Қалыбай Тасқұлов (15.8. 1922 жылы т., Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Асықата кенті) - 2-дүниежүз. соғысқа қатысушы, барлаушы. Қалыбай 1942 жылдың қаңтарынан 65-армия 69-атқыштар дивизиясы 120-атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы 15 қазанда Днепр өзенінен (Украина, Чернигов облысы Репки ауданы Радуль кентінің маңы) алғашқы өткен десантшы-жауынгерлер тобының құрамында көрсеткен ерлігі үшін Тасқұловқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (30.10.1943). 1944 жылы кіші л-ттар курсын бітірді. Соғыстан кейін туған ауылында еңбек етті. Кейіннен Өзбекстан Респ. Ташкент облысы Бостандық ауданы Чахчам селосында тұрды. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған