Арбитраждық шешімнің жарамсыздығы

Скачать

Арбитраждық шешімнің жарамсыздығы “Сыртқы сауда арбитражы туралы Еуропа конвенциясының” “арбитраждық шешімді жарамсыз деп тану” деген ІХ бабында қарастырылған.
Сол баптың 1-пунктінде арбитраждық шешімнің күшін жою жағдайы мен негіздері көрініс табады. Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің бірінде осы Конвенцияның күшіне бағынатын арбитраждық шешімнің күшін жоюы бұл шешімді Конвенцияға қатысушы өзге мемлекеттерде тану мен орындаудан бас тартудың себебі болып табылады, және бұл келесідей жағдайда жүзеге асырыла алады: Мемлекетте арбитраждық шешімнің күші жойылуы мүмкін, егер бұл арбитраждық шешім сол мемлекетте немесе сол мемлекеттің заңдары негізінде шығарылса, оған қоса бұл бапта арбитраждық шешімнің күшін жою негіздері белгіленген:
а) келісімге қолданбалы құқық бойынша арбитраждық келісімдегі тараптар белгілі бір шамада әрекетқабілетсіз немесе келісім тараптар өзін бағындырған заңға сәйкес жарамсыз деп табылса, ал егер тиісті нұсқау көрсетілмесе, шешім шығарылған мемлекет заңы бойынша жарамсыз деп табылса;
b) арбитраждық шешімнің күшін жоюын талап ететін тарап арбитрдің тағайындалуы мен арбитраждық талқылау жөнінде тиісінше ескертілмеген болса немесе өзге себептер есебінен түсінік беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда;
c) егер аталған шешім арбитраждық келісім мен шарттағы арбитраждық ескертпе қарастырмайтын немесе олардың жағдайларына бағынбайтын дау бойынша шығарылған болса, немесе бұл шешім арбитраждық келісім мен шарттағы арбитраждық ескертпенің қарауындағы мәселелерді қамтитын қаулыларды сондай келісім мен ескертпе қамтымайтын мәселерді бөлу мүмкін болса, онда арбитраждық келісім мен шарттағы арбитраждық ескертпенің қарауына жатпайтын мәселелер бойынша қаулыларды қамтитын арбитраждық шешімнің бөлігі күшін жоя алады;
d) егер арбитраждық коллегияның құрамы немесе арбитраждық іс жүргізу тараптардың келісіміне немесе Конвенцияның IV бабының шарттарына қайшы келсе;
2-пунктінде келесідей жағдай қарастырылған: “Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің қатынастарында егер олар сонымен қатар Шетел арбитраджық шешімді тану мен орындау туралы 10 маусым 1958 жылғы Нью-Йорк конвенциясының мүшелері болған жағдайда, осы баптың 1-пункті V, 1е бабының орындалуын осы Конвенцияның ІХ бабының 1 тармағы қарастыратын жағдайлармен шектейді”.
Аталған Конвенцияда Нью-Йорк конвенциясының V бабы туралы сөз етіледі, бұл бапты да қарастырып өтейік.
V бап
1. Арбитраждық шешім қарсы бағытталған тараптың өтініші бойынша арбитраждық шешімді тану мен орындалудан бас тартыла алады, егер бұл тарап тану мен орындалу сұралатын жердің құзірлі органдарына келесі жайттар туралы дәлелдемелер келтірсе:
a) ІІ бапта көрсетілген тараптар оларға қолданбалы құқық бойынша белгілі бір шамада әрекетқабілетсіз немесе келісім тараптар оны бағындырған заң бойынша жарамсыз деп табылса, ал егер бұндай нұсқау көрсетілмесе, шешім шығарылған мемлекет заңы бойынша жарамсыз деп табылса;немесе
b) Шешім қарсы шығарылған тарап арбитрдің тағайындалуы мен арбитраждық талқылау жөнінде тиісінше ескертілмесе немесе өзге себептер есебінен түсінік бере алмаса, немесе
c) егер аталған шешім арбитраждық келісім мен шарттағы арбитраждық ескертпе қарастырмайтын немесе олардың жағдайларына бағынбайтын дау бойынша шығарылған болса, немесе бұл шешім арбитраждық келісім мен шарттағы арбитраждық ескертпе қарастырмайтын немесе олардың жағдайларына бағынбайтын дау бойынша шығарылған болса, немесе бұл шешім арбитраждық келісім мен шарттағы арбитраждық ескертпенің қарауындағы мәселелерді қамтитын қаулыларды сондай келісім мен ескертпе қамтымайтын мәселерді бөлу мүмкін болса, онда арбитраждық келісім мен шарттағы арбитраждық ескертпенің қарауына жатпайтын мәселелер бойынша қаулыларды қамтитын арбитраждық шешімнің бөлігі күшін жоя алады; немесе
d) егер арбитраждық органның құрамы немесе арбитраждық іс жүргізу тараптардың келісіміне немесе арбитраж орын алған мемлекет заңына қайшы келсе; немесе
e) егер шешім тараптар үшін ақырғы болмаса, не шешім шығарылған мемлекеттің не заңы қолданылатын мемлекеттің құзірлі органдары оның күшін жойып немесе тану мен орындалуды тоқтата тұрса;
2. Арбитраждық шешімнің танылуы мен орындалуында бас тартылуы мүмкін, егер танылу мен орындалу сұралатын мемлекеттің құзірлі органдары келесілерді тапса:
a) сол мемлекеттің заңы бойынша дау объектісі арбитраждың қарау пәні бола алмайды; немесе
b) бұл шешімдер тану мен орындау мемлекеттің жария тәртібіне қайшы келеді.

