Қысқа мерзімді міндеттемелер
Бұл бөлімнің пассивті және 6 (№ 30, 31, 32, 33, 34, 35) бөлімшелерден тұратындығы кестеден көрініп тұр. Қысқа мерзімді міндеттемелер пассив болып табылады, өйткені олар шаруашылық құралдар, ақша қаражаттары, салықтар мен ұсталымдардың есептелуі және басқа кредиторлық қарыздардың келіп шығу көздерін бейнелейді.
Олардың келіп шығуын (есептелуін) қараймыз.
Қысқа мерзімді міндеттемелерінің келіп шығуы (есептелуі)
Аталмыш жағдайда олар кредит бойынша өтеді. Бұл жерде біз кредиторлық берешектер қандай элементтерден пайда болуына назар аударуымыз керек.
а) Заемдер (несиелер) алудан. Бұл операциялар № 3010—3050 Банктік және басқа да қарыздар пассивті шоттарының кредиті бойынша бейнеленеді. Активтер несие берушілерден келгендіктен, шаруашылық операцияның жазуы № 1010, 1040 шоттардың де-бетіне № 3010—3050 шоттардың кредитінен жасалады. Проводка төмендегіше болады:
Дт
1010, 1040
Кт
3010-3050
Құжаттар
Келісімдер, несиелерді есептеу бойынша есептер, төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті Активті-пассивті операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорын ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның несие берушіге кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын банктен 2005 жылы тамыз айының 28 жұлдызындағы № 1326 төлем тапсырмасы мен банктің келісім шарттарына сәйкес, 3000000 теңге сомада қысқа мерзімді несие алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт
1040 —
А (+)
Кт
3010
П (+)
Сома
=3000000
Ескерту
3 типті операция
ә) Салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдерді есептеуден.Бұл операциялар № 3110—3190 Салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдер шоттарының кредиті бойынша бейнеленеді. Салықтардың есептелуі өзіндік құн, жалпы және әкімшілік шы-ғыстары немесе калькуляциялық шоттарға апарылатындықтан, сон-дай-ақ персоналдың еңбекақысынан ұсталатындықтан, шаруашылық операция № 3110—3190 шоттардың кредитінен төмендегі шоттардың дебетіне жасалады:
Дт
1210, 3350, 7010
7210, 7710, 8013
Кт
3110—3190
Құжаттар
Салықтарды есептеу бойынша есептер, МСИ-ның декларациялары, шот-фактуралар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті және пассивті шоттар орналасқан. Активті шот (№ 1210) орналасқан кезде баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті Активті-пассивті операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның дебиторлық қарыздары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға салықтар бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Пассивті шот (№ 3350) орналасқан кезде баланстың пассивінде тек қана өзгерістер болатын 2 типті Пассивті-пассивті операция орын алады. Бір жағынан еңбекақы бойынша кредиторлық қарыздар кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға салықтар бойынша кредиторлық қарыздар көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорында 2005 жылдың 1 тоқсанында 2005 жылы наурыз айының 31 жұлдызындағы өткізу актісіне сәйкес, өткізілген өнім мен тауарларға 360000 теңге сомада ҚҚС есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт
1210 —
А (+)
Кт
3130
П (+)
Сома
=360000
Ескерту
3 типті операция
2) кәсіпорында 2005 жылдың 1-тоқсанында 2005 жылы наурыз айының 31 жұлдызындағы есептер мен МСИ-ның декларацияларына сәйкес, 28000 теңге сомада жер салығы есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт
7210 —
А (+)
Кт
3160
П (+)
Сома
=28000
Ескерту
3 типті операция
3) кәсіпорында 2005 жылдың 1-тоқсанындағы есептер мен МСИ-ның декларацияларына сәйкес, өндірістік жұмысшылардың еңбекақысынан 189000 теңге сомада әлеуметтік салық есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт
801 —
А (+)
Кт
3150
П (+)
Сома
=189000
Ескерту
3 типті операция
4) кәсіпорында 2005 жылдың 1-тоқсанындағы есептер мен МСИның декларацияларына сәйкес, жеке тұлғалардан табыс салығы 16400 теңге сомада есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт
3350 —
А (-)
Кт
3120
П (+)
Сома
=16400
Ескерту
2 типті операция
б) Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдарға кредиторлық қарыз-дардан. Бұл операциялар № 3320—3340 Еншілес (бағынышты) ұйымдарға кредиторлық қарыздар пассивті шоттарының кредиті бойынша бейнеленеді. Қарыздардың есептелуі еншілес (бағынышты) ұйымдардың есебінен болатындықтан, шаруашылық операция № 3320—3340 шоттардың кредитінен төмендегі шоттардың дебетіне жасалады:
Дт
2411-2930
1310-1315, 1317
1010, 1040
3010-3020
3310
Кт
3320-3340
Құжаттар
Келісімдер, шот-фактуралар, төлем тапсырмалары, жүкқұжаттар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті және пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 2411—2930) орналасқан кезде баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті Активті-пассивті операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның шаруашылық құрал-дары мен ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға еншілес ұйымдарға кредиторлық қарыздары көбейеді.
