Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Қазақ тілі
(оқыту қазақ тілінде емес)
2-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына Қазақ тілі (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) Қазақ тілі оқыту қазақ тілінде емес пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
2
Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ... ... ... ... .. 4 Өзім туралы ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4 Менің отбасым және достарым ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... ... ... . 7 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ... ... ... ... 17 Менің мектебім бөлімі бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17 Туған өлкем бөлімі бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 23
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ... ... ... ... 29 Дені саудың – жаны сау ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29 Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... ... 32 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 35
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ... ... ... ... 41 Қоршаған орта ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 41 Саяхат ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 47
3
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
Өзім туралы ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
Тыңдалым Айтылым
2.1.3.1 *Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1-1,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фотосюжетті суреттерсызбалар таңдаусипаттау
2.2.1.1 Өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөздер және сөз тіркестерді қолдану
Білім алушы
• Сәйкес суретті анықтап, сұрақтарға жауап береді
• Тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін орынды пайдаланады
Білу және түсіну Қолдану
20 минут
Тапсырма
Тыңдалым
1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Менің атым - Әлихан. Мен қалада тұрамын. Қысқы демалыста мен ауылға барамын. Ауылда атам мен әжем тұрады.
Ауылда мен балалармен бірге шанамен сырғанаймын. Қардан аққала жасаймын. Шаңғы тебемін. Атаммен орманға барамын. Атам мен әжеме көмектесемін.
Ауыл маған қатты ұнайды.
1) Әлихан қысқы демалыста қайда барады? Белгіле ( ).
Қалаға
Ауылға Тауға Теңізге
4
2) Әлихан демалыста не істейді? Сәйкес суреттерді белгіле ( ).
Айтылым
2. Сен бос уақытыңды қалай өткізесің? Әңгімеле. • Бос уақытыңда не істейсің?
• Бос уақытыңда қайда барасың?
Тірек сөздер: сурет салу, ойнау, кітап оқу, бассейнге бару, суда жүзу, құрастыру, серуендеу, мультфильм көру, киноға бару.
Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Сәйкес суретті анықтап, сұрақтарға жауап береді
1
мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап береді;
1
кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты бірінші суретті анықтайды;
1
кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты екінші суретті анықтайды;
1
Тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін орынды пайдаланады
2
сұрақтарға жауап бере отырып, бос уақытын сипаттап айтады;
1
сөйлемнің құрылымын сақтайды;
1
сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай орынды қолданады;
1
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
1
Барлығы
7
5
Менің отбасым және достарым ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
Оқылым Жазылым
2.3.4.1 Мәтіннің мазмұны немесе иллюстрацияпостер бойынша қарапайым сұрақтар құрастыру және оған толық жауап беру
2.4.2.1 Оқыған аудиобейнематериалдың мазмұны бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сұраққа жауап (сөйлем) жазу
Білім алушы
• Сұрақ қояды және жауап береді
• Суретке сүйеніп, сұрақтарға жауап жазады
Білу және түсіну Қолдану
20 минут
Тапсырма
Оқылым
1. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Менің досым бар. Оның аты - Марат. Біз екінші сыныпта оқимыз. Марат өте жақсы оқиды. Ол музыка мектебіне барады. Біз бір үйде тұрамыз. Мектепке бірге барамыз. Сабақтан кейін бірге қайтамыз. Марат - жақсы дос.
1) Көп нүктенің орнына тиісті сұрақтар қойып, сөйлемді толықтыр.
Балалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... сыныпта оқиды? Марат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... барады?
Керекті сөздер: қайда? нешінші?
7
Жазылым
2. Суретке мұқият қара. Сурет бойынша сұрақтарға жауап жаз.
1) Отбасында неше адам бар? _______________________________________
2) Атаcы не істеп отыр? ____________________________________________
3) Отбасы қандай? ________________________________________________
Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Сұрақ қояды және жауап береді
1
бірінші сөйлемді сәйкес сұрақпен толықтырады;
1
екінші сөйлемді сәйкес сұрақпен толықтырады;
1
Суретке сүйеніп, сұрақтарға жауап жазады
2
бірінші сұраққа жауап береді;
1
екінші сұраққа жауап береді;
1
үшінші сұраққа жауап береді;
1
сөздерді сауатты жазады;
1
жазуда каллиграфиялық нормаларды сақтайды.
1
Барлығы
7
8
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта Қазақ тілі (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Қазақ тілі пәні бойынша (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1-4 сыныптар).