Нью- Йорк конвенциясында дәлелдеу ауыртпалығы туралы сөз етіледі, дәлелдеу ауыртпалығы несие алушы мен несие беруші арасында бөлінеді, ал Еуропа конвенциясында дәлелдеу ауыртпалығы туралы мүлдем сөз жоқ. Нью- Йорк конвенциясы бас тартудың негіздерін екі топқа бөледі:
1-тармақта шешімнің танылуы мен орындалуына қарсылық білдірген тараптын өтінішінен туындайтын негіздер;
2-тармақта сотпен ex officio, яғни өз бастамасы бойынша қаралатын негіздер.
Арбитраждық шешімді тану мен орындаудан бас тарту негіздері нақты аталған, және одан басқа негіздер мен ниеттер қолданыла алмайды.
Осы Конвенцияның қабылдануына байланысты кейбір мәселелерді лебедев қарастырған болатын, оларға тоқталып кетсек.
1-тармақша бойынша кейбір делегациялар Конвенцияда коллизиялық байламды анықтауға қарсылығын білдіріп, оны тек “қолданбалы құқықпен” шектемекші болды. Бұндай жүзеге асырылған болса, өте маңзды жағдай анықталмай, көмескі қалпында қалар еді. Бұны ескерген кеңес делегациясы конференцияның 23- отырысында арбитраждық келісімнің жарамдылығы тараптар оны бағындырған заңға сәйкес, не бұндай нұсқау көрсетілмесе, шешім шығарылған мемлекет заңымен анықталуы тиіс деген ұсыныс енгізді және бұл ұсыныс қабылданды.
Әрі Нью- Йорк конвенциясының, әрі Сыртқы сауда арбитражы туралы Еуропа конвенциясының мүшесі болып табылатын мемлекеттердің арасындағы қатынастарда Нью- Йорк конвенциясының V бабының 1-тармағының “а” тармақшасының қолданылуы Еуропа конвенциясының V бабының жағдайларымен ұштасуы тиіс. Еуропа конвенциясының V бабы арбитраждық келісімге қарсылық білдірудің кейбір жағдайларын орнатады.
Еуропа конвенциясының V бабының 2-тармағына сәйкес арбитраждың құзіретсіздігі туралы қарсылық, егер бұл қарсылық арбитраждың келісімінің жарамсыздығы мен күшін жобына негізделсе, істің мәні бойынша өзге қарсылықтардан кеш білдірілмеуі тиіс. Даудың арбитраж құзіреті шегінен шығуы туралы қарсылық аталған мерзімдер ішінде білдірілмесе, бұл мәселелер кейін көтеріле алмайды... Бұл тек тараптардың өз еркі бойынша білдірілетін қарсылықтарға байланысты.
Сонымен, арбитраждық келісімнің жарамсыздығына негізделген арбитраждық шешімді орындауға байланысты қарсылықтар тиісті мерзім ішінде арбитраждық процесс кезінде аталған болса немесе lex fori бойынша сотпен ex officio, яғни өз бастамасы бойынша көтерілсе қабылданады.
Конвенциядағы “ақырғы шешім” түсінігі де нақты анықталмаған, Лебедевтің пікірнше, бұл мәселе әрбір жекелеген істе арбитраждық келісім бағынатын құқық немесе арбитраждық шешім шығарылған мемлекет заңына тәуелді.
Нью- Йорк конвенциясы құзырлі органдарға үлкен мүмкіндіктер береді, себебі арбитраждық шешімнің күшін жою мен тоқтата тұрудың нақты негіздерін атамайды. Соның нәтижесінде шешім шығарылған мемлекетте шешімнің күшін жою негіздерін нақты белгілейтін ережелер Еуропа конвенциясына енгізіледі. Яғни арбитраждық шешімді е) пункті бойынша жою тек келесі негіздер бойынша жүзеге асырылады: арбитраждық келісімнің жарамсыздығы, қорғауға құқықтың бұзылуы, арбитраждың келісімнен тыс шығуы, арбитраждық процедураны сақтамауы.
