Банктік тәуекелдер

Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті.
3 деңгейлі СМЖ құжат
ПОӘК

ПОӘК 042-18-4.1.-3703 -2014
Банкік тәукелдер пәні бойынша оқу-әдістемелік мәліметтер
Баспа № 1 11.09.2014ж.

5В050900 ҚАРЖЫ МАМАНДЫҒЫ ҮШІН
БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕР
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МӘЛІМЕТТЕР

Семей
2014

Мазмұны
1.
Глоссарий

2.
Дәрістер

3.
Практикалық сабақтар

4.
Оқушылардың өздік жұмыстары

1ГЛОССАРИЙ

Апат жағдайларының (форс-мажорлы) тәуекелі – тәуекелдің бұл түрі белгілі бір банкке жер сілкінісі, су тасқыны, өрт сияқты апаттардың болуынан материалды шығын әкелуі мүмкін. Сонымен қатар бұл тәуекел тек банкке ғана емес, оның клиенттері мен қызметкерлеріне де зиянын тигізеді.
Саяси тәуекел – мұнда саяси Өкіметтің ауысуы нәтижесінде немесе Мемлекетпен жүргізілетін саяси бағдарламаның ауысуы нәтижесінде банк қызметіне өз әсерін тигізетін тәуекел. Саясаттық тәуекел тағы банктың ұлттандырылуында, заңды өзгерістер мен жаңа бір шектеулер қойылғанда пайда болады. Осының барлығы банк жағдайы мен оның клиенттерінің жағдайын нашарлатуы мүмкін.
Жалпы экономикалық тәуекел – мемлекеттің экономикалық жағдайы төмендегенде пайда болады. Мысалы, ЖҰӨ деңгейі құласа, мемлекеттік бюджетінің тапшылығы өссе,инфляция деңгейі көтерілсе және т.б.
Депозиттік тәуекел – сыртқы ортадан салымдарды, несиелерді, депозиттерді және тағы басқа қаржыландыру қайнар көздерін тарту тәуекелі.
Несиелік тәуекел – бұл тәуекел қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауымен немесе мүлдем банкротқа ұшырауымен байланысты алған қарызын бөлшектеп немесе толықтай қайтара алмауымен байланысты.
Валюталық тәуекел - әлемдік нарықта шетел валюта курсының тез өзгеруінің нәтижесінде пайда болатын шығындар тәуекелі. Бұл тәуекелге тек шетел валютасы бойынша ашық валюталық позициясы бар банктер ғана ұшырайды.
Пайыздық тәуекел – мемлекеттік не болмаса әлемдік нарықта бір немесе бірнеше құрал бойынша пайыз ставкаларының жағымсыз түрде өзгеруінен болатын тәуекел.
Инвестициялық тәуекел - әлемдік нарық конъюктурасының өзгеруі нәтижесінде бағалы қағаздар құнсыздану тәуекелі.
Банк бағытының тәуекелі – банк қызметінің мақсатты бағытталуы мен, оның қызмет ету аясы мен даму приоритеттерінен туындайды.
Жартылай басқарылатын сыртқы тәуекелдер – бұл тәуекелдер сыртқы ортада қалыптасады, бірақ банк олармен толық немесе жартылай басқара алады.
Клиенттің тәуекелі – клиенттің экономикалық жағдайының нашарлауынан не болмаса тіпті банкроттыққа ұшырауынан туындайтын тәуекел.
Ішкі тәуекелдер – банк ішінде болатын тәуекел.
Стратегиялық тәуекелі – ішкі стратегияны, құралдарды қолдану приоритеттерін дұрыс құрмауынан пайда болатын тәуекел.
Құрылымдық тәуекелі – банк құрылымының тиімсіздігінен туындайтын тәуекел.
Басқару тәуекелі – банкті авантюристік жолмен басқарудың нәтижесінде пайжа болатын тәуекел түрі.
Кадрлық тәуекелі – ұжымның, яғни мамандардың психологиялық жағынан бір-біріне сәйкес келмейтіндігіне байланысты тәуекел.
Ынталандырушылық тәуекелі – бірдей жасалған қызметке түрліше ынта ету, яғни басшы өз қызметкерлеріне бірдей қарамай, теңбе-тең қарамауынан пайда болады.
Шектен шығу тәуекелі – банктік коррупция, қылмыстық топтар мен байланыс, өз туыстарын жеңілдік беріп несиелендіру арқылы тәуекелге ұшырауға болады.
Бақылаушылық тәуекелі – егер, бақылау жүйесі банктің жеке бөлімшелерінің қызметін тиімді қадағалай алмаған жағдайда тәуекел туындайды.
Қаржылық тәуекелі – банктің қаржылық қызметімен байланысты тәуекелдер.
Операциялық тәуекелі – жеке банктік бөлімшелерін басқару деңгейінде банк қызметінде күнделікті болатын ағымдағы тәуекелдер.

Ұйымдастырушылық тәуекелі – операция мен есеп жүргізу тәжірибесінде, құрылымында банк бөлімшелерінің тиімсіз ұйымдастырылуында болады.
Ақпараттық тәуекелі – банк операцияларына өз жағымсыз әсерін тигізетін жалған мәлімет алу тәуекелі.
Ұжыммен байланысты тәуекелі – ұжымның тәртібінің ерекшелігіне байланысты туындайтын тәуекел.
Техниканы қолданумен байланысты тәуекелі – компьютер немесе басқа да техниканың бұзылуынан шығындар шығару тәуекелі.
Саудалық тәуекелі – саудалық құрал-жабдықтармен, депозиттермен, бағалы қағаздармен, валюталармен оларды сатып, сауда-саттық жасағанның нәтижесінде болады.
Табыстылықты азайту тәуекелі – басқаруға дұрыс жол таппау нәтижесінде банк табыстылығын сипаттайтын тәуекел.
Әртараптандыру тәуекелі – жеке қарыз алушыларға, бағалы қағаздардың кейбір түрлеріне өте үлкен салым салудан туындайтын тәуекел.
Мемлекеттік тәуекелі – егер банк клиенті экспорт-импорттық қызметпен шұғылданып немесе егер банк шетел қарыз алушыларын несиелендірген жағдайда болады.
Портфельдік тәуекелі – бағалы қағаздардың жеке түрлері бойынша және ссудалардың барлық категориялары бойынша шығындар шығару тәуекелі.
Жүйелік тәуекелі – акция бағасының өзгеруі, оның табыстылығы, облигация бойынша күтілетін және ағымдағы проценттердің, дивиденттердің күтілетін мөлшерімен байланысты түрі.
Жүйелік емес тәуекелі – нарық жағдайына байланысты болмайды және банк, кәсіпорынның нақты спецификасы болып табылады.
Жалпы нарықтық бағалардың құлау тәуекелі – белгілі бір қаржы активтері бойынша алынбайтын табыс тәуекелі.
Инфляциялық тәуекелі – бөлімшенің өмірлік циклымен анықталатын тәуекел.
Көліктік тәуекелі – өзі жекелей 4 топшаға бөлінген.
E тобы - сатушы өз тауарын өзінің қоймаларында сақтайды. Тауармен байланысты бар тәуекелдерді сатушы мен банк оны сатып алушы сатып алмағанша өз мойнына алады.
F тобы – тәуекел мен жауапкершілік сатушыдан сатып алушыға белгіленген жерде жүктеледі.
C тобы – егер экспорттаушы, сатушы және банк сатып алушымен тауарды жеткізу туралы келісім-шарт жасасады, бірақ өз мойнына ешқандай тәуекел мен жауапкершілікті алмайды.
D тобы – барлық тәуекелдер сатушының мойнында болады.
Трансляциялық (бухгалтерлік) тәуекелдер – баланспен, Шығындар мен кірістердің шоттарындағы активтермен пассивтердің қайта бағалау кезінде пайда болуы мүмкін.
Форфейтингтік тәуекелдер – егер форфейтор немесе банк өз мойнына регресс құқығынсыз экспортердің барлық тәуекелдерін алады.
Табысты ала алмау тәуекелі – банктің таза табысына (барлық шығындарды есептегенде) байланысты түрі.
Активті операциялардың тәуекелдері – банктер үнемі өз қызмет процесінде ұшырайтын пайыздық тәуекелдер деңгейімен байланысты болады.
Өтімділік тәуекелдер – қысқа мерзімді ссудалар бойынша міндеттемелерін орындауға өтімді қаражаттарының тапшылығы болу тәуекелі.
Базалық тәуекел – пайыздық ставкалардың құрылымында болатын өзгерістермен байланысты келеді.
Уақытша бөлектену тәуекелі – егер банк ресурстарды тартып орналастырса, бірдей базалық ставкамен тек оларды қарастыру мерзімі әртүрлі болады.Қарастыру мерзімін таңдауына байланысты тәуекел пайда болады.

Есептер тәуекелі – егер банк контрагентпен алдын-ала ақылдасып алмай төлемдерді жүзеге асырған жағадайда болады.
Капиталдық тәуекелі – тәуекелдің бұл түрі мына жағдайда пайда болады – банк келісімге отырып, серіктеске қаражаттарды төлеуі тиіс және де серіктесі келісім бойынша толық өз міндеттемесін орындай алатындығына күмәні бар болса.
Кіші тәуекелі – стандарттан төмен немесе стандартты емес тәуекел.
Маржиналды тәуекелі – клиент форвардтық келісімге отырғаннан кейін банкрот болып қалуы мүмкін, банк нарықта оның міндеттемелерін жабуға мәжбүрленеді, яғни тәуекелділікке бет бұрады, себебі валюта курсы жағымсыз жаққа өзгеруі әбден мүмкін.
Ипотекалық тәуекелі – кепілдікпен қамтамасыз етілген ссудаларға тән күтілетін пайызбен негізгі соманы жоғалту тәуекелі.
Ағымдық тәуекелі – қызметкерлердің персоналдық қажеттіліктері, техникалық жаңылуы, банк бөлімшелерінің тиімсіз ұйымдастырылуы себебінен күнделікті қызмет нәтижесіндегі мүмкіндіктерді білдіреді.
Своп-ставкалардың өзгеруінің тәуекелі - егер своп-позициялары келісілмеген немесе мерзім бойынша мүлдем жабылмаған болса пайда болады.
Контрагенттің тәуекелі – бұл тәуекелдің түрі мына жағдайда пайда болады, егер контрагент келісім бойынша орындауы тиісті міндеттемелерді орындамаса, осы тәуекел туындайды.
Орындаушылық тәуекел – форвардтық келісімнің орындалу тәуекелі спот келісімінің орындалу тәуекеліне қарағанда едәуір жоғары, себебі, форвардтық келісімнің мерзімінде болатын курстағы жағымсыз өзгерістер спот келісімінің 2 күн ішінде пайда болмайды.
Төлем тәуекелі – бұл да валюталық келісімнің орындалмауымен байланысты, бірақ ол төлем төленетін күні пайда болады.

2 ДӘРІСТЕР – мақсаты болып ұсынылатын пән теориялық сұрақтарын ұстамды нысанда қарастыру табылатын оқу сабағының нысаны.

Тақырып 1. Банктік тәуекелдер. Банктік тәуекелдерінің жіктелуі.

1.Банктік тәуекелдер үғымы және мәні.
2.Банктің тәуекелдерінің жіктелуі
3.Банктік тәуекелдер түрлері.

1.Банктік тәуекелдер ұғымы және мәні.
Тәуекелділік - негізінде ықтималдылықты ал нақтырақ айтсақ банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысының бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру қажет: жоғалтулар, шығындар, залалдар.
Банктік қызметке тән тәуекелділікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде жоғалтуларды банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы көрсеткіш өзінде шығын мен залалды үйлестіреді. Сондықтан тәуекелділік деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды.
Шығындар – банктер өз қызметі барысында белгілі бір шығындар шығарады. Бұл салымшыларға төленетін пайыздар. Басқа қаржыылқ институттардан қарызға алынатын несиелік ресурстар үшін төлем, есеп айырысу операциясымен, бағалы қағаздармен байланысты шығындар, жұмыскерлерді, ғимараттарды т.б. ұстауға кететін шығындар. Табысты толық ала алмай немесе көзделген мөлшерден артық шығынның жұмсалу формасында көрініс табатын - залалдар. Алдағы операцияларды есептеулерге жасалатын талдаудың жеткіліксіздігінен немесе жағдайдың болжана алмауына байланысты болады. Сол сияты залалдар тәуекелділігі нашар несиелік портфельмен коньюктураның толық есептелуімен байланысты болғанда банкке әрқашан қолайсыз жағдайға ұшырауына қауіп төндіреді.

