Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жақты сөз болған.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған.
Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды.Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды.
Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады. Еңбек тәрбиесі деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу, еңбек іс – әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа мамандық таңдауға дайындауды түсінді. Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға пайдалы , өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Қазақ отбасы баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді.
Сондай-ақ, қазақ отбасында адам зиялылығының негізі – ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, негізі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешілді. Тәрбиенің басқа да салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық тәрбиеге де қазақ халқы ерекше мән берген. Қазақ халқы бала тәрбиелеуде экономикалық тәрбие деген ұғ,ымды пайдалабағанымен, тәрбиенің бұл түрі отбасында мақал, өсиет айту, өнеге көрсету арқылы жүзеге асқан. Мысалы, Еңбегі қаттының ембегі тәтті, Еңбек- өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі, Еңбек – түбі береке, Үнемшілдік-сараңдық емес, Ескі киімді баптағаның, жаңа киімді сақтағаның, Сараң дүниенің малын жыйса да тоймайды деген мақалдары дәлел бола алады. Бұл ата-бабамыздың экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде екенін жақсы түсінгенін байқатады. Қазақ отбасында экономикалық тәрбие арқылы айырбас, бөлісу және табыс табу сияқты негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгеру жүзеге асты.
Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына үйрету арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып табылатын үнемшілдікке, тәуекелшілдікке үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған.
Қазақ халқының күнделікті кәсібінде, тұрмыс- тіршілігінде төрт-түлік мал бағу, аң аулап кәсіп етуді ұйымдастыруында да экономикалық тәрбиенің нышандары айқын аңғарылады.. Мәселен, Мал өсірсең – қой өсір, өнімі оның көл-көсір деп қой малының пайдасының зор екенін ұғындырса, ешкінің өсімталдығымен оның да пайдасы көп екендігін: Есің кетсе ешкі жи, ешкі жи да, есіңді жи деп нақты ұғымды кеңестер береді.
Ал, ата-бабаларымыздың қоршаған ортаны аялауы мен оған деген,ізгі, мейірбан қарым-қатынасын мақтанышпен айтуға тұрады. Себебі олар көшпенді өмір сүргендіктен әркез өздерін табиғаттың бір бөлігіміз деп есептеген. Жер Анаға деген құрмет пен ізет олардың санасында ғасырлар бойы қалыптасқан.
Сондықтан, экологиалық нормалардың, ережелердің қажеттілігін жастардың мінез-құлқында тәрбиелеу және экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру әрекеттері қазақ отбасында бала аяғы шығып, апыл- тапыл жүре бастаған кезден-ақ қолға алынған. Мысалы, баланың тұсауын көк шөппен кесудің терең тәрбиелік мәнімен бірге тірі табиғатқа деген көзқарасын білдірген. Қазақ отбасындағы тәрбие құралдарының бірі болып есептелетін тыйым сөздердің мазмұны ата-бабаларымыздың экологиялық тәрбиеге зор мән бергенінің дәлелі болып табылады. Мәселен суға дәрет сындырма, көк шөпті жұлма, отқа түкірме және т.с.с.
Қазақ халқы адамның сұлулық сезімдерінің тұлға өмірінде зор рөл атқаратынын жете түсінген.Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады және өнер деп білген.Қазақ отбасындағы сұлулық тәрбиесінің мақсаты баланы көркемдік пен сұлулықты тануға, оған баға беруге, күнделікті өмірдегі адамның жеке басының, қатынас, үй-жағдай және киім-кешек мәдениетін,сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасуының қалыптастыру және талғампаздыққа тәрбиелеуді көздеді.
Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген . Оны жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілікке арту әдістерін шебер пайдаланған. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген. Сондай-ақ қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор.Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтын бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне сен деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептемейміз. Және қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке- жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі.
Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған.
Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген заңдары әке мен ұлдың, шеше мен қыз баланың, әке мен қыздың , қыз бен жеңгенің, келін мен ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, бажа, жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым- қатынастары әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті.
Егер жапон халқы басқалар үшін тұйық халық болса, онда ағылшын халқы басқаларды қойып, өз ішінде тұйық халық. Олардың отбасындағы әр адам жеке өмірінің құпия болғанын қалайды. Бір сөзбен айтсақ, ағылшындықтардың жаны-өз үйінен де жақын, яғни берік қамалмен тең. Басқа халықтар үшін жанұя қиыншылық пен қуанышты бірге бөлісетін ең басты байлық болса, ағылшын халқы қиыншылық кезінде жақындарынан көмек күте қоймайды. Тіпті жақындарына көмек көрсетуді өз жауапкер- шіліктеріне алмайды.
