Киік - даланың киесі, символы

Скачать

 Үндеу хат

Ақбөкен, киік – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді.

Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Қазақстанда 1921 ж. Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. 1957 – 58 ж. олардың жалпы саны 2 млн-нан асқаннан кейін, кәсіптік жолмен аулауға рұқсат берілді. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады.

Бірақ, өкінішке орай, қазіргі кезде браконьерлік мәселесі өте дамыған.
Нәтиже, әрине, шүкіршілік етердей ғана — Қазақстандағы киік саны, білушілердің айтуынша, 102 мың басқа жетіп жығылыпты. Қытай мен Түрікменстанда киік мүлде жойылыпты да, 5 мыңдайы Қазақстан мен Өзбекстан аралығында көшіп жүреді-міс. Он мыңдайы Қалмақияның қорықтарында, 3,5 мыңы Моңғолияда көрінеді. Браконьерлердің киікті мүйізі үшін аулайтыны белгілі. Олар көбінесе мүйізі шаңырақтай киік текесін нысанаға алады. Даланы қызыл қанға бояған қатыгездер көбіне киіктің басын ғана кесіп алып, денесін лақтырып кетеді. Бейресми деректерге жүгінсек, аңшылар киік мүйізін 35-40 мың теңгеге сатады. Алматыда бұл одан да жоғары бағаланады екен. Онда мүйіздің келісі 200 мың теңгеден асып жығылса, Қытайда 4 мың доллардың төңірегінде. Қытайда дәстүрлі медицина үшін киіктің мүйізіне дәрілік шикізат ретінде сұраныс мықты. Қытай медицина индустриясының мүйізге деген сұранысы жыл сайын 8 тоннаға дейін барады екен. Қазір көрші мемлекеттегі жинақталған қор 80 тонна көрінеді. Қаскөй браконьерлердің бөкендерді не үшін баудай түсіретінін осыдан-ақ бағамдай беріңіз. Ақшаға құныққандар киіктің киесін ойлап жатқан жоқ.

Соған байланысты, сізге осы xатымды жазудамын, киіктерді аулау үшін қолданылатын жазаларды қиындату және одан да қатаң заң шығаруымыз керек. Киік — даланың киесі, символы. Даланың өзі азып бара жатқан жоқ па?


Скачать


zharar.kz