2. Банктің тәуекелдерінің жіктелуі
Тәуекел банк қызметтiң ажырамас бөлігі болып табылады. Ол банк қызметiнiң қаржы нәтижелерiн құрастырудағы белгілі бір рөлдi атқарады, банктердiң активтер және пассивтер қызмет сапаның маңызды мiнездемесiмен көрсетедi және олардың қаржылық күйiнің салыстырмалы талдаудауында қолданылады. Банктiк тәуекел өз қораларының бір бөлігін ала алмау, белгілі бір қаржылық операцияларды жүзеге асыру кезінде қосымша шығын шығару мүмкіндігін білдіреді. Банктік тәуекел бұл қолда бар немесе жоспарлалған нәтиженiң алынбау қауiп-қатері. Банктік тәуекел 3 топқа бөлінеді:
- қаржылық тәуекелдер;
- функционалдық тәуекелдер;
- басқа да тәуекелдер.
Банктік тәуекелдер жүйесінде қаржылық тәуекелдер ерекше орын алады. Олар көлемде, пайдалылықта, актив және пассивтердің құрылымында ойда болмаған өзгерiстерге алып келедi. Қаржылық тәуекелге келесілер жатады: несиелік, өтімділік, пайыз, нарық, валюталық, инфляциялық, төлей алмау қабілеттілік тәуекелдері.
Функционладық тәуекелдер кез келген өнiмнiң жасалуы немесе қызмет көрсету процесіне қатысты тәуекелдер. Функционалдық тәуекелдер қаржылық шаруашылықты уақытында және толық көлемде тексере алмау салдарынан пайда болады. Функционалдық тәуекелге келесілер жатады: стратегиялық, технологиялық, операциялық не қосымша шығындар және жаңа технологиялар мен өнімдерді ендіру тәуекелдері.
Басқа да тәуекелдерге келесілер жатады: банктің абыройын жоғалту тәуекелі және мемлекеттік реттеу шарттарына сай келмеу тәуекелдері.
Банк тәуекелінің жіктелуі тәуекелдердің спецификаларына байланысты жүзеге асырылады. Банктік тәуекелдерді жіктеу қағидалары келесілер:
банктік тәуекелдің әсер ету және қызмет ету сферасы;
- банк клиенттерінің құрамы;
банктік операциялардың сипаттамасы;
- коммерциялық банктердің түрлері.
Әсер ету әне қызмет ету сферасына байланысты банк тәуекелдері : сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
Сыртқы тәуекелдерге: банктік қызметке тікелей байланысты емес немесе белгілі бір клиентпен байланысты емес тәуекелдер жатады. Сыртқы тәуекелдерге: саяси, экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, бәсекелестік, қаржылық және басқа да факторлар әсер етеді. Ал ішкі тәуекелдерге: тікелей банк операциялармен банк қызметімен байланысты тәуекелдер жатады.
Тәжірибеде 4 басты портфельдік тәуекелділік түрлері белгілі:
1. несиелік тәуекел;
2.өтімділік тәуекел;
3.пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелі;
4.валюталық тәуекелділік.
Несиелік тәуекелділік - қарыз алушының өз қаржылық міндеттемесін орындауымен байланысты банктік қарыз бойынша төлем төлемеу тәуекелділігі. Ол қарыз портфелінің сапасымен тікелей байланысты.
Несие тәуекелділігін 3 түрге бөлуге болады:
1. қиянаттылық жасау тәуекелділігі; 2.шетел несиелері бойынша тлділік; 3.ішкі зайымдар бойынша төлем төлемеу тлігі.
Несиелік тәуекелділікті төмендетудің бірнеше тәсілдері бар:
1. банктік қарыздар портфелін диверсификациялау, яғни бір қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшерін несиелеу шегін белгілеу арқылы азайту. Бұл тәсіл банк клиентінің несиелік қабілетінің жеткіліктігіне сенімсіз болған кезде қолданылады.
2. несиелік қабілетін талдау, яғни қарыз алушының несиені өтеу мүмкіндігін талдау. Көптеген банк осы әдісті қалайды, себебі ол несиенің қайтарылмауына байланысты мүмкін болар барлық зиянның алдын алады
Өтімділік тәуекелділігі оны балансталмаған өтімділік тәуекелділігі деп атау керек. Ол қаржылық активтерді тез арада шығынсыз төлем қаражаттарына айналдыру мүмкінсіздігімен байланысты. Банктерде өтімділікті қамтамасыз етудің 2 түрі болады: 1.ішкі; 2.сыртқы.
Ішкі өтімділік инвестордың көзінше ақшаны орналастырудың сенімді объектісі болып табылмайтын тұрақты нарығы бар, тез іске асырылатын активтер. Бұған мемлекеттің бағалы қағаздары; 1 – 3 – 6 – 9 ай ішіндегі қазыналық вексельдер жатады.
Сыртқы өтімділік оның өнімді қаражаттар қорын ұлғайтатын кейбір міндеттемелерді банктің нарықтан сатып алу жолымен (басқа банктер, федералдық қорлардың қалдықтарын сатып алу, қолма – қол ауыспалы салым сертификаттарын т.б. сатып алу) қамтамасыз етілуі мүмкін.
Бұл тәуекелді Ұлттық банктің белгіленген міндетті өтімділік нормасын сақтау жолымен, сол сияқты орналастырылған активтер мен банк пассивтерінің қайтару мерзімдерін көлбеу қамтамасыз ету тәсіліне төмендегілер жатады:
1. пайыз мөлшерлемесін өзгерту жолымен жаңа депозиттер атрту;
2. айналыста жүретін депозиттік сертификаттар, облигациялар т.б. шығару;
3. қарыздар және бағалы қағаздар портфелінің бір бөлігін сату;
4. пассивтерді диверсификациялау, яғни қарыздарды ұсақ мөлшері бойынша жинақтау;
5. несиелерді қайтарып алу;
6. Ұлттық банктен т.б. несиелер алу.
Пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелділігі бұ пайыз мөлшерлемелерінің ауытқуы салдарынан болуы мүмкін. Пайыз тәуекелділігін келесідей тәсілдер көмегімен төмендетуге болады:
1. пайыз тәуекелділігін сақтандыру – несиелік тәуекелділіктен сақтау сияқты тәуекелділікті толығымен сақтаныдру ұйымына беруді білдіреді;
2. өзгермелі пайыз мөлшерлемесінен несиені беру банкте шарт өзгерген жағдайда, соған сәйкес пайыз мөлшерлемесін өзгертуге мүмкіндік береді;
3. мерзімді келісімдер банк пен қарыз алушының арасында арнайы форворд келісімін жасау, яғни қарызды келісілген мерзімде белігілі бір сомадан және белгіленген мерзімге беру туралы келісім жасаумен байланысты тәуекелден қоғрғану әдісі;
4. пайыздық фьючерстік (болашақ) контрактілер. Олар пайыз мөлшерлемесіндегі ойындар үшін пайдаланылатын мерзімді контрактілерді білдіреді. Шарт бойынша құжатты (қарыз немесе депозитті) белгілі бір мерзім өткеннен кейін, келісілген уақытта болашақтағы тұрақты бағада сатып алады;
5. пайыздық опциондар опцион ұстаушыға қысқа мерзімді қарыз немесе депозитті тұрақты бағада мерзімді қарыз белгілі бір күн жеткенге дейін сатып алуға немесе сатуға құқық беретін келісімді білдіреді;
6. пайыздық своптар бұ белгілі бір сомаға, бірақ әр түрлі шартпен жасалатын несиелік міндеттеме бойынша пайыздық төлемдердің айырбасын түсіндіреді.
Валюталық тәуекелділік ұлттық валютаға қатысты шетел валюталарының бағамдарының өзгерісімен байланысты валюталық зиян шегу қаупі.
Валюталық тәуекелділікті төмендету мақсатында көбіне пайыздық тәуекелділік қолданылатын әдістер пайдаланылады: валюталық фьючерс, контрактілер, валюталық опциондар, валюталық своптар.

3.Банктік тәуекелдер түрлері.
Қаржы тәуекелі кәсіпорын қаржылық институттармен (банктер, қаржылық, инвестициялық, сақтандыру компаниялары, биржалар және т.б.) қатынасы процесінде пайда болады.Қаржы тәуекелінің туындау себептері – инфляциялық факторлар, банктің есептік мөлшерлемелерінің өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі және т.б.
Қаржы тәуекелдері екі түрге бөлінеді:
1) ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдер;
2) капитал салымдарымен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер).
Инфляциялық тәуекел – инфляция өсімі кезінде нақты сатып алу қабілеттілігі көзқарасынан өсуден көрі алынатын ақшалай табыстар тез құнсыздануындағы тәуекел. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға тап болады.
Инвестициялық тәуекел – бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін. Инвестициялық ресурстар көзі болып мыналар табылады: акцияның эмиссиялары, банктердің несиелері, бөлінбеген табыстар жатады. Әрбір көзге белгілі бір тәуекел сай, осыдан инвестициялық тәуекел компенсациясы үшін әртүрлі мағынадағы сұралған нормалар өтімділігі сай.
Нарықтық тәуекел – Банктің қаржылық активтердің (ең алдымен, бағалы қағаздардың) нарықтық құнының, валюта бағамдарының , пайыздық мөлшерлемелердің жағымсыз өзгеруі салдарынан шығындарға тап болу тәуекелі.
Нарықтық тәуекелге жатады: 
қор тәуекелі (қор нарығындағы айналымдағы активтер құнының өзгеру салдарынан шығындарға ұшырау тәуекелі);
валюталық тәуекел (валюта бағамдарының өзгеру салдарынан шығындарға ұшырау тәуекелі);
пайыздық тәуекел (пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру салдарынан шығындарға ұшырау тәуекелі).
Комплаенс – тәуекел – банктің Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Банктің ішкі ережелері мен процедураларының талаптарын сақтамауы салдарынан шығыс (шығын) туындау тәуекелі.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Тәуекел дегеніміз не?
2. Банк тәуекелдерінің түрлері?
3.Функционалдық тәуекелдерге не жатады?
4.Қаржылық тәуекелдерінің түрлері?
5.Валюта тәуекелін қалай түсінесін?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Шаяхметова К.О. Банк тәуекелдері: Оқу құралдары.-Алматы: Қазақ унирверситеті, 2004. -78 бет.
2. Шелекбай Ә.Д., Әлмерепов Н.А. Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практикасы, Казақстан тәжирибесі: Оқу құралы. Алматы: Экономика., 2007.- 208 бет.

2 Тақырып. Сыртқы реттелмейтін тәуекелдерді басқару

1. Елдік тәуекел, оның пайда болу ерекшеліктері.
2. Саяси және жалпы экономикалық тәуекелдер.
3.Табиғи апаттар (форс-мажорлық жағдайлар тәуекелі) тәуекелдері.

