Грамматика теориясы

Скачать

Жалпы тіл білімі пәнінен тест тапсырмалары

1. Тіл білімін синхрондық және диахрондық деп екіге бөлген кім?
А) Ф. Соссюр
В) Г. Пауль. 
С) Л. Зизани. 
Д) А Мелтер.
Е) В.Виноградов
2. Психологтар тілімен айтқанда сөйлеу дегеніміз не?
А) Ойлау.
В) Әрекет. 
С) Қимыл. 
Д) Қиял.
Е) Барлығы қате
3. Қытай жазба ескерткіштері біздің заманнан қанша ғасыр бұрын пайда болды?
А)15
В)10
С)12
Д)13
Е)16
4.Конфуции өмір сүрген уақыт?
А) б.з.б. 400-450
В) б.з.б. 551-400
С)б.з.б. 551-479
Д) б.з.б. 500-450
Е) б.з.б. 552- 455
5. Араб лингвисі әл-Фируза-бади еңбегінің аты:
A) Нахв.
B) Хомус.
C) Ал китаб.
D) Сарф.
E) Таджуид.
6. Александрия грамматистер мектебінің отаны қай ел:
A) Қытай.
B) Үндістан.
C) Египет.
D) Греция.
E) Рим.
7. Ежелгі дәуір лингвистикасына тән ат қою теориясының мақсаты:
A) Дұрыс сөйлеу ережелерін зерттеу.
B) Жазба ескерткіштер тілін зерттеу.
C) Лексикология, синтаксис салаларын зерттеу.
D) Зат пен оның атауы арасындағы байланысты зерттеу.
E) Жазу тілі мен сөйлеу тілі арақаттынасын зерттеу.

