Қантты диабет ұйқы безі гормонының, яғни инсулиннің жетіспеушілігі кезінде немесе тіндердің инсулинге деген сезім тамығы төмендеген кезде туындайды. Диабет тұқым қуалаушылық жолмен немесе ұйқы безі ауруында дамиды. Диабет - тойып тамақ жеу немесе семіздікке шалдықтыратын жануар майын, жеңіл сіңірілетін көмірсуларды шамадан көп қолданғанда және басқа да тиімді тамақтану шарттары бұзылғанда дамиды. Қантты диабет негізінде көмірсу алмасуының бұзылуы жатыр: жасуша мен тіндердің глюкозаны сіңіруінің бұзылуы, май мен ақуыздан, бұлшық ет пен бауырдағы глюкогеннен глюкозаның түзілуінің күшеюі. Нәтижесінде қандағы канттың мөлшері көбейеді және несеппен бірге қанттың бөлінуіне алып келеді. Диабетке шалдыққан науқастарда май алмасуы бұзылады, бұл қанда тотықпаған майлардың кетон денелерінің жиналуына соқтыруы мүмкін. Қандағы ақуыз алмасуы өнімдерінің артуына әкелуі мүмкін, яғни метаболикалық ацитоз дамиды. Осының барлығы ағзаның өздігінен улануына және диабеттік комаға ұшыратуы мүмкін. Қантты диабет атеросклерозбен, бүйректің зақымдалуымен, бауырдың майлы инфильтрациясымен асқынуы мүмкін. Диабеттің жеңіл түрі болғанда емдеу факторы - тек дұрыс тамақтану, ал орташа және ауыр түрлерінде аталмыш сырқат инсулинмен және басқа да дәрі-дәрмектермен емделеді.
Қантты диабетке шалдыққан науқастарға №9 емдәм сынама немесе тұрақты түрде тағайындалады, қалыпты жағдайда ақуыз 90г, май 80 грамға дейін шектеледі, негізінен жануар тектес және көмірсу мөлшерін (300-350 г) азайту, жеңіл сіңірілетін тағамдар есебінен негізінен қант және құрамында қанты бар азық-түліктер беріледі.
Емдәм үшін NаСІ және холестериннің мөлшерін шектеу, дәрумендер мен липотроптық заттардың, клетчатка, пептиндер, алмастырылмайтын май қышқылдарын арттыру керек. Тамақтану уақыты белгілі бір уақытта күніне 5-6 рет болуы керек, ол көмірсулардың біркелкі ыдырап таралуына байланысты. Тамақтанудағы тиімді қуаттылық құндылық мүмкіндігінше мынадай болуы керек: таңертеңгі ас - 20%, 2-ші таңертеңгілік ас - 10%, түскі ас - 30%, сәскелік ас - 10%, г кешкі ас - 20%, түнгі ас - 10%. Инсулинді енгізгенде тағам режимі иньекцияның санына, уақытына және мөлшеріне байланысты. №9 емдәмге көмірсудың жалпы мөлшері есебінен ксилит, сорбит, фруктоза енгізіледі. Десерттік тағамдар мен сусындарға дәмін келтіру үшін сахарин қосады. Тою сезімін күшейту үшін жалпы рациондағы көмірсу есебінен емдәмге құрамында көмірсуы аз көкөніс, жеміс-жидек енгізу керек. Диабеттің ауырлығына байланысты. №9емдәмді өзгертуге солады, бұл науқастың қосымша ауруларына, еңбекке жарамдылығына, жасына, дене салмағына, жынысына және инсулиндік емге байланысты. Бұл кейбір тағамдар мен азық-түліктерді алып тастау жолымен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, диабетпен ауыратын науқастардың тағамдық заттар есебінен дене еңбегімен айналысуына байланысты №9 емдәмге қуаттық қажеттілікті арттыру керек. №9 емдәм диабет жеңіл және орташа түрде болса, дене салмағы қалыпты немесе азғантай артық болғанда, науқас инсулин қабылдамаса немесе аз мөлшерде (20-30 бірлік) қабылдаса ғана тағайындалады. Емдәмдегі көмірсулар дұрыс сіңірілуі үшін инсулин мен басқа дәрі-дәрмектердің мөлшерін таңдау қажет.
Қантты диабеттің орта және ауыр түрімен ауыратын науқастар емдәмдегі көмірсуларды нан, жарма, картоп, көкөніс, жеміс-жидек арқылы 400-450 грамға дейін көтереді. Сонымен қатар ақуыз мөлшері 100-110 г және май мөлшері 85-90 грамға арттырылады. Кетон денелері көбейіп кетсе, май азайтылады. Егер инсулин күніне 2 рет енгізілсе (таңертеңгі асқа дейін және күндіз асқа дейін), онда барлық көмірсулар 65-70 пайызға дейін көбейтіледі.
Инсулин таңертең. күндіз, кешке - 3 мезгіл қабалданатын болса, онда көмірсулар мөлшері үш рет тамақтану кезінде бірдей мөлшерде болуы керек. Инсулинді енгізгеннен кейін асты 2 рет ішу керек: 15-20 минуттан кейін және 2-3 сағаттан кейін - бұл инсулиннің барынша қатты әсер ететін кезі. Бұл үшін аз-аздап тамақтанып, 2-ші таңертеңгілік және 2-ші кешкі ас құрамына көмірсуы бар тағам өнімдері болуы керек: ботқа, картоптан дайындалған тағамдар, көкөніс, жеміс-жидектер, сусын, қышқыл сүт, сүзбе немесе басқа заттарды нан қосып жейді.