3. 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы - 40 минут Балл саны – 15
Айтылым бөлек тексеріледі.
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден немесе сұрақтардан тұруы мүмкін.
Бірінші тапсырма тыңдалым дағдысын, екінші тапсырма - айтылым, үшіншісі - оқылым, төртіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
10
4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде емес) пәнінен
1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым
1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Менің атым - Ажар. Бүгін менің туған күнім.
Туған күніме ауылдан атам мен әжем келді. Анам дәмді тағамдар дайындады. Маған көп сыйлықтар берді. Ағам маған ертегілер кітабын сыйлады. Мен оған қатты қуандым. Мен кітап оқуды өте жақсы көремін.
Менің туған күнім көңілді өтті.
1) Ажардың туған күніне кімдер келді? А) анасы мен әкесі
В) ағасы мен сіңлісі С) атасы мен әжесі D) мұғалімі мен досы
[1] 2) Ағасы не сыйлады? Белгіле ( ).
[1] 3) Тыңдаған мәтінге сәйкес келетін суретті белгіле ( ).
[1]
12
Балл қою кестесі
Айтылым
2. Досыңмен сұхбаттас. Досыңның отбасы бос уақытты қалай өткізеді? Досыңа сұрақ қой. Оның сұрағына жауап бер.
[4] Балл қою кестесі
Тапсырма №
Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
2
Білім алушының ықтимал жауабы:
- Сенің отбасыңда неше адам бар? - Менің отбасымда ...
- Сендер бос уақыттарыңды қалай өткізесіңдер?
- Біз бос уақытымызда ...
- Сен бос уақытыңда не істейсің? - Мен бос уақытымда ...
4
Тақырыпқа сәйкес басқа да сұрақтар қабылданады. Сұхбаттасына тақырыпқа сәйкес сұрақ қояды – 1 балл. Сұхбаттасының сұрағына сәйкес жауап береді – 1 балл.
Сөздер мен сөйлемдерді орынды қолданады – 1 балл.
Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды – 1 балл.
Барлығы
4
13
Оқылым
3. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Менің атым – Нұрлан. Менің тамағым ауырды. Мен мектепке бара алмадым. Кешке үйге Қайрат пен Айжан келді. Олар маған өткен сабақты түсіндірді. Қайрат есеп шығаруды үйретті. Біз ертегі оқыдық. Уақытты жақсы өткіздік. Мен қатты қуандым.
Менің достарым – өте жақсы балалар.
1) Нұрлан мектепке неге бармады? А) ойнап жүрді
В) ауылға кетті С) ауырып қалды D) ұйықтап қалды
[1] 2) Достары Нұрланға қалай көмектесті?
А) сабақ түсіндірді В) емханаға апарды С) дәрі сатып әкелді D) бөлмесін жинады
[1] 3) Мәтін бойынша 1 сұрақ құрастыр және сұраққа жауап жаз.
Сұрақ: ____________________________________________________________________
Жауап: ____________________________________________________________________
[2]
Балл қою кестесі
Тапсырма №
Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
3
С
1
А
1
Білім алушының ықтимал жауабы: Сұрақ: Нұрланға кімдер келді?
1
Мәтіннің мазмұнына сәйкес басқа да сұрақтар мен жауаптар қабылданады.
Жауап: Нұрланға Қайрат пен Айжан келді Қайрат пен Айжан балалар
1
Барлығы
4
14
Жазылым
4. Суретке мұқият қара. Сурет бойынша сұрақтарға жауап беретін сөздерді анықта. Кестенің әр бөлігіне 1 сөзден жаз.
Кім?
Қандай?
Неше?
Не істеді?
[4] Балл қою кестесі
Тапсырма №
Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
4
Балалар қыз бала ұл қыздар
1
Суретке қатысты басқа да жауап нұсқалары қабылданады.
