Төкен Әбдірахманов 1917 жылы Семей облысы Ақсуат ауданы Қызылтас ауылында дүниеге келген. 1941 жылы Абай атындағы Қазақ педагогтық институтының филология факультетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.[1] Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің аппаратында қызмет еткен. Пионер журналының редакторы болған. 1952 жылы Абай атындағы Қазақ педагогтық институтының қазақ әдебиеті кафедрасына ұстаздық қызметке ауысты. Филология ғылымдарының кандидаты.[2]
Жарық көрген кітаптары мен шығармалары
Қарғаш өлеңдер жинағы (1952).[3]
Екі ертегі (1957).
Бекет Өтетілеуов (1961).
На заре новой эры монографиясы (1969).
Қожанасыр хикаялары (1977).[4]
Дереккөздер
Қазақстан жазушылары: АнықтамалықҚұрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: "Аң арыс” баспасы, 2009
Писатели Казахстана: Справочник Сост. Ауэзов М., Жорабеков К., Жангужина Р. — Алма-Ата: Жазушы, 1982. —280.
" Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: Аруна Ltd. ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
Мұхтар Әуезов энциклопедиясы - Алматы, Атамұра баспасы, 2011. ISBN 978-601-282-175-8