Сыртқы тәуекелдерге: банктік қызметке тікелей байланысты емес немесе белгілі бір клиентпен байланысты емес тәуекелдер жатады. Сыртқы тәуекелдерге: саяси, экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, бәсекелестік, қаржылық және басқалары жатады.
Елдік тәуекел – мемлекеттің, фирманың және өзге де қарыз алушылардың сыртқы қарыз міндеттемелері юойынша жауап беру қабілетіне ықпал тигізетін ағымдағы және болашақ, саяси және экономикалық жағдайлардың өзгеру тәуекелі.
Елдік тәуекел талдауы сандық және сапалық факторлармен қоса, мемелкеттік тәуекел құраушыларын саяси, экономикалық аудару тәуекелі ескеріледі. Несие беру қабілетін талдаудың жақсы бағдарламасы бар. Банктер өздері үшін, клиенттер үшін күрделі несиелі рейтинг жүйесін құрастырады. Мұндай жүйелердің бірі рейтингтердің, құрамдастардың шкала бойынша 1 – 9 дейінгі орын алуы мүмкін.
Саяси тәуекел рейтингтері берілген өкіметтің сыртқы міндеттемелерін төлеудің саяси мүмкіндігі мен тілектерін өлшейді.
Экономикалық тәуекел рейтингтері елдің ұзақ мерзімдегі экономикалық дамуы мен жобасын өлшейді.
Елдің, оның сыртқы қарыздарына қызмет ету қабілетін бағалау құралы ретінде қарастырылады. Бағалау келесі факторларды қарсытрады:
1. елді экономикалық басқару;
2. экономикалық құрылысы;
3. институционалды құрылысы;
4. ресурстармен қамтамасыз етіледі;
5. елдің тұрақты инфляциялық емес өсімді қалыпты ұстау мүмкіндігі.
Банкте кездесетін тәуекелдердің бәрі банк саясатының және ҚР-ның Ұлттық банкінің бекіткен нормативтерінің бұзылуына жол бермейтін қатан басқару жүйесінде болуы тиіс.
Банктік тәуекелдерді басқару негізінде тәуекелдердің деңгейін төмендету бойынша мақсатты бағытталған зертеулер мен жұмыстарды ұйымдастыру, табыстылық пен тәуекелдердің тиімді қарым-қатынасын табыһу, белгісіз қаржылық шаруашылық жағдайдағы пайданы табу және оны көбейту қабілеті жатады.
Ішкі тәуекелдердің бірі табиғи апаттар тәуекелі немесе оны форс-мажорлық жағдайлар тәуекелі деп атайды. Бұл тәуекел табиғи апаттардың болуы және болмауынан, олардың зардаптарынан сонымен қатар мемлекет тарапынан әртүрлі шектеулерге де тәуелді. Бұл тәуекелдердің банктік мекемелердің қызметіне әсерін дер кезінде бір-біріне жағдайлардың өзгеруі жайлы ақпараттандыру арқылы шектеуге болады. Ішкі тәуекелдерің дәрежесін төмендетудің негізгі тәсілдерінің бірі өзінің экспорттық-импорттық операцияларын жүзеге асырудың оптималды формасын таңдау. Тәжірибеде ішкіэкономикалық операцияларды жүзеге асырудың негізгі екі формасы кездеседі: тікелей және жанама.
Тәуекелді елдер- елдегі өзгерісің ағымдағы және болашақтағы тәуекел, саяси және экономикалық жағдайлардың өзгеруіне, елдің мүмкіншілігіне жаман әсерін тигізеді, фирма және басқа қарыз алушыларға сыртқы міндеттемелерге жауапты. Тәуеклді елдер кей-кездері кейбір банктерге және банктік емес фирмаларға тура және жанама сыртқы саудада және инвестицияда әсерін тигізуі мүмкін. Мысалы, банк өз клиенттерін яғни корпорациялық деңгейдегі, өнімді көп мөлшерде экспорттайтын белсенді түрде қатысатын және несие мүмкіншілігіне ие болатын клиенттерді тәуекелді елдер ескеруі керек.
Қорытындыға тәуекелді елдер фактордың саны және сапасына көңіл аударады, сонымен қатар саяси және экономикалық жағын да құр қалтырмайды. Банктер несие мүмкіншілігіне қорытындыны жақсы дамыта бағдарлама жасаған және кең көлемде ақыл-ойлы тәуекелді елдер-өзінің меншік шоты немесе жанама, клиенттің шотына- несие рейтингін жиі күрделі жүйені енгізеді. Жүйелердің бірі- ол құрамдас рейтингтердің жүйесі, яғни әрбір ел бөлек құрамдас рейтинг 1-ден 9-ға дейінгі шкала бойынша алады. Рейтингті негізінен несиені бағалауда қолданады. Рейтингтер сақтандыру Комитетімен қалыптасады, аналитик-елтанушылардың көмегімен негізделеді.
Тәуекелді елдерді болжау анализдің құрылысына және мемлекет құрылымының сапалы мінездемесіне сүйену болып табылады.
Саяси тәуекел рейтингтерін қалау және саяси мүмкіншіліктер үкімет сыртқы міндеттері төлейді. Рейтинг сонымен қатар үкіметтің тұрақтылығын бағалауда және оның сыртқы қарызды төлеуге қатыстары.
Сытқы тәуекелдерге: банктің қызметімен байланыссыз немесе оның контактілік аудиториясымен сыртқы тәуекелдердің сатысына өте үлкен сандық факторлар әсер етеді:социалдық, саясаттық, әлеуметтік, т.б табылады. Ішкі тәуекелдерге жататындар: банктің талқыланған қызметі, оның тұтынушылары, соның сатысына сыртқы активті басқаруы банкке әсерін тигізеді, оптималдық маркетингілік стратегияны таңдауы.Саясаттың және техниканың және т.б. факторлар. Елдердің болжамды тәуекелі анализдік структурасын сапалы мінездемесіне мемлекеттігіне қарау керек. Саясаттың рейтингілік тәуекелділігі тілекпен өлшенеді және саясаттың амалы берілген басқарудың сыртқы міндетті төлеуі. Рейтинг деп сонымен сақтандыру болып табылады.

Рейтинг тәуекелі
Түсіндірме
PR-1
Қысқы мерзімді, орта және ұзақ мерзімді тәуекел периодта білінбеуі де мүмкін. Елде ситуация өте тұрақты және өте жақсы сыртқы қарызды төлеу қатынастары қалыптасқан, орындалмауы екіталай.
PR-2
Қысқа мерзімді және орта мерзімді тәуекел периодта болады. Ұзақ мерзімді тәуекелді анықтау қиын, бірақ перспективалар жаман емес. Саяси тәуекелді ойлауға көп жеткілікті уақыт бар.Жақсы қатынас, яғни сыртқы қарызды төлеу, орындалмауы екіталай.
PR-3
Қысқа мерзімді және орта мерзімді тәуекелдің жоспарда білінбейді. Ұзақ мерзімді перспективалар түсініксіз, бірақ жақсы. Әлі де көп уақыт мерзімі бар, саяси тәуекелді көруге сыртқы қарыздарды төлеу қатынасы жақсы, бірақ өзгеруі мүмкін.
PR-4
Қысқа мерзімді және орта тәуекел периодта білінбейді, бірақ ұзақ мерзімді период потенциалды түрде жаман болуы мүмкін.Орта мерзімді тәуекелді ойлауға жеткілікті уақыт бар. Сыртқы міндетті төлеу ұзақ өзгеруі мүмкін, бірақ мүмкін жақсы жаққа өзгеруі мүмкін.

PR-5
Қысқа мерзімді тәуекел периодқа аз белгілі, жеткілікті уақыт бар, оны қорғауға. Орта мерзімді және ұзақ мерзім периоды түсініксіз, бірақ ол жаман болуы мүмкін. Сыртқы міндеттерге қатынас жақсы емес.
PR-6
Қысқа мерзімді тәуекелі аз белгілі жоспарда, бірақ аз уақыт оны қорғауға. Орта мерзімді және ұзақ мерзім тәуекел перспективалары кері көрініс береді. Сыртқы міндетті төлеу белгісіз.
PR-7
Қысқа мерзімді және орта мерзімді тәуекел жоспарда болуы мүмкін. Ұзақ мерзім тәуекел Үкіметтің үзілісте жақсаруына немесе қарым-қатынастың өзгеруі сыртқы міндетті тудырады.
PR-8
Тәуекел әр уақытта болуы мүмкін,ондай рейтингпен тұрақты емес және жайлы емес қаьынас.
PR-9
Тәуекел толығымен анықталады,ешқандай мүмкіндік үкіметің ауысуы немесе сыртқы қарыздарға қарым-қатынас.

Экономикалық тәуекел рейтингін ұзақ мерзімді жалпы экономикалық елдің дамуы және оның потенциал, елдің мүмкіндікті бағалау жағдайлары сыртқы қарызға қызмет көрсету деңгейін айтуға болады.
Оған келесідей факторлар әсер етеді:
1. Экономикалық басқару елдері
2. Экономиканың құрылымы
3. Институционалды структура
4. Ресурстық байланыс
5. Мемлекеттің инфляциялық емес тұрақты өсуін ұстады

Экономикалық тәуекел рейтингтері

Рейтинг тәуекелі
Түсіндірме
ER-1
Несие мүмкіншілігі экономикалық көзқараспен алғанда өте жоғары. Экономикалық диверсификациялық, саяси және институционалдық құрылым шетел займдарын алуға мүмкіншілігі мол. Елді халықаралық деңгейде қаржылық жағдайы тұрақты; өте аз қысқа және ұзақ мерзімді несиелер тәуекелін береді. Елде ең ірі өнеркәсіп ЖІӨ береді; жоғары деңгейде ЖІӨ тұрғындардың көңілінен шығады, инфляцияның экономикалық өсуін жақсы басқарады
ER-2
Елдер өте қолайлы экономикалық және қаржылық тәуекел жақсы мүмкіншілігі бар және проблемалары болиайтын сыртқы қарыз қызмет көрсететін деңгейі болып табылады. Жаңа индустриялы елдер жақсы даму деңгейіндегі, экономикалық даму этапында негізделген және де олардың осы сатыда бүгінгі күні тұруы табылады
ER-3
Экономикалық және қаржылық тәуекелі қанағаттандырарлық және адекваттық мүмкіншілігі қарызды өтей алатын елдер. Ұзақ құрылымды экономикалық проблемасы бар,экономикасы диверсификациялық емес. Көптеген дамушы елдер жиі осы категорияға қосылуда.
ER-4
Экономикалық тәуекел деңгейі тиімді және де проблема болуы мүмкін осы жағдайда. Жоғары, бірақ тұрақты емес өсу, инфляция орташадан жоғары, әрдайым ағымдағы балансқа дефицит, яғни шетел несиелерінің шоттарын қаржыландыруда. Экономика жеткілікті түрде диверсификациялық емес және ішкі жағдайдың туындайтын дүрігудің болуы.
ER-5
Дамушы елдер, алғашқы өндірістен шектеулі түрде жасауда, яғни ауыспалы этапты тұрғандар.Қарыз төлеу мүмкіндігі- минималды өтей алатын,төлеу графигінде қате жіберуі бар тәуекел.Экономикасы үлкен емес, жіңішке базасы бар, өсу деңгейі товар бағасынан білінеді, бірақ сонымен қатар, елдер группаларынан көруге болады.
ER-6
Елдер,периодтық сыртқы міндеттерге қайта қарастыру жасайтындар. Қарыздарын төлеу кей кездері белгісіз болады.Бұл кезеңде экономика әлсіз, алғашқы өндіріс, әрқашанда басқарушы жаман, әлде белгілі тәуекел орын алады. Шетелдің көмегіне тәуелді болып табылады.
ER-7
Елдердің аз мөлшерінде қарызын төлей алу мүмкіндігі бар, әрқашан қаржылық қиындықтарда болады. Жоғары сыртқы деңгейі бар, экономикалық басқаруы өте әлсіз. Төлей алмау және несие жоғары болып қарастыру жағдайының болмауы орын алған.
ER-8
Кішкентай елдер алғашқы өндірушілер шетел мемлекетінен көмек сұрайды. Елде сыртқы қарызды төлеу мүмкіншілігі жетіспейді.Шетел қарызын төлемейді.
ER-9
Елде банкрот.Шетел қарызын төлеуден бас тарту;өткен қарыздарды төлеуді қаламау.

Ауыстыру тәуекелі - субкатегория экономикалық тәуекелдің ликвидті төленуімен белгіленеді.Елдің балансы қолма-қол әдісі конвертициялық валютамен және оның қысқа мерзімді қарызбен сыртқы бойынша. Ауыстыру тәуекелі- мүмкіншілікті тоқтату қызмететудің қарызы үшін, проблемасы, ликвидті, сыртқы саудамен инвестицияның байланысы.

Ауыстыру тәуекелінің рейтингі

Рейтинг тәуекелі
Түсіндірме
TR-1
Минималды мөлшердегі тәуекел, валюталық шектеуді аз мөлшерде жүргізу мүкіншілігі бар. Сыртқы және ішкі өсу және төмен инфляция, халықаралық жағдайын елдің резервтерінің жағдайын көрсетеді.
TR-2
Көп мөлшердегі тәуекел емес, валюталық бағалау немесе капитал қозғалысына бақылауды жүргізудің мүмкіндігі бар. Халықаралық активтер тиімдірек, бірақ олардың размері өзгереді, экономика жеткілікті мөлшерде диверсификациялық кең мөлшерде емес, инфляциялық тенденциялар бар,төлеу балансы бойынша проьлемалар кездесуі мүмкін.
TR-3
Көп мөлшердегі тәуекел емес, валюталық шектеулерді аз мөлшерде жүргізу мүмкіндігі бар. Елдің адекваттық халықаралық резервтері жоғары.
TR-4
Тәуекел мөлшері орташа мөлшерден жоғары, ағымдағы операцияларға немесе капитал қозғалысына периодтық шектеуді қолданады. Экономикалық өсу тұрақты емес.
TR-5
Тәуекел мөлшері менеджменттің көзқарасын талап етеді. Елдің халықаралық резервтері стандарттарын әлдеқайда төмен. Экономикалық база әлсіз экономика сыртқы факторға әсерін тигізеді.
TR-6
Басқа ауыстырудың проблемалары және белгілі проблемалары елдің сыртқы міндеттерін жоюға мүмкіндік бермейді. Қарыздар жиналады, оның қайта қарауға уақыт керек.
TR-7
Тәуекел ортадан жоғары жеткіліксіз мөлшерде, капитал қозғалысына шектеу көп мөлшерде және валюталық бақылау. Елдің қарыз қызметін төлемеу міндеті қарыздардың жиналуы, қарыз құрылымын қайта қарау немесе мерзімін ұзарту. Ел банктік-кредитормен немесе үкіметтік-кредитормен уақыт мерзімінің өзгеру жолдарының тиімділігіне пікірталас тудырмады және бұл жағдай жақын болашақта өзгеруі екіталай.
TR-8
Тәуекел анықталды, қарыз құны көбейді.Елде қарыз жиналған(төленбеген % 6 ай немесе одан көп мөлшердегі)жақын болашақта қарызды төлеуге ешқандай перспективалар жоқ..
TR-9
Елде қызметті төлеу, несиені болашақта өтемеу орын алды және оның құны өте аз болғандықтан, банк активі ретінде ұстау мүмкін емес.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Елдік тәуекел дегеніміз не?
2. Сыртқы тәуекелдерінің түрлері?
3.Экономикалық тәуекелдерге не жатады?
4.Ауыстыру тәуекелі рейтингі?
5.Саяси тәуекел дегеніміз?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Шаяхметова К.О. Банк тәуекелдері: Оқу құралдары.-Алматы: Қазақ унирверситеті, 2004. -78 бет.
2. Шелекбай Ә.Д., Әлмерепов Н.А. Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практикасы, Казақстан тәжирибесі: Оқу құралы. Алматы: Экономика., 2007.- 208 бет.