8. Универсалды грамматика немесе рационалды жалпы грамматика авторлары:
A) Ф.Боб пен В. Гумбольд.
B) А. Арно мен К. Лансло.
C) Ф. Шлегель мен А. Шлегель.
D) Ф. Де Соссюр мен Б. де Куртене
E) А. Потт пен А. Кун.
9. Универсалды грамматика немесе рационалды жалпы грамматика авторлары:
A) Ф.Боб пен В. Гумбольд.
B) А. Арно мен К. Лансло.
C) Ф. Шлегель мен А. Шлегель.
D) Ф. Де Соссюр мен Б. де Куртене
E) А. Потт пен А. Кун.
10. Орта ғасыр лингвистикасында киелі және қасиетті тіл немесе Пайғамбар тілі деп есептелген тіл:
A) Философиялық тіл.
B) Аморфты тіл.
C) Даралаушы (изолирующий) тіл.
D) Канондық тіл.
E) Жасанды тіл.
11. Қайта өрлеу дәуірінің лингвистикасы қай ғасырларды қамтиды:
A) XX ғасыр.
B) V-X ғасыр.
C) XIV-XVI ғасыр.
D) б.д. V ғасырына дейін.
E) XIX ғасыр.
12. Ат қою немесе атау теориясы дегеніміз не:
A) Даму кезеңі.
B) Тіл білімінің алғашқы іргетасы саналатын теория.
C) Ежелгі дәуір тіл білімі туралы теория тіл ғылымының.
D) Зат атауларының пайда болу себептерін түсіндіретін теория.
E) Лингвистикаға қатысты ой-пікірдің бастамасы.
13. Грамматикалық өнер немесе жазу өнері деп нені айтамыз:
A) Жазба ескерткіштер тілі.
B) Тілді дұрыс қолдану ережесін белгілейтін сала.
C) Тіл ғылымының тарихын кезеңдерге бөлу.
D) Көне ғылымдардың бірі.
E) Дыбысқа еліктеу теориясы.
14. Ежелгі Греция тіл білімі қандай кезеңдерге бөлінеді:
A) Грециялық және римдік.
B) Ежелгі және жаңа.
C) Философиялық және филологиялық.
D) Жыл санауымызға дейін.
E) Біздің жыл санауымыздан кейін.
15. Көне Грециядағы тілдің шығуы туралы қандай теорияларға негізделді:
A) Ат қою теориясы мен грамматикалық өнер теориясы.
B) Дыбысқа еліктеу теориясы және келісім теориясы.
C) Философия және логика ғылымдарының теориясы.
D) Шешендік өнер теориясы.
E) Сөзді дұрыс қолдану теориясы.
16. Аномалистер қандай бағытты ұстанды:
A) Заттың атауы оның табиғатына сәйкес жаратылыстан берілген.
B) Тілдік элементтің барлығы белгілі бір заңдылыққа бағынады.
C) Грамматикалық ілім философия мен логика ғылымдарымен тығыз байланысты.
D) Есім мен етістіктің байланысты сөйлемде ғана көрінеді.
E) Зат пен оның атауы, грамматикалық категориялар мен логикалық категориялар арасында ұқсастық, заңдылық жоқ.
17. Арабтардың лингвистикалық еңбектеріне объект болған тілдер:
A) Қытай, үнді, латын.
B) Санскрит тілі.
C) Түркі, монғол, парсы.
D) Қыпшақ тілі.
E) Нахв, сарф, тәжуид.
18. Универсалды грамматиканың авторы кім:
A) Френсис Бэкон.
B) Вильгельм Лейбниц.
C) Рене Декарт.
D) Михаил Ломоносов.
E) Пор-Рояль монастырының ғалымдары.
19. Үндістан лингвистикасы болмағанда, Еуропа мен Америка лингвистикасы да болмаған болар еді деген пікірдің авторлары:
A) С.Аманжолов, Т.Қордабаев.
B) Панини, Яска.
C) В.Томсен, Бодуэн де Куртенэ.
D) О.Бетлингк, Ф.Хомель.
E) Конфуций және оның ізбасарлары.
20. Сүйекке жазылған Қытай ескерткіштері қай ғасырға тән:
A) Б.д.д. Хғ.
B) Б.д.д. ІХғ.
C) Б.д.д. ХІІғ.
D) Б.д.д. ХҮғ.
E) Б.д.д. ХІІІғ.
21. Б.д.д. 130-30жж. Рим тіл білімінің ең ірі өкілі:
A) Лукреций Карр.
B) Гай Юлий Цезарь.
C) Марк Теренций Варрон.
D) Элий Стилон.
E) Марк Тулий Цицерон.
22. Араб лингвистикасының негізін салушы:
A) Анбаса әл-Фихри.
B) Әбу ас-Сакафи.
C) Әбу л-Асуада ад-Дуали.
D) Халиль ибн Ахмад әл-Фарихиди.
E) Сибаваихи.
23.“Үндістан лингвистіктің көтерілген биігі ерекше. Бұл биікке, көп нәрсені үнділерден үйрене тұрса да, европалық тіл білімі ХІХ ғасырға дейін көтеріле алмады”, - деп кім айтқан.
А) Будуэн де Куртенэ 
В) В.Томсен 
С) Бхартхарн 
Д) Платон
E) В. Мейер 
24. Көне грек лингвистикасында сөзді үш топқа бөлген кім?
А) Аристрих.
В) Платон.
С) Аристотель. 
Д) Гомер.
E) В. Мейер 
25.Греция лингвистикасы қай жырдан басталады?
А) Шынжырлаулы Прометей.
В) Гамлет.
С) Ричард Ли.
Д) Одиссея мен Илиада. 
E) В. Мейер 
26.Греция лингвистикасын неше кезеңге бөліп қарастырамыз?
А)2 
В)3 
С)4
Д)5
E) 6
27.Варрон, Данота қай елдің грамматистері?
А) Греция
В) Рим.
С) Үңдістан.
Д) Италия. 
E) Испания
28. Александриялық мектепті калыптастырған кім?
А) Шлейхер
В) Томсен
С) Аристрах
Д) Гумбольд
E) Д. Лайонз

