Бартолинит (bartholіnіtіs) — әйелдің қынап сағасындағы үлкен бездердің (бартолин бездерінің) қабынуы. Бұл ауруды гонококк, стрептококк, стафилококк микробтары қоздырады. Бартолиниттің жедел және созылмалы түрлері болады. Бартолинит соз ауруымен ауыратын әйелдерде жиі кездеседі. Бартолин бездері қабынған жағдайда оның айналасында тығыз ісік қалыптасады. Егер ауру уақытында емделмесе, ол қатайып, іріңді ісікке айналады (кейде іріңді ісік өз бетінше жарылып да кетеді). Сондықтан ауру әйел ісіктің белгісі білінісімен дереу дәрігерге көрінуі қажет, себебі ол ретенционды кистаға айналуы мүмкін. [1]
Пайдаланылған әдебиеттер
↑ Қазақ Энциклопедиясы