Емдәмдегі тағам өнімдерінің басқа тағамдармен алмастырылуында көмірсу мөлшері бірдей болып, нандық бірліктермен өлшенеді.
Нан бірлігі - бұл көмірсудың 12 грамының сіңірілуі (глюкоза, фруктоза, лактоза, сахароза, крахмал), сонымен қатар сорбит және ксилиттің сіңірілуі. Дегенмен инсулин организмде фруктоза, сорбит, ксилиттердің алмасуына қатыспайды, олар қуатты қажет етеді, ағзада көмірсулар секілді қолданылады. Нан бірлігі 1-ші және 2-ші сұрыпты бидай ұнының 25 грамына сәйкес келеді, оның орнына 15-20 г жарма, макарон (азғантай күріш, майда жарма ботқасы, сұлы ботқасы, қарақұмық, бидай жармалары), 60-70 г картоп, 120 г қызылша немесе алма, 200 г сәбіз, қырыққабат, 400 г қияр және т.б. қолданылады.
№9 емдәмде көмірсуларға баға беру үшін мына жағдайларды ескеру қажет:
1) емдәмде жеңіл сіңірілетін көмірсулардың (крахмал) болуы. Қантты диабеттің жеңіл түрінде кант және қант өнімдері бар тағамдарды қолданбайды, ал орта және ауыр деңгейдегі диабет кезінде инсулиндік еммен қатар 20-30 г қант беріледі.
2) көмірсу көздеріне, витаминдерге, минаралды заттарға бай тағамдарға, азық-түлік талшықтарына - нан ұнтағына, жармаларға, бұршақ түқымдастарға, көкөністерге көңіл бөлу.
3) диабет кезінде көмірсуларды бірден шектеу бауырдағы гликогеннің ыдырауына алып келеді. Сондықтан көмірсулар тәуліктік? қуаттық қажеттілікте 55% шамасында болуы керек. Өйткені май мен ақуыздардан глюкоза түзіліп, қанда көбейіп кетуі мүмкін. Көмірсулар әсерінен күнделікгі дәмдегі май мөлшері азаяды. Көмірсуларды бақылаусыз, көп мөлшерде қолдану зиян және гипергликемия мен ұйқы безінің инсулярлық аппараттына шамадан артық салмақ түсуіне алып келуі мүмкін.
Қантты диабетің асқынуларында консулин шамадан артық енгізілгенд, көмірсулар жетіспеген кезде тамақтану. Бұл жағдайда гипергликемиялық ахуал: қанда қант деңгейінің төмендеуі, әлсіреу, ашығу сезімі, қалтырау, суық тер шығу, естен тану орын алуы мүмкін. Бұл жағдай қант, бал, тәтті шай, компот, т.б. ішкен соң қайта қалпына келеді. Күніне 6 рет гипогликемиялық тағам қолданылады. Кешкі ас алдында инсулин енгізілсе, онда тамақтануды кейінге қамыру керек.
Зат алмасудың 4 терең бұзылысында(кетоз, метаболикалық акидоз) прекоматозды жағдайлар тууы мүмкін. Олар: әлсіздік, бас ауыруы, селқостық, ұйқышылдық, жүректің айнуы. Бұл кезде интенсивті инсулиндік ем қолданылады, емдәм құрамындағы майды күніне 20-30 грамға дейін немесе мүлде шектеп, ақуыздарды 40-50 фамға дейін төмендетеді. Емдәмде 200-300 грамға дейін көмірсу, әсіресе жеңіл сіңірілетін компот, қант, бал, қайнатпалар, көкөніс, жеміс - жидек, олардан даярланған сусындар болады. Желатинді сұлы, күрішті көкөніс және көмірсулы жеңілдететін күндер тағайындалады. Диабеттік кома кезінде тамыр ішіне глюкоза мен инсулин енгізіледі, комадан шыққаннан кейін алғашқы емдәм күндері негізінен кемірсулардан тұратын тағамдар: ботқа, картоп, ұннан даярланған тағамдар, көкөніс, әртүрлі тағамдар есебінен болуы керек. Одан әрі күнделікті дәмге жануар ақуызын, липидтік заттардың көзі болып табылатын сүзбе, треска, жұмыртқаның ақ уызы енгізіледі. Емдәмге күніне 40 г ксилит енгізіледі, ол антикетогенді әсер береді. Біртіндеп емдәмде май мөлшері көбейтіледі, бірақ кетоз бітпейінше 40-50 грамнан аспауы керек.
Қантты диабет қосымша аурулармен қатар жүргенде аралас емдәм немесе №9 емдәм кейбір өзгерістер енгізіліп тағайындалады. Диабет бауыр және өт жолдарының сырқаттарымен қатар болғанда, №5/9 емдәм тағайындалып, №5 емдәмдегі жеңіл сіңірілетін көмірсулар азайтылады. Қантты диабет семіздікпен қатар жүргенде емдәм аса маңызды. Дене салмағының азаюы диабеттің ағымына жағымды әсер етеді, көбіне тіндердің инсулинге сезімталдығы төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар жеңілдетілген күндер де қолданылады.