І нұсқа
1 Шәкәрімнің ажалсыз әскері.
А) еліне деген сүйіспеншілігі
В) халқының Шәһкәрімге деген ықыласы
С) өлеңдері мен сөздері
D) қажыр-қайраты
Е) адамдық қасиеттері
2 М.Қалтаевтың татар тілінен аударғаны.
А) Бұлбұл құс
В) Тура жол
С) Қазақтың айнасы
D) Насихат қазақия
Е) Сейфүлмәлік
3 Шәді Жәңгіровтің кейінгі ұрпаққа қолжазба күйінде жеткен көлемді дастанын ата.
А) Назым чаһар дәруіш
В) Таза жоқ, тат шықпайтын күмісінен
С) Бір молдаға
D) Тарих-нама
Е) Шардарбек болысқа
4 М.Ж.Көпейдің Шайтанның саудасы атты шығармасындағы шайтанға жолыққан кім.
А) патша
В) жолаушы
С) тентек бала
D) әзіейіл
Е) Ғайса пайғамбар
5 С.Торайғыровтың публицистик шығармасын ата.
А) Кедей
В) Ауырмай есімнен жаңылғаным
С) Айтыс
D) Кім жазықты
Е) Адасқан өмір
6 XV ғасырдағы Ноғай ордасының әміршісі Би Темірге толғау арнаған қай жырау?
А) Марғасқа жырау;
В) Ақтамберді жырау;
С) Асан қайғы;
D) Бұқар жырау;
Е) Шалкиіз жырау.
7 Ноғайлы батыры Ер Шобан жайлы жырдың авторы қай жырау?
А) Марғасқа жырау;
В) Бұқар жырау;
С) Ақтамберді жырау;
D) Тәтіқара жырау;
Е) Шалкиіз жырау.
8 Қазақ жыраулар поэзиясында тұңғыш өзі жайлы ода шығарған қай жырау?
A) Ақтамберді жырау;
B) Шалкиіз жырау;
C) Тәтіқара жырау;
D) Қазтуған жырау;
E) Марғасқа жырау
9 Асан қайғының философиялық көзқарасы анық көрінетін толғауы қайсысы?
А) Бұл заманда не ғаріп?;
В) Ай, хан, мен айтпасам білмейсің;
С) Таза мінсіз асыл тас;
D) Есті көрсең кем деме;
Е) Көлде жүрген қоныр қаз.
10 Дон өзенінің төменгі ағысында дүниеге келген Мамайдың әскер басы болған жауынгер жырау
A) Доспамбет жырау;
B) Бұқар жырау;
C) Марғасқа жырау;
D) Жиембет жырау;
E) Ақтамберді жырау.
11 Алтын Орда дәуірінде Шығыс ертегі, аңыздарының, мифтік сюжеттерінің, шағын әңгіме, әпсаналардың, діни аңыз-әңгімелердің негізінде жазылған көркем прозалық туындыны ата.
А) Махаббатнама;
B) Жұмжұма;
C) Жүсіп-Зылиха;
D) Қисса Жүсіп;
E) Қиса сул-әнбиа.
12 Н. Рабғузидің Қисса сұл-әнбия жинағының неше қолжазба нұсқасы бар?
А) 8;
B) 3;
C) 2;
D) 5;
E) 1.
13 $$$A
Хұсам Кәтибтің Жұмжұма дастанын 1881 жылы қазанда алғаш бастырған қиссашыл ақынды ата.
А) Мәулікей Жұмашев;
B) Алма Қыраубаева;
C) Жүсіпбек Шайхұсламұлы;
D) Шортанбай Қанайұлы;
E) Дулат Бабатайұлы.
14 Құтбтың Хұсрау уа Шырын дастаны қай ақынның шығармасы негізінде нәзирагөйлік әдіпен жазылған?
А) Хафиз;
B) Дауани;
C) Фирдауси;
D) Науаи;
E) Низами.
15 Махаббатнама дастаны қанша тармақтан, неше хаттан (намадан) тұрады? Оның нұсқасы қанша?
А) 468 тармақ, 20 намадан тұрады. 5 нұсқасы бар.
B) 543 тармақ, 18 намадан тұрады. 1 нұсқасы бар.
C) 192 тармақ, 8 намадан тұрады. 3 нұсқасы бар.
D) 946 тармақ, 11 намадан тұрады. 2 нұсқасы бар.
E) 654 тармақ, 62 намадан тұрады. 6 нұсқасы бар.
16 М. Әуезов дарынының нәр алған тамырлары қатарына осылардың қайсысы жатпайды?
А) Кеңес әдебиеті;
В) Абай руханияты;
С) Алаш арыстары;
D) Төл әдебиет;
Е) Қазақ фольклоры.
17 1917 жылы 7 маусымда Медетұлы Санияз бен Тұрағұлқызы Ақылияның үйлену тойларына сый ретінде жазып, Ералы жазығында қойылған қазақ даласындағы тұңғыш сахналанған пьесаны ата.
А) Ел ағасы;
В) Қара қыпшақ Қобыланды;
С) Айман-Шолпан;
D) Түнгі сарын;
Е) Еңлік-Кебек.
18 М. Әуезовтың Сөніп-жану атты шығармасының Сана журналындағы алғашқы басылған аты қайсы?
А) Сыбанның моласында;
В) Заман еркесі;
С) Үйлену;
D) Жас жүректер;
Е) Текшенің баурайында.
19 Мұхтарға ғашықтық қимас сезіммен сағынышқа толы төмендегі қоштасу өлеңін шығарған аяулы асыл жанның есімін ата.
Сәләмәт, сау ма едің, өмірлесім,
Қосылған махаббатпен көңілдесім.
Сағынып жүргенімде кеттің алыс,
Жүреміз өмір ғылып мұның несіп.
Тілегім, бар қызығым ауды саған,
Бір сөзің жүрегіме тиді жаман:
Жолыңа жаным құрбан, - деген қалқам,
Көрісер ме екенбіз екен-аман
Зырқырап балқызбайды аяғым-ай,
Жүрер ме ем зыр жүгіріп баяғыдай.
Қайғымен құсаланып ғашық көңіл,
Уайыммен өтеді-ау, заманым-ай!
А) Кәмилә Мағауияқызы;
В) Валентина Николаевна;
С) Райхан Кәкенқызы;
D) Фатима Ғабитова;
Е) Үрия Тұрдықұлова.
20 Абай мұрасына байланысты Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер! деген мақала жазып, әдебиетте тұрпайы социологияға жол салған кім?
А) М.Әуезов;
В) М.Жұмабаев;
С) С.Мұқанов;
D) С.Сейфуллин;
Е) Ахаң (А. Байтұрсынов).