4 Такырып. Банктердердің ішкі тәуекелдері.

1.Банктің клиентіне байланысты тәуекелдер.
2.Банктік операциялар сипатына байланысты тәуекелдер.
3.Банктің ішкі тәуекелдерін азайту тәсілдері.

1.Банк клиентіне байланысты тәуекелдер
Банк – бұл коммерциялық ұйым. Барлық тәуекелдердің түрлерін төмендету принципі және банктің аз шығынмен көп табыс түсіру принципі банк-клиент қарым-қатынасының негізгі принципі болып табылады. Банк өзінің капиталымен тәуекелге ұшырауы мүмкін, бірақ клиенттің капиталымен емес ал клиенттің табысымен.
Банк клиенттерінің құрамы
Банк клиенттерінің құрамының тәуекелдігі банктік қызмет маркетингпен, қоғаммен қарым-қатынас жасаумен байланысты. Кіші, орта және ірі клиенттердің талаптарының әр түрлілігі сол тәуекелдің деңгейін анықтайды, яғни ұсақ қарыз алушы ірі қарыз алушыға қарағанда нарықтық экономиканың кездейсоқ жағдайларына көбірек тәуелді болады. Сонымен қатар бір қарыз алушылар тобына, салаға және аймаққа немесе мемлекетке берілген үлкен несиелер көп жағдайда банктің банкротқа ұшырауының негізгі себебі болады.
Клиенттің құрамына байланысты әр банк тәуекелді есептеудің әдісін және тәуекел дәрежесін анықтайды. Осының нәтижесінде банк клиенттеріна байланысты тәуекелдердің толық құрылымын анықтауға болады. Кәсіпорынның көлеміне байланысты клиенттерлі кіші, орта және ірі деп үш топқа бөлуге болады.
Кіші және орта қарыз алушылар немесе клиенттер нарықтағы өзгерістерге тез бейімделеді. Олардың құрылымы өте қарапайым болып келеді, сондықтан мұндай кәсіпорындар жоғары табыс алу мақсатында кәсіби бағытын жедел өзгерте алады. Бірақ мұндай кәсіпорындардың меншікті капиталы аз болады, олар саяси немесе экономикалық өзгерістерге, қатаң бәсекеге төтеп бере алмай, банкроттыққа ұшырайды. Ал, ірі кәсіпорындар керісінше, нарықтағы сұраныстың өзгеруіне өте жайбейімделеді және өздерінің кәсіби бағыттарын мүлдем өзгертпейді. Бірақ мұндай кәсіпорындардың меншікті капиталы үлкен болады, сондықтан олар нарықтағы жағымсыз экономикалық өзгерістерге төтеп бере алады.

Банктің түрлі клиенттерінің әртүрлі салаларға тәуелділігі (салалық тәуекел)
Тәуекел теориясына байланысты негізгі признагы кәсіпорынның қай саласына жататыны оның қай тауарды өндіргеніне байланысты. Бірінші сферадағы кәсіпорындар, оларға ауылшаруашылық кәсіпорындар жатады; екінші сферадағы кәсіпорындар (өнеркәсіптік), олардың өздері өндіруші және қайта өндіруші болып бөлінеді, үшінші сферадағы кәсіпорындар, әр түрлі қызмет көрсететіндер (банктер, сақтандыру компаниялары, аудиторлық, консультациялық компаниялар және т.б.) және өткізу (көтерме
және бөлшек сауда) сферасындағы өз қызметін атқарушылар.
Салалық тәуекелді төмендету үшін банк әр түрлі айыл шаруашылық салаларға байланысты клиенттерге қызмет көрсету керек.Осылай тәуекелді төмендетуге мүмкін болады, инфляциянын тәуекелі, валюталық тәуекелдер, форс-мажордық тәуекелдердер сақтандырылуға болады.
Салалық тәуекел саланын экономикалық және қаржылық динами-касымен тығыз байланысты. Егер сала динамикалы болса, онда тәуекел тәуекел дәрежесі де жоғары болады.
Салалық тәуекелге әсер ететін факторлар келесідей топтастырылады:
Белгілі бір уақыт мезетіндегі саланын альтернативті қызметі. Талдау - орта квадратуралардың деңгейі негізіндегі ерекше талдау арқылы жүргізіледі.
Сала ішіндегі бәсеке, яғни бағалы және бағасыз бола алады, ол бәсекелес фирмалардың жаңа тауарды шығарумен байланысты, тауарды-ауыстыратын тауарлардың болуымен немесе керісінше, сатып алушылардың нарықтық күшімен, делдалдар мен жабдықтаушылардың рейтингісіне байланысты.
Салалық тәуекелдің деңгейін өлшеудің негізгі бір түрі ол – β коэффициентің алу болып табылады. Бұл коэффициент тәуекелдің өзгеру деңгейін бақылайды.
2.Банктік операциялар сипатына байланысты тәуекелдер.
Операциялық тәуекел – қызметкерлердің және ақпарат жүйелерінің немесе сыртқы оқиғалардың алшақ немесе қате іс-әрекеттері, ішкі үрдістері нәтижесінде шығын туындау тәуекелі.
Операциялық тәуекелді минималдандыру мақсатында Банкте қолданылатын негізгі шаралар:
Банктің сайма-сай ұйымдастырушылық құрылымын, ішкі нормативтік құжаттарды, операциялық тәуекелдің мүмкін факторларын минималдандыру мақсатында банктік операциялар мен мәмілелер жасау процедураларын әзірлеу;
жүргізілетін банктік операциялар және басқа мәмілелер бойынша өкілеттік пен есептілікті бөлу принциптерін сақтау;
жүргізілетін банктік операциялар және басқа мәмілелер бойынша белгіленген шектердің сақталуын бақылау;
жүргізілетін банктік операциялар және басқа мәмілелер бойынша құжаттар мен шоттарды жүйелі түрде салыстыра отырып тексеру;
Банктің материалды активтеріне және ақпаратына рұқсаттың белгіленген тәртібін сақтау;
одан ары болдырмау үшін жүйелік қателерді сараптау;
қызметкерлерді сапалы іріктеу;
қызметкерлердің біліктілігін үнемі көтеріп отыру.
3.Банктің ішкі тәуекелдерін азайту тәсілдері.
Меншіктік қатысына байланысты банктің клиенттері немесе кәсіпорындар мемлекеттік, жеке, акционерлік, кооперативтік деп бөлінеді. Меншіктік қатысына байланысты әр түрлі кәсіпорындарда тәуекелдің деңгейі де әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан банк клиенттерге қызмет көрсетпес бұрын немесе несие берместен бұрын клиент портфелінің сапасын тексереді. Осылайша банк өз өтімділігін сақтау үшін және рентабельділігін белгілі бір деігейде ұстау үшін үнемі клиент портфелінің сапасын тексере отырып, нақты және потенциалды клиенттердің артықшылықтарын анықтайды.
Тәуекелдерді төмендету мақсатымен банк келесідей қызметтерді орындау керек:
өз клиенттерінің портфелін девирсификациялау, бұл тәуекелдердің барлық түрін девирцификациялауға әкеледі, яғни оны бөліп жайғастыруға;
клиенттердің үлкен санына ұсақ сомалар түрінде көбірек несиелер пайдалануына беруге талаптану;
консорционалды негізде клиенттерге үлкен сомаларды пайдалануға беру және т.б.
Банк клиенттерінің топтастыру тәсілдерінен біреуін қарап шығамыз, қайсының арқасында банкілік тәуекелдердің барлық түрлерінің деңгейі төмендеуі мүмкін.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Ішкі тәуекел дегеніміз не?
2. Банк клиентіне байланысты тәуекел?
3. Банктің ішкі тәукелдерін азайту тәсілдеріне не жатады?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Шаяхметова К.О. Банк тәуекелдері: Оқу құралдары.-Алматы: Қазақ унирверситеті, 2004. -78 бет.
2. Шелекбай Ә.Д., Әлмерепов Н.А. Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практикасы, Казақстан тәжирибесі: Оқу құралы. Алматы: Экономика., 2007.- 208 бет.
3 Такырып. Валюталық тәуекелдер және оларды азайту жолдары.
1.Валюталық операциялардың жалпы сипаты.
2.Валюталық тәуекелдердің пайда болу себептері. Валюталык тәуекелдердің жіктелуі.
3.Валюталык трансляциялық тәуекелдерді басқару әдістері

1.Валюталық операциялар мен олардың сипаттамасы
Валюталық операциялар ағымдық операциялар және капитал қозғалысымен байланысты операцияларға бөлінеді.
1.Ағымдық операцияларға жататындар:
Тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт – импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
180 күннен аспайтын мерзімге несиелер беру және алу;
салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша дивиденттерді, сыйақыларды және өзгк де табыстарды алу және аудару;
гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлік соманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және басқа сомаларды аудару;
осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық операциялар.
2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:
инвестицияларды жүзеге асыру;
интеллектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізуге арналған аударымдар;
мүліктік құқыққа және өзге де жылжымайтын мүлік құқығына төлеуге аударымдар;
тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт – импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
180 күннен асатын мерзімге несиелер беру және алу;
өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар шетел банкілерінде және өзге де қаржылық ұйымдарға салымдарды (депозиттерді) жүзеге асыру;
зейнетақы активтерін жинақтауға байланысты мәмілелер бойынша халықаралық аударымдар;
жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар.
Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен банктік операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өкілеттігі банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банк валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүргізеді.
Валюталық операциялардың жіктелуі
1.Клиенттердің шоттарын ашу және жүргізу
Бұл операция мынадай түрлерден тұрады:
1. заңды және жеке тұлғаларға (резиденттер мен бейрезиденттерге) валюталық шот ашу;
2. шоттардағы қалдық бойынша пайыз төлеу;
3. овердрафт (банктің жетекшілерінің шешімімен ерекше клиенттерге) несиелерін беру;
4. операция жасалуына қарай шоттың көшірмелерін беру;
5. кез келген уақыт аралығына шот архивін рәсімдеу;
6. клиенттердің тапсырмалары бойынша операцияларды орындау (клиенттер есебінен шетел валютасын сатып алу және сату);
7. экспорттық – импорттық операцияларды бақылау жасау.
2. Сауда емес операциялар
Сауда емес операцияларға клиенттерге тауар және қызметтер экспорты мен импорты және капитал қозғалысы бойынша қызмет көрсетулер үшін есеп айырысуларға байланыссыз операциялар жатады.
Өкілетті банктер мен сауда емес сипатта мынадай операцияларды жасауы мүмкін:
1. қолма – қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу және сату;
2. шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын инкассациялау;
3. шетел банктерінің жол чектерін сатып алу (төлеу);
4. ақшалай аккредитивтерді төлеу.
3. Шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату
Халықаралық есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін банктер шетел банктерінде өздерінің корреспонденттік шоттарын ашады. Ондай шоттар екі түрлі болып келеді:
1. НОСТРО шоты (біздің шотымыз сізде) – банк- корреспондентте коммерциялық банктің атына ашылған ағымдық шот.
2. ЛОРО шоты (сіздің шотыңыз бізде) – коммерциялық банкте банк – корреспонденттің атына ашылған ағымдық шот.
4. Конверсиондық операциялар
Конверсиондық операциялар – сол елдің қолма – қол және қолма – қолсыз ұлттық валюталарына қолма – қол және қолма – қолсыз шетел валюталарын сатып алу және сату мәмілелері.
Конверсиондық операцияларға мынадай валюталық мәмілелер жатады:
СПОТ мәмілесі – бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі екінші банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.
ФОРВАРД (мерзімді, аутрайт) мәмілесі – бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле күннен кейінгі 2 банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.
СВОП мәмілесі – бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты осы валютаны болашақта қайта сатып алу және сатуға сәйкес, яғни екі қарама – қарсы операциядан тұратын банктік мәміле.
Аутрайтпен жасалатын мәміле – белгілі бі күнге валютамен жабдықтау шартын білдіреді.
Опционмен жасалатын мәміле – валютамен жабдықтаудың күні белгіленбеген шартын сипаттайды.
5. Халықаралық есеп айырысу бойынша операциялар
Сыртқы саудада есеп айырысудың мынадай формалары қолданылады: құжатталған аккредитив, құжатталған инкассо, банктік аударым.
Құжатталған аккредитив – аккредитивте көрсетілген құжаттарға қарсы экспорттың (бенефициарға) пайдасына өзінің бұйырушы – клиенттің (импортердің) өтініші бойынша жасайтын аккредитив ашушы банктің (эмитент – банктің) міндеттемесін білдіреді.
Құжатталған инкассо – эмитент – банктің, сенім білдірушінің берген құжаттарын төлеушіге (импорттарға) төлеу үшін ұсынуға немесе ақшасын алып беруге өзіне алған міндеттемесі.
Банктік аударым – банктік аударым жасаушының жасаған тапсырмасы негізінде барлық есеп айырысудағы валюталық түсімдердің өкілетті банктердің шотына есепке алынуын білдіреді.
6. Валюталық қаражаттарды тарту және орналастыру операциялары.
Мұндай операцияларға мыналар жатады:
1) депозиттерді тарту:
жеке тұлғалардан;
заңды тұлғалардан, соның ішінде банкаралық депозиттер;
2) несиелер беру:
жеке тұлғаларға;
заңды тұлғаларға;
2) банкаралық нарықта несиелерді орналастыру.