Көңілді әдемі кішкентай сүйкімді қызыл көк жасыл қоңыр ақ ала
1
Бір екі үш бес он
1
Ойнады секірді қарады лақтырды
1
Барлығы
4
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
15
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қаламқарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
16
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
Менің мектебім бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері
Тыңдалым Айтылым
Оқу мақсаттары 2.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1-1,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фотосюжетті суреттерсызбалар таңдау сипаттау
2.2.2.1 Сюжетті сурет негізінде сөйлеу (2-3 сөйлем)
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
Білім алушы
• Сәйкес суретті анықтап, сұрақтарға жауап береді
• Сюжетті суреттер бойынша қарапайым мәтін құрастырады
Білу және түсіну Қолдану
20 минут
Тыңдалым
1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Мен мектепке келдім. Бүгін бізде бес сабақ болады. Бірінші сабақ - ағылшын тілі сабағы. Сабақта біз ағылшынша сөздерді оқып, сөйлемдер құрастырамыз. Топта қызықты сұрақтар қоямыз. Дәптерге сөйлемдер жазамыз. Ағылшын тілі - менің сүйікті пәнім. Маған қазақ тілі және орыс тілі пәндері де ұнайды.
Көп тіл білген жақсы! Ол жақсы сөйлеуге көмектеседі. Мен тіл пәндерін сүйіп оқимын.
1) Мәтінде қай пән туралы айтылмайды? А) орыс тілі
В) ағылшын тілі С) қазақ тілі
D) неміс тілі
2) Балаға не ұнайды? А) тілдерді үйрену В) сөздер жазу
С) есеп шығару D) сурет салу
17
3) Мәтінге сәйкес келетін 2 суретті тауып, белгіле ( ).
Айтылым
2. Сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастырып айт.
Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Сәйкес суретті анықтап, сұрақтарға жауап береді
1
мәтін бойынша бірінші сұраққа жауап береді;
1
мәтін бойынша екінші сұраққа жауап береді;
1
мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін бірінші суретті анықтайды;
1
мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін екінші суретті анықтайды;
1
Сюжетті суреттер бойынша қарапайым мәтін құрастырады
2
суреттер желісі бойынша құрылымын (басы, оқиғаның өрбуі, соңы) сақтай отырып, әңгіме құрастырады;
1
сөйлеу барысында орфоэпиялық нормаларды сақтайды.
1
Барлығы
6
18
Туған өлкем бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
Оқылым Жазылым
2.3.3.1 Мәтіннің жанрын (өлең, жаңылтпаш, жұмбақ, ертегі, әңгіме) ажырату
2.4.2.1 Оқығанаудиобейнематериалдың мазмұны бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сұраққа жауап (сөйлем) жазу
Білім алушы
• Мәтіннің жанрын анықтайды
• Мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап жазады
Білу және түсіну Қолдану
20 минут
Оқылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Асан мен Ербол далада ойнады. Олар кішкентай балапан көрді. Балапанды үйге әкелді. Әкесіне көрсетті.
- Біз оған тамақ, су береміз, - деді балалар.
- Балапанның ұясы, ата-анасы бар. Балапан оларды сағынады. Өзінің үйін іздейді, -деді әкесі.
- Түсіндік, әке. Балапанды ұясына апарамыз, - деді балалар.
1) Мәтіннің жанрын анықта және белгіле ( ).
ертегі өлең жұмбақ әңгіме
2) Сызбаны толтыр.
Балалар не істеді?
20
Жазылым
2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап жаз.
1) Балалар нені көрді? __________________________________________
2) Балалар оны кімге көрсетті? _____________________________________
Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Мәтіннің жанрын анықтайды
1
мәтіннің жанрын анықтайды;
1
балалардың әрекетін білдіретін бірінші сөзді жазады;
1
балалардың әрекетін білдіретін екінші сөзді жазады;
1
Мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап жазады
2
бірінші сұраққа жауап жазады;
1
екінші сұраққа жауап жазады.
1
сөздерді сауатты жазады;
1
жазуда каллиграфиялық нормаларды сақтайды.
1
Барлығы
7
21
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта Қазақ тілі (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Қазақ тілі пәні бойынша (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1-4 сыныптар).
3. 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы – 40 минут Балл саны – 15
Айтылым бөлек тексеріледі.
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар және қысқа жауап қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерденсұрақтардан тұруы мүмкін.
Бірінші тапсырма тыңдалым дағдысын, екінші тапсырма айтылым, үшіншісі- оқылым, төртіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
23
4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым
1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Бір күні оқу пәндері өздерінің пайдасы туралы айтысады. Айтысты математика пәні бастайды.
- Мен - барлық пәндердің патшасымын. Адамдарға санауды, сандарды қосу мен азайтуды үйретемін, - деп мақтанады.
- Ал мен әдемілікті түсінуді үйретемін. Олар мен арқылы сурет салады, – дейді өнер пәні.