29.Орта ғасырдың өзіндік ерекшелігі қандай?
А) Әр түрлі діннің туып, дүниежүзілік дінге айналуы.
В) Әр түрлі ғалымдардың пайда болуы.
С) Әр түрлі тілдердің қалыптасуы. 
Д) Әр түрлі еңбектердің шығуы.
E) Әр түрлі кітаптардың шығуы.
30. Тілдің шығуын дыбысқа еліктеу теориясымен байланыстырушы:
A) Ж.Ж. Руссо.
B) Д.Дитро.
C) Г.Лейбниц.
D) И.Гердер.
E) В. Гумбольдт.
31. Августин тілдің пайда болуын қандай теориямен ұштастырады:
A) Дыбысқа еліктеу теориясы.
B) Әлеуметтік шарттасу теориясы.
C) Одағай.
D) Марр теорисы.
E) Грамматика теориясы.
32. Классикалық санскрит тілінің грамматикасын жазған лингвисті көрсет:
A) Панини.
B) О.Бетлинг.
C) әл-Фараби.
D) Э.Сепир.
E) А.Байтұрсынов.
33. Зат пен атау бірлікте, атау затқа міндетті түрде сәйкес келеді деген тұжырым айтқан қытай философ-лингвисі көрсет:
A) Конфуций.
B) Даос.
C) Куан.
D) Ли.
E) Сюнь.
34. Алғашқы араб грамматикасының әл-Кітаптың авторы:
A) әл-Фарахиди.
B) әл-Фараби.
C) Джинни.
D) Сибаваихи.
E) Ибн Сина.
35. Қайта өркендеу термині қай елде қалыптасты?
A) Францияда
B) Қытайда
C) Италияда
D) Германияда
E) Үндістанда

36. Ж.Скалигердің Латын тілінің негіздері туралы
еңбегі қай жылы жарық көрді?
А) 1540
В) 1470 
С) 1545
Д) 1600
E) 1502
37. 1553 жылы шыққан Латын тілі қазынасы еңбегінің авторы кім?
А) П.Рамен
В) И.Х.Аделунга
С) Р.Стенафус
Д) Дж. Пристли
E) Ж.Скалигер
38. Араб ғалымы П.Алкаланың Араб тілі грамматикасы еңбегі қай жылы жарық көрді?
А) 1506
В) 1505
С) 1541
Д) 1553
E) 1554
39. Рейхлиннің 1505 ж. жарық көрген еңбегі
А) Ағылшын тілі грамматикасы
В) Еврей тілі грамматикасы
С) Француз тілі грамматикасы
Д) Славян грамматикасы
E) Италян тілі грамматикасы
40. ХҮ-ХҮІ ғ. ішінде қай тілдердің грамматикасы жарық көрді?
А) Испан, корей, нидерланд
В) Жапон, парсы, армян
С) Фенгер, ағылшын, француз, мексикан
Д) Жауаптың барлығы дұрыс
E) Италян тілі грамматикасы
41. "Одағай теориясын" жақтаушы қай ғалым екендігін анықта.
А. Ә. Қайдар
В. Л. Нуаре
С. Ж. Руссо
Д. Д. Кудрявский
Е. Б. Қалиев
42. Еңбек айқайы теориясының авторы қай ғалым ?
А. Л.Нуаре
В. Ж.Руссо
С. А.Шлейхер
Д. К.Аханов
Е. Ә.Хасенов

