ЖОБА БОЙЫНША ЕСКЕРТУ

Скачать

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің колледжінің
технологиялық процестер мен өндірістерді
автоматтандыру кафедрасының АТП студенті
Нағашыбаев Ұлан Серік ұлының
Күкірт қышқылы өндіру процесін автоматтандыру тақырыбына арналған дипломдық жобаға

ПІКІР

а) график сызбалар ________________ парақ
б) түсіндірме жазба ________________ беті

ЖОБА БОЙЫНША ЕСКЕРТУ
Металлургиялық газдардан алынатын күкірт қышқылының өз құны химиялық өндірістің күкіртқышқылы цехтарында алынатын қышқылдың өз құнынан әлдеқайдан төмен. Пирит және күкірттен алғанға қарағанда, түсті металлургиялық өндірістен шығатын газдардан күкірт қышқылын алу артықшылығы - мұнда шикізатты алу үшін рудниктердің қажеттігі тумайды, көліктер сәйкес жүктемелерден босатылады, соның әсерінен қаржылық шығындар азаяды. Түсті металлургияның алдындағы мәселелердің бірі -шығарылатын газдар негізіндегі күкіртқышқылы өндірісін жақсарту.
Күкіртқышқылы өндірісін жақсартудың маңызды элементі автоматтандыру болып табылады. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуының негізгі шарты болып табылатын кешендік автоматтандыруға көп көңіл бөлінді. Бақылау мен реттеу автоматизациясы мен технологиялық процестер арқылы автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізу еңбек пен қүрылғының өнімділігін арттыруды және оның орнықты жүмыс істеуін, шығарылатын өнімді арттыру, оның сапасын көтеру, өз қүнын төмендетуді, шикізат шығындарын азайтуды қамтамасыз етті, сондай-ақ адамдарды өндіріс процесіне тікелей қатысуынан босатты және химиялық, әсіресе күкіртқышқылы өндірісінде аса маңызды орын алатын қауіпсіз және зиянсыз еңбек жағдайларын кұру мүмкіндігін береді. Осыған байланысты күкіртқышқылы өндірісінің технологиялық үрдісін басқарудың тиімді түрдегі жүйесін құру маңызды тапсырма болып табылады.
Технологиялық бөлімде күкірт қышқылын алудың өнеркәсіптік жолдары, күкіртті өңдеу үрдісі және оған әсер ететін факторлар қарастырылған. Бүл бөлімде материалдық және жылу баланстарының есептелінуі берілген. Арнайы бөлімде басқару объектісінің ретіңде үрдісі сипатталған. Күкірт қышқылын өндіру процесінің математикалық моделі, тиімді басқару есебінің математикалық қойылымдары, техникалық құралдармен, ақпаратты бағдарламамен қамтамасыз етілуі қарастырылған.
Еңбек қорғау бөлімінде қорғаныс жерлендіру мен жасанды түрде сәулелендіру есептелінген, техникалық, ұйымдастыру, санитарлы-гигиеналы және өртке қарсы' шаралар келтірілген. Экономикалық бөлімде автоматтандыру жүйесінің өндіріске енгізілуінің
экономикалық тиімділігі мен орнын толықтыру мерзімі есептелінеді. Дипломдық жоба Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына
қойылатын талптарға қанағаттандырады.
Дипломдық жоба өте жақсы деп бағаланып, оның авторы Мұсабаева М.К. технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру мамандығы бойынша инженер жүйетехник лаузымына лайықты деп санаймын.

Пікір беруші
Ішкі істер академиясының
Ақпаратты арнайы есептеу
Техника кафедрасының аға оқытушысы А.Оразалы


Скачать


zharar.kz