Енді өзіміздің заңнамаға келіп тоқталайық. Қазақстан Республикасының 28 желтоқсан 2004 жылғы “Халықаралық коммерциялық төрелік туралы” Заңында төрелік соттың жарамсыздығы туралы мәселе “төрелік шешімге шағым жасау” деген 31-бапта және Төрелік шешімді танудан және орындаудан бас тартуүшін негіздемелер деген 33-бабында қарастырылған.
31-бап. Төрелік шешімнің күшін жою туралы өтініш
1. Төреліктің шешіміне құзыретті сотта шағым жасау осы баптың 2 және 3 тармақтарына сәйкес күшін жою туралы өтініш беру арқлы ғана жүргізілуі мүмкін.
2. Құзыретті сот, егер:
1) күшін жою туралы өтініш білдірген тарап:
құзыретті сот төрелік келісім тараптарының бірін әрекетке қабілетсіз немесе тараптар оны бағындырған заң бойынша, ал мұндай нұсқау болмаған кезде – Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша төрелік келісімнің күші жоқ деп тануының;
төрешінің тағайындалуы туралы немесе төрелік іс қарау туралы оның тиісті түрде хабардар болмағанының немесе құзыретті сот дәлелді деп таныған басқа да себептер бойынша өзінің түсіндірулерін табыс ете алмағанының;
төрелік шешімнің төрелік келісімде көзделмеген немесе оның шарттарына тура келмейтін дау бойынша шығарылғандығының, не төрелік келісімнің шегінен шығатын мәселелер жөніндегі қаулылардан тұратындығының, сондай-ақ даудың төреліктің ведомстволық қарауына жатпауы салдарының дәлелдемелерін табыс еткен жағдайларда ғана төрелік шешімнің күшін жоюы мүмкін.
Егер төрелік келісіммен қамтылған мәселелер жөніндегі төреліктің шешімі мұндай келісімде қамтылмайтын мәселелер жөніндегі шешімдерден бөлінуі мүмкін болса, онда төрелік келісімде қамтылмайтын мәселелер жөніндегі шешімдерден тұратын төрелік шешімнің бөлігі ғана күшін жоюы мүмкін;
Төреліктің құрамы немесе іс қараудың төрелік рәсімі тараптардың келісіміне және төреліктің регламентіне сәйкес келмегендігінің;
2) құзыретті сот төрелік шешімнің Қазақстан Республикасының жариялылық тәртібіне қайшы келетінін немесе төрелік шешім шығарылған дау Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша төрелік іс қараудың нысанасы болуы мүмкін еместігін айқындауының дәлеледемелерін табыс еткен жағдайларда ғана төрелік шешімнің күшін жоюы мүмкін.
3. Күшін жою туралы өтініш мәлімдеген тараптың төрелік шешімді алған күнінен бастап үш ай өткеннен кейін, ал өтініш осы Заңның 30-бабына сәйкес берілген жағдайда, төрелік осы өтініш бойынша шешім шығарылған күннен бастап мәлімделуі мүмкін емес.
4. Құзыретті сот тараптардың бірінің өтініші бойынша төрелік іс қарауды жаңарту үшін не төрелік шешімнің күшін жоюдың негіздемесін жоюға мүмкіндік беретін өзге де шараларды қолдану үшін төрелік шешімнің күшін жою туралы өтініш бойынша іс жүргізуді белгілі бір мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
5. Құзыретті сот төрелік шешімнің күшін жою туралы мәселе бойынша ұйғарым шығарады. Бұл ұйғарымға Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес шағым жасалуы немесе наразылық білдірілуі мүмкін.
Аталған заңның 33-бабында төрелік шешімді танудан немесе орындаудан бас тарту үшін негіздемелері осы төрелік соттың күшін жою туралы негіздемелері келтірілген және бұл ойға қонымды, себебі арбитраждық шешімнің жарамсыздығы оның танылмауы мен орындалмауының себебі болып табылады. Қазақстан Республикасындағы төрелік шешімнің күшін жою негіздемелері Нью- Йорк конвенциясының жағжайларына сай келеді.


Скачать


zharar.kz