2.Валюталық тәуекелдердің пайда болу себептері.
Валюталық тәуекел – ұлттық валютаға қатысты щетел валюталарының бағамдарының өзгерісімен бай-ты валюталық (бағамдық) зиян шегу қауіпі.
Валюталық тәуекелдің құрылымы келесідей:
1) Коммерциялық ,яғни қарызданушылардың төлеуді қалау және оның мүмкіншілігінің болмауы;
2) Операциялық, валюталық шығындардыі тәуелді нақты операциялар негізінде. Бұл тәуекелде пайданы алу мүмкіншілігі жоқ деп қарас-тыруға болады.
Операциялық валюталық тәуекелді төмендетудің ең негізгі әдістері:
1. Хеджерлық
2. валюталық своп
3. трансляциялық
4. форфейтингтік
Хеджерлық – тәуекелдің жоғалту мүмкіндігінің азаю процесі, яғни әр түрлі тәуекел жасау валюталық позициясы болып табылады. Хеджер өз тәуекелін валюталық операциялар қатысушысына әкеледі. Егер ол фьючерстік сатып алса, онда басқа біреу сатуы қажет.
Валюталық своп – бұнда екі әр түрлі жағдай болады. Біріншісі параллельді несиелендіру жасайды, яғни екі жақ екі түрлі елде несиені бірдей мерзіммен қоюды және тәсілмен, бірақ әр түрлі валюта деңгейінде.
1) параллель (қосарлас) несиелерді рәсімдеу, мұнда екі түрлі мемлекеттегі екі тарап екі түрлі бағытталған, бірдей мерзімді және өтеу әдістері бірдей, бірақ әр түрлі валюталарда берілген несиелерді ұсынады.
2) Екінші нұсқа – банктер арасындағы валютаны спот мөлшер-лемесімен сату немесе сатып алу және мәмілені алдын ала келісілген күніне (болашақта) белгіленген спот мөлшерлемесімен қою (апару) келісімі.
Қосарлас несиелерге қарағанда своптар пайыз төлемін қоспайды
активтер мен пассивтер бойынша тәуекелдерді өзара есепке алу немесе неттинг, мұнда банк басқарушылары валюта түсімін оның ағымынан шегеру арқылы тәуекел мөлшеріне әсер ету мүмкіндігін иеленеді.
Басқа трансұлттық банктер (біріккен) неттинг әдісін қолданады, бұл әдіс валюталық мәмілелерді ірілендіру жолымен қысқартуда көрініс табады. Бұл мақсатта банктік несиелердің барлық бөлімшелерінің қызмет үйлестірілуі жоғары деңгейде болуы тиіс.
Своп – термині халықаралық қаржылық тұрғыдан алғанда 3 түрлі анықтама береді және де олар өте тығыз байланысты:
1) сатып алу және біруақыттағы форвардтық валюта сатуы
2) бір уақыттағы несиені екі валютамен көрсету
3) тәжірибені алмастыру, бір валюта негізінде екіншісіне негізделген.

3.Валюталык трансляциялық тәуекелдерді басқару әдістері.
Трансляциялық (бухгалтерлік) тәуекелдер - баланс активтері мен пассивтерін қайта бағалау кезінде және шетел клиенттері, контрагенттердің Табыстар мен шығындар шотын қайта бағалағанда туындайды. Бұл тәуекелдер өз кезегінде қайта есептеу валютасын таңдауға, валюта тұрақтылығы мен басқа да бірқатар факторларға тәуелді. Қайта есептеу трансляция әдісі бойынша (қайта есептеу күніндегі ағымдық бағам бойынша) немесе тарихи әдіспен (нақты операцияны жүзеге асыру күніндегі бағам бойынша) жүргізе алады. Кейбір банктер ағымдық операцияларды ағымдық бағаммен, ал ұзақ мерзімді операцияларды – тарихи бағаммен есепке алады, басқалар қаржылық операциялардың тәуекел деңгейін ағымдық бағам бойынша талдайды.
Трансляциялық валюталық тәуекелді басқарудың әдістері келесідей: 1)ішкі 2)сыртқы 3)техникалық 4)әкімшілік Осы әдістер белгілі бір стратегия үшін,сондай-ақ банктердің қызметінің тактикалық бағдарламаларын құрастыру үшін де қолданылуы мүмкін.
Форфейтерлеу тәуекелдері - регресс (кері қайту) құқығынсыз экспортер тәуекелдерін форфейтор өзіне алғанда туындайды.
Форфейтерлеу тәуекелдері - регресс (кері қайту) құқығынсыз экспортер тәуекелдерін форфейтор өзіне алғанда туындайды.
Форфейтирлеу кезіндегі тәуекел деңгейін төмендету артықшылықтары:
1)мүмкін болатын міндеттемелердегі баланстың өзара қарым-қатынастарды жеңілдету
2)өтімділік жағдайыш жаксарту
3)пайыздық мөлшерлемелердің тербелісімен байланысты тәуекелдердің келуі және мүлдем болмауы
4)валюталардың тербелістерінмен және қарызгердің қаржылық тұраұтылығының өзгеруімен байты тәуекелдер деңгейінің күрт төмендеуі

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Валюталық тәуекел дегеніміз не?
2. Валюталық операциялар түрлері?
3. Валюталық тәукелдерін азайту тәсілдеріне не жатады?
4.Хеджерлеу дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Шаяхметова К.О. Банк тәуекелдері: Оқу құралдары.-Алматы: Қазақ унирверситеті, 2004. -78 бет.
2. Шелекбай Ә.Д., Әлмерепов Н.А. Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практикасы, Казақстан тәжирибесі: Оқу құралы. Алматы: Экономика., 2007.- 208 бет.

5 Такырып. Пайыз тәуекелі және оны азайту әдістері.
1.Пайыз тәуекелі және оның пайда болу себептері.
2.Пассивтік операциялар бойынша пайздық тәуекелдер.
3.Пайыздық тәуекелдерді азайту тәсілдері.

1.Пайыз тәуекелі және оның пайда болу себептері.
Пайыздық тәуекел – төмендегілерді қамтитын сыйақы мөлшерлемелерінің қолайсыз өзгеруі салдарынан шығыс (шығын) туындау тәуекелі,
банктің тартылған міндеттемелері мен орналастырылған активтерін қайтару және өтеу мерзімдерінің сәйкессіздігінен шығыс (шығын) туындау тәуекелі (белгіленген сыйақы мөлшерлемелері кезінде);
банктің бір жағынан банк активтері және екінші жағынан міндеттемелер бойынша мөлшерлемелердің алуан түрін қолдануы салдарынан шығыс (шығын) туындау тәуекелі;
басқа тең талаптарда ұқсас бағалық сипаты бар құралдар қатары бойынша алынатын және төленетін сыйақыны есептеу мен түзетудің түрлі әдістерін қолдануға байланысты базистік тәуекел.
Проценттiк тәуекел - сыйақы ставкаларының қолайсыз өзгеруi салдарынан туындаған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi, оның iшiнде:
- орналастырған активтер мен тартылған мiндеттемелердi (белгiленген сыйақы ставкалары кезiнде) қайтару және өтеу мерзiмдерiнiң сәйкес келмеуiнен шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;
- өзге тең жағдайларда ұқсас баға сипаты бар құралдардың бiрқатары бойынша алынатын және төленетiн сыйақыны есептеу және түзетудiң түрлi әдiстерiн қолдануға байланысты негiзгi тәуекел;
Пайыздық тәуекелді басқарудың негізгі мақсаты – Банк қаржы құралдарының ағымдық табысына және Банк капиталының экономикалық құнына нарық мөлшерлемелерінің құбылуының теріс ықпалын минималдандыру.
Базель комитеті бойынша пайыздық тәуекелдің туындауының келесі себептері бар:
1)бағаның өзгеру тәуекелі, бұл фактора комқ банктің тәуекелді тудыратын бірден-бір себебі
2)көлденнен кірісті тлдің өзгеруі, актив же пассив бша пайыздық ставканың өзгерісінің уақытқа дәл келмеуі, тлге әкелуі мүмкін.Егер конфигурациямен графиик қисығының формасы өзегерсе, онда тлдің бұл түрі пайда график қисығының болжанбаған өзгерістері банк пайдасына негативті әсер тигізеді.
3)базистік тл, ол қаржылық құралдарды бөлшекті алынған же төленген пайыздарды реттеу кезінде жетілдірілмеген корреляция нәтижесінде пайда б-ды
4)опционға байланысты тәуекелдер, опциондық келісім өздерінің иелеріне сатып алуға, сатуға немесе келісім бойынша облигациялармен, вексельдермен және т.б. бағалы қағаздармен байланысты шарттарды өзгертуге құқық береді.

2.Пассивтік операциялар бойынша пайздық тәуекелдер.
Пассивті операциялар тәуекелі - салым және депозит бойыншаша,банкаралық несиелерді тарту тәсілдері және диверсификация тәсілі.Пассивті операциялар тәсілі-активті операцияларды ресурстармен қамтамасыз етудегі проблемаларымен бай-ты.
Пассивтік опрациялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары. Банктің пассивтік операциялар бұл нәтижесінде пассивтік шоттағы не активті-пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды. Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарығқтан несиелік ресурстарды сатып алады. Пассивтік операциялардың төмендегідей формалары болады:
1. коммерқ банктерің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
2. банк пайдасынан капиталдарды не қорларды ұлғайту же құру;
3. басқа да заңды тұлғалардан несие алу;
4. депозиттік операциялар.
Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тартуға мүмкіндік береді.

3.Пайыздық тәуекелдерді азайту тәсілдері.
Пайыздық тәуекелді басқарудың негізгі мақсатына қол жеткізу үшін іске асырудың төмендегідей ретті сатыларымен пайыздық тәуекелді басқару жүйесі құрылады.
1. пайыздық тәуекелді бағалау – Банктің саналы уақыт аралығында пайыздық тәуекелге бейімділік деңгейін сандық мәнде бағалауға қабілетті пайыздық тәуекелді бағалаудың түрлі әдістерін тиімді пайдалану (пайыздық GAP, Маколей дюрациясы, таза пайыздық пайда мен жеке капитал симуляциясы);
2. пайыздық тәуекел көлемін бақылау – пайыздық тәуекел көлеміне шек белгілеу және пайыздық тәуекелді минималдандырудың түрлі әдістерін қолдану негізінде жүргізіледі;
3. пайыздық тәуекелге мониторинг жүргізу – Банктің ағымдық позицияларына пайыздық тәуекел және белгіленген шектерге сәйкестік дәрежесі бойынша үнемі мониторинг жүргізу.
Банктің ішкі нормативтік құжатына сай пайыздық тәуекелді басқару процедурасын іске асыруға Активтер мен пассивтерді басқару комитеті жауапты.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Пайыз тәуекел дегеніміз не?
2. Пассив операциялар тәуекелдеріне не жатады?
3. Пайыз тәукелдерін азайту тәсілдеріне не жатады?
4.Пайыз тәуекелінің пайда болу себептері?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Шаяхметова К.О. Банк тәуекелдері: Оқу құралдары.-Алматы: Қазақ унирверситеті, 2004. -78 бет.
2. Шелекбай Ә.Д., Әлмерепов Н.А. Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практикасы, Казақстан тәжирибесі: Оқу құралы. Алматы: Экономика., 2007.- 208 бет.

