Конституция

Скачать

1993 жылы 28 қантар тәуелсіз, егемен мемлекет Қазақстанның алғашқы Конституция қабылданды. Ол жаңа мемлекеттің құрылуы мен республика заңдарының қалыптасуында белгілі бір тарихи рөл атқарды. Алайда қоғамдағы терең өзгерістер жаңа Конститу-цияны қажет етті, ол 1995 жылы 30 тамызда республикалық реферемдумда қабылданды. 1998 жылы 8 қазанда Президент ұсынысымен Парламент Конституцияға Парламенттің өкілеттілігін, қоғамдық өмірдің демократиялық негіздерін кеңейтетін жиырмаға жуық өзгертулер мен толықтырулар енгізді. Қазақстан Республикасының Конституциясы кіріспеден, 9 тараудан және 98 баптан тұрады. Конституция бойынша, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп есептейді. Мемлекеттің жоғары құндылығы ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары танылады. Қазақстан Республикасы президенттік басқару формасындағы унитарлық мемлекет. Конституция бйынша, халық мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы болып табылады және оны тікелей респуб-ликалық референдум, еркін сайлаулар арқылы, сондай-ақ , мемлекеттік органдарда өз өкілдерін ұсыну жолымен жүзеге асырады. Мемлекеттік билік Конституция мен заңдар негізінде, биліктің заң шығарушы , атарушы және сот билігі тармақтарына бөліну принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл тармақтар бір-біріне ықпал ете отырып, өзара байланысты болады. Конституция идеалогиялық және саяси көп түрлілікті жариялай отырып, әр түрлі саяси партиялар мен қағамдық бірлестіктердің құрылуына жол ашады. Мемлекеттік және жеке меншіктің танылуы мен тең қор-ғалуының мәні зор. Жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи қорлар мемлекеттік меншікте болады. Қазақ тілі- мемлекеттік тіл болып табылады. Мемлекет Қазақстан халықтары тілдерін үйрену мен дамытуға жағдай жасап, қамқорлық етеді. «Адам және азамат» таралуында азаматтық алу мен оны тоқтату , азаматтардың жеке, экономикалық, саяси, әлеу-меттік және мәдени құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ , олардың міндеттері туралы нормалар жинақталған. Азаматтардың құқықтар мен бостандықтарын жүзеге асырудың материалдық , саяси және заңдық кепілдіктеріне және ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.
Үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші тараулар Президенттің , Парламенттің, Үкіметтің, Конституциялық кеңестің және соттардың мәртебесіне арналған. Прокуратураға ерекше бап бөлінген, ол заңдардың, Президент жарлықтарының, басқа да нормативті құқықтық актілердің дәл де бірыңғай қолданылуына жоғары бақылауды жүзеге асырады, сотта мемлекет мүддесіне өкілдік етеді. Жергілікті мемлекеттік басқаруға және өзін-өзі басқаруға ерекше тарау арналған. Жергілікті мемлекеттік басқаруға мәслихаттар- жергілікті өкілетті органдар және әкімшіліктер- жергілікті атқарушы органдар жатады. 2001 жылдың 24 қантарында «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» жаңа Заң қабылданды, онда мәслихаттар мен әкімшіліктердің құзыреттері, олардың қызмет тәртіптері бекітілді.
Қазақстан Республикасы Конституциясы жоғары заңдық күшке ие. Бұл барлық
заңдар, Президент жарлықтары, Үкімет қаулылары, барлық мемлекеттік органдардың басқа да нормативті құқықтықактілері оның нормаларына негізделуі тиіс, оған қайшы келмеуі керек дегенді білдіреді.Конституция республиканың бүкіл территориясында тікелей әрекет етеді. Бұл азаматтар сотта және басқа органдарда, Конституцияныі тиісті қағидаларын негізге ала отырып, өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауға құқылы дегенді білдіреді. Ал мемлекеттік органдар даулы мәселелерді шешкенде Конституция нормаларын қолдана алады. Қазақстанның халықаралық шарттары Конституцияға қайшы келмеуі тиіс


Скачать


zharar.kz