нығайту, әйел теңдігін насихаттау, ескі мен жаңа арасындағы тартыс секілді кезеңдік, өзекті мәселелер еді.
1940 жылы колхоз-совхоз театры Жамбыл облыстық драма театры болып қайта құрылды. Бұдан бұрын 1938 жылдары театр ұжымына келіп қосылған М. Жұмағұлов, Қ. Қасымбеков, Ә. Абланов, Тайшықов, К. Кірғабақов, Ы. Жарболов, Х. Нарбутин, А. Сапарбеков соғыс жылдарының басында келген К. Сәкиев өздерінің сахналық ұстаздарынан актерлік шеберлікті үйреніп- меңгеру ісіне белсене бет бұрады. Артистер труппасының арасынан режиссура жұмысына икемі барлығына танытқан Ш. Сәкиев, М. Табанов, Ы. Жарболовтар да бірлі-жарым спектакльдер қойған.
Бұдан кейінгі жылдары театрдың репертуарында М. Әуезовтың «Түнгі сарын», «Айман-Шолпан», Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Амангелді» пьесаларының көрінуі-театр ұжымының өсуін, күрделі сахналық өнерді меңгеруге бет алғанын дәлелдейді. Театр тек ғана қала көрермендерімен шектеліп қалмай, таңдаулы деген спектакльдерін аудан, колхоз аралай жүріп көрсетеді. Сөйтіп, облыс еңбекшілеріне мәдени қызмет еткен олар халық сүйіспеншілігіне бөленеді. Әсіресе, Сарысу, Талас, Шу, Мерке, Лугавой аудандарындағы театр гастролі үлкен табыспен өткен.
Театр қаһарлы соғыс жылдарында да өз жұмысын тоқтатқан емес. Труппа құрамынан көптеген жас артистер майданға аттанады. Міне, осындай «етікпенен су кешіп, ауыздықпен су ішер» қысылтаяң ауыр күндерде театр пьесаларды қойып, шығармашылық еңбектің өнегесін көрсетті.
Бұл жылдары соғыс тақырыбына арналған М. Әуезовтың «Отан үшін!», «Сын сағатта», М. Әуезов пен Ә. Әбішевтің «Намыс гвардиясы», С.