Оңтүстік Қазақстанда болған адам осы бір тамаша өлке мен оның ғажайып табиғатынан алған әсерлерін мәңгі есте сақтайды.
Оңтүстік Қазақстан облысы Тянь-Шань тауының батыс сілемдері мен Тұран ойпатының шығысын алады, 117,3 мың шаршы шақырым аумаққа орналаскан. Оның солтүстік бөлігін Бетпақдала шөлі, оңтүстік қиыр шетін Мырзашөл куаң даласы алып жатыр.
Оңтүстік Қазақстан облысының шағын ғана аумағын салыстыра қарағанда өзіне астасқан ғажап табиғаттың бояу тақтасын еске салатын алуан түрлі ландшафты сыйғызғанын көресіз. Бір жағынан, байсалды қалпындағы атам заманғы дала суреті, сондай-ақ сирек ұшырасатын, әдеттегі өсімдіктер түрлерінен тұратын әсем өрнек. Облыстың бір бөлігінде - тіршілік куан көрінгенмен де, оның дәл қасында жануарлар үшін таптырмас жұмақ жер тұр. Облыстың солтүстігіне қарай Бетпақ дала мен Мойынқұм Қаратау қырқаларына иек артқан. Нақ осы тұста, бұлақтар мен дала қайнарларының айналасындағы шалғындарда сан ғасырлық мал жайылымына пайдаланылатын жерлер қалыптасқан.
Жер бедері
Облыс жері негізінен жазық, көпшілік бөлігін орташа биіктігі теңіз деңгейінен 200-300 м болатын Тұран ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр. Терістігіңде Бетпакдала шөлі, Шу аңғарының оңтүстігін Мойынқұм, облыстың батысында Қызылқұм және Шардара даласы, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр. Орталық бөлігінде, Жамбыл облысының аумағымен шектес, оңтүстік-шығыстан солтүстікке қарай 217 километрге көлбей созылып Қаратау жотасы (ең биік нүктесі 2176 м) жатыр, ал оңтүстік-шығысыңда Талас Алатауының батыс шетіндегі - Өгем жотасында облыстың ең биік нүктесі - Сайрам шыңы (4238 м) бар. Өгем мен Келес өзеңдерін бөліп жатқан Қаржантау жотасы Тәңіртаудың (Тянь-Шань) ең батыс сілемі болып табылады. Қаржантаудың орташа биіктігі 2000 м, ал ең биік нүктесі - Мыңбұлақ тауы (биіктігі 2834 м). Қаржантаудан солтүстік батыска қарай тарихы терең, аңызға толы қарт Қазығұрт (ең биік нүктесі 1600 м) тұр. Қазығұрт тауы оңтүстігіде Келес өзенінің аңғарына тіреледі.
Қазығұрт туралы жыр да, аңыз да көп. Көк Тәңірі дүние жүзін топан су басқан кезде жаңа бір пәк дүние жасау үшін Нұх пайғамбардың кемесіне адамзат, жан-жануар, ұшқан құстан, өсімдіктен жұп-жұбымен отырғызып, таза тұқым сақтап қалмақ болған. Топан тартылып, су қайтқанда, Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауының басына қайырлапты деседі.
Облыс аумағының жер бедеріндегі жазықтар мен таулы аймақтар жиі алмасып отырады. Мұнда алуан түрлі құмды, сортаң шөлдерден биік тау мұздықтарына дейінгі климаттық табиғат зоналары кездеседі. Таулы аймақтарда болып тұратын тектоникалық жер сілкіністері аумақтағы тау түзілу процестерінің әлі аяқталмағандығын көрсетеді.
Жер бедерінің қалыптасуына зор ықпал етуші күштер: ағын сулар мен желдер. Осы күштерге қосымша антропогендік, яғни адамдардың шаруашылық әрекеттері табиғи ортаның, әсіресе жер бедерінің қалыптасуына зор әсерін тигізетіні сөзсіз. Мысалы, каналдар мен суару аймақтары, авто және темір жолдар, кеніштер мен қала салынған аймақтар, т.б.
