Абдуллин Хамза (1919-2001) 10 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданында туған. 1932-1936 жж. Омбы қаласындағы ауыл шаруашылығы жұмысшылар факультетінде оқиды. Бітірген соң Қызылжарда (Петропавлда) облыстық Халық ағарту бөлімінде қызмет істейді. 1937-1940 жж. Алматыдағы Коммунистік Журналистер институтында оқып, оны тамамдағаннан кейін, Социалистік Қазақстан газетінде, Солтүстік Қазақстан облыстық газетінде, Жаңа фильм журналында бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. 1941 жылы әскерге алынып, Ұлы Отан соғысына қатысады. Соғыстың алғашқы жылдарында тұтқынға түсіп, концлагерьдің тауқыметін басынан өткереді. Кейін Мұстафа Шоқай ұйымдастырған Түркістан легионының қатарында болады.Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: Ана тілі баспасы ЖШС. 2004 – 392 бет.
Абдуллиннің алғашқы өлеңдері, очерктері, әңгімелері мен фельетондары 1936 жылдан бастап баспасөз бетінде жарық көре бастаған. 1940 жылы Бүкілқазақстандық әдеби конкурсқа қатысып, Шойын жолда атты дастаны бірінші бәйгеге ие болды.
Абдуллин шығармашылығының негізгі саласы – көркем аударма. Солардың елеулісі – Грузияның ұлы ақыны Шота Руставелидің Жолбарыс тонды жиһанкез дастаны. [1]
Пайдаланған әдебиет
Қазақстан жазушылары: АнықтамалықҚұрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: "Аң арыс” баспасы, 2009