Айналайын балам

Скачать



Тәрбие сағат тақырыбы: Отан – отбасынан басталады
Тәрбие сағат мақсаты: Ата-ана мен оқушы арасындағы ізгі қарым-қатынастың орнауына ықпал ету. Отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету.
Тәрбие сағат көрнекілігі: Нақыл сөздер.
Тәрбие сағатқа Шақырылды: ата-аналар мен оқушылар, психолог
Тәрбие сағат әдісі: тренинг, сауалнама

Ұйымдастыру кезеңі:

Кіріспе.
Қазақ қоғамында отбасы - өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарлық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйтқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды.
Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата-аана мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанаашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек.
Отан отбасынан басталады дейді қазақ халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.

Оқушылар мен атаналарға сұрақтар:
1.Отбасы, Отау иесі, Отағасы ұғымын қалай түсінесіңдер?
2.Отбасы негізі не деп ойлайсыздар?
3.Ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынас қандай болу керек?
4.Баланың отбасындағы міндеттері қандай болу керек?

Барысы:
1. Шаттық шеңбері
Ата-аналар және оқушылармен бірлесіп шаттық шеңберін құру. Айналайын балам..., Асқар тауым әкем; Айналайын анам...
Әр ата-ана баласына қарап тұрып жоғарыдағы сөзді жалғастыру керек.

2. Біз бір отбасымыз... тренинг
Домалақтанған жіп арқылы жақсы екі сөзден тұратын тілек айту арқылы шаңырақ жасайды.

Қорытындылау. Сауалнама жүргізу.

Қатысқандарыңызға рахмет.


Скачать


zharar.kz