43. Адамзат тілінің пайда болу теориясының ғылыми негізін қалаған қай ғалымдар?
А. К.Маркс, Ф.Энгельс
В. Ф.Фортунатов, В.В.Виноградов
С. Л.В.Щерба, А.Шлейхер
Д. К.Аханов, Ф.Энгельс
Е. К.Маркс, К.Аханов
44. Пайымдаудың элементтеріне не жатады?
A. Тіл, логика, заттық таңба
В. Форма, мазмұн, объект
С. Объект, модальдылық, форма
Д. Мазмұн, ақиқат дүние, заттық таңба
Е. Субъект, предикат, байланыс
45.Флективті тілдердің қатарына қай тілдер жатады ?
A. Угро-фин, орыс тілдері
B. Орыс, неміс, грек тілдері
C. Араб, қытай, түркі тілдері
Д. Грек, араб, жапон тілдері
E. Моңғол, түркі тілдері
46.В. Гумбольдтың еңбегі қайсысы екенін анықта.
A.Тіл біліміне кіріспе
B. Язык и стиль
C. Этнолингвистика негіздері
Д. Ява аралығындағы кави тілі туралы
E. Антропология ғылымы туралы
47.Үндіеуропа тілдерінің құрамына қай тілдер тобы енеді?
A. Семит, Роман, Угор-фин тобы т.б.
B. Балтық , Герман, Қытай-тибет тобы т.б.
C. Иран, Кельт, Эвен тобы т.б.
Д. Индия, Иран, Славян, Герман тобы т.б.
E. Албан, Египет, Булгар тобы т.б.
48.Тілдің сатылық даму теориясын жасаған қай ғалым?
A. А.Шлейхер
B. Н.Я.Марр
C. Г.Лейбниц
Д. Ж.Ж.Руссо
E. Л.Нуаре
49.Тілдегі интеграция, дифференциация үдерістерінің себебі қалай аталады?
A. Интерлингвистикалық
B. Психологиялық
C. Ішкі фактор
Д. Экстралингвистикалық
E. Табиғат әсері.

50.Тілдің дамуы не арқылы іске асырылады?
A. Қоғамдық заңдылықтары арқылы
B. Әлеуметтік заңдылықтары арқылы
C. Саннан сапаға көшу арқылы
Д. Әр түрлі сатылар арқылы
E. Тілдің ішкі заңдылықтары арқылы
51.Жеңген тілдегі жеңілген тілдің элементтері қалай аталады?
А. Дифуззия
B. Ареалдық әдіс
C. Субстрат
Д. Артикуляция
E. Инфикс
52. Фузия құбылысы қай тілдерге тән құбылыс?
А. Индеоеуропа елдеріне
В. Түркі елдеріне
С. Жапон елдеріне
Д. Шығыс Азия елдеріне
Е. Қытай елдеріне
53.Н. Я Марр тілді қандай құбылыстардың қатарына жатқызды?
А. Рухани құбылыстардың
В. Мәдени құбылыстардың
С. Танымдық құбылыстардың
Д. Экономикалық құбылыстардың
Е. Қондырмалық құбылыстардың
54.Фузия ұғымы нені білдіреді ?
А. Омофон, омоформа
В. Жалғау, ерітілу
С. Аралас омонимдер
Д. Ерітілу, қорытылу
Е. Алмасу, қорытылу
55. Белгілі бір тілдегі грамматикалық қатынастардың жүйесі қалай аталады?
A. Тілдің өмір сүруін айқындау
B. Грамматикалық құрылыс
C. Грамматикалық қатынас
Д. Грамматикалық категория
E. Грамматикалық талдау
56. Пиктографиялық жазу неге негізделеді?
А. Дыбысқа негізделеді
В. Идеограммаларға негізделеді
С. Суретке негізделеді
Д. Таңбаға негізделеді
Е. Иероглифке негізделеді

57. Ертедегі әріп жазуы қандай жазуға негізделді ?
А. Суретке негізделген жазу
В. Иероглифке негізделген жазу
С. Идеограммаларға негізделген жазу
Д. Дауысты дыбыстарға негізделді
Е. Консонантты-дыбыстық жазуға негізделді
58. Тілдердің типологиялық белгілері негізінде даралаушы, аглютинативтендіруші, флективтендіруші, инкорпоративтендіруші тілдер деп топтастырған ғалымды табыңыз.
А. К.Аханов
В. В.Гумбольд
С. А.Шлейхер
Д. В.Виноградов
Е. Я.Марр
59. Даралаушы типке қай тілдер жатады?
А. Түрік, славян
В. Француз, түрік
С. Қытай, бирма
Д. Неміс, араб
Е. Үндіеуропа
60.Универсальды грамматиканы жасау идеясы қашан, қайда пайда болды?
А. XVII ғасырда Францияда жасалды
В. XV ғасырда Англияда жасалды
С. XII ғасырда Италияда жасалды
Д. XII ғасырда Америкада жасалды
Е. XVIII ғасырда Ресейде жасалды


Скачать


zharar.kz