Арал теңізінің алабы

Скачать

Арал теңізінің алабы өзендері сирек, шөлді аймақта орналасқан. Теңізге Қазақстан аумағы арқылы ағып өтетін Сырдария өзені құяды. Сырдария өзені деп орталық Тян – Шянь тауларынан Нарын мен Қарадария өзендері қосылған жерінің бастауы аталады. Оның жоғарғы ағысына бірнеше сала қосылса, ал республика жерінде Арыс және Келес өзендері құяды. өзеннің жалпы ұзындығы 2212 км, оның 1400 км құмды аңғармен ағып өтеді. Арналары иір – иір, жарқабақты келеді, лессты - саздақты жыныстарды шайып әкетеді. Ағын судың тау жыныстарын шайып, ағызып әкету проццесін өзен эрозиясы деп атайды. Тау өзендерінің ағысы қатты, арнасы терең болады, оның орта және төменгі ағыстарының арнасының табанына су ағызып әкелген малта тастар, құм, тұнба шөге бастайды. Бұл тасқындарды аллювий деп атайды. Уақыт ұза келе өзен арнасы тереңдей түсетіндіктен, өзен суы тасыған кезде өзінің бұрынғы арнасына көтеріле алмай қалады. Өзеннің су көтерілмеген ескі арнасын терраса деп атайды. Өзенмен ағып келетін қатты заттың бәрі қатты ағын деп атайды. Сырдария өзенінің қатты ағыны жылына 100 млн тонна шамасында шөгіндіні ағызып алып келеді. Республикадағы суы ең лайлы өзен.
Өзендердің қатты ағынын зерттеудің практикалық маңызы бар. Өзен тасқындары суару каналдарын бітеп, су турбиналарының жұмысын қиындатады. Соңғы жылдары Сырдария суын толық дерлік шаруашылық пен егістіктің әртүрлі салаларына пайдалануға байланысты суы Арал теңізіне жетпей тартылып қалады. Қазақстан жеріндегі Сырдария өзені бойында Шардара су қоймасы, Қызылорда бөгеті, Қызылқұм, Қазалы суару жүйелері салынған.
Шу, Сарысу, Торғай және Ырғыз өзендері кішігірім көлдерге құяды, кейбір қуаңшылық жылдары да оолардың арналары кеуіп қалады.

Арал теңізі

Қазақстанның оңтүстік аймағындағы Арал теңізі көлемі жағынан екінші орынды иеленеді. Арал теңізі Тұран ойпатының тектоникалық қазаншұңқырында жатыр. Ол дүние жүзілік мұхит деңгейінен 53 метр биіктікте орналасқан. Жалпы ауданы 64,5 мың шаршы шақырым, ұзындығы 428 км, жағалаулары көбінесе ойпатты, жазық, құмды болып келеді. Арал теңізінің түбі тегіс, тұнба шөгінділі.
Арал теңізі көне заманнан бері әлемнің көптеген саяхатшылары мен ғалымдарының назарын өзіне аударды, Арал туралы алғашқы деректер Ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде ұшырасады. Грек ғалымы Птоломей теңіздің географиялық орнын дұрыс анықтап жазған. Арал теңізінің суын, табығатын жан – жақты зерттеуге орыс ғалымдарының сіңірген еңбегі зор. Академик Л.С. Бергтің 1908 жылы «Арал теңізі» деген үлкен еңбегі жарық көрді.
Арал теңізі аймағының қатаң контенетті, құрғақ. Жылдық жауын – шашының орташа мөлшері 100 мм. Жылдық булану мөлшері түскен жауын – шашыннан бірнеше есе көп.
Теңіз бетіндегі ауаның жаз айындағы орташа температурасы + 24 С, + 26 С, қыста – 7 С, - 13 С-ге дейін төмендейді. Қыста теңіз бетіне мұз қатады. Суының тұздылығы 14 %- промиль, соңғы жылдары теңіз суының қатты тартылып, таяздануына байланысты тұздылығы қалыпты мөлшерден артқан.
Арал теңізінің табиғи байлықтары. Теңізде балықтың 30 - дан аса түрі бар. Кәсіптік маңызы бар бекіре, сазан, қаяз, шабақ, ақмарқа сияқты балықтар ауланады. Соңғы уақытқа дейін Аралдан балықшылар жылына 200 мың тонна балық аулап келді. Аралға құятын Амудария мен Сырдария өзендерінің суын егістікке орынсыз пайдалану, ысырап ету салдарынан теңіз суы тартылып, айдыны тарылып барады.
Теңіздің солтүстігіндегі Барсакелмес аралында Барсакелмес қорығы құрылып, бөкен, құлан, жайран, қырғауыл т.б. аң құс түрлері қорғауға алынған.
Қазір теңіз деңгейінің күрт төмендеуіне байланысты олар басқа жаққа көшірілді.
Аралдың экологиясы. Арал теңізінің тартылып, теңіз маңайындағы аудандардың экологиялық жағдайларының нашарлауының көптеген себептері бар. Соның ішінде ең басты себеп Аралға құятын Сырдария мен Амудария өзендерінің аңғарларында суармалы егіс көлемінің жөнсіз ұлғайтылуы, су режимін дұрыс сақтамау егістік жерлердің сортандануына алып келеді. Соның салдарынан Арал теңізінің деңгейі 14, 7 м-ге дейін төмендеді. Көлдің 26 мың шаршы шақырым су табаны құрғап, орнына 2 мың гектардай жерде тұзды сортаң шөл пайда болды. Аралдың табанынан жел көтерген тұзды шаң жүздеген мың шаршы шақырым аумаққа таралуда. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда тартылған теңіз табанының 1 шаршы шақырым жерінен 8 мың тоннаға жуық тұзды шаң көтеріліп, қоршаған ортаға таралады екен. Шаңмен көтеріліп шөккен тұз топырақтың құнарын азайтып, егіс өнімін төмендетеді, ауыз судың сапасына әсер етіп, жергілікті халықтың денсаулығына зиян тигізіп отыр.
Атмосфераға зиянды заттардың шамадан тыс таралуы климатқа да өз әсерін тигізуде. Арал маңында атмосфераға ғана емес, су мен топырақ та ластанған. Теңіз маңында жас балалар өлімі көп, ересектер арасында сырқаттану басым. Әсіресе, тыныс алу органдары мен жүйке, қан айналысы жүйесі, асқазан т.б. аурулары жиі кездеседі. Жұқпалы аурулар, ішек аурулары, сары ауру қатерлі ісік, кемсі болып туылу соңғы кезде көбейіп кеткен. Байырғы тұрғындар ата – баба жерінен амалсыз қоныс аударды. Қазір Арал теңізінің эклогиялық жағдай шетел ғалымдарын да алаңдатып отыр. Арал проблемасына арналаған бірнеше халықаралық конференциялар өтіп, Аралға көмектесу жолдары іздестірілуде. 1988 жылы «ХХ ғ: бейбітшілік және экология» атты ақындардың халықаралық қозғалысы өткізілді. Соңғы жылдары Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері басшылары Аралды аман сақтап қалу жолдарын қарастыруда. Бұл шараларға шет мемлекеттер де ат салысуда. Өйткені бұл ғаламдық проблема.


Скачать


zharar.kz