6 Такырып. Активтік операциялар тәуекелдері. Портфелдік тәуекелдер.
1.Активтік операциялар тәукелдерінің жалпы сипаты.
2.Портфелдік тәукел және оның түрлері.
3.Инфляция тәукелі.
4.Лизинг, факторинг және форфейтинг тәукелдері

1.Активтік операциялар тәуекелдерінің жалпы сипаты
Банк активтерінің сапасының көрсеткіштері
Банк активтері - пайда табу мақсатында банктік ресурстарды түрлі активтер бойынша орналастырылған қаражаттары.
Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды.Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.
Банк активтерінің сапалылығы мынадай төрт критерийлермен анықталады: өтімділік. әуекелдік, табыстылық пен диверсификация.
Активтердің өтімділігі – бұл қарыз алушының міндеттемелерді өтеу немесе осы активтерді сату арқылы олардың қолма-қол ақшаларға айналу қабілеті.
Активтердің өтімділік дәрежесі олардың айналымына байланысты. Ақшалай формадағы банктің активтері төлем қызметін оындауға бағытталған.
Активтер тәуекелі критерийі, олардың ақшала формағаайналдыру кезінде шығындарға ұшырау мүмкіндігін сипаттайды. Активтердің тәуекел дәрежесі, олардың әр түрі үшін ерекше көптеген факторлармен анықталады. Мысалы, ссудаық тәуекел қарыз алушының қажылық жағдайына, қарыз көлеміне, беру мен өтеу тәртібіне, т.б. факторларға айланысты.
Банк активтердің тәуекелі неғұрлым жоғарғы болған сайын, банктің өтімділігі соғұрлым төмен болады.
Активтердің табыстылығының критерийі ретінде: активтердің жұмыс жасау қабілеті, тиімділігі, яғни табысты әкелу қабілеті, сонымен қатар банктің дамуы үшін қаражат көзін табу және банктің капитал базасын нығайту қабілеті. Табыстылық дәрежесі бойынша активтер: табыс әкелетін және табыс әкелмейтін болып екіге бөлінеді.
Активтердің диверсификациясы критерийі банктің ресурстаын әр түрлі орналстыру аялары бойынша бөлу дәрежесін сипаттайды. Активтерді диверсификациялау өрсеткіштері мынадай: ресурстарды оналастыру бағыттары бойынша банк активтерінің құрылымы, объектілер мен субъектілері бойынша несиелік жұмсалымдардың құрылымы; бағалы қағаздар портфелінің құрылымы, валюталар құрылымы; банкпен корреспонденттік және несиелік қатынастарда болатын басқа банктердің құрылымдық құрамы. Активтер неғұрлым көп диверсификацияланса, соғұрлым банктің өтімділігі жоғары болады.
Активті операциялар тәуекелі пайыздық тәуекел деңгейімен байланысты. Яғни банк өз қызметінде жиі кездесетін процесс. Активтерді басқару сол банктің өтімділік деңгейіне же бағалы қағаздар портфелінің кешендеріне сонымен қатар бәсекелестік қызмет деңгейіге бты.
Портфельді инвестициялар тәуекелілі бағалы қағаздардың жеке түрлері бойыншаша жоғалтуларға негізделеді және ссудалардың барлық категорияларына қатысты.
Портфельді тәуекелдер келесілерге бөлінеді:
- қаржылық; - өтімділік; - жүйелік; - жүйесіздік.
Қаржылық тәуекелдер келесідей негізде анықталуы мүмкін: банктегі қарыздық қаражат көп болған сайын акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар, сонымен қатар біріккен банктер сол бша акционерлер мен құрылтайшылар тәурі жоғары болады. Сол уақытта қарыздық қаражат қаржыландырудың негізгі табысты көзі б.т. Қабылданған норма бша қарызға алушылар қарыздық қаражат же жеке қаражат арасында сәйкес келеді.

2.Портфельді тәуекел бағалы қағаздардың жеке түрлері бойынша жоғалтуларға негізделеді және ссудалардың барлық категорияларына қатысты.
Портфельді тәуекелдер келесідей жіктеледі:
1)қаржылық 2)өтімділік 3)жүйелік 4)жүйесіздік
Өтімділікті жоғалту тәуекелі – банктің міндеттемелерін мүмкін орындамауына не уақытылы орындамауына байланысты тәуекел.
Банктегі өтімділік тәуекелін тиімді басқару мақсатындағы басқарудың ағымдық және жедел деген екі бағыты бар.
Банктің ағымдық өтімділігін басқару кезінде орналастырылған және тартылған ақша, сыйақы алуға (төлеуге) байланысты табыс пен шығыс мерзімдері салыстырылады және Банк пен уәкілетті орган нормативтерін орындау мақсатында ақша қаражатының резерві жүзеге асырылады. Ағымдық өтімділікке қазынашылық бөлімшесі жауапты.
Банктің жедел өтімділігін басқару кезінде:
Gap-өтімділікті, ішкі және сыртқы факторлардың өтімділік позициясына ықпалын сараптау;
ақша ағындары мен қайтымдарына болжам жасау;
Банк өтімділігі тәуекелінің шығындарын бағалау;
өтімділік шектерін белгілеу;
қиын жағдайлардағы әрекет жоспарын әзірлеу жүзеге асырылады.
Банктің жедел өтімділігіне тәуекел-менеджмент бөлімшесі жауапты.
Банктің өтімділігін жүйелік басқаруға Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сай Активтер мен пассивтерді басқару комитеті жауапты.

3. Инфляция тәуекелі
Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдерге тәуекелдердің келесі түрлері жатады: инфляциялық және дефляциялық тәуекелдер, валюталық тәуекелдер, өтімділік тәуекелі.
Инфляция ақшаның құнсыздануы болып табылады, бағалар өседі. Дефляция – инфляцияға кері процесс, ол бағалардың төмендеуінен және соған сәйкес ақшаның сатып алу қабілетінің жоғарылауынан көрінеді.
Инфляциялық тәуекел – инфляция өсімі кезінде нақты сатып алу қабілеттілігі көзқарасынан өсуден көрі алынатын ақшалай табыстар тез құнсыздануындағы тәуекел. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға тап болады.
Банктер инфляция темпінің жоғарлауын өз операцияларының табыстылығын жоғарлату үшін қолдануы мүмкін.Сонымен қатар инфляция тәуекелі банктің қызметіне теріс әсерін тигізуі мүмкін ол банктің құралдары мен активтерінің және акция капиталының құнсыздануына әкелуі мүмкін.
Инфляциялық тәуекелдік – банкінің сатып алатын  тауарлары мен көрсететін қызметіне бағалардың өсуі немесе банк активтерінің құны бағаның өсуіне байланысты нөлге түсу ықтималдығы.
Дефляциялық тәуекел – дефляция өсімі кезінде бағалар деңгейі төмендейді, кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы нашарлайды табыс төмендейді.

4.Лизингтік тәуекел
Соңғы кездері банк қызметінда лизингтік және факторингтік операциялар қолд-ды олар банкті тәуекелге ұшыратуы мүмкін.
Лизинг – бұл лизинг берушінің қзіне тиесілі құрал – жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.
       Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құның толық өтемеуін сипаттайды.
2. Қаржылық лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтуімен байланысты сипатталады.
Сондай-ақ, л-тің отандық же халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:
Ішкі л-г –бұл оның қатысушыларының бір елден бп келуімен бай-ты сипат-ды.
Халықаралық л-г бұл тарап не барлық тараптардың әр елден бп келуін сипат-ды
Сыртқы л-г бұл эксппорттық же импорттық бп бөлінеді.Экспорттық л-гте шетел л-г алушы болса, импорттық л-гте шетел л-г беруші б.т.
Лизингтік операр жүргізу үшін ең алдымен лизинг алушыға банк көрсетілетін қызметке жарнама жасау керек, лизингтік нарықты жақсы білу керек, оның тенденцияларын,қандай құралдарға үлкен сұраныс бар екендігін анықтау керек.Сонымен қатар нарықтық бағаларды, тарифтер мен лизингтік қызметтерді ескеру керек.
Лизингтік операр тәуекелімен бай-ты басты фактор- лизингтік мәміленің сапасы және құралдарды жеткізу мерзімінің бұзылуы.Сонымен қатар лизинг алушының төлем қабілетін, қаржылық жағдайын, мерзімінде төлеп отыруын,нарық кньюктурасын же т.б. талдау керек.
Факторингтік тәуекел
Факторинг операциясы – жабдықтаушының жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.
Факторинг — жабдықтаушы-клиенттің жабдықтаған тауары мен көрсеткен к,ызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.
Банк төленбеген төлем талабының иесі ретінде, борышқордың несиелік қабілетін тексергенімен де олардың төленбей қалуына байланысты тәуекелге барады.
Келісімшартқа сәйкес банк жабдықтаушының контрагенттері өздерінің қарызын өтегеніңе қарамастан төлемталабындағы соманы төлеуге міндеттеме алады. Дәл осы жерде факторинг пен банктік кепілдеменің арасындағы айырмашылық байқалады. Яғни, банктік кепілдеме бойынша банк өзінің есебінен, оған тиісті соманы клиент төлемеген жағдайда төлеуге міндетті болып табылады. Факторингтік қызметтің мақсаты төлеушінің төлем қабілетіне байланыссыз факторингтік келісім-шартта көрсетілген мерзімде тез арада қаражатты алу болып табылады.
Нарық экономикасы дамыған елдердегі факторингтік компаниялардың көбіне еншілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмыс жасайды.
Факторинг операциясына үш тарап қатысады:
1.Факторингтік компания (банктің факторинг бөлімі) —өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
2.Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие беруші) — факторинг компаниясымен келісімшарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.
3.Кәсіпорын (қарыз алушы) — тауарды сатып алушы фирма
Факторингтік тәуекелді төмендету үшін келесі әдістер қолданылады:
- ақы төлеуге клиент шотының барлық сомасы емес , ал тек оның ,төлеушіден түскен құралдарынан кейін қалған соманы санап шығу (перечесление)
- төлеушінің төлеу қабілеті кепілдігінің артынан комиссиондық сыйлық беру алынады

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Актив операциялар тәуекелі дегеніміз не?
2. Лизинг тәуекелді қалай түсінесін?
3. Банктің активті операциялар тәукелдерін азайту тәсілдеріне не жатады?
4.Инфляция тәуекелдің пайда болу себептері?
5.Портфелдік тәуекелдің түрлері?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Шаяхметова К.О. Банк тәуекелдері: Оқу құралдары.-Алматы: Қазақ унирверситеті, 2004. -78 бет.
2. Шелекбай Ә.Д., Әлмерепов Н.А. Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практикасы, Казақстан тәжирибесі: Оқу құралы. Алматы: Экономика., 2007.- 208 бет.

7 Тақырып. Несиелік тәуекелдерді басқару.

1.Несиелік тәуекел және оның пайда болу себептері.
2.Несиелік тәуекелді азайту әдістері.

