Ғани батыр, Әбуғани (1902, Қытай, Іле аймағы, Нылқы ауданы,Қарабақ қыстағы — 19N4, Алматы облысы,Еңбекшіқазақ ауданы,Ж.Қайыпов ауылы) - Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, халық батыры. Гоминьдан өкіметінің езгісіне қарсы шыққаны үшін 1941 жылы Үрімжі абақтысына қамалған. 1944 жылы қамаудан қашып шығып, Іле аймағының Нылқы ауданында Әкбар Есбосынұлымен бірге Гоминьдан өкіметінің қыспағына қарсы ұлт-азаттық қозғалысын ұйымдастырды. Азаттық күресінің барысында партизан отрядын басқарды. Ғани батыр Нылқы ауданын, Құлжа қаласын, Бұратала, Іле аймақтарын жаудан азат етуге белсене қатысты. Шығыс Түркістан Халық Республикасының үкіметі оның ерлігін жоғары бағалап, Халық батырыдеген құрметті атақ берді, бірнеше орден, медальдермен марапаттады. Ғани батыр кейін Қазақстанға келіп қоныстанды