Жоғарыда аталған, елден шыққан ер азаматтарымыздың ажырамас жалғасы болатын келесі тұлға Орман би ұлы Оңғар аға жайлы. Орман атамыз елден бұрынырақ кеткендіктен Оңғар аға 1922-жылы Ташкент облысының Пыскент ауданында дүниеге келген, өсе келе Ташкенттің Пед оқуын тәмәмдап, ұстаздық етіп жүргенінде соғыс басталып, әскерге алынды.
Майдан шебінде Оңғар аға өзі жастайынан сүйетін арнаулы «мергендік» курсын бітіріп, жылдың 4- мезгіл кезінде тасада жатып, мергендігімен неміс фашистттерін жойып отырған. Айтулы «Курск ИІН» майданына қатысқан, осы сұрапыл соғыс кезінде, жаудың арнайы құрылған дзоттарындағы атқыш-тарды жойып отырған. 2-жылдық майдандағы соғыс кезінде, сол қолынан жараланып, жаудың-65 фашистерін жойғаны туралы жеке кітапшасында жазылған. Сол кездерде майдан газет беттерінде, «Оңғар мерген» деген тақырыппен мақала басылған. Соғыстан соң үйленіп, жоғарғы оқуды тәмәмдап, ұстаздық ете бастады. Жанында жан серігі Фатима апай түннен тұрып, шайын беріп, атын ерттеп, қызметтік сапарға шығарып отырған. Оңғар ағамыз істеген жерінде мектепті жаңартуға, мектепті ірілендіруге, кемтар оқушыларға жәрдем бергізу үшін жоғарғы басшыларға барудан қашпайтын, ақыры мақсаттарын орындататын. Осындай іскер ұстаздың еңбегі бағаланып, халыққа білім беру саласының атағын алған, көптеген мақтау қағазының иегірі. Соңғы кезіде мектеп дитекторлық қызметін атқарып жүрген. Сәті түскен кезде ұл қыздарына, ағайын-туыстарына елге оралу жайлы көп айтатын. Ұл- қыздарымен Шаян-Үсіктас жаққа қыдырып барған кезде жолай Қарауыл төбеге тоқтап; «Анау тұрған біздің ауыл Сарқырама, аманшылық болса ендігі келгенімізде ауылды аралап қайтамыз» деп, ауыл көрінісіне көз тастап біраз тұратын.
1976-жылы Оңғар ағамыз арнайы Шаянға барып, оқу бөлім басшыларымен жолығып, елге келетіндігін айтып кеткен еді. Көп ұзамай қан- қысымынан дүниемен қоштасты. Адал жары Фатима апай көп кешіктірмей ұл-қыздарын басие арманын орындау мақсатында Шымкент қаласына көшіріп, алып келді. Оңғар ағаның рухы риза болу керек. Ұл-қыздары Сарқырама ауылынындағы ағайындарымен араласып кетті.
«Жұбайы жақсының аты өшпес, Ұлы жақсының ізі өшпес» деген осы болар.