Ы. Алтынсарин қазақ халқының тұңғыш ағартушысы

Скачать

Қазақ халқын мәдениетке үндеп, халық ағарту мәселесінде көп еңбек еткен қазақтың тұңғыш педагогы, әрі ақыны, әрі жазушысы Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы дүние салды. Ол қайтыс болғаннан кейін орыс жолдастарының Ыбырай туралы жазған мақаласында оның әлеуметтік ісі мен дүние танушылық көзқарастарына әрі шындық , әрі дәл беріледі. «Ыбырай Алтынсарин қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол қараңғы көшпелі өз халқының ішіне европалық цивилизацияның жарығын таратты және оларды Россияны сүюге шақырды».
Алтынсариннің өмірі-оқушы, студент, оқытушылар үшін айырықша үлгі. Өйткені оның өмірі баянынына көз салсақ, оқу, еңбек, халқы үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей қызмет істеу екендігін көреміз. Ол не барлығы 7-ақ жыл оқыды. Әйтсе де, Алтынсариннің жазғандарына, аудармаларына, оқу оқыту, мектеп мәселелері туралы Н.И. Ильминскийге, басқаларға жазған хаттарына қарағанда, оның білімі, ағарту мәселесіне көзқарастары мен ой-пікірлерінің тереңдіктері кімді болсын таң қалдырғандай. Соншама көп білімге оның қолы қалай жетті екен деген сұрақ туады. Оның жауабы бізше біреу-ақ. Ол-еңбек орта, жоғары мектептерде оқу барлық жағдайларда өздерінің аттарына сәйкес келе бермейтіндігіне, шын білім алғысы келген адам өз бетімен оқып, ерінбей еңбек етсе, жоғары дәрежелі білім алуға, үлкен ой, терең пікірлер айтарлық дәрежеге көтерілуге, халыққа көп пайда келтіруге болатындықтың айқын айғағы-Ыбырай Алтынсарин өмірі. Мұндай үлгілі өмірдің жастар үшін тәрбиелік мәні зор.
Алтынсариннің өмір сүрген дәуірі, жағдайы ол кездегі әлеумет өміріндегі тартыс, әлеумет қайраткерлерінің өмірге көзқарастары, әдебиеттегі екі түрлі бағыт, ол тартыстарда Ыбырайдың бірі болғандығы кітаптың кіріспе бөлімінде айтылды, біздің бұл жердегі тоқталмағымыз-оның жазушылық қызметі. Кейде біз Алтынсариннің ағартушылық ісі, жазушылығы деп бөле сөйлейміз. Мектеп ашу, бала оқыту тағы басқа оның игілікті жұмыстар жүргізгені, ат үсті қарағанда олар екі бөлек көрінетіндігі рас. Бірақ Ыбырай бұл шеңберге сыймайды. Өйткені ол — жай ғана ағартушы емес, әрі оқытушы педагог , әрі жазушы.
Ыбырайдың өмірі мен ісіне көз жіберіп, оның жұмыс еткен жағдайын еске алсақ, оны еске алсақ, ол іске кіріскенде, сонау Торғай, Қостанай, Орынбор қолтықтарындағы қазақ далаларында қараңғылықтың қаймағы бұзылмай, мұрты кетілмей жатқан болатын. Ыбырайдың жолына кесел келтіретін үлкен - үлкен бөгеттер болатын. Өзімен білімі тең, көзқарасы бір, өз қасында серігі жоқ, ең қараңғылықтың дәл ортасында жалғыз өзі болса да, Ыбырай бар бөгетке қарсы барып, күрес майданына шықты. Сүйгені де, сүйенері де халық болды. Сол халықтың келешегі үшін басын бәйгеге тігіп, желіні ұзаққа тартып, белсеніп іске кірісті. Кезіндегі жағдаймен санаса отырып, Алтынсарин екі түрлі ірі мәселені алдына мақсат етіп қойды: біріншісі - мектеп ашу, бала оқыту - жалпы халықты ағарту жұмысы да, екіншісі - халықтың ой - санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері. «Қазақтардың білімге қолын жеткізетін ең басты құрал – мектеп». Ол кезде мектеп, оқу, оқыту мәселесіне әркім әр түрлі қарады. Халықтың Ыбырай тәрізді адал ұлдары алған білімдерін өз елін мәдениетке жетелеуге, оқу - ағарту ісін өркендетуге жұмсады. Ақын, бір жағынан, жастарды оқуға , білім алуға шақырса, екінші жағынан, өмірдің бар қызығы тек қана байлықта деп ұғатын, оқу-өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектілігіне еш мән бермейтін ескі көзқарас соққы берді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық білім екендігін айта келіп білімге адамның қолы жету үшін ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндірді. Есті бала мен ессіз баланы қарама-қарсы қойып, жастарға кімнен үлгі алып, кімнен безу керектігін көрсетті. Ыбырай қазақ жастарын оқуға шақырумен қатар, адамгершілікке, махаббат-достыққа, еңбекке, жігерлікке, тапқырлыққа, халқын сүюшілікке шақырды.