Айтысқа басқа пәндер де араласып кетеді.
1) Мәтінде не туралы айтылған? А) пәндердің айтысы туралы
В) пәндердің достығы туралы С) пәндердің татулығы туралы D) пәндердің атаулары туралы
[1]
2) Оқу пәндері өзі туралы не айтты? Сөздер мен тіркестерді сәйкестендіріп сыз.
Математика
Өнер
әдемілікті түсінуді үйретеді.
санды және санауды үйретеді.
[2] Балл қою кестесі
Тапсырма №
Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
1
А
1
Математика санды және санауды үйретеді.
1
Өнер әдемілікті түсінуді үйретеді.
1
Барлығы
3
Айтылым
2. Сұрақтарға жауап бер.
1) Қай пәндер өзара айтысып қалды?
2) Айтысқа тағы қандай пәндер қатысты деп ойлайсың? 3) Сен қай пәнді ұнатасың? Неліктен?
25
[4] Балл қою кестесі
Тапсырма №
Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
2
Математика өнер математика мен өнер математика мен өнер пәндері.
1
Қазақ тілі мен орыс тілі жаратылыстану мен дене шынықтыру дүниетану.
1
Сұраққа қатысты басқа да дұрыс жауаптар қабылданады.
Білім алушының ықтимал жауаптары: Мен қазақ тілін ұнатамын. Өйткені бұл пән оқу мен жазуды үйретедіМаған қазақ тілі пәні ұнайды. Одан дұрыс сөйлеуді үйренемін.
2
Сұраққа қатысты басқа да дұрыс жауаптар қабылданады. Қойылған сұраққа қатысты ойын айтады -1 балл.
Өз көзқарасына дәлелді пікір айтады -1 балл қойылады.
Барлығы
4
Оқылым
2. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Әлидің үйі орманға жақын. Бір күні Әли бөлмеде жүрген кішкентай тиінді көрді. Әли әкесінен:
- Әке, тиін қайдан келген? - деп сұрайды. - Орманнан келді, - дейді әкесі.
- Алақай, ол менің досым болады! Мен оған тамақ беремін.
- Жоқ, балам. Тиін - жабайы жануар. Ол жаңғақпен қоректенеді. Тиін ормансыз өмір сүре алмайды, - деді әкесі.
- Түсіндім, - деді Әли. Ол тиінді орманға апарды.
1) Мәтін не туралы? А) орман туралы
В) тиін туралы С) жаңғақ туралы D) ағаш туралы
2) Мәтіннің жанрын анықта. А) әңгіме
В) ертегі С) өлең
D) жұмбақ
26
3) Әли не істеді? Оның іс-әрекетін сәйкестендір.
тиінді көрді.
Әли тиінге тамақ берді.
тиінді орманға апарды.
[4]
Балл қою кестесі
Тапсырма №
Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
3
В
1
А
1
Әли тиінді көрді.
1
Әр дұрыс сәйкестікке 1 балл қойылады.
Әли тиінді орманға апарды.
1
Барлығы
4
Жазылым
3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап жаз.
1) Әли бөлмесінде не көрді?_______________________________________________ 2) Ол қандай жануар? ____________________________________________________ 3) Ол немен қоректенеді? _________________________________________________
[4] Балл қою кестесі
Тапсырма №
Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
4
Білім алушының ықтимал жауаптары: 1) Әли бөлмесінде тиін көрді кішкентай тиінді көрді тиін көрді тиінді тиін.
2) Тиін – жабайы жануар орман жануары жабайы.
3) Тиін жаңғақпен қоректенеді Ол жаңғақпен қоректенеді жаңғақпен қоректенеді жаңғақпен жаңғақ.
4
Жауаптың кез келген нұсқасы қабылданады.
Әр дұрыс жауапқа – 1 балл қойылады. Сөздерді сауатты жазады -1 балл.
Барлығы
4
27
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қаламқарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
28
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
Дені саудың – жаны сау ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері
Тыңдалым Айтылым
Оқу мақсаты 2.1.3.1
2.2.3.1
Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1-1,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фотосюжетті суреттерсызбалар таңдаусипаттау
Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда қызығушылығы бойынша сұхбаттасына сұрақ қою, диалогке қатысу барысында этикет сөздерді қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
Білім алушы
• Сәйкес суретті анықтап, сұрақтарға жауап береді • Тақырып бойынша диалогке қатысады
Білу және түсіну Қолдану
20 минут
Тапсырма
Тыңдалым
1. Ажар мен Жандос туралы ақпаратты мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
Ажар:
- Менің атым – Ажар. Мен спортпен айналысамын. Күнде таңертең жаттығу жасаймын, жүгіремін. Маған мәнерлеп сырғанау спорты ұнайды. Мен атақты спортшы болғым келеді.
