Теміртау - Қарағандының солтүстік батысында 35 шақырымдай Нұра өзенінің сол жағында орналасқан Қарағандының серіктес қаласы. Қала 1945 жылы 1 қазанда бұрынғы Самарқанд поселкасы базасының орнына Теміртау қаласы болып құрылған, оның орысша аудармасы Железная гора, мұнда Қазақстан магниткасы деп атайтын Қазақ металлургия зауыты өмірге жолдама алған. Қаланың және оның өнеркәсіп обьектілерінің құрылысы Қарағанды көмір бассейнінің игеру мерзімімен байланысты. Қиын қыстау соғыс жылдары КСРО-ның көптеген өнеркәсіп аудандары жаудың қолында қалғанда, Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Қарағандықаласының жанынан металлургия зауытының құрылысы туралы шешім қабылдады. 1944 жылы 31 желтоқсанда Қазақ металлургия зауыты іске қосылды. Қазіргі кезде қала аумағы 29610 га құрайды, онда 175267 адам тұрады. Өзінің экономикалық ерекшелігі бойыншаТеміртау қаласы дамыған инфрақұрылымдарымен ірі индустриалдық орталық болып табылады, қалада 1201 кәсіпорын жұмыс істейді. Теміртау қаласының өнеркәсіптік өндірісінің құрылымы төмендегі салаларды ұсынады: металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеу, химия өнеркәсібі, тамақ және ұн тарту өнеркәсібі, электрэнергетикасы, басқа да металл емес минаралды өнімдердің өндірісі. Теміртау Қазақстанда және одан тысқары жерлерде оның еңбек қызметінің едәуір бөлігі өткен Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қаласы. Қарағанды облысына келген кезде Мемлекет басшысы әрдайымТеміртау қаласына барып, Қазақстан Магниткасының еңбек ардагерлерімен және жұмысшы жастарымен, Қарағанды металлургия институтының оқытушыларымен және студенттерімен кездеседі. Теміртау-Республикадан тыс жерлерге танымал керемет шығармашылық ұжымдардың және мәдениеті жоғары дамыған қала. Мәдени мекемелер күн сайын теміртаулықтарға жан-жақты демалыс сәттерін ұсынады. Ол – балалар мен жасөспірімдер театры; тарихи-өлкетану мұражайы, Қалалық мәдениет сарайы; мәдени және демалыс бағы; Нашар еститіндердің Мәдениет үйі, Ақтау мәдени бос уақыттарын өткізу орталығы; екі кинотеатр. Теміртау қаласының аумағында қалаға ерекше көрік беретін мәдени ескерткіштер орнатылған, бұл Балалар мен жасөспірімдер театры; Мәдениет үйінің ғимараты; Ұлы Отан соғысында қайтыс болған теміртаулық жауынгерлерге арналған ескерткіш.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Менің сүйікті қалам Теміртау. Теміртау өте әдемі,үлкен,керемет ғимараттары бар қала. Темиртау қаласында Металлургия өндірісі дамыған. Мұз айдыны бар , мусулмандар мешіті бар, жаңадан ашылған Тұңғыш Елбасымыздың мұражайы бар. Қаламызда қысқы және жазғы бақтары бар. Әр ықшамаудандарда балалар ойын аландары бар. Теміртау қаласының бий өнері өте дамыған. Мәселен Вдохновение тобы барған сайыстарда тек қана жеңістермен оралады. Теміртау спорт аумағында бірінші орындарға ие.
Санат: KZ портал Қазақша Шығармалар жинағы