Эпидемиялық процесс факторлары

Скачать

ДӘРІСТІК КЕШЕН:
Дәріс № 2
1. Тақырып: Эпидемиялық процесс туралы ұғым.
2. Мақсаты: Эпидемиялық процесс туралы ғылым ретінде анықтамасы.
- жұқпалы емес ауруларды оқытуда эпидемиологияның орны және маңызы;
- эпидемиология пәні, міндеттері мен әдістері.
3. Дәрістің тезисі: Эпидемиялық процесс анықтамасы:
Әлеуметтік- экологиялық жүйе, яғни паразиттік микроорганизмдердің халық арасында өмір сүруін, өсіп-өнуін және таралуын қамтамасыз ететін көп деңгейлік бүтін күрделі жүйе.
Эпидемиялық процесс факторлары:
Эпидемиялық процесті дамытатын себептер мен жағдайлардың байланысы (арақатынасы). Биологиялық, әлеуметтік және табиғи факторлар байланысы-эпидемиялық процестің қозғаушы күші.
Эпидемиологиялық процесстің қозғаушы күші (факторлары). Әлеуметтік фактор. Әлеуметтік фактор материалдық игілікпен өлшенетін және әлеуметтік ортаның нақты элементтерімен нақтылынатын қоғамдық қатынастар бірлігі, ол эпидемиялық процесті жандандырып немесе оның дамуына тосқауыл болады, жұқпалы ауру қоздырғыштарының өмір сүруіне жағдай туғызып немесе кедергі болады. Биологиялық фактор-популяциялық деңгейде қаралатын паразит пен иенің эволюциядан туындаған қарым-қатынасы. Адамның жұқпалы аурулар-қоздырғыштарының экологиялық жіктеуі және қоздырғыш туралы түсінік. Эпидемиялық процестің дамуында әлеуметтік және табиғи жағдайлардыц негізгі және реттеуші орны.
Эпидемиялық процесс дамуының механизмі
Паразит және иенің әр түрлі популяцияларының әсерлесуі және олардың динамикалық өзгерісі. Паразитарлы жүйе қызметіндегі ішкі және сыртқы реттеуші механизмдердің диалектикалық бірлігі. Эпидемиялық процесс фазалығы. Қоздырғыштың резервация фазасынан эпидемиялық таралу фазасына және кері өту ерекшелігі. Эпидемиялық және эпидемия аралық кезеңдердің ара қатынасы. Эпидемиялық процестің даму фазаларының алмасуында әлеуметтік және табиғи жағдайлардың мәні. Эпидемиялық процесс адам қоғамында микроорганизмдердің паразиттік түрлерінің өмір сүруін, көбеюін, таралуын қамтамасыз ететін биоәлеуметтік көпдеңгейлі жүйе ретінде.
4. Көрнекі материал: Лекция презентациясы
5. Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Әміреев С.Ә, Темірбеков Ж.Т. Эпидемиология. Т.1. Жалпы эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000.-551 с.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
3. Әміреев С.Ә., А.Жаханов, Құдайбергенұлы Қ. Медициналық паразитология Алматы: Кітап баспасы, 2005.- 422 с.

Қосымша:
1. Жұқпалы ауруларды иммундық алдын алу. Оқу-әдістемелік құрал. Әміреев
С.Ә., Нажмеденова А.Ғ., Даниярова А.Б., Ғабасова М.Қ. 2008ж.
2. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Қ.Н.Нәбенов. 2006ж.
6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1. Эпидемиялық процесс дегеніміз не?
2. Эпидемиялық процесс құрылымы және көріну формаларын атаңыздар.
3. Эпидемиялық процеске әсер етуші факторларды атаңыздар.


Скачать


zharar.kz