Жандос:
- Менің атым – Жандос. Маған жүзу спорты ұнайды. Жүзгіштер – өте мықты, шыдамды адамдар. Мен сенбі, жексенбі күндері бассейнге барамын.
1) Мәтін бойынша кейіпкерлер мен олардың іс-әрекетін сәйкестендір.
Ажар сенбі, жексенбі күндері бассейнге барады.
демалыс күндері шаңғы тебеді. Жандос
күнде таңертең жаттығу жасайды, жүгіреді.
29
2) Мәтінде айтылған спорт түрлерін бейнелейтін суреттерді белгіле ( ) .
Айтылым
2. Тірек сөздерді пайдаланып, жұбыңмен Спорт тақырыбында диалог құрастыр.
Тірек сөздер: спортпен айналысу, спорт түрі, жаттығу жасау, болу үшін, ұнайды, мықты, денсаулыққа пайдалы.
Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Сәйкес суретті анықтап, сұрақтарға жауап береді
1
бірінші кейіпкерге қатысты әрекетті анықтайды;
1
екінші кейіпкерге қатысты әрекетті анықтайды;
1
мәтін мазмұнына сәйкес келетін бірінші суретті анықтайды;
1
мәтін мазмұнына сәйкес келетін екінші суретті анықтайды;
1
Тақырып бойынша диалогке қатысады.
2
сұхбаттасына сұрақтар қояды;
1
сұхбаттасының сұрақтарына жауап береді;
1
тірек сөздерді орынды қолданады;
1
сұрақ қоюда және сұраққа жауап беруде тілдік нормаларды сақтайды.
1
Барлығы
8
30
Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
Оқылым Жазылым
2.3.2.1 Шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым фразалардыңсөйлемдердің мағынасын түсіну
2.5.1.2 Мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі көптік тәуелдіксептікжіктік жалғаулы сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолдану
Білім алушы
• Сөздердіңсөйлемдердің мағынасын ажыратады
• Тәуелдік және жіктік жалғауларын орынды пайдаланады
Білу және түсіну Қолдану
20 минут
Тапсырма.
1. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Бір күні үй жануарлары дауласа бастайды.
- Мен ең пайдалы жануармын, – дейді жылқы. – Мен адамға ет, қымыз беремін. Адамдар мені көлік етеді.
- Адам менің сүтімнен кұрт, май жасайды. Жүнімнен киім тігеді, – дейді қой.
- Мен адамға шұбат беремін. Мен ең шыдамды және пайдалы жануармын, - дейді түйе.
Дауға басқа жануарлар да араласады.
1) Мәтін не туралы?
А) жануарлардың достығы туралы В) жануарлардың дауласуы туралы С) жануарлардың қоректенуі туралы D) жануарлардың төлдері туралы
2) Мәтін бойынша берілген дұрыс және бұрыс сөйлемдерді анықта. Белгіле ( ).
Дұрыс Бұрыс
Адам қойды көлік ретінде пайдаланады.
Түйенің сүтінен шұбат жасалады.
32
Жазылым
2. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз.
Керекті сөздер: күйшімін, домбырам.
Менің ... . Мен ...
Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Сөздердіңсөйлемдердің мағынасын ажыратады және мағынасына қарай орынды қолданады
1
мәтіннің тақырыбын анықтайды;
1
мәтіннің мазмұнына қатысты дұрыс сөйлемді анықтайды;
1
мәтіннің мазмұнына қатысты бұрыс сөйлемді анықтайды;
1
Тәуелдік және жіктік жалғауларын орынды пайдаланады
2
тәуелдік жалғауы жалғанған сөзді анықтап жазады;
1
жіктік жалғауы жалғанған сөзді анықтап жазады.
1
Барлығы
5
33
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта Қазақ тілі (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Қазақ тілі пәні бойынша (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1-4 сыныптар).
3. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы - 40 минут Балл саны - 15
Айтылым бөлек тексеріледі.
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар сұрақтарды, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерденсұрақтардан тұруы мүмкін.