1. Несиелік тәуекел және оның пайда болу себептері.
Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарылымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақытылы айналысып отыруға тиіс.
Несиелік тәуекел – қарыз алушының банкпен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар:
несиелік қызметті ұйымдастыру;
лимиттер белгілеу;
несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;
несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелерге рейтинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру;
несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып, сыйақы мөлшерлемесін анықтау;
несиелік шешімдерді қабылдау барысында құзіретті бөлу несиелерді авторизациялау;
несиелік монитооринг;
несиелік порттфельді басқару;
проблемалық несиелерді қалпаны келтіру.
Кез келген банктік несие белгіленген мөлшер шегінде (лимит) беріледі. Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушымен бірлесі отырып, материалдық қорлардың құралу қажеттілігін зерттеу негізінде шығындарды, өндіріс көлемі мен өнімінің өтімделігін, аулы шаруашылық өнімдерін, оның қайта өнделуі және басқа да шығындарды ескере отырып анықтайды.
Қарыз алушыға берілген несиенің мөлшері әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне байланысты. Бірақ та, бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен, осндай-ақ банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі мүмкін.
Екіншіден, несиенің мқөлшері экономикалық жағдайларға байланысты, осның ішінде:
қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;
несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы-материалды бағалылар қорына және олардың өтімділік дәрежесіне;
маржа деңгейіне;
несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне;
банкте бар ресурс көлеміне және т.б.
Несиелерді авторизациялау – несиелік тәуекелді төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар тексерулер процесін білдіреді.
Несиелік мониторинг – несие бойынша мәселе туындай қалған жағдайда, қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін қадағалап отыруға байланысты шаралар жүйесі болып табылады.
Несиелік портфельді басқару – бұл банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады.
Несиелік портфельді басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына жататындар:
нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу;
несиелік рейтингпен байлансты болатын, жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;
әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;
төменгі тәуекел теңгейі бар ең маңызды саларды анықтау;
жоғарғы тәуекел теңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату;
несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.
Несиелеу лимиттерін белгілеу – несиелік портфельді құруға бақылау жасауда тәуекелдерді төмендету және ұзақ мерзімді өміршендік қабілетті жақсатру үшін пайдаланылатын басты тәсіл.
Проблемалық несиелерге:
несиелік келісім-шартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген және қосымша келісім берілегн несиелер;
сақтандыру, кепіл-хат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компанияларының, кепіл-хатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмағандар;
несиелерге есептелетін пайыздың несиелік келісім-шартта көрсетілегн күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер жатады.
Сондай-ақ проблемалық несиелерге қарсы шараларға мыналар жатады.
қарыз алушының қызметін қайта құру;
несиені қайтару кестесін өзгеру;
пайыз (сыйақы) төлеу тәртібін өзгерту.
Несие үшін төлейтін сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесі – несиенің бағасын білдіреді. Оның мөлшері, жалпы жағдайда тартылған ресурстарға төлем мен сыйақы маржасының қосындасынан құралады.
Несиелік тәуекел – қарыз алушының негізгі қарыз және несиегерге жататын пайыздардың төленбей қалу қаупі. Несиелік тәуекелге сонымен қатар қарыздық бағалы қағаздар шығарған эмитент қағаздар бойынша пайыздар немесе қарыздың негізгі сомасын төлей алмайтын жағдай да жатады.

2.Несиелік тәуекелді азайту әдістері.
Банктер кредит нарығында таралған ақпараттың сапасын төмендегі факторлардың есебінен жақсартады:
банк пен клиенттің арасында қалыптасқан қатынастар, клиенттің кредиттік тарихы жағымды болған жағдайда ол қаржы делдал­дарына инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Тек банк қана клиенттер туралы мәліметтерді пайдалана алады, ал мұның өзі капитал нарығында бәсекелестер мен кредиторлар алдында оған артықшылық берілуін қамтамасыз етеді;
кәсіпорынның банк кредитіне қол жеткізуі нарыққа оның қаржылық жай-күйін және даму келешегін жариялау болып табылады;
қарыз берушілерді бақылауды жүзеге асырғанда банктердің сараптама жүргізуі капиталдар нарығымен салыстырғанда олардың осы салада да артықшылыққа ие болуын қамтамасыз етеді.
Кредиттік тәуекелді төмендетуде ықтимал қарыз алушылардың қаржылық жай-күйі мен кредиттік тарихтары туралы мәліметтер бар, шетелде кеңінен таралған дерекқорлардың маңызы зор. Кредиттік талдау үшін кәсіпорындар бойынша кешенді анықтамалар дайындайтын кредиттік бюро маңызды ақпарат көзі болып табы­лады. Ақпараттық компаниялар осы тектес қызметтер көрсетеді, сондай-ақ олар рейтингтер жасап, оларды жариялайды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Несиеліктәуекел дегеніміз не?
2. Несиелік тәуекелдің пайда болу себептері?
3. Несиелік тәукелдерін азайту тәсілдеріне не жатады?
4. Несиелеу лимиттерін белгілеу дегеніміз не?
5. Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Шаяхметова К.О. Банк тәуекелдері: Оқу құралдары.-Алматы: Қазақ унирверситеті, 2004. -78 бет.
2. Шелекбай Ә.Д., Әлмерепов Н.А. Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практикасы, Казақстан тәжирибесі: Оқу құралы. Алматы: Экономика., 2007.- 208 бет.

8 Тақырып. Тәуекелді азайтуға байланысты банктің стратегиясы
1.Банктік тәуекелдерді басқару стратегиялары.
2. Тәуекелді бағалау әдістері.

1.Банктік тәуекелдерді басқару стратегиялары.
Банктердің тәуекелдерін басқару банк қызметінің негізгі қызметі болып табылады. Банк қызметінің тәуекелдерінің негізінде банк қабілеттілігі түсіндіріледі:
біріншіден, банктің өзіне алатын тәуекелділік көлемін дұрыс бағалау;
екіншіден, кез-келген уақытта өзіне алынған тәуекелділік көлемін дұрыс бағалау;
үшіншіден, қабылданып алынған несиелік тәуекелдің көлемін жоспарланған көлемде ұстап тұру және оны қажет кезінде көлемін өзгерту.
Мықты банкті құрудың алдын – ала шарты тәуекелді басқару процесінің тиімділігін құру болып табылады. Тәуекелді басқарудың негізгі мақсаты келесі міндеттерден тұрады:
тәуекелді басқарудың жақсы жетілдірілген саясатын және шараларын қалыптастыру;
жақсы және оңтайлы басқару;
тәуекелді тиімді бақылау;
жоғары білікті қызметкерлер құрамының болуы.
Активтердің сапасы басқару сапасын көрсететін болса да, оған басқа факторлар да әсерін тигізеді.
Банктердің тәуекелділігі сыртқы (экономикалық ортаның жай – күйімен, коньюктурасымен) және ішкі (банктің өзінің қателескен іс-әрекетімен байланысты) факторларға тәуелді болады.
Сондай – ақ тәуекелді басқару қабілеті банк басшылығының біліктілігіне және оның несиелік нақты жобаларды таңдап алумен айналысатын, сондай – ақ несиелік өзара келісімге келу шартын жасайтын қызметкерлерінің біліктілігіне байланысты болады. Банктердің алдында тәуекелді басқару ісінде көптеген қиыншылықтар тұр. Саясаттағы ішкі және сыртқы жағдайлардың қысымы, өндірістегі қиыншылықтар, қаржылық шектеу, нарықтың жаңылысуы, қаржы әлеміндегі тұрақсыздық клиенттер жағдайын әлсіретеді.
Сондай – ақ қаржылық ақпарат әрдайым сенімді емес, алынған қарызды уақытында қайтару міндетіне құқықтық құрылымның араласпауы да әсерін тигізеді. Сондай – ақ сыртқы қиыншылықтар ішкі әлсіздіктермен ұштасып, әрі қарай активтердің әлсіреуіне әкеліп соқтырады.
Банктердің көпшілігінің тәуекелді басқарудың дамытылған іс-қимыл мүмкіншілігі болмайды. Көп кездесетін кемшіліктердің ішінде төмендегілерді атап көрсетуге болады:
тәуекелді басқару процедурасының және жазбаша саясаттың көрсетілуінің болмауы;
портфельдің концентрациясына шектеудің болмауы;
банктердің тәуекелдігін үстірт талдау;
клиентпен жеке байланыстың жетіспеушілігі;
тәуекелділікті бақылаудың жетіспеушілігі;
тәуекелділіктің іс-қағаздарының нашар бақылануы;
тәуекелді аудиттеу және жүйелі бақыланбауы;
тәуекел іс-қағаздарының толық болмауы.
2. Тәуекелді бағалау әдістері.
Банктік мекемелердің және банк қызметінің тәуекел деңгейін басқарудың келесідей төмендегі негізгі тәсілдерін көруге болады:
банктің өз қызметі туралы нақты статистикалық және динамикалық ақпараттары талдау әдісін қолдану арқылы банктің қанша жоғалтулары болатының болжамдап соңғы баға қоюға болады. Осы мақсатқа жету үшін коммерциялық банктер маркетиг жүйесін басқаратын және тәуекел деңгейін талдайтын және оларды төмендетуде әр түрлі әдістерді қолданатын бөлімдерді құру керек;
пайыздық ставкалардың динамикасы олардың дәрежелерінің жоғарлауы кезінде тәуекел деңгейі де өседі және де керісінше; банкаралық нарықтағы операциялар мен пассивті операциялардың савкалары клиенттің несиелік және активті операцияларына ставкалар-дан төмен; ұзақ мерзімділер қысқа мерзімділерге қарағанда баяу өзгереді; қымтамасыз етілген несие ставкалар мен қысқа мерзімді операциялар бойынша ставкалары қамтамасыз етілмеген және қысқа мерзімді операцияларға қарағанда төмен;
несиелерді сақтандыру, яғни ол жаман жағдай кезінде кепіл ретінде болады;
хеджирлеу, яғни тәуекелдерді сақтандыру;
үлкен тәуекел болған кезде қарызгердің ұсынысын қабыл алмау;
тәуекелдерді диверсификациялау;
несие шарттарын қарастыру және т.б.
Банк тәуекелдерін хеджирлеу
Банк қызметінде көптеген тәуекелдер болып отырады.Оларды төмендетудің бір тәсілі ол – хеджирлеу.Хеджирлеу – әр бір тәуекелді мәмілеу үшін өтеуші валюталық позицияны құры.Басқаша айтқанда бір валюталық тәуекелді табыстар мен шығыстарды басқа тәуекелмен өтеу жүзеге асады.
Хеджирлеу (хеджирлеу мәмілесі) – белгілі бір шетел валютасында активтерді және міндеттемелерді сатып алу барысында бағамдық айырманың пайда болуымен байланысты мүмкін болар зияндардан қорғау (сақтандыру) тәсілі болып табылады.
Хеджирлеу шетел валютасындағы қарсылық талаптар мен міндеттемелерді болжайды.Валюталық тлдердің төмендеуі үшін әр түрлі жағдайларда хеджирлеудің төмендегідей әдістері қолд-ды:
1.Бірінші жағдайда – ұлттық валютаның бағамының төмендеуі күтіледі.Бұл жағдайда:
-ұлттық валютаны сатып, мәміледегі екінші валютаны тандап алу қажет
-ұлттық валютадағы құнды қағаздарға қатысты оперрлардың көлемін, сонымен бірге ақшаның көлемін қысқарту
-ұлттық валютадағы несиелік қарызды төлеуді кейнге қалдыру
-ұлттық валютадағы қарызға алуды арттыру
-тұрақты валютадағы өнімдердің импортын арттыру және жеделдету
-еңбекақы, дивидендтерді, сыйақыларды төлеуді жеделдету
-импортерларға ұлттық валютамен және экспортерларға шетел валютасымен шот жіберу
2.Екінші жағдайда – ұлттық валютаның бағамының өсу мүмкіндігі.Бұл жағдайда банк 1-жағдайларда көрсетілген іс-әрекетке қарама-қарсы әрекеттер жасауы тиіс.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Тәуекел дегеніміз не?
2. Банк тәуекелдерін азайту жолдары?
3. Тәукелдер бағалау тәсілдеріне не жатады?
4. Банктік тәукелдерді басқару стратегияларына не жатады?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Шаяхметова К.О. Банк тәуекелдері: Оқу құралдары.-Алматы: Қазақ унирверситеті, 2004. -78 бет.
2. Шелекбай Ә.Д., Әлмерепов Н.А. Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практикасы, Казақстан тәжирибесі: Оқу құралы. Алматы: Экономика., 2007.- 208 бет.

3. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ – бұл оқу сабағының формаларының бірі, ол оқушыларының дербестік әрі өздігінше дамуына және іскерлік пен дағдыларды алуға бағытталады.
Практикалық (семинар) сабақтардың тақырыптар тізімі

Тақырып 1. Банктік тәуекелдер. Банктік тәуекелдерінің жіктелуі.
1.Банктік тәуекелдер үғымы және мәні.
2.Коммерциялық банктің тәуеклдерінің жіктелуі.
3.Банктік тәуекелдері басқару әдістері мен принциптері.

Тақырып 2. Сыртқы реттелмейтін тәуекелдерді басқару
1.Коммерциялық банктің сыртқы тәуекелдердің жалпы сипаттамасы
2.Елдік тәуекелдердің деңгейін бағалайтын негізгі көрсеткіштері.
3.Елдік тәуекелді азайту әдістері.
Такырып 3. Валюталық тәуекелдер және оларды азайту жолдары.
1.Валюталық операциялардың жалпы сипаты.
2.Валюталық тәуекелдердін пайда болу себептері.
3.Валюталық трансляциялық тәуекелдерді баскару әдістері.