Геологиясы және кен байлықтары
Геологиялық құрылымы жөнінен облыс аумағы Тұран плитасына жатады. Қаратау жотасы - протерозой тақтатастарынан және құмтастардан тұрса, оңтүстік-батыс Қаратау карбонның әктас, кұмтас конгломераттарынан және девонның жанартау тектес тау жыныстарынан құралған. Сонымен бірге палеозой қатпарлы іргетасы, пермь дәуірінде қалыптасқан интрузиялық және жа-нартаулық, сондай-ақ платформалық мезозой-кайнозой шөгінді тау жыныстары кездеседі.
Облыс қойнауы әр түрлі пайдалы қазбаларға бай: полиметалдар, қоңыр көмір, темір кені, гипс, әктас, оттөзімді саз, кварцты құм қабаттары, мәрмәр, түрлі құрылыс шикізаттары бар. Қарт Қаратау қойнауындағы Ащысай, Мырғалымсай және Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20 ғасырдың 40-жылдарынан жұмыс істейді. Боралдайтау, Қаржантау, Күмісті және Жоғарғы Бадам алтын кен көздерінің орны ерекше.
Облыста республика уран ресурстарының жартысына жуығы орналасқан, олар әлемдегі ең ірі уран кеніштері болып саналады. Ал Иірсу, Сусіңген және Абайыл кеніштерінен титан, хром, марганец және темір кендері өндіріледі. Облыс аумағында Шу-Сарысу газ-гелий және Сырдария мұнай-газ кен орындары бар. Боралдайдан, Таскөмірсайдан, Келтемашаттан және Ленгер кеніштерінен мезозойлық қоңыр көмір өндіріледі. Облыс аумағындағы Қаратау фосфорит алабына жататын Герес және Үшбас фосфор кен орындары барлаудан өтті. Ал Тәңіртаудың ең батыс сілемі Қаржантау мен Сайрам жоталары өнеркәсіптің көптеген салаларына өте қажетті шикізатқа бай.
Кентау қаласына жақын маңда орналасқан Ақсай және Солтүстік доломитті кеніштерінде резина, қағаз, бояулар дайындалады, газ-мұнай бұрғылау жұмыстарында кеңінен пайдаланылатын минералдық шикізат - бариттің ірі ресурстары бар.
Облыстағы қүрылыс материалдарының минералды-шикізат базасы әр түрлі цемент, керамзит, кірпіш, шыны және құрылыстық тас өндірістерінің шикізаттары, кұм-тас, минералдық бояулар ретінде қолданылады. Олар: Қазығұрт, Бадам, Састөбе және Түлкібас әктастары, Бағаналы гипсі, Күбірексай минералдық бояулары, Леңгір оттөзімді сазы, Күрішбұлақ кварц құмы, Дарбаза және Қыңырақ бентониттері, Сарытопырақты саздақтардың ірілі-ұсақгы ресурстары мен құмтастардың табиғи қоспалары көп кездеседі.
Климаты
Облыс аумағының географиялық орнына (яғни атмосфераның ылғалдылықтың негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Мұнда күндізгі және түнгі, қысқы жөне жазғы температуралар шұғыл ауытқып отырады. Жазы ұзақ, облыс түстігінде 8 айға дейін созылады. Қысы жылы: ең суық ай - қаңтардың орташа температурасы -2 -9°С. Ең суық кезең Созақта тіркелген (-41°С).
Жазы ыстық: шілде айының орташа тем-пературасы 20-30°С. Ең ыстық кезең Шардарада (47°С) тіркелген. Вегетация кезеңі 230-320 тәулікке созылады.
Шөлді аудандарда жылдық жауын-шашын мөлшері 100-170 мм, тау етектерінде 300-450 мм, ал биік тауларда 1000 мм-ге дейін құбылады. Жауын-шашын негізінен көктем мен күз айларында болады. Қар жамылғысының орташа қалыңдығы 20-40 см аралығында, жазықта 2 айға, тауларда 5 айға дейін жатады. Қар қарашаның соңы, желтоқсанның басында түсіп, наурыз айында ери бастайды.