Бірінші тапсырма тыңдалым дағдысын, екіншісі-айтылым, үшіншісі-оқылым, төртінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
35
4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым
1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Менің атым – Нұрбек. Мен спортпен айналысамын. Күнде таңертең жүгіремін. Жаттығу жасаймын.
Әкем маған бокс қолғабын сыйлады. Мен қазір бокс үйірмесіне барып жүрмін. Мен өскенде боксшы болғым келеді. Боксшылар – мықты спортшылар. Мықты спортшы болу үшін дұрыс тамақтану керек. Спортпен айналысу керек.
Спорт - денсаулыққа пайдалы.
1) Мәтінге сүйеніп, берілген сөйлемдердің ретін анықта және нөмірле (1,2,3).
Сөйлемдер Реті
Нұрбек боксшы болғысы келеді.
Әкесі бокс қолғабын сыйлады.
Нұрбек бокс үйірмесіне барады.
[3]
Балл қою кестесі
Тапсырма №
Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
1
1 – Әкесі бокс қолғабын сыйлады.
1
2 – Нұрбек бокс үйірмесіне барады.
1
3 – Нұрбектің боксшы болғысы келеді
1
Барлығы
3
Айтылым
2. Сұрақтардың көмегімен Нұрбек туралы әңгімеле. 1) Нұрбек күнде таңертең не істейді?
2) Әкесі оған не сыйлады?
3) Нұрбек қай спорт түрімен айналысады? 4) Оның кім болғысы келеді?
5) Жақсы спортшы болу үшін не істеу керек?
[4]
37
Балл қою кестесі
Тапсырма №
Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
2
Білім алушының ықтимал жауаптары: Нұрбек таңертең жаттығу жасайды, жүгіреді. Әкесі оған бокс қолғабын сыйлады. Енді ол боксқа барып жүр. Нұрбек өскенде боксшы болғысы келеді. Боксшы болу үшін дұрыс тамақтану, спортпен айналысу керек.
4
Мәтіннің мазмұнына қатысты басқа сөйлемдер де қабылданады.
Сұрақтардың негізінде жүйелі мәтін құрастырып айтады - 1 балл. Сөйлемдердің құрылымын сақтайды -1 балл.
Әңгімелеу барысында сөздер мен сөз тіркестерін орынды қолданады - 1 балл. Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды - 1 балл.
Барлығы 4 балл қойылады.
Барлығы
4
Оқылым
3. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Қыс келді. Балалар қысқы демалысқа шықты. Нұрбол ауылда тұратын атасы мен әжесіне барды. Ауылда Нұрбол атасына көмектесті. Ауылдағы достарымен шаңғы тепті, хоккей ойнады. Нұрбол ауылда бір апта демалды.
Ол қысқы демалысын көңілді өткізді.
1) Мәтін не туралы? А) ауыл туралы
В) демалыс туралы С) қыс туралы
D) хоккей туралы
[1] 2) Мәтін қай үлгіде жазылған?
А) өлең В) ертегі С) әңгіме
D) жұмбақ
[1]
3) Мәтін бойынша 1 дұрыс және 1 бұрыс сөйлем құрастырып жаз.
Дұрыс сөйлем: _______________________________________________________________
Бұрыс сөйлем: _______________________________________________________________
[2]
38
Балл қою кестесі
Тапсырма №
Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
3
В
1
С
1
Білім алушылардың ықтимал жауаптары: Дұрыс сөйлем:
Балалар демалысқа шықтыНұрбол ауылға бардыНұрбол атасына көмектесті Нұрбол достарымен ойнадыОл шаңғы тепті, хоккей ойнады.
1
Мәтіннің мазмұнына қатысты басқа да дұрыс және бұрыс сөйлемдер қабылданады.
Бұрыс сөйлем:
Балалар жазғы демалысқа шықтыНұрбол қалада демалдыНұрбол ауылда екі апты болдыНұрболдың демалысы көңілсіз болды.
1
Барлығы
4
Жазылым
4. Кестеге сүйеніп, сурет бойынша 2 сөйлем құрастырып жаз.
Қандай?
Не?
Не істеді?
1) _____________________________________________________________ 2) _____________________________________________________________
[4]
39
Балл қою кестесі
Тапсырма №
Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
4
Білім алушының ықтимал жауаптары:
Қызыл әтеш сөйледіСүйкімді балапан тыңдадыСары балапандар ойнадыАқ тауық қарады Үлкен тауықтар сөйлестіБиік үй тұрӘдемі ағаш өсті.