Ағылшын халқында ең алғашқы сәби дүниеге келісімен (бай болса да) отбасындағы бар байлық тек сол балаға ғана мұраға беріледі. Оның басқа іні, сіңлілері болғанымен оларға ештеңе берілмейді олар өз тірліктерін өздері жасайды. Француздар мен немістерге қарағанда ағылшындар қыз баланың жасауына да аз көңіл бөлген. Олар баланың өмірін қамтамасыз еткеннен гөрі, олар талпынған сәтте ұядан итеруге әрекет етіп, өздіктерінен ұшуға жағдай жасайды.
Ағылшын әжелері өз немерелерін өте жақсы көргенімен, тек сенбі, жексенбі күндері ғана немерелерін қонаққа шақырып, күтеді немесе ата-аналары демалыста жүргенде бір-екі апта ғана немерелеріне қарайды. Бірақ олар тегін және үнемі бала бағушы болуға ешқашан да келіспейді.
Ағылшын отбасы баланы ішкі әлемінен аз қорғайды. Олар баланы өз ортасында, өз құрбыларымен қатар өскендіктерін қалайды. Сол себепті бала кішкентай кезінен бастап өз өзіне жауап бере алатын және әлеуметтік жауапкершілігі бар тұлға болып қалыптасады.
Ағылшын жасөспірімінің білімі аз болғанымен, қарым-қатынаста адамгершілік қасиетінің жоғары екенін, үлкендер арасында басқа шет елдік құрбыларынан гөрі өзін өте жақсы ұстай алатындығын көрсете біледі. Өзінің жанұясына жақындығы да аз сезіледі, алайда қоршаған әлеуметтік ортада өзінің құқығы мен міндеттерін жақсы біледі.
Әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу Британияда ең басты адамгершілік характердің бірі болып есептеледі. Саяси-қоғамдық жауапкершіліктер белгілі бір жаттығулар мен оқытудың арқасында емес, олар бала бойына ағылшын біліміне бағытталған тәрбие мен әр түрлі бағыттағы еркін еңбектің өмірлік тәжірибелері арқылы сіңіріледі.
Өз қалау бойынша еңбекке араласу ағылшындықтар үшін кең таралған және игі іс болып есептеледі. Өз сөздеріне қарағанда ағылшындықтар қызметтік міндеттемесі жоқ кез- келеген жұмысқа өте үлкен ықыласпен беріледі, ал қоғамдық міндет олар үшін әлеуметтік хобби.
Қорыта айтқанда, ағылшындықтарУ.Черчиллидің : Егер жалғыз ағаш тірі қалса, ол мықты болып өседі деген сөзін көп қолданғанды жақсы көреді екен. Ал Лондонда: Француз жанұя мен мемлекет тұрғысынан ойласа, ағылшындықтар үшін жеке тұлға мен қоғам ең басты бағыт. Бүгінде жаңашыл Ұлыбритания мектептерінде адамгершілік пен ұлтжандылық тәрбие мәселелерін қарастыратын жаңа реформа жасалған.
Анам мен әкемнің тоғыз балалары бар. Он жеті немерелері, үш шөбересі бар. Мен атамның төртінші ұлының қызымын. Біз бір әкеден екеуміз. Менің туған әпкемнің аты Елнұр. Ол жиырма бір жаста. Мамандығы бойынша заңгер. Қазыр ол Әкімшілік сотында жүмыс істейді. Қазыр біз атамның қара шаңырағына ие болып отырған Жанат деген ағамның қолындамыз. Және де бізбен бірге әкемнің қарындасы, біздің әпкеміз тұрады. Біз әрдайым сол кісінің тілін алып, онымен ақылдасып, сырымызды айтамыз.
Біздің қазіргі тұратын жеріміз Алматының шетінде Алмалы-бақ деген жер. Ол жердің табиғаты өте тамаша. Біздің үйде отыздан астам ағаштың түрі бар. Жазды куні есіктің алдына киіз үй құрамыз. атамның балалары мен немерелері жиі үйге келіп тұрады. Әртүрлі мейрамдарды, туған күндерімізді бәріміз бірге тойлатамыз. Мен апайларым, ағаларымды, інілерімді өте жаксы көремін. Біз өте тату-тәтті өмір сүреміз. Әр-қашанда бір-бірімізге көмектесеміз. Отбасымыздың ең улкенін тыңдап, үнемі ақылдасып отырамыз.
Мен өзімнің отбасымды мақтан тұтамын, және де осындай улкен отбасымның денсаулықтары мықты болып, бақытты өмір сүрулерін тілеймін. Алла тағалам оларды қорғап, көмектесуін әрдайым тілеймін.