Балаға жастай дұрыс тәрбие беру бүкіл дүние жүзіндегі педагог-ғалымдарының кәрі замандардан бері үлкен көңіл аударып, айырықша көтерген мәселесінің бірі 19-ғасырдың екінші жартысында қазақ даласынан оларға үн қосушы - бірінші қазақ педагогы Ыбырай Алтысарин. Бұл мәселе жөнінде ол көптеген педагогтармен, әсіресе орыстың алдыңғы саптағы ұлы педагог-ғалымдары Қ.Д.Ушинский, Л.Н. Тодстой, Бунаковтармен, пікірлес болды. Оның 1879 жылы басылған «Қазақ хрестоматиясын» алсақ, әрі мазмұны, әрі методика жағынан жастарға дұрыс тәрбие беруге лайықталынып құрылғандығын көреміз.
Қалай болғанда да жастарға дұрыс тәрбие беру үшін олардың дүние танушылық көзқарасын кеңейту үшін «қазақ хрестоматиясын» тек өз кезі ғана емес, қазірдің өзінде де мәні зор. Бұл кітапқа енгізілген әңгімелерінде еңбек сүюшілік, оқу, өнерге ұмтулышылық, отанын, елін сүюшілік, талаптылық , жігерлік, іздемпаздық, кішіпейілдік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық тағы басқа осылар тәрізді жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуге керекті мәселелерді қатмиды. Мысалы: Хрестоматияға енгізілген өлең, әңгімелердің балалардың жасына, сана-сезімдеріне лайықталып, педагогика ғылымының талап ететін мәселесінің берік сақталынуы өз алдына, сонымен қатар оқу, еңбек, талап, мейірімділік тақырыптарына лайықты әңгімелерді әдейі, саналы түрде таңдап алғандығын көреміз.
Алтынсариннің тәрбие жөніндегі негізгі тақырыбының бірі-талап. Талпынбаса, адам баласы ешбір алға баспаған болар еді . «Талапты ерге нұр жауар» деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен туған. Жастықшақ-жігер, қайраттың толы кезі . Бойдағы жасырын талант, өнерлерін жарыққа шығарып қалатын кез де осы. Ол үшін талап керек. Әр нәрсені де жігермен істе, өзіңнің не нәрсеге қабілетің, ыңғайы бар, қолыңнан не келеді, соңына түссең , әрі өзіңе, әрі қоғамға пайда келтіре аласың, талапты да таңдап ал дейді. Кейде талаптың, жігердің жоқтығынан жап-жақсы өнердің жарыққа шықпай кетуі де мүмкін. Сондықтан өз талабыңмен өрге шық дегенді айтады. Міне, Ыбырай «Талаптың пайдасы» деген әңгімесінде осы пікірін толық жеткізіп бере алды. Тәрбие мәселесін сөз қылғанда, ерекше тоқтап өтуге керекті мәселінің бірі-Ыбырайдың еңбектерінде әр елдердің мәдениет майданындағы өз ара достық қарым-қатынастарын да бейнелеп отыратындығы. Алтынсариннің аударған, өзі жазған қысқа әңгімелерінің әрі тәрбиелік мәні үлкен, әрі өмір құбылысы мен адам өмірінің әр алуан жақтарын қамтиды. Халықтың Ыбырай тәрізді адал ұлдары алған білімдерін өз елін мәдениетке жетелеуге , оқу-ағарту ісін өркендетуге жұмсады.
Ақын, бір жағынан, жастарды, оқуға, білім алуға шақырса, екінші жағынан, өмірдің бар қызығы тек қана байлықта деп ұғатын, оқу-өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектілігіне еш мән бермейтін ескі көзқарас соққы берді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық білім екендігін айта келіп білімге адамның қолы жету үшін ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндірді. Есті бала мен ессіз баланы қарама-қарсы қойыды.
Алтынсарин жазба әдебиетіміз тарихында балалар әдебиетінің негізін салушы бірінші жазушы болды . Ыбырай Алтынсариннің кезінде орыс не Европа елдерінде балалар әдебиеті сол елдердің әдебиетінің негізгі бір саласына айналып еді. Біздің қазақ жағдайында Абай тәрізді ұлы ақындарымыздың кейбір өлеңдерін айтпасақ, балалар әдебиеті жоқ, не жоқтың қасы болатын . Бұл мәселені биік сатыға көтеріп , балалар әдебиетін жасауға саналы түрде кіріскен адам педагог - жазушы Алтынсарин ғана . Халық өздерінің дүние танушылық көзқарастарына сәйкес кекілді жас, келешек ұрпаққа өздерінше жақсы тәрбие беруге тырысты .Ал тарихи жазба әдебиетімізді алсақ, бұл мәселе ескерусіз қалған болатын. Орыстың педагог, ұлы жазушыларынан аудару , кейбір тақырып, әңгіме сюжетін оның өзінше жазу, араб, түрік халықтарының қазақ ауыз әдебиетінен естіген, оқыған әңгімелерінің іштеріндегі қықзықтыларын балалардың ой-санасы, жасына лайықтап жазу және өз жанынан да бірнеше әңгімелер шығару арқылы Ыбырай кейінгі ұрпақтар үшін аса құнды мұралар қалдырды.


Скачать


zharar.kz