4
Суретке қатысты кез келген дұрыс сөйлемдер қабылданады.
Әр сөйлемге 1 балл қойылады.
Сөйлемдерді сауатты жазады – 1 балл.
Сөйлемдерді бас әріптен бастап жазады және
тиісті тыныс белгіcін қояды – 1 балл.
Барлығы
4
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қаламқарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
40
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
Қоршаған орта ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
Тыңдалым Айтылым
2.1.3.1Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1-1,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фотосюжетті суреттерсызбалар таңдаусипаттау
2.2.2.1 Сюжетті сурет негізінде сөйлеу (2-3 сөйлем)
Білім алушы
• Сәйкес суретті анықтап, сұрақтарға жауап береді • Сюжетті сурет бойынша әңгімелейді
Қолдану
20 минут
Тыңдалым
1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Мен досыммен ауылдың қасындағы орманға бардым. Күн ашық. Біз орманда серуендедік. Әр түрлі жануарлар мен құстарды көрдік.
Бір кезде аспанда қара бұлттар пайда болды. Содан соң қатты жаңбыр жауды. Біз ағаштың астына тығылдық.
Жаңбыр басылды. Аспанға кемпірқосақ шықты. Біз оған қызыға қарадық.
1) Балалар қайда барды? А) ауылға
В) қалаға С) орманға D) тауға
2) Ауа райы қалай өзгерді? Мәтінге сәйкес келетін суреттерді белгіле ( ).
41
Айтылым
2. Тірек сөздерді пайдаланып, берілген сурет бойынша әңгіме құрастырып айт.
Тірек сөздер: ауа райы, далада серуендеу, күн ашық, жел, қалпақ, ұшырды.
Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Сәйкес суретті анықтап, сұрақтарға жауап береді
1
мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап береді;
1
мәтін мазмұнына сәйкес келетін бірінші суретті анықтайды;
1
мәтін мазмұнына сәйкес келетін екінші суретті анықтайды;
1
Сюжетті сурет бойынша әңгімелейді
2
сурет бойынша шағын мәтін құрастырып айтады;
1
тірек сөздерді орынды қолданады;
1
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
1
Барлығы
6
42
Саяхат ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері
Оқылым Жазылым
Оқу мақсаты 2.3.2.1
2.4.1.1
Шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым фразалардыңсөйлемдердің мағынасын түсіну. Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттерді қолдана отырып, мәтін құрастыру
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
Білім алушы
• Қарапайым сөйлемдердің мағынасын ажыратады • Сурет бойынша шағын мәтін құрастырады
Білу және түсіну Қолдану
20 минут
Оқылым
1. Сөйлемдерді оқы. Берілген суретке қатысты сөйлемдерді белгіле ( ).
1) Балалар демалыста жағажайға барды.
2) Балалар саяхатқа қажетті заттарды алды.
3) Балаларға табиғат аясына саяхатқа барды.
4) Балалар құмнан үй жасады, суға шомылды.
5) Балалар таза ауада демалды
44
Жазылым
2. Суретке сүйеніп, мәтінді аяқтап жаз.
Жаз келді. Алина достарымен жағажайға барды. ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________
Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Қарапайым сөйлемдердің мағынасын ажыратады
1
суретке қатысты бірінші сөйлемді анықтайды (№2);
1
суретке қатысты екінші сөйлемді анықтайды (№3);
1
суретке қатысты үшінші сөйлемді анықтайды (№5);
1
Сурет бойынша шағын мәтін құрастырады
2
әңгімені жалғастырып жазады;
1
сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады;
1
сөйлемдерді сауатты жазады;
1
бас әріп пен тыныс белгілерін орынды қолданады.
1
Барлығы
7
45
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта Қазақ тілі (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Қазақ тілі пәні бойынша (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1-4 сыныптар).
3. 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы - 40 минут Балл саны - 15
Айтылым бөлек тексеріледі.
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерденсұрақтардан тұруы мүмкін.
Бірінші тапсырма тыңдалым дағдысын, екіншісі- айтылым, үшіншісі -оқылым, төртінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
47
4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым
1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Кішкентай тасбақа теңізге баруды армандайды.
Бір күні ол жолға шығады. Тасбақа ұзақ жүреді. Таудың қасына келеді. Тауда бүркітті көреді.