Пассивті шот (№ 3310) орналасқан кезде баланстың пассивінде тек қана өзгерістер болатын 2 типті Пассивті-пассивті операция орын алады. Бір жағынан жеткізіп берушіге кредиторлық қарыздар кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға еншілес ұйымдарға кредиторлық қарыздар көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорында еншілес ұйымдарға қарыздар есебінен 2005 жылы шілде айының 30 жұлдызындағы № 124 шот-фактура мен жүкқұжаттарына сәйкес, 2700000 теңге сомада материалдар сатып алынды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт
1310 —
А (+)
Кт
3320
П (+)
Сома
=2700000
Ескерту
3 типті операция
2) кәсіпорында бағынышты ұйымдарға қарыздар есебінен 2005 жылы мамыр айының 31 жұлдызындағы № 2 келісімі мен 6 маусымдағы № 1339 төлем тапсырмасына сәйкес, 2000000 теңге сомада банктің қарыздары жабылды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт
3010 —
П (-)
Кт
3340
П (+)
Сома
=2000000
Ескерту
2 типті операция
3) кәсіпорында бірлесіп бақыланатын ұйымдарға қарыздар есебінен 2005 жылы ақпан айының 28 жұлдызындағы № 699 төлем тапсырмасына сәйкес, 1800000 теңге сомада жеткізіп берушілердің шоттары төленді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт
3310 —
П (-)
Кт
3330
П (+)
Сома
=1800000
Ескерту
2 типті операция
в) Қысқа мерзімді аванстар алудан. Олар бойынша есептер №3510 Алынған қысқа мерзімді аванстар пассивті шоттарында бейнеленеді. Активтер кредиторлардан алынатындықтан, шаруашы-лық операция № 3510 шоттардың кредитінен № 1010, 1040 шоттардың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт
1010, 1040
Кт
3510
Құжаттар
Келісімдер, төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті Активті-пассивті операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға алынған аванстар бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын тауар-материалдық қорларды жеткізіп беру үшін 2005 жылы наурыз айының 21 жұлдызындағы № 933 төлем тапсырмасы мен келісіміне сәйкес, 2000000 теңге сомада қысқа мерзімді аванс алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт
1040 —
А (+)
Кт
3510
П (+)
Сома
=2000000
Ескерту
3 типті операция
г) Жеткізушілерге болған кредиторлық қарыздардан. Бұл опера-циялар № 3310 Жеткізушілерге қысқа мерзімді кредиторлық бе-решек пассивті шотының кредиті бойынша бейнеленеді. Активтер жеткізіп берушілерден келетіндіктен, шаруашылық операция № 3310 шоттың кредитінен № 1310—1315, 1317, 1330, 1420, 7210, 8010 шоттардың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт
1310-1315
1317, 1330
1420
7210, 8010
Кт
3310
Құжаттар
Келісімдер, шот-фактуралар, жүкқұжаттар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті Активті-пассивті операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның материалдық ресурстары мен шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға жеткізіп берушілер бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорын жеткізушіден 2005 жылы қыркүйек айының 26 жұлдызындағы жүкқұжат пен 845 шот-фактураға сәйкес, 1000000 теңге сомаға құрылыс материалдарын алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт
1317 —
А (+)
Кт
3310
П (+)
Сома
=1000000
Ескерту
3 типті операция