Су қорлары
Облыстың су қорларын ірілі-ұсақты 127 өзен (жалпы үзыңдығы 5 мың шақырымдай), 34 көл (көлемі 110 млн. текше метр), 30 бөген (көлемі 6 млрд. текше метр), 29 пайдаланылатын жер асты сулары және 5 минералды су көздері құрайды. Жалпы облыс аумағына жылына орташа есеппен 37 млрд. текше метрге жуық су келіп, осыншама мөлшерде су кетіл отырады.
Облыстағы ең ірі және ұзын өзен - Сырдария өзені басқа мемлекеттерден басталып, Қызылорда облысы арқылы Арал теңізіне қүяды. Облыс аумағындағы Сырдария өзенінің негізгі саласы Арыс өзені (378 км), ол Алатау мұздықтарынан басталып, жол-жөнекей Боралдай (130 км), Ақсу (133 км), Машат (60 км), т.б. көптеген өзен суларымен толығады. Маңызды да ірі өзендер қатарына Келес (102 км), Бадам (145 км) өзендерін жатқызуға болады.
Облыстағы ең үлкен суқойма - Шардара бөгені 1965 жылы пайдалануға берілген, су сыйымдылығы 5,2 млрд. текше метр, су өткізу мөлшері 200 м3/с. Одан су алатын Қызылқұм (106 км), Шардара (10 км) каналдары арқылы 71,5 мың гектар егістік жер суландырылады. Бөген суқой-масының сыйымдылығы 37 млн. текше метр, ол Бөген, Арыс өзендерінің суларымен толығып отырады.
Облыстағы 500 мың гектардан астам суармалы жерлерді игеру үшін 14336 шақырым су арналары, 4743 км су қашыртқылары және 1900 дана тік дренажды ұңғышалар, 61 мыңнан астам гидротехникалық ғимараттар жұмыс істейді.
Облыс аумағындағы көлдер ауыл шаруашылығымен бірге басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Шошқакөлде (көлемі 8,6 млн.м3) аң ауланады, Сарыкөлден (10,2 м3) балық ауланады, Қызылкөл суының (5,9 м3) ем үшін пайдасы зор.
Облыстағы жерасты суларының қоры ретінде Бадам-Сайрам, Мырғалымсай, Талас-Ақсу, Иқансу, Бөген жерасты су көздерін атауға болады, Шу-Сарысу артезиан алабының су қоры 260 млн. текше метрден асады, минерадды сулар Сарыағаш, Манкент шипажайлары мен Темірлан ауылда-рында арнайы рұқсатпен пайдалануға берілген.
Аңшылық
Ордабасы, Қазығүрт, Төле би, Созақ, Түркістан, Түлкібас, Отырар және Бәйдібек аудандарында аң аулауға пайдаланылатын жерлер мол. Қазақы тазы жүгіртіп, бүркіт, сұңқар сияқты құс салу сияқты ұлттық аңшылыққа негізделген туризмге ден қоюшылардың қызығушылығын арттыра түседі.
Бұдан өзге Түлкібас, Төле би, Қазығұрт аудандарында атпен және жаяулап саяхаттаушыларға, сондай-ақ туризмнің басқа да түрлеріне кең жол ашылған.
Төле би ауданының жер жағдайы, табиғаты мен ауа райы қысқы туризмді өрістетуге қолайлы: осы бағытта «Тау самалы» демалыс лагері маңында аспалы жол мен шаңғы базасы салынды. Бұл көптеген қызмет түрлерін көрсету тораптарын өрістетуге, демалыс лагерьлерінің жұмысын жандандыруға, инфрақүрылымды дамытуға серпін береді. «Біркөлік» санаторийі қалыпқа келтіріліп, іске косылуда.
Сарыағаш ауданындағы әйгілі бұлақ көздері маңайындағы санаторийлік демалыс пен емдеу орындары, сондай-ақ Сайрам ауданындағы «Манкент» шипажайы келушілер санын арттыра түсуде.