Такырып 4. Банктердердің ішкі тәуекелдері. Банктің клиентіне байланысты тәуекелдер. Пассивтік операциялар тәуекелі.
1.Коммерциялық банктердің ішкі тәуекелдердің сипаттамасы.
2.Ішкі тәуекелдердің жіктелуі.Банк түріне байланысты тәуекелдер.
3.Банктің ішкі тәуекелдерін азайту тәсілдері.

Такырып 5. Пайыз тәуекелі және оны азайту әдістері.
1.Пайыз тәуекелі және оның пайда болу себептері.
2.Пассивтік операциялар бойынша пайздық тәуекелдер.
3.Пайыздық тәуекелдерді азайту тәсілдері.

Такырып 6. Активтік операциялар тәуекелдері. Портфелдік тәуекелдер.
1.Активтік операциялар тәуекелдерінің жалпы сипаты.
2.Портфелдік тәуекел және оның түрлері.
3.Тәуекелді рейтингтік бағалау.

Тақырып 7. Несиелік тәуекелдерді басқару. Несиелік тәуекелдерді талдау әдістері.
1.Несиелік тәуекел және оның пайда болу себептері.
2.Несиелік тәуекелді азайту әдістері.
3.Шетел тәжірибесінде қабылданған несиелік тәуекелді бағалау әдістері.

Тақырып 8. Тәуекелді азайтуға байланысты банктің стратегиясы.
1.Банктік тәукелдерді басқару стратегиясы
2.Тәукелдерді бағалау әдістері:статистикалық, экспорттық, нормативтік, комплекстік.
3. Банктік тәукелдерді басқару стратегиялары

4.ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

1.Банктің ссудалық (қарыз)портфелін басқару
2 .Несиелік тәуекел қуралдары
3.Валюталық тәуекелді бақылау
4.Функционалдык тәуекелдер (стратегиялық, технологиялык тәуекел,
операциялық және жаңа өнімдерді енгізу тәуекелдері)
5.Банк менеджментінің тәуекелін талдау
6.Банкаралық тәуекелдерін талдау
7.Балансталмаған өтімділік тәуекелдері
8.Банктік тәуекелдерді басқару әдістері
9.Қарыз алушының несие қабілетін бағалау.
10. Банк тәуекелдерінің тусінігі мен мәні
11. Банк тәуекелдерінің түрлері
12.Банк тәуекелдерін топтастыру
13.Сырткы тәуекелдері мен олардың сипаттамасы
14.Банктердің ішкі тәуекелі
15.Банк тәуекелдерін басқару әдістері мен кағидаларьг
16.Банк түрімен байланысты тәуекелдер
17.Банк операциялар сипатымен байланысты тәуекелдер
18. Банкі ішкі тәуекелдерін төмендету тәсілдері
19.Лизинг операцияларының тәуекелдерін басқару
20.Қаржыльтқ тәуекел және оның топтастырылуы
21.Банк өтімділігін басқару әдістері
22.Банктік тәуекелдерді басқару әдістері
23.Қарыз алушының несие қабілетін бағалау.
24.Банктегі тәуекелдерді баскару стратегиясының тужырымдамасы
25.Портфельді тәуекелді өлшеу әдістері
26.Активтер сапасының рейтингісін анықтау
27.Пайыз тәуекелін басқару тұжырымдамалары
28.Тәуекелдерді баскару процесін ақпараттық қамтамасыз ету
29.Бағалык тәуекелдер (пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелі,
нарықтық тәуекел, валюталық тәуекел)
30.Функционалдык тәуекелдер (стратегиялық, технологиялык тәуекел,
31.Балансталмаған өтімділік тәуекелдері
32.Банктік тәуекелдерді басқару әдістері
33.Қарыз алушының несие қабілетін бағалау.
34.Банктердегі тәуекелдерді басқаруды уйымдастыру
35.Банктік жуйе тәуекелдерін реттеу
36.Лизинг операцияларының тәуекелдерін басқару
37.Банктік депозиттерді сақтандыру.
38.Бағалы қағаздармен операцияларды сақтандыру
39.Өтімділік тәуекелдері

Өздік жұмыстарының тақырыптары 2 кестеде көрсетілген.
Кесте 2
Тегінің бірінші әрпі
ОӨЖ 1
ОӨЖ 2
ОӨЖ 3
ОӨЖ 4
А Ә Б В Г Ғ
1.Банк менеджментінің тәуекелін талдау
2.Сырткы тәуекелдері мен олардың сипаттамасы
1. Қаржылық тәуекел және оның топтастырылуы
2. Саяси жоне жалпы экономикалық тәукелдер.

1.Несиелік тәуекел қуралдары
2.Қарыз алушының несие қабілетін бағалау.
3. Тәуекелдерді баскару процесін ақпараттық қамтамасыз ету
1.Лизинг операцияларының тәуекелдерін басқару
2.Банк өтімділігін басқару әдістері

Д Е Ж З И К
1. Валюталық тәуекелді бақылау
2. Банктік тәукелдердің пайда болу себептері, тәукел деңгейіне ықпал етуші факторлар.
1. Активтер сапасының рейтингісін анықтау
2. Үзақ мерзімді рейтингтер.
3. Банкаралық тәуекелдерін талдау

1.Өтімділік тәуекелдері
2.Елдік тәукелдердің деңгейін бағалайтын негізгі көрсеткіштері.
Елдік тәукелді азайту әдістері.
1.Лизинг операцияларының тәуекелдерін басқару
2.Шетел тожірибесінде қабылданған, несиелік тәукелді бағалау әдістері.
Қ Л М Н О Ө
1. Банк тәуекелдерінің түрлері
2. Портфелдік тәукел және оның түрлері
1. Депозиттік тәукелдер және оны бағалау әдістері.
2.Балансталмаған өтімділік тәуекелдері

1. Балансталмаған өтімділік тәуекелдері
2. Банктік жуйе тәуекелдерін реттеу
2.Банктің ішкі тәуекелдерін төмендету тәсілдері
П Р С Т У Ұ
1.Банк тәуекелдерін басқару әдістері мен кағидалары
2. Функционалдык тәуекелдер (стратегиялық, технологиялык тәуекел, операциялық және жаңа өнімдерді енгізу тәуекелдері)
1. Банк түрімен байланысты тәуекелдер
2. Функционалдык тәуекелдер: стратегиялық, технологиялык тәуекел

1.Портфельді тәуекелді өлшеу әдістері
2. Банк тәуекелдерінің түрлері

1.Банктегі тәуекелдерді баскару стратегиясының тужырымдамасы
2.Бағалы қағаздармен операцияларды сақтандыру
Ү Ф Х Ц Ч Ш Щ Ы І
Э Ю Я
1.Банктің ссудалық (қарыз)портфелін басқару
2. Банктердің ішкі тәуекелі

1.Пайыздық тәукелдерді азайту тәсілдері.
2.Пассивтік операциялар тәукелдері, олардың пайда болу себептері
1. Қарыз алушының несие қабілетін бағалау.
2.Банктік тәуекелдерді басқару әдістері

1.Банк менеджментінің тәуекелін талдау
2.Банктік депозиттерді сақтандыру.

Емтихан сұрақтары
1. Пассивті операциялар бойынша пайыз тәуекелдері
2. Активті операциялар тәуекелдері
3. Пассивті операциялардың пайыз тәуекелін төмендету әдістері
4. Активті операциялардың пайыз тәуекелін төмендету әдістері
5. Банк тәуекелдерінің түсінігі мен мәні
6. Пайыз тәуекелін басқару тұжырымдамалары
7. Банк тәуекелдерінің түрлері
8. Банк тәуекелдерін топтастыру
9. Пайыз тәуекелін жоспарлау және болжау
10. Сыртқы тәуекелдер мен олардың сипаттамасы
11. Активті операциялар бойынша пайыз тәуекелі
12. Пайыз тәуекелінің деңгейін басқару тәсілдері
13. Пайыз тәуекелін басқару әдістері
14. Банктердің ішкі тәуекелі
15. Пайыз тәуекелін басқару стратегиясы
16. Лизигтік тәуекел
17. Акциялар тәуекелі және оларды бағалау әдістері
18. Банк тәуекелдерін басқару әдістері мен қағидалары
19. Инфляция тәуекелі
20. Балансталмаған өтімділік тәуекелдері
21. Банк тәуекелдерін сақтандыру
22. Облигациялар тәуекелі және оны бағалау әдістері
23. Банктік тәуекелдерді басқару әдістері
24. Портфельдік тәуекел және оның түрлері
25. Банк тәуекелдерін хеджирлеу
26. Қарыз алушының несие қабілетін бағалау
27. Банк тәуекелдерін әртараптандыру
28. Банктегі тәуекелдерді басқару стратегиясының тұжырымдамасы
29. Елдік тәуекелжәне оның сипаттамасы
30. Банктің ссудалық (қарыз) портфелін басқару
31. Форфейтирлеу тәуекелдері
32. Елдік тәуекел деңгейін бағалау әдістері
33. Факторингтік тәуекел
34. Несиелік тәуекел құралдары
35. Жалпы нарықтық бағалардың төмендету тәуекел
36. Елдік тәуекел деігейін бағалаудың негізгі көрсеткіштері
37. Валюталық тәуекелді бақылау
38. Елдік тәуекелдерді төмендету әдістері
39. Инвестициялық тәуекелді бағалау әдістері
40. Инвестициялық тәуекел түрлері
41. Несиелік тәуекелді төмендету әдістері
42. Табиғи апаттар (форс-мажорлық жағдайлар) тәуекелдері
43. Несиелік тәуекел және оның пайда болу себептері
44. Саяси және жалпы экономикалық тәуекелдер
45. Бағалық тәуекелдер (пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелі, нарықтық тәуекел, валюталық тәуекел)
46. Банк өтімділігін басқару әдістері
47. Валюталық операциялар мен олардың сипаттамасы
48. Лизинг операцияларының тәуекелдерін басқару
49. Банктік жүйе тәуекелдерін реттеу
50. Несиелік тәуекел көрсеткіштері
51. Валюталық тәуекелдерінің топтастырылуы
52. Банктік тәуекелдерді басқару стратегиясы
53. Банктік депозиттерді сақтандыру
54. Шетел тәжірибесіндегі несиелік тәуекелді басқару әдістері
55. Валюталық тәуекелдерді басқару әдістері
56. Қаржылық тәуекел және оның топтастырылуы
57. Транслициялық валюталық тәуекелдерді басқару әдістері
58. Коммерциялық банктердегі несиелік тәуекелді басқару
59. Банк клиентінің ерекшелігімен байланысты тәуекелдер
60. Банк өтімділігін бағалау әдістері
61. Бағалы қағаздармен операцияларды сақтандыру
62. Пассивті операциялар тәуекелдері
63. Банктік депозиттерді сақтандыру
64. Операциялық тәуекел (валюталық операциялар)
65. Өтімділік тәуекелдері
66. Банктің ішкі тәуекелдерінің топтастырылуы
67. Инвестициялық тәуекел және оның топтастырылуы
68. Тәуекелдер талдауы (инвестициялық жобалар тәуекелдерінің сапалық талдауы)
69. Жаңа технологиялар мен өңімдерді еңгізу тәуекелі
70. Банк түрімен байланысты тәуекелдер
71. Инвестициялық жобалар тәуекелдерін сандық талдау
72. Банк операциялар сипатымен байланысты тәуекелдер
73. Тәуекелдерді басқару процесін ақпараттық қамтамасыз ету
74. Функциалдық тәуекелдер (стратегиялық, технологиялық тәуекел, операциялық және жаңа өнімдерді еңгізу тәуекелдері)
75. Банктің ішкі тәуекелдерін төмендету тәсілдері
76. Бағалық тәуекелдер (пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелі, нарықтық тәуекел, валюталық тәуекел)
77. Капиталды қалыптастырумен байланысты тәуекелдер
78. Банк активтерінің сапасының көрсеткіштері
79. Банк активтерінің сапасының рейтингісін анықтау
80. Депозиттік тәуекел (салымдық)
81. Банк менеджменінің тәуекелін талдау
82. Активтер сапасының рейтингісін анықтау
83. Портфельді тәуекелді өлшеу әдістері
84. Депозиттік тәуекелді төмендету әдістері
85. Активті операциялар тәуекелдерін басқару әдістері
86. Банкаралық тәуекелдерін талдау
87. Капиталды қалыптастырумен байланыстыты тәуекелдерін бағалау
88. Инвестициялық тәуекел және оның топтастырылуы
89. Пайыз тәуекелілі және оның туындау себептері
90. Шетел тәжірибесіндегі несиелік тәуекелді бағалау әдістері


Скачать


zharar.kz