2) құрылыс материалдары келіп түсуінің нәтижесінде сол шот-фактураға сәйкес, 150000 теңге мөлшерде өтелуге тиіс ҚҚС-ның сомасы пайда болды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт
1420 —
А (+)
Кт
3310
П (+)
Сома
=150000
Ескерту
3 типті операция
3) су шаруашылығы мекемесінен мақтаны суару үшін пайдаланған суға 2005 жылы шілде айының 30 жұлдызындағы № 168 шот-фактурасына сәйкес, 160000 теңге сомада шот алынды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт
8011 —
А (+)
Кт
3310
П (+)
Сома
=160000
Ескерту
3 типті операция
д) Басқа кредиторлық берешектерді есептеуден. Бұл операциялар № 33 Қысқа мерзімді кредиторлық берешек бөлімшесі шоттарының кредиті бойынша бейнеленеді. Кредиторлық қарыздардың есеп-телуі өзіндік құнға, жалпы және әкімшілік шығыстар немесе калькуляциялық шоттарға апарылатындықтан, сондай-ақ пер-соналдың еңбекақысынан ұсталатындықтан, шаруашылық операция № 3220, 3350, 3380, 3390 шоттардың кредитінен төмендегі шоттардың дебетіне жасалады:
Дт
3350, 7010, 7210
7310, 8012, 8013,
Кт
3350, 3380,
3220, 3390
Құжаттар
Еңбекақыны, сыйақыларды есептеу және МСИ-ның
декларациялары бойынша есептер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті және пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 7010, 7210, 7310, 8012, 8013) орналасқан кезде баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті Активті-пассивті операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның шығыстары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның кредиторлық қарыздары көбейеді.
Пассивті шот (№ 3350) орналасқан кезде баланстың пассивінде тек қана өзгерістер болатын 2 типті Пассивті-пассивті операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның еңбекақы бойынша кредиторлық қарыздарының көлемі кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның кредиторлық қарыздары көбейеді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) шойын құю цехының жұмысшылары мен линиядағы персоналға қыркүйек айында 2005 жылы сол айдағы жүктелімдерге сәйкес, 2800000 теңге сомада еңбекақы есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт
8012 —
А (+)
Кт
3350
П (+)
Сома
=2800000
Ескерту
3 типті операция
2) кәсіпорында сырт ұйымдардың қаражаттарын пайдаланғаны үшін 2005 жылы қыркүйек айының 13 жұлдызындағы № 3 келісіміне сәйкес, 38000 теңге сомада сыйақылар есептелді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт
7310 —
А (+)
Кт
3380
П (+)
Сома
=38000
Ескерту
3 типті операция
3) кешенді бригада дәнекерлеушісі А. Сәрсенбаевтың 2005 жы-лы қыркүйек айындағы еңбекақысынан ережеге сәйкес, 4500 теңге сомада Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қорына 10 %-дық мөлшерде ұсталым жасалды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт
3350 —
П (-)
Кт
3220
П (+)
Сома
=4500
Ескерту
2 типті операция
4) цех бастығы Р. Абдуллаевтың 2005 жылы қыркүйек айындағы еңбекақысынан 2005 жылы қыркүйек айындағы № 2 төлем ведомо-сына сәйкес, заттай берілген тауарлар үшін 18000 теңге сомада ұсталым жасалды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт
3350 —
П (-)
Кт
3390
П (+)
Сома
=18000
Ескерту
2 типті операция
Енді міндеттемелердің кему (орындалу) жағдайларын қараймыз.