- Сәлеметсіз бе, Бүркіт ағай! Мен теңізге барамын. Маған көмектесесіз бе? - деп сұрайды тасбақа.
Бүркіт тасбақаға таудан өтуге көмектеседі. Тасбақа әрі қарай жүреді. Ол орманға келеді. Орманда қоңыр аюмен кездеседі. Аю тасбақаға орманнан өтуге көмектеседі.
Осылайша, кішкентай тасбақа теңізге жетеді.
1) Мәтін не туралы? Жаз. _____________________________________________
[1] 2) Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырып жаз.
тасбақаға ______________________ өтуге көмектесті.
тасбақаға ____________________ өтуге көмектесті.
[2]
Балл қою кестесі
Тапсырма №
Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
1
Тасбақа туралы Тасбақаның арманы Көмек туралы Тасбақа
1
Мәтіннің мағынасына сәйкес кез келген дұрыс жауап қабылданады
орманнан орман
1
Жауаптың кез келген нұсқасы қабылданады.
таудан тау
1
Барлығы
3
49
Айтылым
2. Тірек сөздерге сүйеніп, сурет бойынша шағын әңгіме құрастырып айт.
Тірек сөздер: демалыс, дайындалу, ұшақ, жағажай, суда шомылу, күнге күю, көңілді.
[4]
Балл қою кестесі
Тапсырма №
Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
2
Білім алушылардың ықтимал жауаптары:
Жаз келді. Біз теңізге баруға дайындалдық. Заттарды чемоданға салдық. Теңізге ұшақпен ұшып бардық. Ол жерде суға шомылдық. Жағажайда күнге күйдік. Демалыс көңілді өтті.
4
Білім алушылардың сурет бойынша құрастырған кез келген әңгімесі қабылданады. Сурет бойынша әңгіме құрастырады – 1 балл. Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды – 1 балл. Сөздер мен сөз тіркестерін орынды қолданады – 1 балл. Сөйлем құрылымын сақтайды – 1 балл.
Барлығы 4 балл қойылады.
Барлығы
4
Оқылым
3. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Қарлығаш ұя салды. Бiрақ ұяға торғай орналасып алды.
Қарлығаш басқа қарлығаштарды көмекке шақырды. Көмек көрсетуге көп қарлығаштар келдi. Олар ұядағы торғайды қуып шықты. Қарлығаш ұясына орналасты. Достарына рақмет айтты.
Достық – үлкен күш.
50
1) Мәтінге сүйеніп, сәйкестендір.
А) ұя салды.
1) Қарлығаш
2) Торғай
В) ұяға орналасып алды.
С) достарын көмекке шақырды.
D) достарына рақмет айтты.
[4]
Балл қою кестесі
Тапсырма №
Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
3
1 – А
1
1 – С
1
1 – D
1
2 – В
1
Барлығы
4
Жазылым
4. Сурет пен тірек сөздерді қолданып, сызбаға сәйкес 3 сөйлем құрастырып жаз.
Тірек сөздер: сурет, көрсетті, жауап берді, айтты, әдемі, кеме, сұрады.
1) ______________________________________________________________________. 2) ______________________________________________________________________? 3) ______________________________________________________________________!
[4]
51
Балл қою кестесі
Тапсырма №
Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
4
Білім алушылардың ықтимал жауаптары:
1) Мұғалім сабақ түсіндірді.Мұғалім сурет көрсетті.Балалар жауап берді. Балалар таң қалды.
2) Мұғалім не көрсетті?Мұғалім не істеді?Кеме қандай?Балалар не істеді? 3) Қандай әдемі сурет! Қандай керемет! Қандай тамаша сурет!
4
Білім алушылардың сызбаға сәйкес құрастырған кез келген дұрыс сөйлемі қабылданады.
Сөйлем құрылымын дұрыс сақтағаны үшін 1 балл қойылады.
Барлығы
4
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қаламқарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
52
ɀɚɡɛɚɥɚɪԑɚɚɪɧɚɥԑɚɧɨɪɵɧ
Теруге 19.07.2017. берілді. Басуға 20.07.2017. қол қойылды. Пішімі 60х848. Кеңсе қағаз 80 грм2. Сандық басылыс. Шартты б. т. 6,3. Таралымы 18 дана. Тапсырыс № 1574
Педагогикалық шеберлік орталығы ЖМ типографиясында басылды. 010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй. e-mail: info@cpm.