Кіріспе
Менің тақырыбымның атауы Ялта, Потсдам және Тегеран конференцияларындағы поляк мәселесі.
Тақырып өзектілігі: XX ғасырдың орта шенінде әлемді гитлерлік Германия және фашистік Италияның агрессиялық саясаты дүр сілкіндірді, әсіресе фашистік және террорлық режимді Германияның бүкіл әлемді жаулауға ұмтылысы және нәсілдік ұстанымдары көптеген мемлекеттерге ауырпалығын тигізді. Германия агрессиясы екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына әкелген себептердің бірі болды. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында және аяқталғаннан кейін ұлы державалар (АҚШ, Ұлыбритания, КСРО) бірігіп, соғыс әсерінен әлсіреген мемлекеттердің тағдырын шешуі маңызды болды. Нәтижесінде, антигитлерлік коалиция құрылады және үш ұлы державалар араларында қайшылықтар туады. Державалар арасында көптеген келіспеушіліктер, құпия келіссөздер болғанымен, ақырында КСРО, АҚШ, Англия мен Қытай Ұлттар ұйымының басты мүшелерімен соғыстан кейін бейбітшілік пен қауіпсіздікті ұстану жөнінде халықаралық ұйым – БҰҰ құрылады. Осы конференциялардағы шешімдер қазіргі таңға шейін әлем сахнасындағы мемлекеттердің, соның ішінде Польша мен Германияның келешегіне өшпес із қалдырып, әсерін тигізді. Конференциялар барысында поляк халқының тағдыры шешіліп, территориясы мен шекарасы белгіленді. Соғыс нәтижесінде поляк халқының үкіметін де жаңарту мәселесі маңызды болды. Бұл мәселелер қазіргі Польшаның қалыптасуына өз үлесін қосты. Міне, осыдан біз бұл тақырыптың қазіргі кездегі халықаралық жағдаймен тығыз байланыстылығын көріп отырмыз.
Мақсаты: тақырыпты толығымен қамтып, бұл мәселені танып білу. Бұл тақырыпты тек конференциялардан бастамай, осы конференциялардың құрылуына және ұлы державалар басшыларының бірігіп шешім қабылдауына себеп болған жайттарды түсіну.
Міндеттері: 1939 ж. 1 қыркүйекте неміс фашистерінің Польшаға
шабуылынан бастап, соңғы конференцияға дейінгі кезеңді ашу, тану. Осы кезеңді қазіргі уақытпен байланыстыру.
Осы тақырыпқа әдебиеттерді іздестіру барысында антигитлерлік коалицияның құрылуына тікелей қатысқан Кеңес Одағы басшыларының аудармашысы болып қызмет атқарған В.М. Бережковтың Коалицияның тууы, Потсдамнан Тегеранға апарар жол атты кітаптарының қазақша аудармасына кезіктім. Автордың көзқарасы сонау кеңестік идеологияның ауқымынан асып кете алмағанымен талай қызықты да құнды деректерге жол сілтеді. Мұндағы мәселелер көбінесе антигитлерлік коалицияның пайда болуына, оның барысындағы қарама-қайшылықтарға аса көңіл бөлген, тек ара-кідік Польша мәселесіне соғып өткен.
Сонымен қатар өте құнды материалдар келтірілген А.А. Рощиннің Послевоенное урегулирование в Европе атты кітабы тақырыпқа бойлап ену кезінде септігін тигізді.
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталу мерейтойларының қарсаңына орай шығарылған Ялтинская конференция. 1945 Уроки истории атты тарихшылардың көзқарастары топтастырылған еңбек, А.Ю. Борисовтың Незыблемые договоренности ( к 40-летию Ялтинской и Потсдамской конференции) шығармалары тақырыпты молынан ашуға жәрдем етті.
Жұмыста тағы басқа да тарихшылардың еңбектері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 2 тараудан, әр тарау 2-3 бөлімнен, содан соң қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда антигитлерлік коалицияның құрылуы, мақсаты және себептері, қайшылықтары туралы, бұл коалицияның маңызы айтыла кетеді. Ең бірінші конференциясында АҚШ, Ұлыбритания, КСРО басшыларының қандай шешімдер жасау жөнінде жазылған. Екінші тарауда Ялта, Потсдам, конференцияларнынан бастап, олардың соңғы шешуші қорытындыларына дейінгі мәселелер қамтылған.
Курстық жұмыс көлемі компьютермен терілген 30 бет.