Қысқа мерзімді міндеттемелердің кемуі (орындалуы)
Аталған жағдайларда олар дебет бойынша өтеді. Бұл жерде біз кәсіпорынның тауар-материалдық қорларының құны қандай элементтерден пайда болады немесе есептелетін міндеттемелер қандай көздерден ұсталатынына назар аударуымыз керек.
а) Қарыздарды төлеу (жабу). Бұл операциялар № 3010, 3020 Қыс-қа мерзімді қарыздар шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. Несиелердің жабылуы (төленуі) болатындықтан, шаруашылық опе-рация № 1010, 1040 шоттардың кредитінен № 3010, 3020 шоттардың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт
3010, 3020
Кт
1010, 1040
Құжаттар
Келісімдер, несиелерді есептеу
бойынша есептер, төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті Пассивті-активті операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада несие берушілерге кредиторлық қарыздары кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы наурыз айының 29 жұлдызындағы № 857 төлем тапсырмасы мен банктің келісім шартына сәйкес, 500000 теңге сомада банктің қысқа мерзімді несиесін жапты (төледі). Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт
3010 —
П (-)
Кт
1040
А (-)
Сома
=500000
Ескерту
4 типті операция
ә) Салықтар мен басқа бюджетке міндетті төлемдерді төлеу (жабу). Бұл операциялар № 3110—3190 Салықтар бойынша мін-деттемелер шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. Салықтар мен басқа бюджетке міндетті төлемдер жабылатындықтан (төлене-тіндіктен), шаруашылық операция № 1010—1040 шоттардың кре-дитінен жоғарыдағы шоттардың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт
3110, 3130-3190
Кт
1010-1040
Құжаттар
МСИ-ның декларациялары, шот-фактуралар, төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті Пассивті-активті операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада салықтар бойынша кредиторлық қарыздары кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорында 2005 жылдың 1-тоқсанында сол жылы наурыз айының 31 жұлдызындағы декларациясы мен шот-фактураларға сәйкес, өткізілген өнім мен тауарлар үшін 280000 теңге сомада ҚҚС төленді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт
3130 —
П (-)
Кт
1040
А (-)
Сома
=280000
Ескерту
4 типті операция
2) 2005 жылдың 1 тоқсанында сол жылы наурыз айының 31 жұлдызындағы декларациясы мен есептерге сәйкес, жеке табыс салығы 18500 теңге сомада төленді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт
3120 —
П (-)
Кт
1010
А (-)
Сома
=18500
Ескерту
4 типті операция
б) Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдарға кредиторлық қа-рыздарды жабу (төлеу). Бұл операциялар № 3320—3340 Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. Еншілес (қауым-дастырылған) ұйымдарға кредиторлық қарыздар жабылатындықтан, шаруашылық операция № 1010—1040 шоттардың кредитінен де-бетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт
3320-3340
Кт
1010-1040
Құжаттар
МСИ-ның декларациялары, шот-фактуралар, төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті Пассивті-активті операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада еншілес ұйымдар бойынша кредиторлық қарыздары кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы маусым айының 30 жұлдызындағы № 174 төлем тапсырмасына сәйкес, 2200000 теңге сомада еншілес ұйымдарға қарызын жапты (төледі). Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт
3320 —
П (-)
Кт
1040
А (-)
Сома
=2200000
Ескерту
4 типті операция
в) Алынған аванстарды жабу. Олар бойынша есептер № 3510 Алынған қысқа мерзімді аванстар пассивті шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. Бұрын алынған аванстардың жабылуы (тө-ленуі) болғандықтан, шаруашылық операция № 1010, 1040 шоттардың кредитінен № 3510 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт
3510
Кт
1010, 1040
Құжаттар
Келісімдер, салыстыру актілері, төлем тапсырмалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті Пассивті-активті операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада алынған аванстар бойынша кредиторлық қарыздары кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы ақпан айының 29 жұлдызындағы № 439 төлем тапсырмасы мен келісім шартына сәйкес, 1700000 теңге сомада тауар-материалдық қорларды жеткізіп беру үшін бұрын алынған қысқа мерзімді авансты жапты (төледі). Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт
3510 —
П (-)
Кт
1040
А (-)
Сома
=1700000
Ескерту
4 типті операция
г) Жеткізіп берушілерге кредиторлық қарыздарды жабу (тө-леу). Бұл операциялар № 3310 Жеткізушілерге қысқа мерзімді берешек пассивті шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Жеткізіп берушілерге кредиторлық қарыздарды жабу (төлеу) болғандықтан, шаруашылық операция № 3310 шоттың дебетіне № 1010, 1040, 1210—1240, 1610, 3010-3020 шоттардың кредитінен жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт
3310
Кт
1210-1240
1610
1010, 1040
3010-3020
Құжаттар
Келісімдер, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, төлем тапсырмалары, квитанциялар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті және пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 1040, 1210, 1610) орналасқан кезде баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті Пассивті-активті операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның материалдық ресурстары мен ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның жеткізіп берушіге кредиторлық қарыздары кемиді.
