Еліміздің болашағы жастардың қолында

Скачать

Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлайды. Тәулсіздікке жету оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының арман-мұраттарының орындалуы. Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен күш берді. Біздің өз еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуімізге жол ашылды. Халқымыз қазақ болып, ұлт болып қалыптасуы жолында да, одан кейінгі кезеңдерде де талай қиямет-қайым күндерді де, талай қилы замандарды, кескілескен шапқыншылықтарды да бастан өткерді. Білектің күшімен, найзаның ұшымен соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір сүрудеміз.
Тәуелсіз Қазақстан, Қазақстан Республикасы. Неткен керемет, киелі ұғымдар. Бұл ұғымдардан, отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгін біз қанатын кеңге жайған, көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезіммен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда. Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз алтын шаңырағымыз да осында. Жарастығымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да қиясы, махаббатымыздың да ұясы-Қазақстан.
Талай-талай қас батырлар жанын қиып, талай арулар махаббат құрбаны болған талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шантанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз Қазақстан.
Қазақстан тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші. Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұмдық соғыс та өтті. Әсіресе ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңмен есте сақталды. Сонау ел басына түскен нәубет жылдары тарыдай шашырап кеткендердің елге оралған сәттегі туған жерді, ата-бабаларының кіндік қаны тамған топырақты құшарлана сүйген сәттегі бейнелерін көргенде қалай толқымассың?!
Еліміздің болашағы жастардың қолында.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін! -деп өршіл ақын Мағжан Жұмабаев болашаққа, жастарға үлкен сенім артты емеспе? Ақынның  өлеңде келтірген көркем сөздеріне лайық болатынымызға сенемін! Елімніғң ертеңінен, болашағынан жүрегім қорықпайды, керісінше қуанады, ендеше келешегім нұрлы болмақ. Оған негіз-бүгінгі арыстандай, жолбарыстай, қырандай күшті жас ұрпақтардың  біздің бүгінгі әдемі әрекеттеріміз, ұтымды ұмтылыстарымыз. Мен Қазақстар Республикасының азаматшасы екенімді мақтан тұтамын. Еліміз тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде көптеген жетістіктерге жетіп, еліміздің әлеуметтік, экономикалық жағдайы күннен күнге жақсаруда. Осының барлығы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің іскерлігінің, көрегендігінің арқасы деп ойлаймын. Осындай елде тұрып, білім алып, неге елімді әнге қосып жырламасқа:
Қазақстан арқа сүйер тірегімдей,
Құшағы, көңілі ыстық күн еліндей
Көгінде ән қалқыған, күй шалқыған
Шырқатқан ақын жанын өз елінде.
Қызғалдақ қаздар қандай жыр жүрегі,
Жалт еткен жанарынан күн күледі.
Пейілі кең даладай адамдары,
Қарайды бауырында маған бәрі.
Тасып жатқан өзендер жағасынан,
Сары белдер сағымдар арасынан
Тарайды нұрын шашып бар әлемге
Қазақтың қасиетті даласындай.


Скачать


zharar.kz