Міне, үш ай жазғы демалыстан шығып, жаңа оқу жылына зейін қоямыз деп жүргенде, күздің суық та қоңыр күндерінің қалай өткендігін де байқамай қалыппыз.
Менің де, менің достарымның да ең сүйікті мезгілі – қыста келіп жетті.
Жапалақтап жауған қар,сықырлаған аяз,ақ жамылған жердің беті мені қатты сағындырды. Әсіресе,демалыс күндері достарыммен шығып аққала жасау, қар лақтырысып ойнау,шанамен сырғанау – менің сүйікті ермегім. Ал кей кездері анаммен өзіміздің Жайық өзенінің жағалауындағы мұз айдынына барып коньки тебетініміз бар.
Қызықты да қуанышты күндерімнің көбі осы мезгілмен байланысты болғандықтан, қыс мезгілін жақсы көремін.