Пассивті шот (№ 3010) орналасқан кезде баланстың пассивінде тек қана өзгерістер болатын 2 типті Пассивті-пассивті операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның жеткізіп берушіге кредиторлық қарыздардың көлемі кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның несиелер бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар келтіреміз: 1) кәсіпорын 2005 жылы тамыз айының 16 жұлдызындағы № 951 төлем тапсырмасына сәйкес, 2600000 теңге сомаға құрылыс материалдары үшін үшін жеткізіп берушінің шоттарын төледі. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт
3310 —
П (-)
Кт
1040
А (-)
Сома
=2600000
Ескерту
4 типті операция
2) кәсіпорын алынған құрылыс материалдары үшін 2005 жылы мамыр айының 17 жұлдызындағы № 2 салыстыру актісі мен шот-фактураға сәйкес 1500000 теңге сомаға айырбастау (бартер) жасады. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт
3310 —
П (-)
Кт
1210
А (-)
Сома
=1500000
Ескерту
4 типті операция
3) кәсіпорын бұрын алынған қысқа мерзімді аванстар есебінен 2005 жылы шілде айының 23 жұлдызындағы № 11 салыстыру актісіне сәйкес, 170000 теңге сомада мақтаны суаруға пайдаланған су үшін есеп айырысты. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт
3310 —
П (-)
Кт
1610
А (-)
Сома
=170000
Ескерту
4 типті операция
4) кәсіпорын банкіден алынған қысқа мерзімді қарыздар есебінен 2005 жылы қазан айының 23 жұлдызындағы банктің келісімі мен № 18 төлем тапсырмасына сәйкес, 3700000 теңге сомада жеткізіп берушіден алынған табақ металл үшін есеп айырысты. Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт
3310 —
П (-)
Кт
3010
П (+)
Сома
=3700000
Ескерту
2 типті операция
д) Басқа кредиторлық қарыздарды жабу (төлеу). Бұл операциялар 33 Қысқа мерзімді кредиторлық берешек бөлімшесі шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. Басқа кредиторлық қарыздар жабы-латындықтан, шаруашылық операция № 1010, 1040, 1250, 3120 шоттардың кредитінен төмендегі шоттардың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт
3350, 3380,
3220, 3390
Кт
1040, 1250
1010, 3120
Құжаттар
Еңбекақы, сыйақылар мен МСИ-ның декларацияларын есептеу бойынша есептер, төлем құжаттары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті және пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 1010, 1040) орналасқан кезде баланстың активі мен пассиві кемитін 4 типті Пассивті-активті операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның дебиторлық қарыздары мен ақша қаражаттары, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның кредиторлық қарыздары кемиді.
Пассивті шот (№ 3120) орналасқан кезде баланстың пассивінде тек қана өзгерістер болатын 2 типті Пассивті-пассивті операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорын кредиторлық қарыздарының көлемі кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның салықтар бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Сонымен, біз шоттар бойынша шаруашылық операцияларды құрудың үлгілерін қарап, талдадық.